Главная страница

жылдық есеп кітапхана (1). Кітапхананы жоспар бойынша тексеру есебі


Скачать 10 Kb.
НазваниеКітапхананы жоспар бойынша тексеру есебі
Дата12.08.2022
Размер10 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлажылдық есеп кітапхана (1).docx
ТипДокументы
#644587

Кітапхананы жоспар бойынша тексеру есебі
Мектеп кітапханасы, бүкіл мектеп жоспарына сәйкес, мектеп әкімшілігімен бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді.

Көркем әдебиеттің қоры оқырмандарға қолжетімді.Орналасуы жасына қарай  жасалды. Мектеп кітапханасындағы көркем әдебиеттер екі тілде. Соңғы жылдарда үш тілде көркем әдебиеттермен мектеп кітапханасы толығуда. Бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ тіліндегі көркем әдеби кітаптар жеткілікті. Орта және жоғарғы буын өкілдерінің көркем әдеби кітаптары қазақ тілінде жылдан-жылға көбейіп келеді. Ал, бастауыш, орта, жоғарғы буындардың орыс тіліндегі көркем әдеби кітаптарын аз деуге болады. Себебі: жаңа үлгідегі жазылған көркем әдебиеттер мүлде аз келеді. Ал бұрынғы ескі көркем әдебиеттер бар. Ол көркем әдебитке оқушылардың қызығушылығы аз.

Мектебіміздің 9«Ә», 7«Ә», 6«Ә», 4«Ә», 3«Ә», 2«Ә»,6«Ж», 6«Е», 6«Г», 4«Г», 7«А», 3«А» сынып оқушылары 2021-2022 оқу жылында кітап оқуда белсенділік танытты.

Құнды әдебиет және бір дана кітаптар, пайдалану үшін жеке стеллажға орналастырылды.

Қорытынды.

2021-2022 оқу жылының тамыз айында жаңа оқулықтар алынды. Оқулықтар қоры толық қамтамассыз етілді. Оқулықтарды жинап алу және келер оқу жылына таратып беру науқаны мамыр айының 19-нан басталып 25-де аяқталды. 1,2-сынып оқушыларына оқулық таратылмайды. Себебі: 1-сынып оқушылары толық анықталған жоқ. 2-сынып оқушылары жаңа оқулықпен тамыз айында толығады. 10-сынып оқушылары іріктеліп алынбағандықтан оларға да оқулық таратылып берілмеді. 11-сынып оқушыларынан емтихан тапсыру барысына байланысты оқулықтары жиналып алынған жоқ. Қалған барлық сынып оқушыларынан кітаптар жиналып, толыққанды оқулықпен қамтамассыз етілді. Кітапхана жоспары бойын наурыздағы іс-шаралар толық атқарылмаған.

Ұсыныс

  1. “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 2022-2023 оқу жылында ары қарай жоғары деңгейде жалғастыру директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Утегенова Д.М. тапсырылсын

  2. Кітапхана меңгерушісі Ускенбаева Г. келесі оқу жылғы жоспарға әдеби кітаптарды жаңартып, балалардың оқуға деген құштарлығын арттыру тапсырылсын

  3. Ата-аналармен жұмыстар жүргізілмеді. Келесі оқу жылы кітапхана меңгерушісі Ускенбаева Г. осы бағыттағы жұмыстарды жоспарға кіргізіп, жұмыстар атқарылсын


написать администратору сайта