Главная страница
Навигация по странице:

  • Физикалық өрісі мен қалыпсыздығы, геологиялық-геофизикалық қималар. Жоспар

  • Бақылау сұрақтар

  • Дала геофизикалық зерттеу туралы жалпы мәлімет.

  • лекция+1. Кіріспе Жоспар Геофизика ылымы туралы жалпы тсінік. Геофизика ылымы жалпы жне олданбалы (барлау) тсініктері. Геофизиканы баса ылым салаларымен байланысы.


    Скачать 19.59 Kb.
    НазваниеКіріспе Жоспар Геофизика ылымы туралы жалпы тсінік. Геофизика ылымы жалпы жне олданбалы (барлау) тсініктері. Геофизиканы баса ылым салаларымен байланысы.
    Дата15.10.2021
    Размер19.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлалекция+1.docx
    ТипДокументы
    #248475

    Кіріспе

    Жоспар:

    1. Геофизика ғылымы туралы жалпы түсінік.

    2. Геофизика ғылымы жалпы және қолданбалы (барлау) түсініктері.

    3. Геофизиканың басқа ғылым салаларымен байланысы.

    4. Геофизикалық барлау әдістеріне жалпы сипаттама.


    Барлаудың геофизикалық әдістері деген сөзді қысқаша айтқанда – барлау геофизикасы деп біледі Барлау геофизикасы – жер туралы жаратылыс тану ғылымының бір саласы. Оның мазмұнына жер қойнауының геологиялық құрылысын игеру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздестіру және барлау жүйесі кіреді

    Бұл мәселелерді шешу үшін табиғи және жасанды физикалық жер өрісін өлшеу, және де жер қойнауының өзгеше геология құрылыстарын зерттеу қажет.

    Геофизикалық өрістерді зерттеу негізіне мынадай негізгі физиканың заңдары жатады: гравитациалық және магниттік тартылыс, электромагниттік индукциясы, шығылыскан мен сынған серпімді толқындардың диффракциясы, радиоактивтік сәулелену және т.б. Физикада бүл заңдар өздері әрекет ететін қарапайым орта жағдайында қолдалынады. Ал геологиялық құрылыстар өте біртектес емес орта болып келеді, соған қарай физикалық заңдарды қолдануы өте қиындыққа соғады. Сондықтан геофизика әдістерін қолдану үшін өте сапалы және жоғары нақты аппаратура құралдарды болу керек, олар жаңалдырылған электроника мен оптикалық бөлшектерінен құрастырылуы қажет, және ЭЕМ арқылы дала құжаттамаларының есептерін шығару керек.

    Барлау геофизикасы екі өз бетті салаға бөлінеді: дала геофизикасы және ұнғымадағы геофизикалық зерттеулері (қысқаша айтқанда каротаж, басқаша айтқанда өндіру геофизикасы).

    Дала геофизикасына көптеген әдістер тобы кіреді, олар жер қойнауын және дала зерттеу жұмыстарын атқарады. Бұл жұмыстар жердің үстінде, су аймақтарында және әуеде өткізіледі.

    Өндіру геофизикасы басқаша айтқанда каротаж өзінің әдістер тобымен тек қана ұнғымалардың геологиялық құрылыстарын зерттейді.

    Барлау геофизикасы жердің физикалық өрістерін зерттеуге арналған бір неше әдістерге бөлінеді. Ол әдістер: магниттібарлау, гравибарлау, электробарлау, сейсмобарлау, радиометрия және каротаж.

    Магниттібарлау – магнит өрісін және геомагниттік элементтерін өлшейді.

    Гравибарлау – гравитация өрісін және гравитациялық аномалияларды зерттейді, олар тау жыныстарынан және олардың қасиеттерінен пайда болады.

    Электробарлау – жердегі тау жыныстары мен кендердің электромагниттік қасиеттерін зерттейді және электромагнит өрісін тарату әдістерін қолданады.

    Сейсмобарлау – сейсмикалық толқындарды бақылау және тау жыныстардың сейсмикалық қаситеттерін зерттеуде қолданылады.

    Радиометрия – радиоактивтік қасиеттері бар тау жыныстарын зерттеу.

    Каротаж – ұнғымадағы физикалық өрістерді өлшеу және геофизикалық әдістермен геология құрылысын зерттеу.

    Қазірғы заманда геофизика әдістерін өте көп қолданады, өйткені ол прогрессивтік және тиімды әдістердің бірі болып келеді. Геофизика әдістерін өзгеше кенорындарын іздестіру және барлау кезінде мұнай мен газ пайдалы қазбаларын зерттеуде арнайы қолданады.

    Бақылау сұрақтар:

    1. Геофизика ғылымы туралы жалпы түсінік.

    2. Қандай геофизикалық әдістерді болады?

    3. Тау жыныстардың физикалық қасиеттері?

    4. Каротаж дегеніміз не?



    Физикалық өрісі мен қалыпсыздығы, геологиялық-геофизикалық қималар.
    Жоспар

    1. Физикалық өрістер туралы түсінік.

    2. Табиғи және жасанды өрістер.

    3. Геофизикалық өрістері – анықтама. (қалыпты, қалыпсыз)

    4. Геофизикалық қима.

    5. Геофизикалық есептер.

    6. Сапалы және санды тұжырымдау.


    Геологиялық есептерді шығару үшін, тау жыныстарының арасынан әр-түрлі геологиялық нысандарды және олардың геометриялық өлшемдері мен ішқі құрылыстарын табу керек. Сол геологиялық нысандарды геофизика әдістерімен табу үшін, олардың және тау жыныстардың әр-түрлі физикалық қасиеттері мол болу керек. Сол кезде ғана геологиялық нысандардың үстінен әр-түрлі физикалық өрістер пайда болады.

    Физикалық өрістер деп – материяның кеңістіктегі жағдайы және оның әр нүктесінің белгілі түрақты немесе түрақсыз өлшемі мен бағытын айтады.

    Физикалық өрістің әр бір нүктесі белгілі бір көлеммен сипатталады. Сол кәлемдер скалярлы немесе векторлы болып табылады, соған қарай физикалық өрістерді скалярлы немесе векторлы деп атайды.

    Геофизикалық әдістермен табиғи және жасанды өрістерді зерттейді.

    Табиғи өрістерге тек қана, адамның қатысуынсыз, табиғи өзгешегімен пайда болған өрістер жатады. Оларға келесі өрістер: магнитті және жердің гравитациалық өрістері, кейбір электр өрісі, жерге жайылған радиоактивтік өрістер жатады.

    Жасанды өрістерге кейбір электрмагниттік өрістер, серпінді толқындардың тарайтын өрісі, жасанды радиоактивтік өрістер жатады.

    Сол өрістерді адамның көмегімен және техниканың күшін пайдаланып таратады.

    Жер құрылысының ерекшелігінен пайда болған физикалық өрістерді - геофизикалық өрістер деп атайы.

    Физикалық өрістермен жер құрылыстар арасында тікелей байланыс бар, олар бір объектілерді және бір жер құрылысын өзгеше көрсетеді. Сондықтан белгілі жер құрылысына белгілі физикалық өріс сәйкес келеді.

    Осыған қарап, геофизикалық әдістерді қолдану кезінде, өлшеген геофизикалық өрістерді тұжырымдайды (геофизика нәтижелерін геологиялық талдаудан өткізеді).

    Барлау геофизикасында геофизикалық өрістерді қалыпты және калыпсызға бөледі.

    Қалыпты өріс дегеніміз, ол біртектес геологиялық ортадан тап болған геофизикалық өріс.

    Локальдық геологиялық нысандардан (қабат,желі,интрузия) тап болған өрістерді қалыпсыз деп атайды.

    Сондықтан, әр-түрлі геологиялық кұрылысынан тұратын объектілерден шыққан өлшенген геофизикалық өрістер, қалыпты және қалыпсыз болып танылады. Ал осыдан қалыпсыз өрісті шығару үшін, өлшенген өрістен қалыпты өрісті алу керек.

    Геофизикалық өрістерді шартты түрде информативтік өріске және кері әсерін тигізуші өрістерге бөледі. Информативтік өрістер геологиялық объектілерден тап болады, оларды геофизикалық әдістермен зерртейді. Ал кері әсерін тигізуші өрістер пайдасыз геологиялық объектілерден тап болған соң, оларға көп мән бере қоймайды.

    Өлшенген геофизикалық өрістердің нәтижесінде график карталарын сызып және изоқалыпсыздық карталарын құрастырады.

    Кейбір геологиялық қиманың физикалық өзгешеліктерін геофизикалық қимамен көрсетуге болады.

    Геофизикалық қима дегеніміз – бақыланған геофизикалық өрістерінің - тығыздық, магниттік, электр және сейсмикалық қасиеттеріне негізделген тау жыныстарының тік жазықтықта бейнеленеуі.

    Геофизикалық қима – ол геологиялық киманың физикалық үлгісі.

    Нақты геологиялық кимаға тек қана бір геофизикалық қима сәйкес келеді, бірақ геофизикалық кимаға геологиялық киманың бірнеше нұсқасы сайкеледі. Соған қарай геофизикалық киманы тұжырымдау кезінде бірнеше геологиялық талдаудан өткізеді.

    Нақты геология-геофизикалық кимаға бір ғана физикалық өрісінің өлшемі сәйкес келеді және оны есептеп шығаруға болады. Сол есепті - тура тапсырма шығару деп аталады, және де ол тек қана бірқалыпты болады.

    Нақты өріске бірнеше нұсқалы геология-геофизикалық кимасы тап келеді. Соның сәйкес келетін нұсқаларын табу үшін шығарылған есепті – барлау геофизикасында кері тапсырма шығаруы деп атайды.

    Геофизикалық өрістерді геологиялық талдау кезінде өткізілетін түжырымдалуды сапалысына және сандысына бөледі.

    Сапалы тұжырымдау кезінде геофизикалық өрістердің қалыпсыздығын анықтайды және олардың табиғи шыққан геологиялық құрылыстарын сол ауданға жататынын сәйкес келуіне теңдестіреді.

    Санды тұжырымдау кезінде геофизикалық қиманың санды қасиеттерін және геологиялық нысандардың жатқан тереңдіктерін, олардың мөлшемдерін есептеп шығарады.
    Бақылау сұрақтар

    1. Физикалық өрістер туралы түсінік.

    2. Геофизикалық өрістер туралы түсінік.

    3. Қандай өрістерді қалыпты немесе қалыпсыз айтамыз?

    4. Геофизикалық қима туралы түсінік.

    5. Геофизикалық өрістерді геологиялық талдау кезінде қалай бөлінеміз?


    Дала геофизикалық зерттеу туралы жалпы мәлімет.
    Жоспары:

    1. Геофизикалық жұмыстар.

    2. Геология-геофизикалық зерттеулері.

    3. Геофизикалық іздестіру жұмыстарын.

    4. Бөлшекті-барлау жұмыстары.

    5. Өлшейтін тор.


    Геологиялық барлау жұмыстарының негізгі мақсаты пайдалы қазбаларды іздестіру және бөлшекті зерттеу болып келеді, олар еліміздің минералды шикізат базасын толықтырады.

    Қазіргі уақытта геофизикалық жұмыстарды геологиялық барлау жұмыстарының сатысымен жүргізеді. Бұл сатыларға келесі геофизикалық жұмыстар жатады:

    1) аймақтық геофизикалық зерттеулер 1:2000000 (1:10000000) масштабты және келесі геологиялық түсіру жұмыстарын сол масштабпен жүргізеді.

    2) іздестіру жұмыстары 1:50000 (1:25000) масштабты, және жалпы іздестіру тапсырмаларын шығару кезіндегі геологиялық түсіру жұмыстары.

    3) бөлшекті-барлау жұмыстары (1:10000 – 1:2000) масштабты.

    Қашықтағы және аз зерттеленген аудандарда бірінші кезенде геология-геофизикалық зерттеулерін кіші масштабпен (1:200000 – 1:1000000) өткізеді, олардың мақсаты мұнай-газ және металлогенетикалық перспективті аймақтарын айқындау жұмыстары.

    Сол аймақтарда келесі геофизикалық іздестіру жұмыстарын 1:50000 – 1:25000 масштабпен өткізеді. Сол өткізілген жұмыстардың нәтижесінде кен шығатын жерлердің болжамды қорын бағалап және соларды айқындап, мұнай-газ бар құрылымдарын бұрғылау жұмыстарына тапсырып бөлшекті жұмыстарды жүргізеді.

    Сонымен, геофизикалық жұмыстарды, жоғарыда айтылгандай, жер бетінде, әуеде, ғарышта, су бетінде, ұнғымада, шахталарда өткізеді. Жұмыстарды сатымен өткізеді. Әр сатысын өз масштабына сәйкес геологиялық барлау жұмыстарында өткізеді.

    Түсіру масштабын бағыттың ия болмаса қырынның арасындағы кашықтықпен анықтайды (яғни пикеттердің арасындағы қашықтықтар).

    Учаскіні ия алаңды зерттеу кезінде өлшейтін нүктелердің тұратын жерін - дала өлшемінің жүйесі (өлшейтін тор), деп атайды.

    Өлшейтін тордың жиілігі профилдың және пикеттердің арасындағы қалашықтыққа байланысты болады.

    Өлшейтін тор жиілігін алғашқы өткізілген кіші масштабты геофизикалық жұмыстарының нәтижесінде байланыс түрде ең аз болатын аномалиялардың мөлшерінен таңдайды.

    Біршама көлемді геофизикалқ жұмыстарды арнайы партиялар мен отрядтар жүргізеді. Кіші-құрым геофизикалық жұмыстарды, геологиялық карта түсірумен бірге, геологиялық ұйымының геофизикалық қызметі өткізеді. Геофизикалық партияларын жұмыс кезінде қолдану әдістеріне қарай жиынтықтайды (сейсмикалық, гравиметрлік, каротаждық және т.б.).

    Партия жұмыскерлері немесе жобалау тобы, геологиялық тапсырма алған кейін, жұмыс жобасын құрастырады. Жоба техника-экономикалық және смета бөлімдерінен тұрады. Сол жобада жиынтықтылған геофизикалық әдістерінің керегін дәләлдейді, жұмастың қөлемін, керекті транспорт және уақыт шығынын есептейді, құрал-жабдықтарды келтіреді, дала жұмыстарының техника мен әдістерін қолдануы, дала материалдарын өңдеу және тұжырымдалу әдістерін көрсетеді.

    Дала жұмыстарын өткізу кезінде сол учаскіде топографтар алдын ала өлшейтін тор әзірлейді. Геофизиктер арнайы құралдарымен әр бір бақылайтын нүктелерден геофизикалық өрісінің көлемін өлшейді және сол учаскідегі геофизикалық өрістерін геологиялық құрылыстарына сәйкес болатын байланыстарын орнатады.

    Барлық дала жұмыстары біткен соң партия жабылады, құрал-жабдықтар мен жұмыскерлерін партия базасына шығарады.

    Экспедиция базасында тыңғылықты жұмыстарын (камералдық) аяқтайды, сол біткен жұмыстардың нәтижесінде есептеме құрастырылады.
    Бақылау сұрақтар

    1. Геофизикалық әдістердімасштаб бойынша қалай бөлінеді?

    2. Қандай геофизикалық жұмыстарды іздеу деп атайды?

    3. Қандай геофизикалық жұмыстарды барлау деп атайды?

    4. Бақылау тор дегеніміз не?


    написать администратору сайта