Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогтың аты-жөні Серік Нұрзат Күні

  • Сабақтың тақырыбы: Санды енгі з у және шығ а ру О

  • Қысқа мерзімді жоспар (№ 382 бұйрық бойынша) Сабақтың тақырыбы: Санды енгі

  • Сабақтың кезені/ уақыт Педагогтың әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау

  • қолданбалы курс. 6-сынып санды енгизу шынару. Кні 20. 02. 2023 Сынып 6 б


    Скачать 71 Kb.
    НазваниеКні 20. 02. 2023 Сынып 6 б
    Анкорқолданбалы курс
    Дата24.04.2023
    Размер71 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла6-сынып санды енгизу шынару.doc
    ТипПрограмма
    #1087259

    Қысқа мерзімді жоспары

    Бөлім

    Python тілінде программалау

    Педагогтың аты-жөні

    Серік Нұрзат

    Күні

    20.02.2023

    Сынып 6 б

    Қатысушылар саны




    Қатыспағандар саны




    Сабақтың тақырыбы:

    Санды енгізу және шығару

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


    6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу

    Сабақтың иақсаты

    Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады


    Т.Қатаев атындағы № 22 орта мектеп МКМ

    Қысқа мерзімді жоспар (№ 382 бұйрық бойынша)

    Сабақтың тақырыбы: Санды енгізу және шығару



    Сабақтың кезені/ уақыт

    Педагогтың әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    1.Оқушылармен амандасу.

    2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

    3.Жаңа тақырыпқа шолу

    Өткен тақырыпытарда input-ты қарапайым түрде қолдандық. Енді функцияның программада қолданылу жолдарына кеңірек тоқталайық.

    1.Мұғаліммен амандасады.

    2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

    3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.






    Сабақтың ортасы

    Жаңа тақырыпты түсіндіру.

    Input() функциясы деректерді программаға енгізеді.Бұл деректерді программада қолдану үшін айнымалыларға жұктеуге болады.

    Программа коды

    Енгізу-нәтиже

    K=int(input(“engiz:”))

    Print(K)

    еngiz:1000

    1000


    Input() функциясын қолданып енгізген дерек жолдық типке жатады. Жолды тізімге түрлендіру үшін split() әдісін қолданамыз. Тізімдегілердің арасында символ болса, оны split() әдісіндегі жақшаның ішінде көрсету керек.

    Программа коды

    Енгізу-нәтиже

    K=input().split()

    print(K)

    1 2 3 4 5 6 7

    [‘1’,’2’,’3’,’4’,’5’,’6’,’7’]

    K=input().split(-)

    print(K)

    1-2-3-4-5-6-7

    [‘1’,’2’,’3’,’4’,’5’,’6’,’7’]


    Сандар тізімін оқып отырып, оны бірден бүтін санға түрлендіру үшін, жоғарыдағы құрылымға map функциясын қолдану керек. Бұл жерде list тізімді білдіреді.

    Программа коды

    Енгізу-нәтиже

    K=map(int,input().split())

    print(list (K))

    1 2 3 4 5 6 7

    [1,2,3,4,5,6,7]

    print() функциясы деректерді экран бетіне шығарады немесе файлға жол ретінде жазады.
    print() функциясының толық синтаксисі:

    print(‘Басуға арналған жол’,sep=’’, end=’\n’)

    ‘Басуға арналған жол’-экранға шығарылатын жол.

    sep=’’-айнымалылардың арасын ажырататын символды көрсетеді, үнсіз келісім бойынша бос орынмен ажыратылады.

    end=’\n’-жолды қандай символмен аяқтау керектігін көрсетеді.

    Егер print() функциясы end=’\n’әдісімен аяқталса, жол келесі қатарға өтумен аяқталады.
    Жеке жұмыс. 1-тапсырма.

    Оқулық § 3.7, 95-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы
    Дескриптор:

    -есептің программасын құрастырады;

    -енгізілген жолдардың ішінен сандарды ажырату үшін іnput() функиясына split() және map әдістерін қолданады;

    -есептерді математикадағы жазылу ережесімен экранға жеке жолдарға шығару үшін end=’\n’әдісін қолданады.
    ҚБ: жетон /4 балл/
    Топтық жұмыс. 2-тапсырма.

    Практикалық тапсырмада іnput() және print() функцияларының қолданылуына талдау жасай отырып, төмендегі өрнектерді орындау үшін программа құрастырыңдар.

    1. 352· 985 · 25 · 3

    2. 352 + 1206 + 215554 + 6957 + 628


    Дескриптор:

    -берілген өрнектерді орындау үшін программа құрастырады.
    ҚБ: жетон/ 3 балл/
    Топтық жұмыс. 3-тапсырма.

    Әселдің а теңге ақшасы бар. Бір өшіргіштің құны к-ға және бір қаламсаптың құны с-ға тең. Әсел қолындағы барлық ақшасына қанша өшіргіш немесе қанша қаламсап сатып алады? Есептің программасын жаз.

    Мысалы: 100 10 15

    Нәтиже: 10 6
    Дескриптор:

    -есептің программасын жазады.
    ҚБ: жетон /3 балл/


    Мұғалімді тыңдайды

    Input() функциясының анықтамасын дәптерге жазады
    split() әдісін қолдану анықтамасын дәптерге жазады

    map функциясын қолдану анықтамасын дәптерге жазады

    print() функциясының синтаксисін дәптерге жазады

    1-тапсырманы орындайды

    2-тапсырманы орындайды


    3-тапсырманы орындайды


    Жетон

    4 балл

    Жетон

    3 балл

    Жетон

    3 балл

    Интербелсенді тақта/ тақта


    Жұмыс дәптері

    Сабақтың соңы

    1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

    2.Кері байланыс:

    «Робот» әдісі арқылы кері байланыс жасау

    Өзін-өзі бағалау.




    Плакат /слайд/

    Үй тапсырмасы

    § 3.7, 96-бет, «Үй тапсырмасы»










    написать администратору сайта