Главная страница
Навигация по странице:

  • Мазмұны 1. Кіріспе бөлімі. Экология – тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым – қатынасы2. Негізгі бөлім.

  • 3. Қорытынды. 4. Қолданылған әдебиеттер тізімі 5. Жетекші пікірі Кіріспе

  • Жоба тақырыбы

  • 2.2. Тұрмыстық және көп таралған қоқыстардың негізгі типтері

  • 2.4. Ағаш, шыны және басқа да қалдықтар – пластиктердің тірегі

  • Ластанудың алдын алу үшін қолданылатын шаралар

  • Қалдықтармен не істеу керек

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • жоба. қоршаған орта жоба. Мазмны Кіріспе блімі


    Скачать 0.63 Mb.
    НазваниеМазмны Кіріспе блімі
    Дата19.09.2022
    Размер0.63 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлақоршаған орта жоба.docx
    ТипДокументы
    #685542



    Табиғатты қорғау әлемді қорғау

    Секция: Экология

    Орындаған: Жұма Ақбота Батырбекқызы

    Ғылыми жетекшісі: Ажаниязова Маржан Турмухамметовна




    Мазмұны

    1. Кіріспе бөлімі.

    Экология – тірі ағзалардың қоршаған ортамен қарым – қатынасы

    2. Негізгі бөлім.

    2.1. Қоршаған ортаның қоқыс қалдықтарымен ластануы.

    2.2. Тұрмыстық және көп таралған қоқыстардың негізгі типтері

    2.4. Ағаш, шыны және басқа да қалдықтар – пластиктердің тірегі

    2.5 Тәжірибе жұмыстарының талдауы

    3. Қорытынды.

    4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

    5. Жетекші пікірі

    Кіріспе

    Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзендегі барды адамға, жан - жануарға өсімдікке берген. Өсімдік тіршілік тірегі. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады. Өсімдіктің қызметін бірде - бір жетілген механизм атқара алмайды.

    Экология деген сөз " Тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта " деген ұғымды білдіреді. Бүгінгі таңда елді алаңдатып отырған өзекті мәселе - еліміздің экологиясының нашарлап кетуі, қоршаған ортаның ластануы болып отыр. Мен сол себептен осы тақырыпты алдым.

    Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтқан адамдар орманды балталап, аң - құстарды шамадан тыс аулап, жерді орынсыз жыртты, суды өлшеусіз, ысыраптап төкті.

    Менің осы тақырыпты алуымның тағы бір себебі: қоршаған ортаның ластануынан жұқпалы аурулар көбеюде. Адамдардың қолдан жасаған ластануынан қант диабеті, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Егер мақсатымды көздей отырып қоршаған ортаны ластанудан тазарту жұмыстарын жүйелі түрде қалыптастырса:

    • Күнделікті дем алатын ауамыз таза болар еді.

    • Қоршаған ортаның сұлулығы артады.

    • Адамдар ауру - сырқаудан арылады.

    • Елімізде дені сау тұлға қалыптасады, жеріміз көркем, әсем болып жайнар еді.

    Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаны ластанудан сақтау»

    Мақсаты: оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, мектептегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау;

    • теориялық зерттеулер негізінде жас ұрпақты қоршаған ортаны қорғау үшін жауапты әрекетке дайындау және оны ластанудан қорғау мүмкіндігін көрсету;

    • қоршаған ортаны зерттеуге қызығушылықты дамыту;

    • оқушылардың назарын жаһандық экологиялық проблемаларға, өзінің шағын ауданының, қаласының, ауылының экологиялық проблемаларын шешуге барынша қатысуға баулу.

    Міндеттері:

    1. Тұрмыстық қалдықтарды (қоқыс, полиэтилен, пластик)жағу арқылы ауаның ластану проблемасының жай-күйін зерттеу;

    2. Атмосфераның негізгі ластаушылары қандай заттар екенін және олардың тірі организмдерге қалай әсер ететінін бақылау;

    3. Өсімдіктердегі қорғасынның болуымен қоршаған ортаның ластану деңгейін нықтау;

    4. Тұрмыстық қалдықтармен (қоқыс, полиэтилен, пластик)ластану туралы статистикалық деректерді анықтау;

    5. Ауыл тұрғындары арасында сауалнама жүргізу;

    6. Тұрғылықты жеріңізде зиянды тұрмыстық қалдықтармен күресу үшін қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын анықтау.

    Өзектілігі: Соңғы екі онжылдықта бүкіл әлемде қоршаған ортаға қатысты проблемалар күшейе түсті.Табиғи байлықты қолдана отырып, адамзат табиғатқа көптеген қалдықтарды қайтарады. Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың жанында қоқыс таулары жиналып, айналаны шөлдер мен полигондарға айналдырады. Адамзат қажетті өнімдерді, тауарларды, энергияны ала отырып, атмосфераға, су қоймаларына, топыраққа, тірі организмдерге, соның ішінде адам ағзасына түсетін жүздеген мың тонна зиянды заттар мен қалдықтарды шығарады.Судың, топырақтың, ауаның ластануы адамдардың көптеген ауруларын, әсіресе қатерлі ісік және жұқпалы ауруларды тудырды. Оқушыларды экологиялық тәрбиелеу қазір қоғам мен білім берудің маңызды міндеттерінің біріне айналуда.

    Зерттеу әдістері.

    1.Әлемдегі экологиялық жағдайды зерттеу.

    2.Қоршаған ортаны зерттеу

    3.Мектеп оқушыларына сауалнама жүргізу.

    4.Презентация.

    Негізгі бөлім

    2.1. Қоршаған ортаның қоқыс қалдықтарымен ластануы.

    Қоршаған ортаның ластануы – адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т.б.), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т.б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.

    Адам қызметі тығыз ыдырау өнімдері, азық-түлік және өнеркәсіп қалдықтарын туындауына байланысты. Олардың кейбіреулері емдеу дұрыс әдісі жатады тиіс, немесе олар қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, көптеген материалдар ыдырағаннан барысында 100 жылдан астам болып табылады. планетаның Белсенді ластануы және қалдықтарды шешілмеген мәселе жаһандық өзгерістер алып келді - тірі организмдердің өмір сүру үшін қоршаған ортаны жойылуын. Әсіресе, қоқыс жинау, ірі қалалар, біздің уақыт мәселесіне көп болып отыр. дамыған және дамушы елдердің ешқайсысы белгіленген қайта өңдеу жүйесін мақтана алмайды. Бүгінгі күні, қалдықтардың тек 60%, қалған 40% қойылады екінші өмірін, өңдеу өндірілетін? Жағу немесе көму өзінде қыздырылған атмосферасын қиындатады, әсіресе тиімді емес.

    Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атау­лының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасай­тын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, сана­лы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделік­ті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып бара­ды. Қа­сиет­ті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ дала­сын­да бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаң­дарына төгілгені. Ұлы даламыз­дағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнау­лы күл-қоқыс алаңдарына төгу­мен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».

    Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.

    ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Ұлан – байтақ Қазақстанның бір бөлшегі –Теректі ауданы. Теректі ауданы Батыс Қазақстан облысының солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданының солтүстік шекарасы Орал өзені, батысы Орал қаласы жерлері, шығысы Бөрлі ауданы жерлері және оңтүстігі Сырым және Ақжайық аудандары жерлері мен шектеседі. Жер көлемі - 8.4 мың шаршы шақырым, 58 елді мекен орналасқан. Олардың ең ірілерінің бірі – өзім туып өскен Покатиловка ауылы. Покатиловка ауылының жері бай, табиғаты әсем, тарихи сырға толы өлке. Қазіргі уақытта туған өлкенің экологиясы мені қатты аландатып отыр. Соған орай экологиялық проблема ғаламдық проблемаға айналды. Қазіргі уақытта қоқыс зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады.

    Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың-Эльбрустей тау пайда болады. Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:

    Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауданымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі,аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Теректі ауданында тұратын халық саны соңғы 01/01/2009 жылда 42813 адамнан құралды. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса 1 адам 1 күнде 59938,2 кг, сонда 1 адам 1 айда 1 858 084,2 кг, жылына 1 адам жылда 22 297 010,4 кг қоқыс, 42813 адам 1 жылда 954 601 906 255,2 кг қоқыс полигонына апарылады екен.

    Әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. Егер қаланың күндіз –түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.

    2.2. Тұрмыстық және көп таралған қоқыстардың негізгі типтері

    Адамдардың шаруашылық әрекеті қазіргі кезде биосфераны ластаудың негізгі көзі болып  отыр. Табиғи ортаға күн сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты  қалдықтары шығарылады.

    Бізді қоршаған ортаның ластануы мынадай топтарға бөлінеді:

    1. Химиялық ластану  (көміртек және күкірт оксидтері,  көмірсулар, пестицидтер, гербицидтер,  ауыр металдар, аэрозольдер).

    2. Биологиялық ластану  (ауру қоздырғыш бактериялар мен  вирустар, құрттар, зиянкес жәндіктер).

    Өнеркәсіптен бөлінетін  әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымынан екіншісіне өтіп, зат алмасу нәтижесінде адам организміне түседі. Бүкіл жер шарында  химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті  өнеркәсіп орындарын былай қойғанда, сонау алыста жатқан Антарктиданы алайық. Ғалымдар мұнда ғылыми бақылаулар жасау барысында осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын байқаған. Олар бұл жерге басқа аумақтан ауа ағындары арқылы келген болуы мүмкін.

    Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді. Олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупін тудыруы мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады.

    Қазіргі кезде ауаны  ластайтын улы заттардың 150-ден  астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада Күн сәулесінің әсерінен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Өнеркәсібі дамыған  елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі – күкірт диоксиді (SO2) кокс-химия зауыттары мен тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының сілемейлі қабаттарына, терісіне әсер етеді және ол өсімдіктерге де көп зиян келтіреді.

    Ауадағы фторлы сутек  өте улы зат. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутектің уландырғыш қасиеті өте жоғары. Фторлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алған адамның тыныс жолдарының сілемейлі қабығы қабынып, өкпесі ісінеді.

    Цемент зауыттарынан шығатын цемент шаңы топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне әсер етеді. Ал фосфор зауытына жақын жердегі топырақ құрамында фосфор мөлшерінің көбеюі заңды құбылыс. Сонымен бірге қазіргі кезде қорғасынның металлургия зауыттарының маңайындағы топырақты, жан-жануарды, өсімдікті және адам организмін ластауы шектен тыс артып отыр.

    Қоршаған ортаның химиялық ластануының кейбір түрлері қазіргі  кезде ғаламдық экологиялық проблемаларды  тудырып отыр. Олар: жер шарындағы  жиі байқалып отырған жылыжай  эффектісі, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауындар, фотохимиялық у түтіндер.

    2.4. Ағаш, шыны және басқа да қалдықтар – пластиктердің тірегі

    Ағаш өңдейтін және қағаз шығаратын өнеркәсіптердің қалдықтарын өте құнды шикізатқа жатқызуға болады. Ағаш қалдықтары (қабықтар, жоңқалар, үгінділер және т.с.с.) энергия немесе жылу алу үшін пайдаланылады. Егер оларды сұйық отынмен араластырып жақса, өте жақсы ағаш тәрізді жанады. Сонымен қатар үгінділер технологиялық мұқтаждықты өтеу үшін де қолданылады. Тез кебетін қасиет беру үшін олады шикі кірпішке де қосуға болады.



    Пластмасса қауіпті. Олар ұзақ уақыт аралығында жойылмайды. Пластмассалар жер бетінде ондаған, ал кейбір түрлері жүздеген жылдар бойы жата алады. Бір реттік қаптамаға миллион тоннадан астам полиэтилен жұмсалады. Жыл сайын Еуропада миллиондаған тонна пластиктен жасалған бұйымдар қоқыс болып табылады.

    Пластикалық бұйымдар мен материалдардан дизель отыны мен бензин алудың инновациялық әдістері бар. Бұл әдісті жапон ғалымдары жасаған. Бұл технология 10 кг пластикалық қалдықтардан 5 литрге дейін дизель отынын немесе бензин алуға мүмкіндік береді. Осындай әдістерді қолдану арқылы экономикалық пайда алуға ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға антропогендік қысымды төмендетуге де болады. Шикізат ретінде пайдалану табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және атмосфераға зиянды шығарындылар мен сарқынды суларды азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы, макулатураны қағаз өндірісі үшін шикізат ретінде пайдалану арқылы бастапқы шикізатты пайдаланумен салыстырғанда ауаға зиянды шығарындыларды 70-80%, су объектілерінің ластануын 30-35% азайтуға болады. Бір тонна макулатураны пайдалану арқылы шамамен төрт текше метр ағаш үнемдеуге болады. Осылайша, мыңдаған гектар орман алқаптары сақталады, бұл өз кезегінде атмосфералық ауаны көмірқышқыл газынан тазартуға мүмкіндік береді. Экологиялық апат пен табиғи ресурстардың сарқылуын болдырмауға болады және қажет. Англияда ескі, газет оқуға арналған жәшіктер орнатылады, онда халық газет лақтырады, олар қайта өңдеуге жіберіледі

    Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.

    Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді. Осыған орай мен сараптама жүргізген едім. Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді:

    1. Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?

    2. Сіздің ойыңызша келешекте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салатынына сенесіз бе?

    3. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?

    4. Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?

    5. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?

    Сараптаманың нәтижелері:

    1. Га рбология терминінің мағынасын қала тұрғындарының 85% нақты білмейді.

    2. Ауыл тұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді.

    3. Ауыл тұрғындарының 65 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.

    4. 74 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.

    5.  35 % білмейді.

    Қ азақстандықтардың инно­ва­ция­лық идеясы, өндіріске енгізер жаңа жобасы жоқ па? Бар. «Көр­мес түйені де көрмес» дегендей, өз қандастарымыздың шетел тех­ноло­­гиясын он орап алатын инно­ва­циялық жобалары шағын шеберханаларда шаң қауып жатыр. ҚТҚ мен күл-қоқысты химия­лық жолмен өңдеу барысында пайда болған метан, пропан, бутан сияқты газдарды жылу энергиясын алуға және су ысыту қондыр­ғыла­рын қыздыруға пайдалануға бола­ды. Химиялық жолмен қайта өңдел­ген барлық күл-қоқыс қал­дықтарынан өндіріске пайдалы 40-тан астам әртүрлі заттар және қымбат импортты алмастыратын бұйымдар жасалады.

    Қ ТҚ мен күл-қоқыстарды осылай өңдеу тех­но­логиясы барысында қала маңа­йындағы күл-қоқыс полигондарын тазарту жұмыстары тиімділікпен жүргізіледі. Бұл жаңа технология­ға негізделген зауытта ҚТҚ мен күл-қоқыстарды қолмен іріктеу жұмыс­тары болмайды. Бәрі авто­мат­тан­дырылған және қоршаған ортаға да қауіпсіз. Зауыт өндіретін тауарлар түгелдей дерлік эколо­гиялық таза және оларды пайдалану мерзімі ондаған жылдарға созы­лады. Бұл жаңа зауыт химия­лық өңдеу тәсілдерімен ҚТҚ мен күл-қоқыстан шығаратын сапалы бұйым­дар қолданыстан шыққан­нан кейін күл-қоқыс күйінде қоршаған ортаға тасталғанда өте зиянсыз болып саналады. Қазіргі кезде жоғары технологиялық құрылғы тұрғанына 18 жыл. Қазіргі таңда қатты тұрмыс қалдықтарды өңдейтін жаңа зауыт салу үшін. 1,35 млрд тенге тұрады.Табиғатты қорғау, оның байлықтарына аялы алақанмен қамқорлық жасау ісіне ерекше мән беріліп отыр. 1991 жылы 18 маусымда республика тарихында тұңғыш рет Қазақстан республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңы шықты.Бұл заң адам өмірі, денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын,адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу,байлығын адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу,байлығын тепе-теңдікті сақтау мен табиғат байлығын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған.

    Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады :

    • Макулатура;

    • Медициналық қалдықтар;

    • Істен шыққан құрал-жабдықтар;

    • Қолданыстан шығып қалған аккумуляторлар мен қоректену элементтері;
    • Ағаш қалдықтары;

    • Мұнай өнімдерінің қалдықтары;

    • Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары;

    • Полимер қалдықтар, пластмассалар;

    • Өндірістік қалдықтар;

    • Радиоактивті қалдықтар;

    • Шыны сынықтары мен қалдықтары;

    • Құрылыс қалдықтары,

    • Тоқыма қалдықтары және тері;

    • Түсті металл сынықтары;

    • Қара металл сынықтары;

    • Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар;

    • Электрондық сынықтар.

    Бүгінгі күні тұрмыстық тұтыну қалдықтарына қолданыстан шығып қалған компьютерлер, теледидарлар және ұялы телефондар, түрлі салқындатқыштар сияқты т.б. электр құралдары жатады. Осы электр құралдарының компоненттері қоршаған ортаға салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді.

    Олардың топырақта сақталу мерзіміне келетін болсақ:

    Қағаз

    2-10 жыл

    Консерв қалбыры

    Шамамен 90 жыл

    Шылым сүзгісі

    Шамамен 100 жыл

    Полиэтилен пакеті

    Шамамен 200 жыл

    Пластмасса

    Шамамен 500 жыл

    Әйнек

    Шамамен 1000 жыл

    Ластанудың алдын алу үшін қолданылатын шаралар

    Ластанудың алдын алу - бұл мөлшерін азайтатын кез келген әрекет ластаушы заттар қоршаған ортаға шығарылды. Мұндай процестерді іске асыру халықтың денсаулығы үшін де, қоршаған орта үшін де қауіптіліктің ауырлығын және / немесе санын азайтады. Қоршаған ортаның ластануының алдын алу табиғи ресурстар сонымен қатар ауқымды процестерде айтарлықтай қаржылық пайда әкелуі мүмкін.[3] Егер компаниялар қалдықтарды аз шығарса, оларды дұрыс шығару туралы алаңдамайсыз. Сонымен, Р2 қалдықтарды жою мен жою шығындарын азайтуға бағытталған белсенді шара болып табылады.

    Р2 арқылы қалдықтарды азайтудың екі негізгі әдісі бар: тиімділікті арттыру және технологияны жетілдіру. Қайнар көзіндегі қалдықтарды азайту өнімнің шығыны аз және шығымы көп шикізаттың бірдей мөлшерін білдіреді. Технологияның жетілдірілуі өндіріс процесінің өзгеруін білдіреді, нәтижесінде шығарылатын қалдықтардың мөлшері азаяды, мысалы жақсартылған қайта өңдеу процесс. Компаниялар минималды экологиялық талаптарды сақтай отырып, өткен жолмен өтіп, мәселені шешуге қатысты неғұрлым стратегиялық және болашаққа деген көзқарасты ұстануда.

    Бір стратегия - «процесстегі қайта өңдеу». Бұл «қайнар көзде қысқартудың» ең тиімді түрі болмаса да, қайта өңдеу процестің қарапайымдылығына байланысты өте тиімді. Қайта өңдеумен айналысу арқылы өндірістер экологиялық қауіпті қалдықтар ретінде лақтырылатын материалдардың мөлшерін азайтып қана қоймай, сонымен қатар олардың мөлшерін азайту арқылы кірістілікті арттырады шикізат материал сатып алынды. Неғұрлым кең таралған стратегия - «қайнар көздегі қысқарту», ​​яғни табиғи ресурстарды тиімді және ұқыпты пайдалану арқылы өндірістің қосымша өнімін азайтуға болады деген идея. Бұл әдіс қалдықтарды шығарғанға дейін қалдықтарда болатын қауіпті ластаушы заттардың мөлшерін азайтады. Бұл өз кезегінде қауіпті қалдықтарсыз қауіпсіз ортаны қалыптастырады. Бұл идея корпорациялардың жаңа, неғұрлым тиімді технологияларға инвестиция салудың артықшылықтарымен тығыз байланысты.

    Қалдықтарды басқару (немесе қалдықтарды жою) басқару үшін қажетті іс-әрекеттер мен әрекеттерді қамтиды жарату пайда болғаннан бастап, оны түпкілікті жоюға дейін.[1]Оған қалдықтарды жинау, тасымалдау, өңдеу және жою, қалдықтарды басқару процесін бақылау және реттеу кіреді.

    Қалдықтар қатты, сұйық немесе газ тәрізді болуы мүмкін және олардың әр түрі жоюдың және басқарудың әртүрлі әдістеріне ие. Қалдықтарды басқару қалдықтардың барлық түрлерімен, соның ішінде өндірістік, биологиялық және тұрмыстық мәселелермен айналысады. Кейбір жағдайларда қалдықтар адам денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Денсаулық сақтау мәселелері қалдықтарды басқарудың бүкіл процесінде байланысты. Денсаулық сақтау мәселелері жанама немесе тікелей туындауы мүмкін. Тікелей, аталған қалдықтармен жұмыс істеу арқылы және жанама түрде суды, топырақты және тағамды тұтыну арқылы. Қалдықтар өндіреді адамның іс-әрекеті, мысалы, шикізатты алу және өңдеу. Қалдықтарды басқару қалдықтардың адамға жағымсыз әсерін азайтуға арналған денсаулық, қоршаған орта немесе эстетика.

    Қоқыс мәселесін шешудің тиімді әдісі - қоқысты фракцияларға бөлу және оларды өңдеу. Ресейдегі басқа елдерден айырмашылығы, бөлу жүйесі соншалықты кең емес, қайта өңделген қалдықтар пластик, шыны, қағаз, металл және басқалардың шағын тобын қамтиды.

    Егер сіз үйде раковинаның астына дисперсер орнатсаңыз, тамақ қалдықтарын тастауға болмайды. Ұнтақталған қалдықтар кәрізге түсіп, олар тезірек биодеградацияға ұшырайды. Жазғы тұрғындар компост құру идеясын ұсынады. Мұны істеу үшін сіз тамақ қалдықтарын құнды биохумға айналдыратын құрт мәдениеті бар вермикомпост сатып алуыңыз керек.

    Қалдықтармен не істеу керек?

    Қоқыстың барлық түрін тұрмыстық та, химиялық та қоқысқа тастау керек. Егер өңдеу әдістері дұрыс жүргізілмесе, онда қалдықтар құрамындағы токсиндер ауаға, топыраққа, суға түседі.

    Келесі қолданылатын термин - ''қалдықтарды басқару''. ''қайта өңдеу'', ''кәдеге жарату'' тіпті ''қалдықтармен жұмыс жасау'' оның кең ұғымдары болып табылады, себебі ол қалдықтарды ұйымдастыруды, оларды кәдеге жаратуды (қайта өңдеуді, жағуды, көмуді және т.б. қоса есептегенде), сонымен қатар қалдықтардың санын азайтуға арналған шараларды қамтиды. Тұрмыстық қалдықтардың құрамы мен көлемі төтенше алуантүрлі және ол тек қана олардың мемлекеті мен жеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар жыл мезгіліне және басқа да көптеген факторларға байланысты. Картон мен қағаз ТҚҚ-ның аса маңызды бөлігін құрайды  (дамыған мемлекеттерде 40% дейін ). Қазақстанда санат бойынша екінші орында органикалық, сонымен қатар тамақ қалдықтары, металл, шыны және пластик қалдықтары жалпы санының 7-9 % құрайды. Шамамен 4 % ағаш, текстиль, резенке және т.б. болып табылады.  

    Муниципалдық қалдықтар саны Қазақстанда өсуде, ал олардың құрамы, әсіресе үлкен қалаларда ТҚҚ-ның құрамына жақындауда, шығыс елдерінде олардын көп бөлігі қағаз және пластик қалдықтары болып саналады. 

    Әр түрлі материалдардың табиғи ыдырау процесі белгілі бір уақытты қажет ететіндіктен, қалдықтар проблемасында өзіндік қиындықтар туады. Табиғатта тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлар бактериалардың қатысуымен ыдырап, топырақ бөлшектеріне айналады. Бірақ адам соңғы уақытта табиғатты бактериалар ыдырата алмайтын көптеген синтетикалық материалдар ойлап тапты.  Олардың барлығы дамптарға лақтырылып адам ағзасына зиянды заттар бөледі.

    Қоқыс біртіндеп өркениеттің монстрына айналады. Экономиканың қазіргі жағдайы мен күнделікті өмір мәдениетінің арқасында, адамдар әлі күнге дейін бұл адам жасаған ескерткіштері арасында ұзаққа созылмаушылықта өмір сүреді.

    Біздің облыста тұрмыстық қоқыс мәселесі ең өзекті мәселе болып табылады. Халықтың санитарлық-гигиеналық ережелерге сәйкестігін, неғұрлым мұқият және үнемді қарым-қатынас жасау қажеттілігін, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды түсіну маңызды.

    Табиғатқа тән емес заттардың ыдырауы ондаған және жүздеген жылдар бойы жалғасып келе жатқаны белгілі:

    - қағаз: 5-10 жыл;

    - темір: 100 жыл;

    - пластикалық пакет: 200 жыл;

    - пластик: 500 жыл.

    Адам биосфераның бөлігі болып табылады, оның жағдайының нашарлауы оған қауіпті. Өмір сүру ортаңызды зерттеу өте маңызды, оның қоршаған орта жағдайларын жақсартуға тырысыңыз. Әрбір тұрғын ауылдың экологиясын жақсартуға өз үлесін қосуы мүмкін.

    Егер біздің қаланың әрбір тұрғыны бұл туралы ойласа, басқа пластик бөтелкені салдары туралы ескертпес бұрын, табиғат әлдеқайда таза болады.

    Өнеркәсіптік қалдықтар елді мекендердің аумағын толтырады. Еуропада қоқыстар орталық алаңдарда жай өртеніп жатқан қалалар бар, өйткені үкімет экологиялық жағдайға төтеп бере алмайды.Егер мамандандырылған қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарында қоқыс тасталмаса, қоршаған ортаның ластануын тоқтату қиынға соғады.

    Қорытынды:

     Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы қаршынды қадамдармен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ежелгі замманнан бері келет жатқан мәселелердің бірі қоқыс қалдықтары бүгінгі заманда да әлі толық шешімін тапқан жоқ. Қалдықтарды, оның ішінде улы қалдықтарды екінші қайтара өңдеу бізде қолданыста жоқ. Қалдық атаулы арнайы полигондарда, жинақтаушы орындарда, қоймаларда жинаумен шектеледі. Мәселен, еліміздегі электр стансылардағы күл қалдықтарын кәдеге жарату және пайдалану 1 пайыздан аспайды. Ал Еуропада бұл көрсеткіш орта есеппен 60 пайызды құрайды.

    Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парызымыз.

    Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз негізінен қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалну, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі.

    Қоршаған ортаны қорғау - жерді сақтау, оның пайдалы қазбаларын, су ресурстарын,өсімдіктер мен жануарларды қолдану, ауа мен судың тазалығын қамтамсаыз ету, яғни қоғам мен табиғаттың гармониялық қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

    Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген.

    Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабында былай делінген - Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

    Осыған байланысты қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде белгіленген.

    Сонымен бірге Қазақстан Республкасының әрбір азаматына табиғатты сақтау және оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау міндет болып табылады.

    Табиғат пен оның байлықтары қазақстан халқының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың негізі болып танылады.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. //Егеменді Қазақстан, 1997.

    2. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.

    3. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996ж.

    4. Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.-55б.

    5. Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.

    6. Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің

    педогогикалық негізі. //Қазақстан мектебі, 1996.-127б.

    7. Сағымбаев Ғ. Экология негіздері.-Алматы: Рауан, 1999ж.

    8. Мамыров Н. Табиғатты пайдалану экономикасы.А: 2003ж.

    9.  www.google.kz сайттары


    написать администратору сайта