07_02_каз. Хир.стом 40. Клдене жатан аыл тісті иналып жару кезіндегі дрігерді іс рекеті неге тікелей байланысты
Скачать 284.66 Kb.
|
07_02_каз $$$001 Көлденең жатқан ақыл тістің қиналып жару кезіндегі дәрігердің іс әрекеті неге тікелей байланысты? А) Тістің орналасуына В) Науқастың жасына С) Науқастың жалпы жағдайына D) Қабыну үрдісінің қарқынына Е) Ретромоляр аймағының көлеміне {Дұрыс жауабы}=Е {Күрделілігі}=1 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$002 Төмендегі қай флегмона кезінде науқастың дауысы қырылдап шығады? А) Ауыз қуысының түбінің В) Жұтқыншақ маңы аймағының С) Төменгі жақсүйегі арты аймағының D) Қанат төменгі жақсүйегі аймағының Е) Паратонзилалық абсцесстен {Дұрыс жауабы}=В {Күрделілігі}=1 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$003 Жоғарғы жақсүйегінің қай жерінде хондрома жиі пайда болады? А) Көзасты аймағында В) Ұяшықты өсіндіде C) Көбінесе төмпешігінде D) Жоғарғы жақ қуысында E) Таңдай сүйегінің орта сызығында{Дұрыс жауабы}=E {Күрделілігі}=1 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$004 Самай аймағынан алынатын қиықта қандай артерия бар? А) Бұрыштық артерия В) Бет артериясы C) Дөңгелек артерия D) Самайдың ортаңҒы артериясы E) Самайдың беткей артериясы Дұрыс жауабы}= Е {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$005 46 жасар әйелдің 46-тісін жұлу мақсатымен 2% новокаин ерітіндісімен өткізгіштік жансыздандыру жасалды 50 секундтай уақыттан соң науқаста үрей пайда болып, денесін салқын жабысқақ тер басты, еріні көгеріп, қан қысымы снбағ 60 ммге дейін төмендеді, қарашықтары кеңейіп жарыққа әсер етпеді, еріксіз зәр шығып кетті Төмендегі асқынулардың ішінде қайсысының клиникалық көрінісі сипатталып отыр? А) Талықсу В) Естентану C) Диабеттік кома D) Анафилактикалық шок E) Гипертониялық криз {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=1 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$006 20 жасар ер кісіге «Жоғарғы жақ сүйегінің 11 тістен дамыған түбір ұшы кистасы» деген нақтам қойылды Цистоэктомия және тістің түбір ұшын кесу үшін дәрігер келесі тәртіппен екі жансыздандыру жасады: Сол қолдың сұқ саусағымен сол көздің төменгі қырын сипап сүйек бұдырын тауып алды да одан 0,75 см төмен нысана көзін тауып алған соң бас бармақпен жоғарғы ерінді көтерді де инені 1,2, және 1,1 тістердің тұсындағы өтпелі қатпарға шаншып сұқ саусаққа қарай бағыттады Жеткен соң жансыздандырғыш дәрі жіберді Дәрігер қандай жансыздандыру жасады ? А) Күрек тіс жансыздандыруын В) Вайсблат жансыздандыруын C) Көз асты жансыздандыруын D) Төмпешіктік жансыздандыруды E) Инфильтрациялық жансыздандыруын {Дұрыс жауабы}=С {Күрделілігі}=1 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$007 18 жасар науқастың 18 тісін жұлу үшін жасалған жансыздандырудан кейін оң жақ ұртында ісіну пайда болды Дәрігер тісті жұлған соң, сол жеріне мұз басу керектігін айтты 5-6 күннен кейін науқастың оң жағынан жоғарғы жақ сүйегі маңында самайға берілетін ауру сезім пайда болып, дене қызуы көтеріле бастады Тексеру барысында құм сағат белгісі, ауыздың шетеліп ашылуы анықталды 17, 18- тістердің тұсындағы өтпелі қатпар тегістелген, басып тексергенде қатты ауыратыны анықталды 18 тістің ұяшығы эпителиленіп, жазылу сатысында Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз? A) Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі гематомасы В) Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі флегмонасы С) Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі абсцессі D) Самай асты аймағының одонтогенная флегмонасы Е) Самай асты аймағының инъекциядан кейінгі іріңдеген гематомасы {Дұрыс жауабы}=E {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$008 35 жасар ер кісі жұлынған тісінің орынының тамақ ішкен кезде қатты ауыратынын, ауызынан сасық иістің шығатынын шағымдап келді 3 күн бұрын 38-тісі жұлынған Беті симметриялы, сол жағынан төменгі жақ асты лимфа бездері ұлғайған, ауырмайды Ауызы еркін ашылады 38-тістің ұяшығындағы қан ұйығы қара-сұрланып кеткенТөмендегі алдын ала қойылған нақтамдардың қайсысы сәйкес келеді? А) 38-тістің ұяшығының қабынуы В) 38-тістің ұяшықтық нервінің қабынуы C) 38–тістің созылмалы ошақтық остеомиелиті D) Төменгі жақ сүйегінің обыры E) 38-тістің перикоронариті {Дұрыс жауабы}=A {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$009 20 жасар жігіт 2 күннен бері жоғарғы жақ сүйегінің оң жағынан ісінгенін және тартып ауыратынын шағымдап келді Тексеру барысында көзасты аймағының ісінгенін, басып тексергенде тереңде сіңбенің бары анықталды Ауызы еркін ашылады 13,14-тістердің тұсындағы шырышты қабық қызарған Өтпелі қатпар өзгеріссіз 13-тіс жасанды сауытпен қапталған Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз? А) Бет венасының қабынуы В) Айбат шұңқырдың абсцессі C) 13-тістің созылмалы периодонтитінің өршуі D) 13, 14-тістерден дамыған жоғарғы жақ қуысының қабынуы E) 13,14 тістерден дамыған жоғрғы жақтың жедел одонтогендік остеомиелиті {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$010 Бір апта бұрын 18 жас жігіттің «38- тістің қиналып-жаруы»- деген себеппен тістің үстіндегі бүркеніші кесіліп алынып, консервативтік ем тағайындалыпты Одан кейін науқастың жағдайы нашарлап, ауырғаны үдей түсіпті Тексеру барысында сол жағынан төменгі жақтың бұрышының астында тығыз сіңбе, ауыздың шектеліп ашылуы анықталды Берше жансыздандыруын жасаған соң ауыз ашылды Сол жағындағы ретромолярлық аймақ пен қанат тәрізді төменгі жақ қатпары қызарып ісінген Алдыңғы таңдай доғасы қызарып ісінген 38-тістің дисталды бұдырларын қызарып, ісінген бүркеніш жауып жатыр Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз? А) Сол жағынан паратонзилалық абсцесс В) Төменгі жақтың 38-тістен дамыған жедел іріңді периоститі C) Төменгі жақтың 38-тістен дамыған жедел одонтогендік остеомиелиті D) 38- тістен дамыған қанат- таңдай кеңістігінің флегмонасы E) Төменгі жақ асты аймағының сол жағынан 38- тістен дамыған одонтогендік флегмонасы {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$011 Дәрігер сілекей безінің ауырғанына шағымданып келген науқас әйелде созылмалы сиалоаденит бар ма деген күдікпен оны тексере бастады Жедел сиаладенит жедел лимфадениттен қандай басты клиникалық белгі арқылы анықталады ? А) Осы жерді басқанда ауыру және гипосаливация В) Сілекей өзегі бойында қатты сіңбенің болуы C) Дене қызуының көтерілуі мен ауру сезім D) Терінің түсінің көкшіл тартып өзгеруі мен гипосаливация E) Сілекей безінің өзегінен лайлы немесе ірің аралас сілекейдің бөлінуі {Дұрыс жауабы}=E {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$012 20 жасар жігіт оң жақ ұртында екі аптадан бері қатты, ауырмайтын жараның барлығын шағымдап келді Тексеру кезінде ұрттың шырышты қабығында ашық қызыл түсті, пішіні домалақ табақ тәрізді, ауырмайтын, түбін майлап тастаған секілді, шеміршек тәрізді тығыз жара анықталды Төмендегі нақтамдардың қайсысы сай келеді? А) Тілме В) Мерез C) Туберкулез D) Актиномикоз E) Тілме {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$013 Жақ бет хирургиясының қабылдау бөлімінің дәрігері флегмонаны ашу үшін төменгі жақсүйегінің бұрышын айналдыра одан 20 см төмен тері және тері асты клечаткасын тіліп, құралмен доғал жолмен ішкі қанат тәрізді шайнау етімен төменгі жақсүйегінің бұтағының ішкі бетін жылжи сыдырып, эксудатты шығарды Қай аймақтың флегмонасы ашылды деп ойлайсыз? А) Жұтқыншақ маңы В) Төменгі жақсүйегі артқы С) Төменгі жақсүйегі асты D) Массетер асты Е) Қанат тәрізді төменгі жақ {Дұрыс жауабы}=Е {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$014 26 жасар ер кісіні жарақат алғаннан 7 күннен кейін клиникаға келіп қаралды Объективті көрінісі терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағы деформацияның әсерінен тегістелген, көздің төменгі қырын басып тексергенде баспалдақ белгісі анықталадыСол жағынан көз асты аймағының терісі мен мұрынның қанаты жансызданған Алдын ала қандай нақтам қоюға болады? А) Мұрын сүйектерінің сынығы В) Жоғарғы жақтың сынығы C) Бет сүйегінің ығыса сынуы D) Бет сүйегінің маңдай өсіндісінің сынуы E) Жоғарғы жақ қуысының алдыңғы қабырғасының сынуы {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$015 32 жасар жігіт жарақат алғаннан 6 сағаттан кейін клиникаға қаралуға келді Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, ес дұрыс, жартылай ашылған ауызынан сілекей ағып тұр, иегі төмен және алға ығысқан, сөйлеу қиындап, ауру сезімі күшейіп бара жатыр, шайнау мүмкін емес Екі жағынан да құлақ кекілінің алдында шұңқыр пайда болған, бет сүйегінің доғасының асты томпайып ісінгенТөмендегі алдын-ала қоюға болатын нақтамдардың қайсысы сай келеді деп ойлайсыз? А) Екі жақты шықшыт тасбуыны В) Төменгі жақтың бір жақты шығуы С) Төменгі жақтың екі жақты артқа шығуы D) Төменгі жақтың екі жақты алға шығуы Е) Төменгі жақтың екі жақты буын өсіндісінен ауытқи сынуы {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$016 Рота санитары ұрыс алаңында қалған 19 жасар сержантты тауып алды Ауыр жараланған сержант ес түссіз, сіңір рефлекстері баяу, фото реакциясы бар, беттің орта бөлігінің жұмсақ тіндері қатты ісінген Екі көзінің астында үлкен қанталаған аймақтар бар Құлағы мен мұрнынан аққан қан аралас сары су қабыршақтанып қатып қалған Жоғарғы жақсүйегінде патологиялық қозғалыс бар Төмендегі алдын-ала қойылатын нақтамдардың қайсысы сай келеді? А) Мұрын сүйектерінің сынығы В) Жоғарғы жақтың Ле- Фор I сынығы С) Жоғарғы жақтың Ле- Фор II сынығы D) Жоғарғы жақтың Ле- Фор III сынығы Е) Жоғарғы жақтың Ле- Фор- Герен сынығы {Дұрыс жауабы}=В {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$017 27 жастағы әйел адам оң жағынан төменгі жақсүйегінде дүңкиген аймақтың барлығын, осы айиақтағы тістерінің қозғалмалы екендігіне шағымданады Алғашқы рет бір жыл бұрын байқаған Қарап тексергенде төменгі жақсүйегі оң жағынан 45, 46, 47- тістерінің тұсында ұяшықты өсіндіде ісінген аймақтың бары анықталды Сипап тексергенде ауырмайды, беткейі тегіс Шырышты қабықтың түсі өзгермеген Алдын ала қандай болжамды нақтам қоясыз? А) Одонтома В) Цементома С) Амелобластома D) Кистогранулема Е) Түбір ұшы китасы Дұрыс жауабы}= С {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$018 74 жасар әйел клиникаға мұрнының бүйір бетінде ұзақ жылдар бойы жазылмай жүрген жарасының барына шағымданып келді Жараның пайда болғанына 3-4 болған Біртіндеп ұлғайған Консервативтік емдеу шаралары айтарлықтай шипалы болмаған Тексеру барысында мұрынның оң жақ бүйір бетінде шеттерін қабыршақ басқан ортасы ылғалданған жара анықталды, түбінде сіңбелену белгілері жоқ Төмендегі алдыны ала қойылатын нақтамдардың қайсысы сай келеді? А) Тері обыры В) Капош саркомасы C) Базалиома D) Меланома E) Пигменттік невус {Дұрыс жауабы}=С {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$019 Науқас М, 30 жаста Клиникаға районннан жолдамамен тілінде құрылым барына шағымданып келді Құрылым бұрыннна бар 3 жылдай болған Дәрігерге қаралмаған Объективті: сырт пішіні өзгеріссіз, жақасты лимфа бездері ұлғаймаған Ауызында тілдің сол жақ ұшына қарай экзофитті құрылым бар, айналасындағы тіндерге жабыспаған Айналасындағы шырышты қабықтан биіктеу, шекарасы анық, көлемі 0,5 см, сипап көргенде ауырмайды Нақтама қойыңыз, салыстырмалы диагностика жүргізіңіз, емдеу жолын таңдаңыз және дәлелдеңіз А) Ұрт фибромасы В) Ұрт папиломасы C) Ұрт липомасы D) Ұрт аймағының ретенциялық кистасы E) Ұрт шырышты қабығының обыры { Дұрыс жауабы}=В {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$020 46 жасар ер кісі бетінің косметикалық ақауын шағымдап келді4 ай бұрын жарақат алған, емделмеген Тексеру барысында оң жақ көз асты аймағында тыртық анықталдыТөменгі қабақ тартылып, көздерін жұмғанда көзі аларып көрініп қалады Сәйкес келетін диагноз қандай? А) Логофтальм В) Қабақтың тыртықтан айналып кетуі C) Сызықты келоидты тыртықD) Төменгі қабақтың тыртықты контрактурасы E) Төменгі қабақтың фиброзды контрурасы Дұрыс жауабы}= В {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$021 Науқас 65 жаста, самай аймағына таралатын жоғарғы жақсүйегінің оң жағындағы ұстама тәріздес ауру сезіміне шағымданып келді Ауру сезімі кенетен басталады да 1 – 2 минут созылады Ауру сезім мұрын қанатына, жоғарғы ерінге жанасуынан пайда болады Ұстамалы ауру сезімі көзден жас ағуымен сипатталады Ұстама кезінде науқас ұстамаға дейінгі жағдайдағы қалпындата қалады Ұстама аурулары тәулігіне 15 – 20 рет қайталанады 7 жыл бойы зардап шегеді Сыртқы көрінісі өзгеріссіз Ауыз қуысы сауықтандырылған Тіс қатарларының қосылған ақаулары бар Тістем бекітілген Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді? А) Денталді плексалгия В) Одонтогенді гайморит С) Одонтогенді невралгия D) Үшкіл нерв невралгиясы Е) Шықшыт буынының ауырмалы дисфункция синдромы Дұрыс жауабы}= D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$022 45 жасар әйел оң жағынан шықшыт буынының көктем күз айларында үнемі ауыратынын, ауызының шектеліп ауыратынын шағымдап келді Қазір оң жағындағы шықшыт буынындаып аздаған ыңғайсыздықтың пен сыртылдауын ғана барын айтып отыр Сырт көрінісінде айтарлықтай өзгерістер жоқ Орта сызығы күрек тістің көлеміндей ашылып кеткен Буын маңын басып тексергенде ауырмайды Ауызы S тәрізді ашылады Ауызды көтергіш еттерді басып тексергенде ауырмайтыны анықталды Төмендегі алдын ала қойылатын нақтамның қайсысы сай келеді? А) Шықшыт буынның артрозы В) Шықшыт буынының созылмалы артриті С) Шықшыт буынының ауырмалы дисфункция синдромы D) Шықшыт буынының жедел артриті Е) Шықшыттың жедел спецификалық қабынуы {Дұрыс жауабы}=С {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$023 66 жасар ер кісінің сол жағынан жоғарғы ерінің коллатералдық ісінуінің салдарынан беті асимметрияланған Ауыз ішінде 12-тісі қызыл иектің деңгейінде бұзылған,түсі өзгерген,қаққанда қатты ауырады,11, 12, 13 тістердің тұсында ұяшықты өсіндінің сырт жағында басып көргенде қатты ауыратын ортасында былқылдағы бар сіңбе анықталады Ауыз ішінен жасалған рентгенсуретінде 12-тістің түбір өзегінің қисықтығынан ¼ ғана пломбаланғаны, түбір ұшы маңындағы сүйектің шекарасы анық емес сорылғаны анықталады. Операциялық ем шаралар жүргізу үшін қандай жансыздандырулар жасаған дұрыс деп ойлайсыз? А) Ұяшықты өсіндінің екі жағынан инфильтрациялық жансыздандыру В) Көз асты жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен күрек тіс жансыздандыруын C) Төмпешіктік жансыздандыруының ауыз сырты тәсілі мен таңдай жансыздандыруы D) Иек жансыздандыруының сыртқы тәсілі мен инфильтрациялық жансыздандырулар E) Берше-Дубов және төмпешіктік жансыздандырудың ішкі тәсілі {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$024 Дәрігер 47-тісті жұлу үшін науқастың оң жақ алдында тұрды да, сол қолдың сұқ саусағаын тістің тұсындағы ұяшықты өсіндінің ұрт жағына, бас бармағын тіл жағынан қысып, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесін бекіте ұстады Көлденең жазықтықтағы қысқышты тіске салып, бекіткен соң тілге қарай қозғады Жұлу барысында түбірлері сынып кетті Дәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қай қимылдары дұрыс болмады? А) Ротация жасау керек еді В) Қысқыш дұрыс таңдалмады C) Дәрігер дұрыс тұрған жоқ D) Алғашқы қимыл тіл жаққа жасалуы керек еді E) Сол қолдың саусақтары дұрыс орналаспады {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$025 26 жасар ер кісі ауыз қуысын санациялау үшін келіп қаралды Үстірттік жансыздандыру арқылы сауыты толық бұзылған 46-тісті жұлу керек деп жоспарланды Жансыздандыру өз дәрежесіне жеткен соң, дәрігер науқастың оң жақ алдында тұрып, осы тістің тұсындағы ұяшықты өсіндіні сол қолының сұқ саусағымен сырт жағынан, ал ортаңғы саусағымен тіл жағынан, қалған саусақтарымен төменгі жақтың денесінен қыса ұстап, құс тұмсықты сауыттық екі ұртында істіктері бар қысқышты тіске салып, жылжытып, бекіткен соң алғашқы қимылды тілге қарай бағыттады Тістің қалған сауыт бөлігі сынып кеттіДәрігердің іс-әрекеттерінің ішінде қайсысымен келіспейсіз? А) Ротация жасау керек еді В) Қысқыш дұрыс таңдалмады C) Дәрігер дұрыс тұрған жоқ D) Алғашқы қимыл ұрт жаққа бағытталуы керек еді E)Сол қолдың саусақтары басқаша орналасуы керек еді {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=( Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$026 26 жасар жігіт дәрігер стоматолог-хирургқа жоғарғы оң жағындағы тісінің бірнеше ай бойы ұдайы , сыздап ауырып мазалап жүргенін шағымдап келді Тексеру барысында 12-тісінің пломбаланғаны, осы тістің түбірі маңында жылан көздің бары, қаққанда аздап ауыратыны анықталды Тістің маңындағы шырышты қабықта өзгерістер жоқ Рентген суретінде 12 тістің түбір ұшы маңында сүйектің көлемді деструкцияланған шекарасы анық емес ошағы анықталды Төмендегі оперативтік емдердің ішінде қайсысы шипалы болады? А) Тісті жұлу В) Тісті жұлып,қайта отырғызу C) Тістің түбір ұшын кесу D) Сауыты мен түбірін бірге кесу E) Сауыты мен түбірін кесіп алып тастау {Дұрыс жауабы}=C {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$027 Клиникаға алыс ауылдан жағдайы өте ауыр 18 жасар қыз бала жеткізілді Анамнезін сұрап анықтау мүмкін емес Тексеру барысында оң жағындағы жоғарғы және төменгі қабақтарының ісініп кеткені, экзофтальм, хемоз, көз алмасын басқан кезде қатты ауыратыны анықталды Ретробульбалық кеңістікті ашу жолдары жайлы дәрігерлік консилиум шақырылды Рентген суретінде жоғарғы жақ қуысының оң жағынан бір ыңғай көлеңкеленгені анықталды Төмендегі операциялық жолдардың қайсысы шипалы әрі дұрыс болар еді? А) Көз ұясын жоғарғы және төменгі қапбақтарды айналдырып ішінен тілу В) Көз ұясына жоғарғы ішкі қабырғасы арқылы кесу C) Көз ұясының жоғарғы және төменгі шеттерінен D) Гайморотомия және жоғарғы жақ қуысының жоғарғы қабырғасын тесу арқылы E) Көз ұясының жоғарғы сыртқы бұрышынан кесіп контрапертура жасау арқылы {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$028 Клиникаға 18 жасар жігіт жұтынғанда ауыратынын, ауызының шектеліп ашылғанына бір апта болғанын шағымдап келді Төменгі жағының сол жақ бұрышының астында тығыз сіңбе бар Ауызы шектеліп ашылады Берше жансыздандыруын жасаған соң ауызы ашылды Сол жақтағы ретромолярлық аймақ пен қанат тәрізді төменгі жақ қатпарыны қызарып ісінген 38- тістің дисталды бұдырлары ісінген бүркеніштің астында жатыр Төмендегі операциялық жолдың қайсысы шипалы болады? А) Қанат тәрізді төменгі жақ қатпарының бойымен тілу арқылы В) Төменгі жақтың төменгі қырынан 1,5-2,0 смтөмен тілу арқылы C) Төменгі жақтың төменгі қырынан 1,5 смтөмен әрі оған паралельді етіп тілу D) Төменгі жақтың бұрышының шетінен 1,5-2,0 см айналдыра тілу арқылы E) Ауыз ішінен сол жағынан жақ-тіл жүлгесі бойымен тілу арқылы {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$029 Вартонов өзегіндегі тасты алып тастау үшін дәрігер тіл жансыздандыпуын жасады Өзекті тастың арт жағынан қоршаған тіндерімен бірге тікті Тастың үстіндегі шырышты қабықты тіліп, тасты алып тастаған соң, жараны қабатымен тігіп шықты Дәрігердің қандай қателік жіберді? А) Анестезия дұрыс таңдалмады В) Дұрыс тілінбеді C) Жараға қашыртқы қою керек еді D) Операциядан кейін жараны тікпеу керек еді E) Тастың арт жағынан тіндерді тікпеу керек еді {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$030 Қабылдау бөліміне самай асты аймағының іріңдеген гематомасын оперативтік жолмен ашу тәсілі қабылданды Іріңді ошақ қай жерден кесіліп ашылады? А) Сіңбенің төменгі қыры арқылы В) Самай етінің талшықтарының бағыттарына қарай С) Бет сүйегі доғасының астынан D) Бет сүйегі доғасынын астынан оған паралельді Е) Жоғарға азу тістердің тұсынан өтпелі қатпарды {Дұрыс жауабы}=Е {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$031 Химиялық зертхананың қызыметкері 28 жасар әйел өндірісте 2 сағат бұрын бетінің сол жағын күйдіріп алды Төмендегі шаралардың қайсысы осы науқас үшін шипалы болады деп ойлайсыз? А) Етке антибиотиктер егу В) Күйген жерді 96% спиртпен өңдеу С) Вищневский майымен таңба салу D) Күйген жерді соданың 2% ерітіндісімен жуу Е) Күйген жерді мұздай сумен жуып, новокаинмен таңба салу {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$032 Клиникаға 6 сағат бұрын жарақат алған, 20 жасар жігіт сол жағынан төменгі жағының ауыратынын, ауызының дұрыс ашылмайтынын шағымдап келді Объектиті: беті сол жағынан төменгі жақтың бұрышы маңындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен асимметрияланған Ауызы шектеліп ашылады, тістемі бұзылған Төменгі жаққа оң жағынан қысым және Венсан белгілері оң нәтиже берді 48- тістің тұсында сүйектің патологиялық қозғалысы анықталады Төмендегі ем-шаралардың қайсысы шипалы болып табылады? А) Рудько аппаратын қолдану В) Збарж аппаратын қолдану С) Сақпан таңбасын таңу D) Екі жақтық құрсау салу Е) Айви тәсілімен сыммен бунау {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$033 22 жасар еркек клиникаға жарақат алғаннан 1,5 айдан соң ауызының дұрыс ашылмайтынын, бетінің пішінсізденгенін шағымдап келді Тексеру барысында бет терісінің түсі өзгеріссіз, сол жағынан бет сүйегі аймағының тегістелуіне байланысты беті асимметриялы Көз шарасының төменгі қырында баспалдақ белгісі анықталады Сол жағынан көз асты аймағы мен мұрынның қанаты жансызданған Осы клиникалық жағдай үшін төмендегі тәсілдердің қайсысы шипалы болады? А) Бет сүйегі аймағына контурлық пластика жасау В) Имплантация тәсілімен пішінсізденуді жою С) Аутотрансплатация тәсілімен пішінсізденуді жою D) Бет сүйегін сындырып, орнына дұрыс салу Е) Лимберг ілгегімен бет сүйегін орнына дұрыс салу {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$034 Науқас Л, 20 жасар ЖБӘ бөлімшесіне 2 сағат бұрын белгісіз біреулер ұрған, ақыл-есін жоғалтпаган, құсу, жүрек айну болған жоқ Қарап тексергенде: Сол жағынан төменгі жақ сүйегінің бұрышының ісінуінен бет әлпетінің ассиметриясы байқалады Тері қабаты өзгермеген Сипап тексергенде төменгі жақ сүйегінің сол жақ бұрышында локальды ауру сезімі бар Ауызы 3 см ашылады Төменгі жақтың солға жылжуынан тістемі өзгерген 37 тіс тұсында шырышты қабық жыртылған, қан ағып тұр 38 тіс І,ІІ дәрежеде қозғалады Қағып тексергенде 37 және 38 тіс арасында сүйектің патологиялық қозғалысы анықталады Рентген суретте тікелей және бүйірінен түсірілген төменгі жақ сүйегінің сол жақ бұрышынан сүйек тінінің бүтіндігінің бұзылуы байқалады 37 және 38 тіс арасында сүйекте саңылау анықталады Кіші сынық жоғары ішке ығысқан Сіздің нақтамаңыз, емдеу жолы А) Тегіс жақша тәрізді құрсау салу В) Сүйекті сыммен тігіп остеосинтез жасау C) Минипластинкалармен остеосинтез жасау D) Васильевтің стандартты құрсауын салу E) Тигерштедтің екі жақтық ілгекті құрсауын салу {Дұрыс жауабы}=E {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$035 61 жасар ер кісі сол жақ танауынан су ағатынын, осы жағымдағы көзінің астында жан жоқ, жоғарғы жақсүйегінде салбыраған өскін тәрізді нәрсенің барына шағымдана келді Ауыз ішіндегі өскіндер жарты жыл бұрын тіс жұлғаннан кейін пайда болыпты Беті әлпеті симметриялы, 23, 24-тістері қозғалмалы Жұлынған 25-тістің ұяшығынан жұмсақ ет тәрізді жұмсақ өсінділер салбырап шығып тұр Науқастың айтуынша өскіндер тісті жұлғаннан кейін бір айдан соң пайда болған Аймақтық лимфа бездері ісінген Осы ауру үшін төмендегі емдердің қайсысы шипалы болып саналады? А) Сәулелеік ем В) Хирургиялық ем C) Консервативтік ем D) Кешендік ем E) Химиялық ем Дұрыс жауабы}= D {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$036 45 жастағы ер кісі жоғарғы жақсүйегінің ісінгеніне шағымданып келді Тексеру барысында жоғарғы жақсүйегінің алдыңғы бөлігінің сол жағында патологиялық түзілістің барлығы анықталды Басып тексергенде консистенциясы тығыз, пішіні домалақ, шекаралары анық екені байқалды Ауыз қуысында 22, 23 тістердің тығыз орналасқаны, шырышты қабығы ашық қызыл түсті Рентген суретінде 22, 23 тістердің түбір ұштарына тақалған қараңғыланған ошақта тығыздығы төмен аймақтар байқалады Төменгі емдердің қайсысы осы науқас үшін шипалы болады? А) Ісікті қырып алып кейін пластика жасау В) Ұяшықты өсіндінің бөлігін тістерімен қосып кесіп алу С) Ісікті сау тіндердің деңгейінде қырып алуД) Төменгі жақ сүйегін ісіктен 1 см қашықтықтан кесін алу Е) Ісікті қырып алып, сүйек жарасын азот қышқылымен өңдеу {Дұрыс жауабы}= В {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$037 Н атты 40 жастағы ер кісі мойынының қимылдарының шектелгенін шағымданып келді Анамнезінде жарты жыл қалалық онкодиспансерде мойынының сол бүірінен көлемді ісік алынған Қарап тексергенде тыртықтық контрактураны көруге боладыПластикадан басқа қандай әдіспен тыртықты жоюҒа болады: А) Филатов сабақшасымен пластика жасау В) Тамырлы аяқшалы қиықпен пластика жасау C) Теріні еркін көшіру арқылы D) Ақау шеттерін сыдырып босату арқылы E) Лимбергтің үшбұрышты қиығымен пластика жасау Дұрыс жауабы}= Е {Күрделілігі}=3 {Оқулық}= Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$038 48 жасар Е атты науқастың рентген суретінде төменгі жағында бір тістің деңгейінде жіңішке ұзындығы 7 мм болатын пародонт қалтасы анықталды Осы науқасқа қандай оперативтік ем қолдануға болады? А) Гингивотомия В) Гингивэктомия С) Френулопластика D) Өткір қырнау Е) Остеогингивопластика {Дұрыс жауабы}=A {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$039 39 жасар ер кісіні тексеру барысында тереңдігі 5-7 мм пародонт және сүйек қалталары анықталдыАуыз қуысының кіре берісі саяз Қандай хирургиялық ем-шара тағайындауға болады? А) Ашық қырнау В) Остеогингивопластика С) Аумақты гингивэктомия D) Мукоостеогингивопластика Е) Видману-Нейманның қиықтық операциясы {Дұрыс жауабы}=D {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Т.Г. Робустовой. Медицина. 2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 $$$040 Дәрігер тіс салдыру үшін келген ер кісінің төменгі жақсүйегінің тіс қатарының Кеннеди жіктемесі бойынша ІІІ- класс деген нақтам қойылды Ұяшықты өсіндінің семуі орта дәрежелі Осы науқас үшін қандай имплантат салуға болады? А) Субмукоздық В) Эндоосттық С) Субпериостық D) Трансмандибулалық Е) Эндонто-эндооссттық {Дұрыс жауабы}=B {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Хирургическая стоматология. Под ред. Робустовой Т.Г. с соавт. М.Медицина,2003) {Курс}=6 {Жарты жылдық}=12 |