жоспар. Жоспар. Кіріспе
Скачать 23.45 Kb.
|
Жоспар Кіріспе.................................................................................................. 1. Құрылыс материалдары туралы жалпы мәлімет......................... 1.1. Материалдардың структурасын зерттеу тәсіліне және талдау дәрежесіне байланысты жіктелуі...................................................... 1.2. Құрылыс материалдарының қасиеттері.................................... 2. Тас төсеніш..................................................................................... 2.1. Артықшылықтары....................................................................... 2.2. Кемшіліктері................................................................................ 2.3. Түрлері.......................................................................................... 3. Тротуар плиткасы........................................................................... 3.1. Тротуар плиткасының тарихы.................................................... 3.2. Өндірісі......................................................................................... 3.3. Гиперпрессия................................................................................ 4. Тротуар плиткасын төсеу................................................................ 5. Тастарды төсеу жұмыстарындағы техникалық қауіпсіздік......... Қорытынды........................................................................................... Қолданылған әдебиеттер..................................................................... Кіріспе Құрылыс – материалдық өндіріс саласы; негізінен әр түрлі үйлер мен ғимараттарды салумен, салынып жатқан нысандарды іске қосуға байланысты жабдықтарды монтаждаумен шұғылданады. Құрылысқа үйлер мен ғимараттарды жөндеуге байланысты жұмыстар да жатады. Құрылыстың дамуы тұрақты жұмыс істейтін мердігерлік құрылыс ұйымдарының құрылуымен және құрылыс өнеркәсібінің өсуімен қоса қабат жүргізілді. Құрылыстың бір ерекшелігі сол, мұнда құрылыс-монтаж ұйымдары өнеркәсіп орындары сияқты өнімді қорға немесе қоймаға арнап шығармайды. Өндіріс үстінде құрылыстың өнімі қозғалмайтындай етіліп белгілі бір орынға бекітіледі, тек еңбек құрал-жабдықтары (машиналар мен механизмдер), еңбек заттары (материалдар мен құралымдар) бір орыннан екінші орынға ауысып отырады. Құрылыс ашық жерде және әр түрлі табиғи ортада жүргізіледі. Сондықтан да құрылыс нысандарының, жұмыстардың өндірістік циклі бірнеше айдан бірнеше жылға дейін созылады. Құрылыс елдің мәдениетін және экономиканың барлық саласын дамытуға мүмкіндік береді 1. Құрылыс материалдары туралы жалпы мәлімет Құрылыс материалдары — үйлерді, ғимараттарды салу мен жөндеуде пайдаланылатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. Негізгі құрылыс материалдарының түрлері: 1)табиғи тау жыныстарынан жасалған құрылыс материалдары (дара тастар, қиыршық тастар, т.б.); 2)органикалық (битум, қарамай, синтетикалық шайыр, т.б.) және бейорганикалық (цемент, әктас, гипс, т.б.) байланыстырғыш материалдар; 3)жасанды құрылыс материалдары және құрастырмалы құралымдар мен бұйымдар (құрылыстық керамика, бетон, темір-бетон, асбест-цемент, темір, шыны және силикаттан жасалған бұйымдар); 4)ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдар (есік және терезе блоктары, ағаш талшықты және ағаш үгінділерінен жасалған тақталар, т.б.); 5)металдан жасалған бұйымдар (көтергіш және қоршау құралымдары, құбырлар, рельстер, т.б.); 6)синтетикалық шайырлар мен пластмассалар (линолеум, пенопласт, т.б.). Әр түрлі табиғи тау жыныстарынан іргетастар, қабырғалық әшекейлік, т.б. құрылыс материалдары жасалынады. Органикалық байланыстырғыш заттардан жол құрылысына қажетті жабын, ылғал өткізбейтін заттар дайындалады. Ағаш жаңқасынан жұқа әшекейлік тақталар жасау үшін байланыстырғыш заттар ретінде синтетикалық шайырлар пайдаланылады. Бейорганикалық заттардың ішіндегі ең негізгісі – цемент. Одан бетон, темір-бетон, асбест-цемент, құрылыс қоспалары сияқты құрылыс материалдары жасалады. Әктастан бу қысымымен алынатын силикаттық бетон, кірпіш әрі құрылыстық қоспалар дайындалады. Жасанды құрылыс материалдары жасалу технологиясына қарай байланыстырғыш заттар көмегімен жасалатын бетон, темір-бетон, асбест-бетон, асбест-цемент, силикаттық бетондар мен кірпіш, құрылыс қоспалары; саз топырақтан (балшықтан) күйдіру арқылы алынатын керамикалық құрылыс материалдары; құмды түрлі қоспалар қосып балқыту арқылы алынатын кеуек материалдар, ситалдар, минералдық мақталар болып бөлінеді. Жасанды құрылыс материалдарының негізгі бір түрі – металдар. Олар құрылыста әр түрлі құралымдар (көпірлер, өндірістік құрылыстар, жер сілкінісіне шыдамды құрылыстық қаңқалар және темір-бетон арматуралар, т.б.) жасауға пайдаланылады. Ағаш материалдары және олардан жасалған бұйымдарға ағашты механикалық өңдеу барысында алынатын материалдар (бөренелер, кесілмелі материалдар, паркет, фанера, т.б.) кіреді. Металдардан, негізінен, болат илемі құрылыста кеңінен қолданылады. Олардан темір-бетондарға қажетті арматуралар, ғимараттың каркастары, көпірдің құрылыстық өткіндері, жылыту жүйелері, жабын материалдары, т.б. жасалады. Әлемдік практикада ең алғаш Қазақстанда жаңа керамикикалық “золокерам” материалдары жасалып, өндіріске енгізілді. "Құрылыс материалдары" пәні инженер-құрылысшыларды даярлауда негізгі пән болып табылады. Бірде-бір ғимаратты құрылыс материалдары мен олардың қасиеті туралы жан-жақты білімсіз жобалап тұрғызу мүмкін емес. Олай болса, материалдардың қолданылуы бойынша жіктелуін, қасиеттеріне сай құрылыста қолданылуын білу, үйлердің пайдалану жағдайына байланысты көп материалдар ішінен керектісін таңдай білу немесе бар материал мен бұйымдарды түрлі тәсілдерді қолдана отырып, пайдалана білу, инженер – технолог, инженер- құрылыс мамандарына өте қажет, себебі тұрғызылған үйдің , ғимараттың сапасын төмендетпеу, тиімділігі мен мәңгілігін қамтамасыз ету мамандардың біліміне байланысты. Қазіргі нарықтық заманда жоғары сапалы құрылыс материалдары мен бұйымдары индустриясын күшейту өзекті мақсат. Осы мақсатпен өндіріс процессін жан жақты механикалау және автоматикалау, ғылыми және техникалық жаңалықтарды кеңінен өндіріс салаларына енгізу құрылыс материалдар өнеркәсібінің тиімділігін асыруда және салынатын құрылыстың сапасын жақсартуда кепілдік әрекет екені даусыз. Мәселен, қабырға материалдары комбирнатында автоматты технологиялық жолында тек еңбек өнімін асыру ғана емес, сонымен қатар жұмысшылар санын 8-10 есе азайту мүмкіншілігін туғызады. Тіпті , кейбір жеке операцияны автоматтандырудың өзі , едәуір экономикалық нәтиже береді. 1.1. Материалдардың структурасын зерттеу тәсіліне және талдау дәрежесіне байланысты жіктелуі Материалдарды зерттеу барысында жасалатын маңызды қорытынды: - олардың негізгі қасиеттерінің көрсеткіщтері және пайдалану жағдайларындағы тұрақтылығы, құрамындағы заттардың қасиетіне және структурасының сипатына тікелей байланысты. Себебі, материалдарды құрайтын заттардың өздеріне тән химиялық , физикалық қасиеттері , белгілі бір структурасы болады. Материалдардың структурасын зерттеу тәсіліне және талдау дәрежесіне байланысты үш түрге бөледі: макроструктура – аспапсыз, құралсыз көзге көрінетін материал құрылысы; микроструктура - оптикалық прибормен көрінетін құрылысы; материал құрамындағы заттардың молекулалық иондық дәрежеде электрондық оптикалық қайта өзгертушісі бар рентгенмен зерттелетін ішкі құрылыс. Барлық материалдар белгілі МЕСТ-ке, сонымен қатар Құрылыс нормалары мен ережелері деп аталатын нормативті құжаттар жүйесіне сәйкес келеді ( ҚН; Е.) Олар тарауларға бөлінген төрт бөлімнен тұрады: І- ші бөлімінде құрылыс материалдар мен бұйымдардың номенклатурасы, сызықтық мөлшерлері, олардың сапаларына қоятын талаптар, үйлерді және биналарды жобалау мезгілінде олардың класына байланысты материалдар мен бұйымдарды таңдап алу туралы деректер, материалдарды, бұйымдарды,конструкцияларды тасу, сақтау және қабылдау туралы ережелер келтірілген. ІІ- бөлімінде үйлердің және биналардың топталуы, бір модульдік жүие, өртке қарсы талаптар, конструкциялар мен үй сылақтары және т.б. мәліметтер туралы жөн жағдай, жүктелуші түрлі конструкцияларды жобалаудың нормасы және т.б. жобалық нормалар белгіленген. ІІІ- ІV – бөлімдерінде құрылыс жобасын жобалау, механизациялау және ұйымдастыру бойынша прогресивтік тәсілдерді, құрылыс жұмысын өндіру әдістері мен ережелері орындалған жұмыстарға қоятын талаптар және оларды қабылдау ережелері, сметалық нормалар, құрылым материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сметалық құнын анықтау ережелері , экономикалық сұрақтар туралы нұсқаулар мен ережелер жазылған. Бұл өте міндетті құжат. Бұл құрамның байланысын, материалдардың қасиеті мен құрылымын, сонымен қатар олардың физика-химиялық, физикалық, механикалық және басқа да әсерлердегі өзгеріс заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Кез келген материал құрылымда жүктемеге немесе қоршаған орта әсеріне ұшырайды. Материалдың ғимаратта қолданылуы, жұмыс шартына байланысты құрылыс материалдары төмендегідей жіктеледі: 1. әмбебап типтегі материалдар (қатаң құрылымдарға арналған) 2. арнайы бағыттағы материалдар (әсерден қорғауға арналған) Олардың қолданылу аймағы материалдардың қасиеттеріне байланысты. 1.2. Құрылыс материалдарының қасиеттері Материалдардың барлық қасиеттері өзіндік ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі: 1. Физикалық. Оларға салмақтық сипаттамалары, тығыздығы, сұйықтар, газдар, жылу мен радиосәулелер үшін өткізгіштік, қоршаған ортаның агрессивті әсеріне кедергілік қасиеті жатады. 2. Химиялық. Материалдардың қышқыл, сілті, тұзды ерітінділерге тұрақтылық көрсеткіштерімен бағаланады. 3. Механикалық. Қысу, созу, соққылау, майыстыру және тағы да басқа күштік әсерлерге кедергілік қабілетімен сипатталады. 4. Технологиялық. Материалдың бұйым даярлау кезінде өңдеуге төзімділік қабілеттілігі. Бұйымның құрылымы эксплуатацияға сенімді (жарамды) және төзімділікті қамтамасыз етуі қажет. Сенімділік дегеніміз - төзімділік, бұзылмау, жөндеуге жарамдылық, сақталғыштық. Төзімділік – бұйымның қасиеті жұмысқа жарамдылығын қажетті аралық жөндеулермен шектік деңгейге дейін сақтауы. Шектік деңгейі бұзылу, техника қауіпсіздігі немесе экономикалық мәселелермен анықталады. Төзімділік эксплуатация режимі мен нақты климаттық шарттарда эксплуатациялық сапасын жоғалтпай қызмет көрсету мерзімімен өлшенеді. Бұзылмау – эксплуатация шарты мен белгілі режимде белгілі уақыт аралығында жөндеуге түспей бұйымның жүмысқа қабілеттілігін сақтауы. Жөндеуге жарамдылық – техникалық сипаттамасын сақтай отырып қайта қалпына келуге қабілеттілік қасиеті. Орташа уақыт, еңбек сыйымдылығы, бір бұзылуды жөндеу бағасы көрсеткіштер болып табылады. Сақталғыштық – техникалық құжаттамада белгіленген сақтау мерзімінде және сақтау мерзімінен кейін, тасымалдауда негізделген эксплуатациялық көрсеткіштерді сақтау қасиеті. Негізгі қасиеттері : соның ішінде мысалы,үйлерді және ғимараттарды салуға қолданғанда , пайдалану ерекшеліктеріне байланысты материалдар конструкциялық қасиет көрсетуі қажет. Бұл конструкциялық қасиетін құрылыста орындайтын функциясына байланысты екі топқа бөлуге болады. 1 - Механикалық - егер материал құрылыс құрамында өзіне сыртқы жүк әсерін қабылдауға арналған болса ; 2. - Қоршаушылық (айырушылық ) - егер материал өзінің қалыңдығы арқылы судың, жылудың, газдың, жарықтың, дыбыстың өтулеріне тосқауыл болуы қажет болса. Материалдардың механикалық және қоршаушылық қасиеттері оның тығыздығына , құрылысына , кеуеуктілігі мен қуыстылығына, яғни физикалық қасиетіне тікелей байланысты. 2. Тас төсеніш Төсеніш – 1) гидротехникалық құрылыстар мен жолдардың жасанды іргетасының табаны өте сығылғыш, тұрақсыз, сусымалы топырақтың үстіне тұрғызылатын жағдайда, құрылыстың оған түсіретін қысымын нығайта түсу үшін арнайы жасалынатын төсеніштік құрылыс материалдары; 2) топырақтан жасалған су қоймаларының, бөгеттердің құлама жақтауларын (қысымды су жағын) жұмыр тастармен және суға төзімді басқа материалдармен шегенделуі. Техникалық жабдықтар деп аталатын жертөле төсеніштері тек безендіріп қана қоймайды, сонымен қатар құрылымды жауын-шашыннан, судың жоғары деңгейінен және басқа да сыртқы әсерлерден қорғайды. Табиғи өнімді еліктейтін стильді және тартымды әрлеу материалы жеке үйлер мен коттедждердің сыртқы безендірілуіне өте ыңғайлы. Өнімдер тұтынушыларға әртүрлі мөлшердегі панельдер форматында ұсынылады. Өндірушілер стандартты өлшемдерді, сондай-ақ тапсырыс бойынша жасалған элементтерді ұсынады. Жоғары сапалы материал функционалды және сәндік қасиеттерді сәтті үйлестіреді. Сидингтің көптеген жағымды қасиеттері бар, оларды біз мақалада кейінірек білетін боламыз. Құрылыс және әрлеу материалдарының қазіргі заманғы нарығы сыртқы келбеті мен пайдалану сипаттамалары бойынша әр түрлі өнімдер ұсынады. 2.1. Артықшылықтары Табиғи тастан жасалған әр түрлі өрнектерді сапалы имитациялау. Айырмашылықты көзбен анықтау мүмкін емес. Өрнектер мен құрылымдардың кең ассортименті. Тамаша эстетикалық қасиеттер. Киімнің көмегімен қарапайым ғимарат қиял фильмінен немесе ертегіден үйге айналады. Жоғары техникалық сипаттамалары, соның ішінде практикалық, тозуға төзімділік, ұзақ қызмет ету және сенімділік. Терезенің сыртындағы температураға қарамастан, жұмысты мамандардың қатысуынсыз және жылдың кез келген уақытында жүргізуге болатын қарапайым материалды төсеу процесі. Панельдің ыңғайлы өлшемдері, сондықтан сәндеуді жалғыз жасауға болады. Экологиялық таза материал денсаулық үшін толығымен қауіпсіз және саңырауқұлақтардың, зеңдердің және басқа заттардың пайда болуына төзімді. Орташа ресейлік тұтынушы үшін қолайлы баға. Салыстырмалы түрде аз ақша үшін ғимараттардың архитектурасын өзгертпестен сыртқы түрін айтарлықтай өзгерте аласыз. 2.2. Кемшіліктері Сидингтің кейбір модельдері отқа төзімділікпен мақтана алмайды. Өрт шыққан кезде материал ери бастайды, мүмкін тұтануы мүмкін. Төмен температурада пластикалық панельдер икемділігі мен икемділігін жоғалтады. Олар сынғыш болады және жүк астында оңай сынуы мүмкін. Орнату кезінде жылу кеңеюінің жоғарылаған коэффициентін ескеріп, тиісті шараларды қабылдау қажет. Өнімнің әртүрлі нұсқаларын қолданған кезде, сіз сыртқы келбеттің тұтастығын бұзатын шамадан тыс жарқын және түрлі-түсті қасбет жасау қаупін аласыз. |