Главная страница
Навигация по странице:

  • 1-топ – «Жасыл желек» 2-топ – «Ақ қайың»

  • 1-тапсырма «Білімді мыңды жығады»

  • 2. Постер құрау. «Топтастыру» стратегиясы

  • Мәнерлеп оқу

  • «Жүректен жүрекке»

  • 15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп «Артыңда мол байлық қалғанша, жақсы атың қалсын!» (пікірлесу)Сыныбы: 8 «Б»

  • Сынып жетекшісі

  • Артыңда мол байлық қалғанша, жақсы атың қалсын!. Кні Артыда мол байлы аланша, жасы аты алсын! Таырыбы Атадан мал аланша, тал алсын. Масаты азаты Атадан мал аланша, тал алсын


    Скачать 19.59 Kb.
    НазваниеКні Артыда мол байлы аланша, жасы аты алсын! Таырыбы Атадан мал аланша, тал алсын. Масаты азаты Атадан мал аланша, тал алсын
    Дата21.04.2022
    Размер19.59 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАртыңда мол байлық қалғанша, жақсы атың қалсын!.docx
    ТипДокументы
    #489371

    Күні: «Артыңда мол байлық қалғанша, жақсы атың қалсын!»

    Тақырыбы: Атадан мал қалғанша, тал қалсын. 

    Мақсаты: Қазақтың «Атадан мал қалғанша, тал қалсын», деген ұлағатты мұрасының маңызын ұғындыру. Туған елге қызмет етуге, орманды қадірлеуге, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

    Топпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, танымдық қызығушылықтарын арттыру, дарындылық қабілеттерін анықтау.

    Психологиялық ахуал 
    Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
    Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
    Қайырлы күн, жасыл желек өсімдік, 
    Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 
    Оқушыларды отырғызу, зейіндерін аудару.


    1. Ағаштардың пайдасы: табиғатта ылғал сақтайды, ұстайды, топырақтың құнарлы қабатын жасайды, құм көшуден қорғайды, егіндікті желден, суықтан сақтайды, адамды, жан – жануарларды күннің аптабы, жел шаңнан қорғайды.

    2 .Экологиялық жағдайы:жердің ыза суының деңгейін төмендетеді, топырақтың тұздануын азайтады,шаң – тозаңды, көмір қышқылын жұтып, оттегі бөлу арқылы ауаны тазартады,

    3.Қызықты мәліметтер ағаш құрылыс, жиһаздар материалы, құстар мен аңдардың мекені, отын, елдің, жердің, ауылдың, қаланың, даланың көркі.

    Әй, табиғат!
    Шеберсің – ау, шеберсің,
    Көрмегенді көрсетерсің.
    Ұлан – ғайыр байлығыңды місе етпей,
    Аш көзденген адамдарға не дерсің?
    Айың анау, күнің мынау, жерің міне.
    Ау, адамдар.
    Жетпей жатыр енді не?
    Табиғатқа таласпаңдар ағайын
    Асырайды ол сені, мені, елді де…
    «Бiздiң елiмiздiң, жерiмiздiң көркiн арттыру үшiн орман егуiмiз керек. Жерiмiз көп, даламыз кең болғанымен, дүниедегi жалпы ауқымына шаққанда орманы ең аз ел - бiзбiз. Басқа мемлекеттерде бiр ағашты кессе, екi ағаш отырғызады. Қазiр заң бойынша бiз оны қабылдадық. Елге орманды көп егетiн болсақ, халықтың денсаулығына, ауаның тазалығына, тек өз елiмiздiң ғана емес, күллi дүние жүзiнiң экологиясын жақсартуға қосқан үлесiмiз болып саналады» (Н. Назарбаев)
    “Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр,
    Ізіңді қалдыр – жақсылық мұра шаша жүр,
    Өзіңді қалдыр – бау өсіріп, жаса нұр”
    Әлемдегі ерекше ағаштар (суреттері)


    1-топ – «Жасыл желек» 
    2-топ – «Ақ қайың»  
    Қай топ шыршаның бүрін көп жинаса,сол топ жеңімпаз болады. 
    -Енді топтардың атымен таныстық,топ жетекшілерін сайлап алайық. 

    1-тапсырма «Білімді мыңды жығады» 
    Сұрақтарға жауап беру. 
    -Табиғат дегенді қалай түсінеміз? 
    -Ол қалай бөлінеді? 
    -Өсімдікті неге тірі табиғат дейміз? 
    -Өсімдік мүшелерін ата. 
    -Өсімдікке ең қажетті жағдайлар? 
    -«Қызыл кітапқа» енген өсімдіктерді ата.

    2. Постер құрау. «Топтастыру» стратегиясы 
    1.Тірі табиғатқа не жатады? Тірі табиғат Адам жануар өсімдік 
    2.Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?Мысал келтір. Өсімдік Ағаш Бұта Шөп емен итмұрын жусан қайың қарақат,т.б өгейшөп 
    3-Өсімдіктің адамға қандай пайдасы бар? Оттегі Баспана Өсімдік Тамақ Киім, жиһаз Жауарлар азығы 
    -Өсімдік мүшелерін атаңдар. (тамыр,сабақ,жапырақ,гүл,жеміс,тұқым)
    «Дәрілік өсімдіктер» 
    Әр топ дәрілік өсімдік туралы мағлұматтар айтады. 

    -1-оқушы -Мен-жолжелкенмін,көп жылдық өсімдікпін.Жол жиегінде өсемін.Сондықтан жолжелкен деп атаған.Мамыр қыркүйек айларында гүлдеймін.Емдік мақсатқа жапырағымды ,дәнімді тамырымды қолданады. 
    2-оқушы: Мен қара Мендуанамын.Күй таңдамай өсе беремін .Мамыр,тамыз айларында гүлдеймін. Тілің ауырса емдеймін.ерареаннр,мен өте улымын.Мені тергенде,вненркеин ересектер мен дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындаңдар. 
    3-оқушы Мен –кәдімгі жусанмын.Маусым,шілде айларында гүлдеймін.Сырқатты емдеу үшін менің түбірім мен тамырымды қолданады. 

    Білмейтіні жоқ елдің,- 
    Дейді әжейім-Ал ұғып, 
    Қабығында еменнің 
    Қасиет бар дәрілік. 
    Өзімде ішіп көргенмін, 
    Ішектің емі қашаннан 
    Қайнатынды Еменнің 
    Қабығынан жасалған 
    Мақал-мәтелдер айтысы 

    • Көлдің көркі-құрақ ,таудың көркі-бұлақ. 
    • Бір тал кессең,он тал ек. 
    • Орман көп болса,олжаң көп. 
    • Дана көптен шығады ,дәрі шөптен шығады. 
    • Еменнің шілгені –сынғаны, 
    • ердің екі сөйлегені-өлгені. 
    • Атадан мал қалғанша,тал қалсын. 
    • Тірі нәрсе шөп деген, 
    • Шипалы қасиетті көгал деген. 
    • Көкті жұлма-обал деген. 
    • Ер –елдің көркі, 
    • Орман –тоғай-жердің көркі. 
    Мәнерлеп оқу 
    Әр топтың оқушыларына тақырыпқа байланасты жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқиды.
    Жұмбақтар шешу 
    Өсіп тұрған бұл не? Қалың киімді ұнатады, 
    Жаз болса,жайнап, Шешіндірсең жылатады. (Пияз) 

    Саясында ән салып, Құстар жүрген сайрап. (Ағаш) 
    Аспай піскен , Іші жұмсақ,сырты қатты, 
    Қайнамай түскен. Еті жұмсақ,сүті тәтті. (Жеміс) (Қарбыз) 
    Дөңгеленіп өседі, (Қаңбақ) Қырға кілем жайдым. Желге еріп көшеді. (Қызғалдақ) 
    Қортындылау. Сонымен,балалар өсімдік адам өміріне пайдалы ма әлде ... 
    Өсімдік: дәрі,сусын,тамақ,отын,көлеңке,ауа т.б. 
    Әр топтың жинаған бүршіктерін санап, ұпайларын анықтау. 
    «Жүректен жүрекке» 
    Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі. 
    -Гүлдей бер, Жер-Ана! 
    -Аспаның ашық болсын! 
    -Аспаныңды бұлт торламасын! 
    -Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
    -Суың мөлдір, таза болсын! 
    -Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
    -Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! 
    -Күнің жарық болсын!т.б 

    15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

    «Артыңда мол байлық қалғанша, жақсы атың қалсын!»

    (пікірлесу)


    Сыныбы: 8 «Б»

    Сынып жетекшісі: Мұхтарова Әсел Маратқызы

    2021 – 2022 оқу жылы


    написать администратору сайта