Главная страница
Навигация по странице:

  • Міндеті

  • Көрнекі құралдар

  • І. Оқушылардың көңіл - күйін жақсартуға арналған сергіту.

  • Мұғалім

  • І

  • V

  • VІ. Балалардың сіздерге арналған тартуын тамашалаңыздар.

  • Әжеге арналған тақпақтар

  • Анаға арналған тақпақтар

  • Жеңгеге арналған тақпақтар

  • VІІІ. Сұрақ-жауап сәті. қонақтарға сұрақтар

  • тәрбие сағаты. отбасы Әже Ана. Кні 26. 02. 2022ж Сынып 5 д Сабаты таырыбы


    Скачать 24.01 Kb.
    НазваниеКні 26. 02. 2022ж Сынып 5 д Сабаты таырыбы
    Анкортәрбие сағаты
    Дата14.09.2022
    Размер24.01 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаотбасы Әже Ана.docx
    ТипДокументы
    #677752

    Күні: 26.02.2022ж

    Сынып: 5 «д»

    Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасында қыз баланы тәрбиелеудегі ананың рөлі;

    Әже тәрбиесі, жеңге тәрбиесі.
    Сабақтың мақсаты: аналар мен балалар арасында, оқушылар арасында жылы эмоционалды ахуалды қалыптастыру;

    • балалардың отбасыларымен мейірімді қарым-қатынасын нығайту;

    • сынып және мектеп шараларын өткізуге ата-аналарды тарту.

    • отбасын құрметтеуге, аналарға, әжелерге, әйелдерге құрмет көрсетуге тәрбиелеу;

    Міндеті: Ұлтжандылыққа тәрбиелеу, имандылық, адамгершілік қасиеттерін дамыту;

    Өтілу формасы: шеберлік сабағы
    Өткізу әдісі:  Әңгіме -сұхбат, сұрақ-жауап, пікірлесу. салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау. 
    Көрнекі құралдар: интербелсенді тақта, қима қағаздар 
    Сабақтың барысы

    3 топқа бөлу.

    І топ- Әже мен немерелер

    ІІ топ- Ана мен балалар

    ІІІ топ-Жеңге қайын сіңілілер мен қайындар
    Ұйымдастыру кезеңі.

    Мұғалім: Армысыздар, бүгінгі сабағымыздың қонақтары әжелеріміз бен аналарымыз және жеңгелер!

    Ал, балалар бүгінгі сабағымызға қандай көңіл күйде келдіңіздер!

    І. Оқушылардың көңіл - күйін жақсартуға арналған сергіту. 
    Оқушылар барлығы бірге:

    Қайырлы күн, әлем! 
    Қайырлы күн,
    Қайырлы күн, сен! 
    Қайырлы күн, мен! 
    Қайырлы күн, мұғалім! 
    Қайырлы күн, қонақтар! 

    Мұғалім:

    ІІ. Бүгінгі қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

    Әже

    1. Казангапова Клара



    Ана- Джапарбекова Асель

    Жеңге- Байболова Балауса

    ІІІ. Кіріспе
    Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Отбасын бірлесіп бірге күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы құрайды. Ал жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы мен бақытты жүзінде. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, бала тәрбиесінде және оның дара тұлға болып қалыптасуында ата-ананың рөлі мен отбасы құндылығының маңызы өте зор. Отбасы деген шағын ғана мемлекетіңіздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Ұлт өмірінің іргетасы, негізін қалаушы – отбасы болса, отбасының іргетасы – бала. Ал бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.

    Осыған байланысты бірінші тапсырмамыз: «Отбасы мүшелері» деген ойынымыздан бастайық

    ІV. «Идея себеті» ойыны. « Отбасы мүшелері» деген сөзі бар плакат тақтаға ілінеді. Бұл ойын барысында жұмыс топпен жүргізіледі. Қазір әр топ отбасы мүшелері жайында атауларды жазып, түсінік береді. Ең алдымен қағазға жазылып, кейіннен плакатқа бекітіледі.
    Отбасы мүшелері 
    Анықтама берілетін сөздер: әке - шеше, немере, шөбере, жеңге, ағайын, нағашы, жиен. 
    Әке - шеше, ата - ана - дүниеге ұрпақ әкелген ерлі - зайыпты адамдар. 
    Немере - ұлдың баласы. 
    Шөбере – немеренің баласы. 
    Жеңге – ағаның әйелі. 
    Ағайын – бірге туған туыстар. 
    Нағашы – баланың анасының төркіні. 
    Жиен – қыздың немесе әпке, қарындастан туған бала. 

    V . Қане, ойнап көрейік. Мен сіздерге сөйлемдерді оқимын. Егер мен атағандардың ішінде анаға сыйлауға тұрарлық нәрсе болса, онда қолдарыңызды шапалақтайсыздар және «Ия!» деген дауыспен қолдау білдіресіздер. Егер жаман нәрсені ұсынған болсам, онда аяқтарыңызбен жер тебініп, «Жоқ!» деген дауыспен қарсылықтарыңызды білдіресіздер. Ал бастаймыз.

    Біз оларға күлкі сыйлаймыз ба?
    Ұсақ балықтың қабыршағын сыйлаймыз ба?
    Күн сәулесі немесе көктемді сыйлаймыз ба?
    Ормандағы бәйшешекті сыйлаймыз ба?
    Килограмм кәмпит сыйлаймыз ба?
    Аяғы жоқ отырғыш сыйлаймыз ба?
    Көз жасын, сәтсіздікті сыйлаймыз ба?
    Өте ескі, жарылған допты сыйлаймыз ба?
    Жақсы мінез-құлықты сыйлаймыз ба?
    Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз ба?

    VІ. Балалардың сіздерге арналған тартуын тамашалаңыздар.

    Әже – әкенің анасы. Жасы үлкен отбасының ұйытқысы, ақыл кеңес беріп, немерелерге қамқоршы, балалардың сүйікті адамы.

    Балам – балым,
    Баланың баласы – жаным.- деп немерелерінің айтқанын бәрін орындауға дайын тұратын адам.

    Әжеге арналған тақпақтар

    Ана туралы жыр. Орындайтын сынып оқушылары.

    Ана. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі.

    «Сақау баланың тілін шешесі біледі» – дегендей кез-келген ана өз баласына керегін айтпай-ақ сезініп біледі.
    Анаға арналған тақпақтар
    Жеңге— туыстық атау; ағаның әйелі. Бірге туған бауырлардың жасы үлкенінің әйелі іні-қарындастарына жеңге болады. Қазақ халқының дәстүрінде жақын болмаса да, өзінен үлкеннің әйелін жеңге деп атай береді. Кейде жеңгенің қайны, қайынсіңлілерінен жасы кіші болуы да мүмкін. Жасы үлкендер үшін келін, кішілері үшін “ жеңге” аталатын бұл адамның ауыл, үй, тәлім-тәрбие үшін орны ерекше.

    Жеңгеге арналған тақпақтар – сынып оқушылары.
    Мұғалім:
    VІІ. Қызға берер ақыл-кеңес пен үйретер өнер тағылым

    Қонақтарға сөз беріледі.

    VІІІ. Сұрақ-жауап сәті. қонақтарға сұрақтар


    Мұғалім: Ал, енді құттықтау сөз біздің қонақтарымызға беріледі.

    Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған.
    Бүкіл әлем аналардың үмітімен таралған,
    Әлемде сен болмасаң осылайша.
    Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман!

    Бала үшін ана тілегі болашаққа бастар әр қадамына ашылар жол деп білемін. Сондықтан сіздерден балаларға ақ бата, тілек сұраймын!

    Мұғалім: Ана күллі ғаламға үн-түнсіз ғана тіршілік нәрін сыйлап, өмір беріп тұрған суға ұқсайды. Ол отбасына жылулық сыйлайды, балаға сүйіспеншілік нұрын сеуіп, нәзіктікті, биязылықты үйретеді.

    Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
    Бала өсіріп, тәрбиелеп барлаушы.
    Мейрамыңыз құтты болсын, бақ берсін,
    Отбасының жайын ойлап қамдаушы.
    Әйел – сұлу, әйел – Ана, жалғаушы,
    Арманымен әлем шарлап самғаушы.
    Қанаттарың ешқашанда талмасын,
    Көркемдіктің көрмесіндей таңдаушы.
    Аналардың мейрамы күліп бақыт,
    Келеді шуақ алып таңдар атып.
    Гүлдей әсем жүздерің қартаймасын,
    Таққаның болсын әркез алтын – жақұт.

    Әке – Шеше –

    Немере –Шөбере –Жеңге –

    Ағайын –Нағашы –Жиен –

    Қарындас–

    Бауыр –

    Қайын ата

    Ене –

    Келін –

    Қайын –

    Құда –

    Құдағи –




    написать администратору сайта