Главная страница
Навигация по странице:

  • 20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi

  • 21-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзу мерзiмдерi

  • 22-бап. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары

  • 22-1-бап. Кәмелетке толмағандардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  • 22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулер

  • 22-3-бап. Хат-хабар алмасу

  • 22-4-бап. Өтініштерді жіберу

  • 22-5-бап. Тамақтану, тамақ өнімдерін және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын сатып алу

  • 22-6-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету

  • 22-7-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың міндеттері

  • 22-8-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану

  • 23-бап. Осы Заңның орындалу кепiлдiктерi

  • Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилакт. Кмелетке толмаандар арасындаы ы бзушылытарды профилактикасы мен балаларды адаалаусыз жне панасыз алуыны алдын алу туралы


    Скачать 89.31 Kb.
    НазваниеКмелетке толмаандар арасындаы ы бзушылытарды профилактикасы мен балаларды адаалаусыз жне панасыз алуыны алдын алу туралы
    Дата19.10.2022
    Размер89.31 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилакт.docx
    ТипДокументы
    #742326
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5

    19-6-бап. Медициналық-әлеуметтік есепке алу

          1. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары жүргізілетін адамдарға медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, оларды бейімдеу және оңалту мақсатында жүзеге асырылады.

          2. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

          Ішкі істер органдарының есепке алу туралы хабарламасы медициналық-әлеуметтік есепке қоюға негіз болып табылады.

          3. Медициналық-әлеуметтік есепке алу адам өмірлік қиын жағдайдан шыққанға дейін, бірақ кемінде жеке профилактика шараларын жүргізу кезеңіне жүзеге асырылады.

          Ескерту. 3-тарау 19-6-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

    20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi

          Егер осы Заңның 19-бабында көзделген мән-жайлар мынадай құжаттарда:

          1) соттың үкiмiнде, ұйғарымында немесе қаулысында;

          2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның, прокурордың, тергеушінің, анықтау органының қаулысында;

          3) шағымдарды, өтiнiштердi немесе басқа да хабарларды тексерудiң нәтижелерi бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органының немесе мекемесiнiң басшысы бекiткен қорытындыда;

          4) кәмелетке толмағанның не оның ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша оларға көмек көрсету туралы өтiнiштерiнде ресми көрсетiлген болса, олар кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi болып табылады.

          Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV Заңымен.

    21-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзу мерзiмдерi

          Кәмелетке толмағандарға олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шаралары кәмелетке толмағандарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету үшiн қажеттi мерзiмде немесе кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекет жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жойғанға дейiн немесе олар он сегiз жасқа толғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да мән-жайлар туындағанға дейiн жүргізiледi.

          Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV Заңымен.

    22-бап. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары

          1. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде кепілдік берілген құқықтармен және бостандықтармен қамтамасыз етіледі.

          2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталушы кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгіленген тәртіппен:

          1) өздерінің арнаулы мекемелер мен ұйымдарға орналастырылғандары туралы ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне хабарлауға;

          2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелерінің жұмыскерлері қабылдаған шешімдерге көрсетілген жүйенің жоғары тұрған органдарына, сондай-ақ прокуратура органдарына, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

          3) өзінің құқықтары мен міндеттері, ұстау режимі мен тәртіптік талаптар туралы ақпарат алуға;

          4) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ олардың орналасқан жеріне, тұрғылықты жеріне не тұрмыстық орналасатын жеріне бара жатқандағы жеке қауіпсіздігіне;

          5) ізгілікті, адамның ар-намысын кемсітпейтін қарым-қатынас жасалуына;

          6) саны шектелмеген телефонмен сөйлесулер және кездесулер арқылы отбасымен байланыс жасап тұруға, саны шектелмеген жөнелтімдер, бандеролдар, сәлемдемелер алуға және хаттар мен жеделхаттар алуға және жіберуге;

          7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша тегін тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және басқа да заттай ризықпен қамтамасыз етілуге;

          8) ата-анасымен не олардың орнындағы адамдармен, туысқандарымен және өзге де адамдармен кездесуге;

          9) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға, ал үштен жеті жасқа дейінгі балалардың күндізгі уақытта қосымша екі сағат ұйықтауға;

          10) ұзақтығы кемінде екі сағат күнделікті серуендеуге;

          11) арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында болу кезеңінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуға;

          12) арнаулы мекемелерде белгіленген ішкі тәртіп қағидаларының және ұстау режимінің сақталуы шартымен діни жоралар жасауға;

          13) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда бар әдебиеттер мен мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға;

          14) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуға;

          15) өндірістік практика кезеңінде атқарған жұмысы үшін ақшалай сыйақы алуға;

          16) қажетті психологиялық көмек алуға құқығы бар.

          Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    22-1-бап. Кәмелетке толмағандардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету

          Кәмелетке толмағанның өмірі мен денсаулығы үшін қатер төнген кезде арнаулы мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері оның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды шұғыл қабылдауға міндетті.

          Ескерту. Заң 22-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

    22-2-бап. Қорғаушыларымен, туысқандарымен және өзге адамдармен кездесулер

          1. Кәмелетке толмағандар арнаулы мекемелер мен ұйымдарға орналастырылған кезден бастап оларға қорғаушысымен оңаша және жасырын кездесуге мүмкіндік беріледі.

          2. Кездесулер арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің бақылауымен жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған адамға тыйым салынған нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін не қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал етуі мүмкін мәліметтер беруге әрекет жасалған жағдайда, кездесулер мерзімінен бұрын тоқтатылады.

          3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі бойынша шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің ресми өкілдерінің өзі өкілі саналатын мемлекеттің азаматы болып табылатын шетелдік кәмелетке толмағанға баруға құқығы бар.

          Ескерту. Заң 22-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    22-3-бап. Хат-хабар алмасу

          1. Кәмелетке толмағандарға туысқандарына және өзге де адамдарға саны шектелмеген хат немесе жеделхат алуға, жіберуге рұқсат етіледі.

          2. Кәмелетке толмағандардың хат-хабар алмасуы арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі арқылы ғана жүзеге асырылады.

          3. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың атына келіп түскен хаттарды тапсыруды, сондай-ақ оның хаттарын адресаттарға жіберуді арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі мереке және демалыс күндерін қоспағанда, хат келіп түскен немесе оны кәмелетке толмаған тапсырған күннен бастап үш күн мерзімнен кешіктірмей жүргізеді.

          4. Жақын туысқанының қайтыс болуы немесе ауыр сырқаттануы туралы мәліметтер кәмелетке толмағанға олар алынысымен дереу хабарланады.

          5. Арнаулы мекемелер мен ұйымдардан кеткеннен кейін кәмелетке толмағанның атына келген хаттар алынғаннан кейін үш күн мерзімнен кешіктірілмей, оның кеткен жеріне жіберіледі.

          Ескерту. Заң 22-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

    22-4-бап. Өтініштерді жіберу

          1. Кәмелетке толмағандардың мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жазған өтініштері арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі арқылы жіберіледі.

          2. Сотқа, прокуратура органдарына және мемлекеттік органдарға жазылған өтініштерді арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі жиырма төрт сағаттан кешіктірмей адресатқа жібереді.

          3. Өтініштерге келген жауаптар кәмелетке толмағандарға қолхат ала отырып хабарланады және жеке ісіне тігіледі.

          4. Құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына байланысты жазған өтініштері үшін кәмелетке толмағандарды кез келген нысанда қудалауға жол берілмейді. Мұндай қудалауға кінәлі арнаулы мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

          Ескерту. Заң 22-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

    22-5-бап. Тамақтану, тамақ өнімдерін және бірінші кезектегі қажеттілік заттарын сатып алу

          1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын нормалар бойынша тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз етіледі.

          РҚАО-ның ескертпесі!
          2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 03.07.2014 № 227-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

          2. Тамақтану ойын және жатын бөлмелерден бөлек үй-жайларда (асханаларда) жүзеге асырылады.

          3. Арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі кәмелетке толмағандарға гигиена, санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетін жағдайлар жасауға міндетті.

          4. Арнаулы мекемелер мен ұйымдар кәмелетке толмағандарға арналған, гигиена, санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келетін, сондай-ақ арнаулы мекемелер мен ұйымдардан кәмелетке толмағандардың өз бетімен кетіп қалу жағдайларын болғызбайтын ойын залдарымен, жатын үй-жайлармен, тамақтануға арналған үй-жайлармен, оқу сыныбымен және серуендеу аулаларымен жарақтандырылуға тиіс.

          5. Кәмелетке толмағандар оқу құралдарымен, әдебиетпен, кеңсе заттарымен және міндетті орта білім алу үшін қажетті басқа құралдармен қамтамасыз етіледі.

          Ескерту. Заң 22-5-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

    22-6-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету

          1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі белгіленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын, кәмелетке толмағандардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.

          2. Кәмелетке толмағандарға медициналық, оның ішінде психиатриялық көмек көрсетуді арнаулы мекемелер мен ұйымдардың медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

          3. Ауруханаға жатқызу қажеттілігі анықталған кезде кәмелетке толмаған тиісті медициналық ұйымға жіберіледі.

          4. Кәмелетке толмағандар дене жарақатын алған жағдайда куәландыруды арнаулы мекемелер мен ұйымдардың медицина қызметкерлері шұғыл жүргізеді. Медициналық куәландыру нәтижелері белгіленген тәртіппен тіркеледі және жәбірленушіге, аумақтық қорғаншы және қамқоршы органға немесе ата-анасына не оларды алмастыратын адамдарға хабарланады. Арнаулы мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің немесе орган басшысының шешімі бойынша куәландыруды медициналық ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.

          5. Кәмелетке толмаған ауыр сырқаттанған не қайтыс болған жағдайда арнаулы мекемелер мен ұйымдардың әкімшілігі бұл туралы жақын туысқандарына, прокуратура органдарына, аумақтық қорғаншы және қамқоршы органға хабарлайды. Қайтыс болған адамның мәйіті патологиялық-анатомиялық зерттеуден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген іс-әрекеттер жүргізілгеннен кейін оны сұраған адамдарға беріледі.

          Қайтыс болып, мәйіті сұралмаған кәмелетке толмағанды жерлеу бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

          6. Кәмелетке толмағанның қайтыс болуы мүмкін ауыр науқасы байқалған жағдайда медициналық қорытынды болса арнаулы мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің кәмелетке толмағанды ұстау режимін өзгерту туралы, сондай-ақ емдеуден өту үшін оны денсаулық сақтау ұйымына жіберу туралы мәселе қоюға құқығы бар.

          Ескерту. Заң 22-6-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

    22-7-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандардың міндеттері

          1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандар:

          1) осы Заңда және ішкі тәртіп қағидаларында белгіленген арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұстау режимін сақтауға;

          2) арнаулы мекемелер мен ұйымдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындауға;

          3) гигиена және санитария талаптарын сақтауға;

          4) өз өміріне және басқа адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін қасақана іс-әрекеттер жасамауға;

          5) арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің ар-намысын қорлайтын іс-әрекеттер жасамауға;

          6) арнаулы мекемелер мен ұйымдар қызметкерлеріне өз қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірмеуге;

          7) өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға;

          8) арнаулы мекемелер мен ұйымдардың мүлкіне ұқыпты қарауға;

          9) оқу сабақтарына баруға міндетті.

          2. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталатын кәмелетке толмағандарға адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе қылмыстық құқық бұзушылық қаруы ретінде не кәмелетке толмағандарды осы мекемелерде ұстау мақсаттарына кедергі келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін нәрселерді, заттарды және тамақ өнімдерін өзімен бірге ұстауына тыйым салынады.

          3. Кәмелетке толмағандарды оқу-тәрбие процесіне және әлеуметтік оңалтуға байланысты емес іс-шараларға тартуға тыйым салынады.

          Ескерту. Заң 22-7-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), өзгеріс енгізілді - 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

    22-8-бап. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану

          1. Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда мынадай көтермелеу шаралары белгіленеді:

          1) ауызша немесе бұйрықпен алғыс жариялау, ол кәмелетке толмағанның жеке ісіне тігіледі;

          2) бұрын тағайындалған жазаны мерзімінен бұрын алу;

          3) грамотамен марапаттау;

          4) Құрмет тақтасына енгізу;

          5) тәрбиеленушінің жақсы мінез-құлқы мен оның оқудағы және еңбектегі жетістіктері туралы ата-анасына, олардың орнындағы адамдарға не бұрын оқыған жеріне хабарлау;

          6) үздік сыныпқа немесе топқа жалауша, грамота беру;

          7) "Үздік маман" атағын беру.

          2. Режимді және ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны үшін кәмелетке толмағандарға мынадай жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:

          1) ескерту;

          2) ауызша немесе бұйрықпен сөгіс жариялау, ол кәмелетке толмағанның жеке ісіне тігіледі;

          3) кәмелетке толмағандардың, топтың немесе сыныптың жалпы жиналысында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымының не арнаулы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде талқылау.

          Ескерту. Заң 22-8-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

    23-бап. Осы Заңның орындалу кепiлдiктерi

          Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге, оларды кемсiтудiң барлық нысандарынан, күш көрсетуден немесе психикалық зорлықтан, қорлаудан, дөрекi қарым-қатынастан, сексуалдық және өзге де пайдаланудан қорғауды жүзеге асыруға, өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды және тұрмысы қолайсыз отбасыларды анықтауға, сондай-ақ мыналарға:

          1) прокуратура органдарына - кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы;

          2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларға - кәмелетке толмағандардың бiлiм алуға, еңбек бостандығына, демалуға, тұрғын үйге және басқа да құқықтарының бұзылу жағдайлары туралы, сондай-ақ органдар мен мекемелердiң қызметтерiндегi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға кедергi жасайтын кемшiлiктер туралы;

          3) қорғаншы және қамқоршы органдарына - ата-аналарының немесе заңды өкiлдерiнiң қамқорлығынсыз қалған не өмiрiне, денсаулығына қауiп төндiретiн немесе тәрбиесiне кедергi келтiретiн жағдайда қалған кәмелетке толмағандар туралы;

          4) iшкi iстер органдарына - қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандар, тұрмысы қолайсыз отбасылар, құқық бұзушылық немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасаған (жасап жүрген) кәмелетке толмағандар, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қылмыстық қызмет немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тартып жүрген немесе оларға қатысты басқа да құқыққа қарсы iс-әрекеттер жасап жүрген ата-аналар мен өзге де ересек адамдар туралы;

          5) денсаулық сақтау органдарына - адамның психикалық және дене мүшелерінің функциялары мен мiнез-құлқына терiс әсерiн тигiзетiн алкогольдік ішімдіктерді, есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдалануына байланысты тексерілуге, қаралуға немесе емделуге мұқтаж кәмелетке толмағандар туралы;

          6) бiлiм беру органдарына - балалар үйлерiнен, мектеп-интернаттардан және басқа да балалар мекемелерiнен өз ерiктерiмен кетуiне байланысты не дәлелсiз себептермен жалпы бiлiм беру орындарындағы оқуларының тоқтатылуына байланысты мемлекеттiң көмегiне мұқтаж кәмелетке толмағандар туралы дереу хабарлауға мiндеттi.

          Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV; 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта