баяндама. таубай баяндама. Кіріспе Футбол ойынынын тарихы мен сипаттамасы
Скачать 21.68 Kb.
|
Такырыбы : Дене шынықтыру сабағында оқушыларға футбол ойыны туралы ақпараттық технологияларды пайдалану. Дене шыныктыру пәнінің мұғалімі: Бексейтов Е Базарбай ауылы Жоспар: Кіріспе Футбол ойынынын тарихы мен сипаттамасы. Негізгі бөлім Қазақстан футболының таралу тарихы және тәуелсіз Қазақстан футболы. Қорытынды бөлім Футбол тарихы. Футбол тарихы XIIғ басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Футболға қарсылық көрсеткендер де болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тиым салынуын талап еткен екен. Мұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Футболдың 1863 жылы арнаулы ережесі бекітіліп, қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі.19 ғасырдың соңына қарай футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (FIFA),1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды.1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогы үшін жарыстар өткізіліп тұрады. Футболдың таралуын,басқаруын және бақылауын менгеретін бір қатар халықаралық ұйымдары бар.Негізгісі болып Цюрихта(Швейцария) орналасқан ФИФА ұйымы болып есептеледі.ФИФА халықаралық жарыстарды, яғни Футболдан Әлем чемпионаттарын ұйымдастыру мәселесімен айналысады. Негізгі футболдың ең қатты дамыған жері- Еуропа. Ең бақуатты 20 футбол клубтары осы Еуропада орналасқан. 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысқан 700 футболшының 102- Англиядан, 74- Германиядан, 60- Италиядан, 58- Франциядан болған. Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер : Бразилия құрамасы – бес рет: 1958,1962,1970,1994, және 2002 жылдарындағы чемпионаттарды жеңді. Италия құрамасы – төрт рет:1934,1938,1982 және 2006 ж. Германия құрамасы – төрт рет:1954,1974, және 1990,2014ж. Аргентина құрамасы – екі рет : 1978 және 1986ж. Уругвай құрамасы – екі рет 1930 және 1950ж. Англия құрамасы- бір рет: 1966ж. Франция құрамасы- бір рет: 1998ж. Испания құрамасы – бір рет: 2010ж. Қазақстан футболы. Футбол Қазақстанда ең әйгілі спорт түрлерінің бірі болып саналады. Қазақстандық футболдың басқарушы органы болып 1992 жылы құрылған Қазақстан футбол Федерациясы болып табылады. 1994 жылы Қазақстан FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды.2001 жылға дейін Азиялық конференцияға кірген болса,2002 жылы UEFA құрамына өткен. 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазакстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футбол күні ретінде аталып өтіледі.Қазақстанның алғашқы футбол клубтары 1913 жылы Семей қаласында пайда болған. Кезінде << Ярыш>> футбол клубының сапында қазақ атын әлемге << Абай жолы >> роман- эпопиясымен танытқан әдебиет алыбы Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961), өнер көрсеткен. 1971 жыл: Қазақстанның клубтық футбол тарихындағы ең ірі жеңісі тіркелген жыл.Алматылық <<Қайрат >> Кеңес Одағы клубтарының арасында алғаш болып Теміржолшылардың Халықаралық Спорттық Одағы Кубогін жеңіп алды. 1973 жыл: Қазақстан жастар құрамасы Бүкілодақтық <<Преправа>> турнирінің күміс жүлдегері атанды. 1976 жыл: Алматылық << Қайрат >> қазақстандық футбол тарихында алғаш рет КСРО бірінші лиго клубтарының чемпионатында жеңіске жетті. 1977 жыл: Алматылық <<Қайратың>> қорғаушысы Сейілда Байшақов қазақстандық футболшылар арасында бірінші болып КСРО құрамасына шақырту алды. 1988 жыл: Алматылық <<Қайрат>> КСРО Федерациясы Кубогінің жеңімпазы атанады. Кишиневтің Республикалық Стадионында өткен финалдық кездесуде алматылықтар Бакулік <<Нефтчді>> 4:1 есебімен тізе бүктірді. 1989 жыл: Қазақ КСР футбол ассоциациясы құрылды. Футбол – ол ұжымдық ойын. Егер де жас футболшы допқа ие болуды,тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды. Ал егерде футболшы алаңда есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын және техникалық әдісін, ойынның жағдайы мен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады.Сондықтан әрбір жас футболшы өзінің техникалық, физикалық қасиеттерін ғана жақсарта бермей,ойынның тактикалық сырларын да түсіне білуі керек.Дұрыс орын таңдау, мезгілінде әріптестеріне допты беру,қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы ойынды жақсы <<оқу>> білу керек.Сондықтан ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын командалық тактикаға келістіре білуі керек. Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау.Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек,Бұндай кезде ойыншының ұрымтал тұсты тұрақты емес, ол ондай кезде пас алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар оңдай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді. Тәжірбиеде футболшылардың мынандай қасиеттері қаралады: А) Допқа талас кезінде қарсыластарына қарағанда ұрымтал орынды таңдай білу; Ә) Әр түрлі доп беру кезінде дұрыс қабылдау; Б) Доппен алдаса және алып жүре білу; В) Өзбетінше тактикалық мақсатты орындау үшін дұрыс кезінде таңдай білу. << Футбол >> ол әдістер күресі, ойыншылар творчествосы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған.Сондықтан жаттықтырушы әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді,шыдамды болуға үйрету керек.Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып допты ары қарай беруді және келесі допты қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін қажет. Футболдағы комбинациялар өте әр түрлі. Олардың көбісі тәжірбиеде дайындалып жалпы тактикалық жаттығуғу кірген.Алайда ойындағы қайталанбас жағдайлар ойыншылардың жеке және творчествалық инициативасы жаңа-жаңа тактикалық әдістер тудыруда. Спорт - әлдекімдерге үлкен ақша, ал халық үшін рух пен отаншылдықтың бастауы. Әлемдік аренада өз елінің аты аталып,жеңіс тойланғаның көру- Қазақстанға абырой, халқына медет! |