Клиникалық жағдай6 (1). Клиникалы жадай (cbd)
Скачать 1.07 Mb.
|
Клиникалық жағдай (CBD) Науқас 67 жаста, шағымы: әлсіздік, іштің кебуі, бір апта бойы үлкен дәреті өтпеген, іштің сол жақ бөлігінің ауырсынуы, іштің құрылдауы, жүректің айнуы, құсуы мазалайды. Ауырсыну толғақ тәрізді. Anamnesis morbi: Ауырып жүргеніне 2-2,5 ай болған. Үлкен дәреті бірде қатып, желденіп, бірде өтіп әбден жалықтырған. Жағдайының нашарлағанын сезгеніне бір апта көлемінде. Боткин дертімен, туберкулезбен, тері- венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқым қуалайтын онкологиялық аурулармен ауырмаған. St.preasens: Жалпы жағдайы ауыр. Тері жабындылары бозарған. Қан қасымы 110/60 мм.рт.ст. Тілі құрғақ. Пульс – 110/мин. Тыныс алуы везикулярлы, шуыл жоқ. Жүрек тоны анық, ритмі бұзылмаған. Іші кепкен. Тік ішекті саусақпен тексергенде ісік анықталмаған. Іштің үлкейіп кебуіне байланысты бауыр шекаралары және ісік анықталмайды. Бір апта бойы үлкен дәретке шықпаған. Диурез қалыпты. Тексеру қорытындылары: Қанның жалпы анализі
Іш қуысын УДТ- Бауырда және ұйқы безінде диффузды өзгеріс. Созылмалы панкреатит. Фиброколоноскопия : Онкомаркерлер талдауы
Гистология қорытындысы: аденокарцинома, G3 Тапсырмалар: Алдын ала болжам диагноз қойыңыз Қойылған диагнозды негіздеңіз Тексеру жоспарын жасаңыз. Лабораториялық тексеру барысында алынған мәліметтерге талдау жасаңыз Құрал-сайманмен тексеру барысында алынған мәліметтерге талдау жасаңыз Онкомаркерлерді тексеру барысында алынған мәліметтерге талдау жасаңыз Қандай аурулармен саралау диагностикасын жүргізесіз Клиникалық диагноз қойыңыз Клиникалық топты анықтаныз Қандай медициналық құжаттар толтырасыз? ЧЕК-ПАРАҒЫ КЛИНИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛҚЫЛАУ (CBD)
|