Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
| Қатысқандар:
| Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Мәтінді теру және өңдеу
|
|
Осы сабақта қол жеткізіле тін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 3.1.2.2 компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану; 3.2.1.1 мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді теруді жүзеге асыру
|
Сабақтың мақсаты
| - мәтіндік редакторда файлды ашу және сақтау командаларын пайдалана алады;
- мәтін теру бойынша практикалық тапсырмаларды орындай алады;
|
Бағалау критерийі
| - мәтіндік редакторда файлды ашу және сақтау командаларын пайдаланады;
- мәтін теру бойынша практикалық тапсырмаларды орындайды;
|
Тілдік мақсаттар
| Пән бойынша лексика мен терминология:
файлды ашу және сақтау, өңдеу.
|
Тілдік мақсаттар
| Пән бойынша лексика мен терминология:
файлды ашу және сақтау, өңдеу.
|
Құндылықтарға
баулу
| Іскерлікке, бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу, мектеп жабдықтарын ұқыпты пайдалануды үйрету.
|
Пәнаралық байланыс
| Қазақ тілі.
|
Алдыңғы білім
| Мәтінді теру және өңдеу
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
3мин
Топқа бөлу
3мин
Білу
7мин
| Ұйымдастыру: Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Кездесу» ойыны
(жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады)
«Түстер бойынша» топқа бөлу (ұшып келген ұшақтың түстері бойынша топтастыру)
І топ – жасыл түсті стикер;
ІІ топ – сары түсті стикер
Оқушыларға бағалау критерийлері таныстырылып өтеді. Өзара топ мүшелеріне бағалау парағы таратылады.
«Қар кесегі» әдісі бойынша сұрақтарды талқылайды, екі топ сұрақтарға жауап береді. /топтық жұмыс/
WordPad мәтіндік редакторы дегеніміз не? Программаны қалай іске қосамыз?
Топтар бірін – бірі өзара бағалайды
Дескриптор
WordPad мәтіндік редакторына анықтама береді Программаның қалай іске қосылатынын айтады
| «Кездесу» ойыны
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған сөздер.
|
Сабақтың ортасы
Түсіну
5мин
Қолдану
10-15мин
Сергіту жаттығуы
2мин
Венн диаграммасы
Талдау, Жинақтау
3мин
| Екі топқа «Кластер құрастыру» /топтық жұмыс/
І топ. WordPad мәтіндік редакторының қандай мүмкіндіктері бар?
ІІ топ. Құжатқа қалай атау береміз және сақтаймыз?
Дескриптор
WordPad мәтіндік редакторын жалпы сипаттайды, мүмкіндіктерін айтады Құжатқа қалай атау беруді және сақтауды айтады
Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды.
Сурет бойынша әңгіме құрастырып, мәтіндік редакторда жазыңыз және оған атау беріп сақтаңыз.
Дескриптор:
1.Мәтінді құрастырып, оны сақтайды.
Оқушылар интерактивті тақтадағы бейнероликтен көзге және білекке арналған жаттығуларын қайталайды.
Блокнот программасы мен Word Pad программасын салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықта /топтық жұмыс/.
Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс жасайды
|
|
Сабақтың соңы
2мин
| Рефлексия
Үйге тапсырма: анықтамаларды жаттау, тақырыпқа сай ребус құрастыру.
|
|