эссе. кітап. Кітап білім блаы, білім мір шыраы деген екен дана халымыз
Скачать 27.52 Kb.
|
Кітап! Бұл сөз әр адам баласына таныс. Кейбір жандар үшін баға жетпес оқу құралы болса. кейбір жандарға жұмбақ әлем болсып қала бермек. Кітаптың құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сол құдіретті кітаптың бізге тигізер пайдасы өте мол. Себебі кітап оқырманның ойлау қабілетін жақсартып,оның сөздік қорын молайтып,жан дүниесін рухани байытады. Кітапты оқитын оқырман сол сәттен ақ жан дүниесі керемет сезім баурап. Сол кітаптағы болып жатқан оқиғаның ішіне еніп кеткендей болады. Кейіпкермен мұнайып,күліп,ойнап керемет сәттер қалдырса,ал сол кітаптағы әр түрлі ситуациядан автормен қоса өмірде де шығуға оны қайталамауға тырысады. Кітап-таңғажайып әлем іспеттес. Бұл әлемде сен өзіңе керекті дүниелерді алып қана қоймай,сол әлемде болған қателіктерді шынайы өмірде жібермеуге күресесін. «Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы» деген екен дана халқымыз. Бүгінде бұл сөздердің мағынасы әлі де жойылған емес. Себебі кітап арқылы біз жастар білім алсақ, сол білім арқылы өміріміздің соңына дейін нәр аламыз. Қазіргі заманның талабы өте өзгеше. Өткені біздің қазіргі мақсатымыз 30 озық елдің қатарына кіру. Ал осы алып мемлекеттердің арасында жырқырап тұру үшін аянбай еңбек етіп,білім жолында тер төгуіміз керек. Елбасы Н. Ә. Назарбаев «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапта» деген болатын. Бұл сөздер бекер айтылмаған. Себебі кітап-озық елдің қатарына кірудін басты кілті деп ойлаймын. Менің ойымша кітаптың зиянына қарағанда пайдасы мол,себебі қателік кітапта емес,адамда. Бүгінгі таңда кітап оқитын адамдар саны сирек. Себебі біреулер уақыт аз десе,ал біреулері әлеуметтік желілердің құрбаны болды. Менің ойымша,баланы жас кезінен бастап кітап оқытып,сол кітапты бірге талдап,пайдасы мен зиянын айтқан дұрыс. Кітапті әр бір жас келен ұрпақ оқуға міндетті! Себебі кітап ой өрісті дамыта қана қоймай бізді болашаққа жетелейтін құнды құрал. «Кітап – әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі», - деп Горький дүниежүзіндегі асыл қазынаның бірін атап көрсеткен. Кітап – адамзаттың қолынан жаратылған, оның әлемдегі ой санасының ең пайдалы әрі маңызды жемістерінің бірі болып табылады. Кітап адам өмірінде ерекше, басқа адам қолынан жасалған нысандардан өзгеше болып келіп, маңызды рөл атқарады. Бала дүниеге келіп, есі кірген соң, қолына кітап алып, қоршаған айналасын танып білуге ұмтылады. Қазіргі кезде балалардың көркем әдебиетке деген талпынысы азайып бара жатыр. Себебі, қазіргі заман – технологияның дамуы, жаңаруы заманы. Сондықтан бала кітапты қоя сала, белгілі бір технологияны қолдану барысында, ғаламтор желісі арқылы да айналасындағы болып жатырған құбылыстарды біліп, тани алады. Адамның бүкіл өмірі кітаппен тығыз байланысты. Кітап арқылы адам баласы өзінің туылған жерінің тарихын, өзінің ата – бабаларын, салт – дәстүрін, ең маңыздысы – әдебиетін таниды. Әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жса ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу. «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге», - деп ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы айтқандай, ерінбей білім алуға бірінші өзімізді, екінші ұрпағымызды талпындыру керекпіз. «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» бұл мақалды біз алғаш мектем табалдырығын аттаған сәтімізде апайымыз жаттатқызып еді. Уақыт өте бұл сөздің растығына көзімізді жеткізудеміз. Расыменде, кітап – біздің рухани досымыз. Ұзаққа сапарға шыққанда сенімді серігіміз, әркез қасымыздан табылып, көңілімізге қуаныш сыйлап, жадырататында өзіміздің жақсы көретін кітабымыз. Кітапты оқып өспеген біздің болашағымыз қандай болмақ? Ия, өкінішке орай ондай оқушылар бар. Ғалым да, ақын-жазушылар, археолог, мұғалім, дәрігер барлық маман иелері осы білім арқылы зор жетістікке жетті. Білім бұлағы – кітап. Әрбір оқушы білімін шыңдау үшін кітап оқуы тиіс. Еліміздің болашағы біздер, сондықтан да жалықпай, шаршамай көп ізденіп, ғылым мен білімнің жолына түсулеріңіз керек. Кітап та алма ағашы, Жемісін біздер теретін Тәтті алмағы балашы Кітабыңның әр бетін - деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі рухани қазына. Бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені – кітап. Кітапхана – кітаптар қоры. Осы жерден біз өзімізге керектің барлығын аламыз. Мысалы: күнделікті оқып жүрген пәндерімізге қажетті кітаптар, «Қиял – ғажайып ертегілер», «Батырлар жыры», «Мақал – мәтел»,ақындардың әр түрлі әңгімелері, шығармалары – осы кітап қорының негізгі рухани байлығы.Дана халқымыз «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек. Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз.Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, Отан, туған жер, ел ордамыз туралы сыр шертеді. Кітап –біздің ең жақын ақылшымыз. Кітап маған тақтан да қымбат Шекспир Қазақтың тілі соншалықты мол. Ләкин қазақтың тіліменен қандай кітап болса да жазуға болады. Қазақ тілі мұншалықты жатық әм анық болар еді, егер де біздің қазақтар аңғарып, бөтен тіл араластырмастан ілгері бастырып сөйлесе. Ыбырай Алтынсарин Жақсы кітап оқымайтын адамның кітап оқи алмайтын адамнан еш артықшылығы жоқ. Марк Твен Кітаптың бір мақсаты – агитация десек, кейбір шарттарды орындай отырып, оны да жүргізуге болады. Болмаса желігіп отырған жеңіл қолмен жазып жiберген жарнама дейді. Мұхтар Әуезов Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ. Мұхтар Әуезов Оқып шыққаннан кейін оны өзім де жаза аламын деген ойға салатын кітаптар ең жақсылары болып табылады. Блез Паскаль Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін - еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл – қуатты тіл, қазақ тілі – сондай тіл. Нұрсұлтан Назарбаев Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей. Лев Толстой Білім — кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады. Нұрсұлтан Назарбаев Кітап — асып - таспайтын асыл досымыз. Виктор Гюго Көрінген кітапты оқи берген жарамайды, көңілде туған сауалдарға жауап бере алатын кітаптарды оқыған абзал. Лев Толстой Кітап жансыз, бірақ шынайы дос. Виктор Гюго Оқы және үйрен. Маңызды кітаптарды оқы. Қалғанын өмірдің өзі түсіндіріп береді. Федор Достоевский Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық. Михаил Литвак Қолға түскенін емес, әбден таңдап - сараптап оқыңыз. Діл мен жаныңызды байытып, оны тәрбиелеңіз. Иван Тургенев Кітап біздің ең соңғы досымыз, олар бізді алдамайды, сондай - ақ үнемі жаныңнан табылады. Эмиль Фагэ Кітаптардың саны емес, оның сапалысы, жақсысы пайда келтіреді. Бұны көбі біледі, мойындайды, бірақ өздері амал етпейді. Сенека Бір реттік оқудан кейін қайта оқуға арзымайтын еңбек негізінде оқуға жарамайды. Макс Вебер Барлық тамаша кітап бір - біріне ұқсас келеді, себебі олар өмірден шынайы. Эрнест Хемингуэй Бүкіл кітап атаулының барлығын бір нәрсе біріктіреді – әңгімеленіп жатқан шығармалар шынайлылықтан гөрі шыншыл келеді. Эрнест Хемингуэй Уақыт барда көп шығарманы оқып қалыңыз, әйтпегенде үлгермей қалуыңыз әбден мүмкін! Генри Дэвид Торо Бұрынғылар оқитын кітап таппай қиналушы еді; қазіргілер кітап таңдай алмай дал болуда. Шынайы еңбек үшін аса зейінді болмақ керек. Джон Леббок Сізді ойлауға мәжбүр ететін кітап қана өз міндетін толық атқарған кітап. Дороти Паркер Мадам, өмір өте қысқа, бос уақытымыз тіпті аз, сондықтан біз оны саяз кітаптарды оқумен ысырап етпеуіміз керек. Джон Рескин Жақсы кітап – ұяттың антологиясы. Асқар Сүлейменов Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге. Абай Құнанбайұлы Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана. Әбіш Кекілбаев Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды. Дени Дидр о Кітабы жоқ үй жаны жоқ дене сияқты. Цицерон Зады, бірегей тұлғаларға, бірегей кітаптарға сын есім жүрмейді. Асқар Сүлейменов Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап. Ахмет Байтұрсынұлы Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына. Әлішер Науаи Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар. Жан - Жак Руссо Өзіңді - өзің тану үшін кітап керек. Өзгені де тану үшін кітап керек. Расул Ғамзатов Кітап — үйдің ашулы тұрған терезесі. Расул Ғамзатов Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады. Мұхтар Әуезов Қанша кітап оқығанмен, император бола алмайсың. Мао Цзэдун Кітап оқу адамды білімді, әңгімелесу – тапқыр, ал жазып алу әдеті – дәлшіл етеді. Фрэнсис Бэкон Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. Серке Қожамқұлов Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында. Константин Ушинский Ой жүгіртпестен көп оқи берген сайын, соғұрлым көп білемін деп сенесіз, ал оқып отырып неғұрлым көп ойласаңыз, әлі де өте аз білетініңізді соғұрлым айқын көресіз. Франсуа Вольтер Дүние жүзінде жақсы кітаптар көп, бірақ бұл кітаптар оларды оқи білген адамдар үшін ғана жақсы. Жақсы кітаптарды оқи білу жазуды тани білумен тіпті де теңбе - тең нәрсе емес. Дмитрий Иванович Писарев Мәдениеттің мәйегі - кітап. Шерхан Мұртаза Сабақ оқушылардың интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп оқушылар үшін рухани өмірді тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына, кітап - мәдениеттің баға жетпес қазынасына айналады. Василий Сухомлинский Тірлігім көбейген сайын, көбірек оқимын. Майкл Фарадей Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол. Бауст Кітапқа енген кез келген формула оны сатып алушылардың санын екі есеге азайтады. Стивен Хокинг Кітаптан тауып алатын нәрсеңізді ешқашан есте сақтамаңыз. Альберт Эйнштейн Кітаптарды өртегеннен де ауыр қылмыс бар. Ол – оларды оқымау. Рэй Брэдбери Әлемдегі ең керемет кинозал — ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің. Скотт Ридли |