Қожан Айдана 14 апта тіл. Классификациясы
Скачать 20.19 Kb.
|
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БӨЖ Тақырыбы: Тілдердің типологиялық және генеологиялық классификациясы(конспект) Орындаған:Қожан Айдана Қабылдаған:Қайырбекова Ұлбала Мазмұны: 1. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы 2. Тілдердің типологиялық классификациясы. 3.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Тілдердің генеологиялық (туыстық) классификациясы деген дүние жүзі тілдерін өзара бір-бірімен туыстығына қарай салыстырмалы-тарихи тұрғыдан топтастыру. Соған байланысты алынған тілдердің топтары тілтану ғылымында тіл жанұялары деп аталады, олар өзінің ішінен жақын туыстығына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Тіл жанұялары алыстан бірігетін макрожанұяларға топтастырылады. Қазіргі кезде әлем тілдері төмендегідей тіл жанұяларына бөлінеді: 1. Үндіевропа тілдеріне қазіргі үнді (хинди, урду, бенгаль, маратхи), иран (иран, тәжік), роман (француз, испан, португал, итальян, румын), славян (орсы, поляк, чех, словак, украин, белорус, серб, хорват), герман (неміс, ағылшын, дат, швед, норвег, галл), балтық (латыш, литван), грек, албан, келть, армян, нуристан тіл жанұялары жатады. Сонымен бірге өлі тіл жанұялары анатлия, тохар, иллирия, скиф, кушан т.б. енгізіледі. 2. Афразиат тілдері: семит (араб, иврит), египет, омот, кушит, чад және бербер тілдері. 3) Дравид тілдері Үндістан түбегіне таралған (телугу, тамиль, каннада, малаялам). 4) Орал тілдеріне фин-пермь (фин, эстон, мордва), угор (венгр, ханты, мансы), самодий (ненец, эвен) тіл жанұялары жатады. 5) Алтай тілдеріне түркі (түрік, татар, азербайжан, қазақ, өзбек, ұйғыр, саха, қырғыз, тува, башқұрт), монғол (халха, қалмақ), тунгус-манчур (манчжур, эвен, нанай) және жапон, корей тілдері жатқызылады. 6) Чукот-камчатск тілдеріне чукот және камчат тіл жанұялары жатады. Осы аталған ірі алты тіл жанұясын нострат тілдері деп атайды. Яғни бұлардың барлығы да бұдан 10-15 мың жыл бұрын өмір сүрген нострат тілдерінен таралған деген болжам бар. Олар Африканың солтүстігінен бастап, Еуразия құрлығына өздерінен бұрын таралған палеоазиат тілдерін біртіндеп ығыстырып, осы аймаққа қоныстанады. Келесі үлкен тіл жанұясы осы палеоазиат тілдері. Оған: 1) Солтүстік кавказ тілдері (абхаз, шешен, авар, ингуш) 2) Син-тибет (қытай, тибет) 3) Енисей (кет, юг) 4) На дене (аляска мен америкада таралған) тілдері жатады. Одан кейінгі ірі тіл жанұясы тропикалық Африкаға тұтастай таралған. Бұларды нигеро-конголез тілдері деп атайды. Оның ішінде ірі тіл жанұялары бар: Банту (бенуэ-конго), ква, адамуа, индиго тіл жанұялары бар. Осы тіл макро жанұясына ніл-сахара тіл макро жанұясының жақындығы бар. Бұған шари-ниль, сахар, судан тіл жанұялары кіреді. Бұл тілдердің екі жанұясы енді нострат тілдеріне жақындасады. Сондықтан аталған жанұялардың таралуын төмендегідей сипаттауға болады. Нострат тілдері басқа тіл макрожанұяларының ішінде нигеро-конголез және ніл-сахара тілдеріне ең жақын келеді. Яғни бұл халықтардың айырмасы соңғы екеуі негртұрпатты нәсіліне жатады, яғни бұл халықтардың арғы тегі негртұрпатты нәсілінен болған, нострат тілі жанұясы кезінде европойд нәсіл қалыптасады, бұл кейін олар Еуразия құрлығына өткесін болған өзгерістер. Әдетте бұл екі нәсіл жақын деп есептеледі. Ал монғол нәсілділердің тілдері алғашқыда палеоазиат тілдерінен көрінеді. Олар Еуразия құрылығына ертерек барған одан бұрынғы миграцияның ұрпақтары. Алтай тілдерінің (бастапқыда европалық) кейбір өкілдері (монғолдар, жапондықтар, корейлер) оларменмонғолтұрпатты тектермен көп араласқаны байқалады. Түркі халықтары бұлардың арасындағы тым аралас нәсілге жатады. Палеоазиат тілдері негізінен қазір Кавказда сақталған және Оңтүстік-шығыс Азияда шоғырланған. Енді бұларға жақын келетіні Автралиялық тілдер. Бұл тіл жанұясы аустронезия, тасмания тіл жанұяларынан құралады да аустралиялық нәсілге жатады. Бұлар Оңтүстік-шығыс шығыс Азиядан Индонезияға одан Автралияға және мұхиттық аралдарға қарай тарала көшкен алғашқы миграцияның ұрпақтары.Енді басқа тіл макрожанұяларының ішінен Америкалық үндістердің тілдерін бір макрожанұяға топтастырады. Оған на-дене тілдері енбейді, олар соңынан барған. Яғни бұдан 10 мың жыл бұрын негізінен Беринг бұғазы арқылы Америкаға алғаш аяқ басқан тайпалардың ұрпақтары болып саналады. Негізгі нәсілі амер-индиялық болып табылады. Бұл америкалық үндістердің тілдері де өз кезегінде көптеген тіл жанұяларына бөлінеді. Енді қалған үш тіл макрожанұясы туралы пікірлдер көп. Бірі Африкадағы койсан тілдері. Оларда алғашқы тілдің белгілері көп сақталған және ешбір тілге ұқсамайды. Сондықтан оларды ешқайда көшпей өз шыққан жерлерінде қалған тайпалардың ұрпақтары деп түсінуге болады. Келесісі - пауас тілдері (үнді-тынық мұхит жанұясы), және австротай (вьетнам, лаос, индонезия, май, яван т.б.) тілдері. Бұлар өз атамекенін (Африканы) ең алғаш тастап шыққан тайпалардың ұрпақтары болса керек деп есептеледі. 2. Тілдердің типологиялық классификациясы Тілдерді фонетикалық грамматикалық құрылысына қарай бірнеше типке бөлуге болады. Сондықтан тілтану типологиясы, немесе салғастырмалы лингвистика ғылымы тілдерге әртүрлі тұрғыдан келеді: 1. Фонетикалық типология, 2. Синтаксистік типология. 3. Морфологиялық типология Бұлайша топтастырудың тілдер арасындағы туыстыққа тікелей қатысы жоқ. Алдымен фонетикалық типология жөнінде. 1. Тілдер дыбыс құрылысты және буын құрылысты болып бөлінеді. Дыбыс құрылысты тілдерді сөздер дыбыстардан құралса, буын құрылысты тілдерде буындардан құралады. Буындар одан әрі бөлшектенбейді, ол тек инициаль (буынның басы) және финальға (буынның соңы) бөлшектенеді. Мысалы, еуропалық тілдер дыбыс құрылысты, Қытай тілі буын құрылысты. Дыбыс құрылысты тілдерде дыбыстар болады да, әріптермен жазады, буын құрылысты тілдерде дыбыстар болмайды, олар иероглифтермен жазады. 2. Монотониялық және политониялық тілдер. Монотониялы тауыс тоны сөз мағынасын ажыратпайды. Политониялы тілдерде сөздің мағынасын ажырататын дауыс тоны. Яғни сөздің айтылу әуені оның мағынасын көрсетеді. Политониялы тілдерге мысалы, Қытай, Вьетнам тілдері жатады. Онда сөздің мағынасын айтылу әуені анықтайды. Монотониялы тілдерде сөздің мағынасын оның құрамындағы дыбыстар анықтайды. Мысалы ағылшынғ орыс, қазақ, араб тілдері. Синтаксистік типология бойынша дүние жүзі тілдері үш топқа бөлінеді. 1. Номинативті тілдер – бұндай тілдерде бастауыш негізгі (атау, исходный) септігінде тұрады да баяндауышпен жақ бойынша қиысады, баяндауыш немесе көмекші етістік соған сәйкес жіктеледі. 2. Эргативті тілдерде етістіктің салт немесе сабақты болуына қарай, белгілі бір септіктерді керек етуіне қарай бастауыштың (субъектінің) тұлғасы өзгеріп отырады, ал толықтауыш осы өзгерістерге керісінше басқа тұлғаларға орайласады. Яғни олардың тұрақты тұлғасы болмайды, бұл тұлға етістіктің қажетсінуіне байланысты. 3. Посессив (пассив) тілдерде етістіктер актив және пассив болып күрт қарсы қойылады да. Бастауыштың тұлғасы осыған байланысты болып келеді. Қазіргі номинативті тілдердегі етіс каегориясы осы өзгерістердің модификацияға ұшыраған бір тармағы болуы керек: етістер өзгергенде бастауыштар мен толықтауыштар (объектілер мен субъект) да өзгеріп кетеді. Типологиялық классификациялардың ішінде ең жете зерттелгені морфологиялық типология. Онда әлемдегі тілдерді тұлғалық түрлену жүйесі бойынша топтастырады. 1. Түбір тілдерде сөз түрлендіруші аффикстер болмайды, сөздер орын тәртібі арқылы байланыса береді (қытай тілі). 2. Агглютинативті тілдерде жұрнақтар мен жалғаулар кең таралған және олар түбірдің үстіне бірінен соң бірі үстемеленіп жалғана береді де сөз ұзара түседі. Әлгі қосымшалар бір мағыналы болады, ал түбір өз тәуелсіздігін сақтайды, өзгермейді (қазақ тілі). (көше-көшелер-көшелерге-көшелерімізге). 3. Флективті тілдерде қосымшалар түбірдің көрінісіне өзгерістер енгізеді және ол қосымшаларда көп мағына болады, сондықтан сөздің көлемі ұзармайды, түбір өз ішінен өзгереді (орыс тілі). (улица-улицы-улицам-улиц) Синтетикалылық индескін (Дж. Гинберг бойынша) алу үшін тілдегі текстіні алып, ондағы морфтардың санына сөздердің санын бөледі. Алынған көрсеткіш 2-ден төмен болса, аналитикалық, 2-ден 3-ке дейін болса, тіл синтетикалық, 3-тен жоғары болса, полисинтетикалық болады. Мысалы: tu be or not tu be, быть или не быть, болу немесе болмау. Аналитикалық тілде неғұрлым көп сөз қажет болады, синтетикалық тілде ол аз сөздің санымен беріледі, яғни аналитикалық тіл негізінен көмекші сөздерге сүйенеді, немесе сөз түрлендірушілерді қабылдауға бейім болмайды (ағылшын тілінде көмекші сөздер өте көп және екі септік бар), синтетикалық тілде негізінен қосымшаларға сүйенеді, түбірдің түрлену жүйесі бай болады (қазақ тілінде жұрнақ-жалғаулар көп және жеті септік бар). Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: а) негізгі: 1. Маслов Ю. С. Введение в языкознание. М.,1987. 2. Кодухов В. И. Введение в языкознание. М.,1987. 3. Реформатский А. А. Введение в языковедение. М., 1967. 4. Будагов Р. А. Введение науку оязыке. М.,1965. 5. Широков О. О. Введение в языковедение. М.,1985. 6. Головин В. А. Введение в языкознание. М., 1983. 9. Хасенов Ә. Тіл біліміне кіріспе. А., 1995. 9. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1978. 10. Степанов Ю. С. Основы языкознания. М.,1992. б) қосымша: 1. Теоретические основы классификаций языков мира. М.,1980. 2. Основные направления структурализма. М., 1964 3. Щерба Л. В. Языковая система и речевая деятельность. М., 1974. 4. Гумбольдт В фон. Избранные труды по языкознанию. М., 1964. 5. Соссюр Ф. Курс общей лингвистики. М., 1933 |