вирусология. №6 вирусологиялық әдіс. Коммити Ауруды биологиялы негіздері Модуль абыну таырып 6 Вирустарды индикациялау, идентификациялау, даылдандыру дістері 2 курс жмф жоспар
Скачать 5.52 Mb.
|
Коммити: Аурудың биологиялық негіздері Модуль 4. Қабыну тақырып: №6 Вирустарды индикациялау, идентификациялау, дақылдандыру әдістері 2 курс ЖМФЖоспарВирусологиялық зерттеу әдісінің нәтижелері Вирустарды дақылдандыру тәсілдері Вирусологияда қолданылатын жасуша дақылдарының түрлері Жасуша дақылында вирустарды дақылдандыру әдісі Тауық эмбрионында вирустарды дақылдандыру әдісі Жануар ағзасында вирустарды дақылдандыру әдісі Вирустарды индикациялау әдістері Вирустарды индикациялау тәсілдері Вирустардың цитопатиялық әсер ету механизмы Түсті сынама әдісі Гемадсорбция әдісі Вирустарды идентификациялау әдістері Вирусологияда гемагглютинация реакциясы Вирусты нейтрализациялау реакциясының механизмы Вирусологияның тарихы.1892 ж. Дмитрий Ивановский темекі ауруының қоздырғышын тапқан, осы қоздырғышты вирус деп атаған. 1898 ж. М Бееринк осы вирусты зерттегенде, фильтрден отетін ұсақ микроорганизмді анықтаған, бірақ бактерия емес. 1903 ж. Ф. Роуз вирустардың қатерлі ісіктер шақырғанын дәлелдеген. 1911 ж Ф. Роуз тауықтардың онковирустарын ашқан, кейін саркома вирусы деп аталған. Вирустардың жіктелуі, морфологиясы және физиологиясы Вирустар Vira патшалығына жататын микроорганизмдер. Жасушалық құрлымы жоқ, облигатты жасушаішілік паразиттер. Нуклеин қышқылынан және қабықтардан турады, өзінің метаболизімі жоқ. Вирустар екі түрлі формада кездесуі мүмкін Жасушадан тыс форма – вирион. Вирион қалыптасқан вирус бөлшегі . Құрамында –капсид, нуклеин қышқылы, құрылымдық ақуыздар, ферменттер және т.б. бар. Жасушаішілік формасы-вирус. Олар нуклеин қышқылының бір молекуласынан тұрады Ең кіші вирус (20 нм) – полиомиелит вирусы Ең ірі вирус (350 нм) – нағыз шешек вирусы Вирустардың жіктелуіВирустар (құрамы бойынша) ДНҚ құрамды Ұшық вирусы, нағыз шешек РНҚ құрамды Тұмау, қызылша, АИЖВ Вирустар (құрылымы бойынша) Қарапайым (полиомиелит вирусы) Қарапайым вирустар - бір қабығы бар-нуклеокапсид деп атайды. Күрделі (тұмау, ұшық, қызылша) Күрделі вирустар -екі үш қабығы бар, “киінген вирус” деп аталады. Вирустардың морфологиясы.Вирустардың 4 негізгі морфологиялық түрлері бар. Сфера тәрізді, көп қырлы –икосайдр, цилиндр тәрізді, сперматозоид тәрізді. Вирустардың құрылысы Қарапайым вирустар нуклеокапсидттан тұрады – нуклеин қышқылы (1) және онымен байланысқан ақуызды қабық (2). Вирустардың ақуызды қабығы капсид деп аталады. Капсид капсомерлерден тұрады, ал күрделі вирустарда суперкапсид глипротеидтерден тұрады. Симметрия арқылы жіктеу.Вирустардың жасушасымен арақатынасы: Вирустар репродукциясы. Вирустар репродукциясы 6 кезеңнен тұрады. 1. Адсорбция- вирустар жасуша сыртына жабысады. 2. Ену- вирустың нуклеокапсиді жасушаға енеді, суперкапсид сыртында қалады. 3. Шешіну - вирус жасуша ішінде капсидтен босатылады. 4. Биосинтез - вирустың НҚ және ақуыздар синтезделеді. 5. Құрастыру - жаңа вирустар жинақталады. 6. Босатылу- жаңа вирустар жасушадан шығады. Вирустарды өсіру әдістері.Вирусологиялық әдістер –вирустарды бөліп алады, қасиеттерін зерттейды, вирустардың ауру шақыратының дәлелдейді. 1. Жануарлар организмде. 2. Тауық эмбрионында. 3. Жасуша дақылдарында. Жануарларға жұқтыру.Лабораториялық жануарларға науқастан алынған зертелетын зат жуқтырылады, әр түрлі тәсілдер арқылы-биологиялық әдіс. Жануарлар сезімталды болу керек. Осы тәжірибеде инфекцияның белгілері қөруге болады және вирустардың қай мүшені зақымдағаның анықтауға болады. Тауық эмбрионына жұқтыру.Жүқтыру үшін 5-12 тәуліктік эмбрионын алады. Тауық эмбрионына жұқтырғанда – 2 тәсіл қолданады: ашық және жабық. Жұқтырған тауық эмбриондарын термостатта инкубациялайды. Зақымдалған эмбрион бұзылады. Тауық эмбрионында өсіру.Эмбрионды жұқтырғанда байқалу мүмкін: 1) эмбрион өлімі; 2) даму ақаулары; 3) аллантоиста вирустардың жинақталуы; 4) жасушаларда көбейгені. Жасуша дақылдарында өсіру.Жасуша дақылдарын өсіру үшін 199, Игл қөрек орталарын қолданылады. Жасушалар дақылдарында – жасушаға физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерін зерттеуге өте жақсы. Вирустар жасуша дақылдарында арнайы зиянды әсер корсетеді. Сондықтан, жасуша дақылдарын диагностика үшін қолдануға болады. Вирустарды анықтау.Вирустарды әр түрлі тәсілдермен өсірген кезде бірінші вирустардың бар болғанын анықтайды – индикация. Индикациядан кейін түрін анықтайды- идентификация. Олардың биологиялық қасиеттерін анықтау үшін, науқастан алынған зертелетін затты сезімталды жануарларға, тауық эмбрионына және жасуша дақылдарына жұқтырады. Индикация әдістері.1. Цитопатогендік әсер –ЦПӘ. 2. Ақ дақтар әдісі. 3. Гемадсорбция реакциясы. 4. Түрлі түсті сынама. ЦПӘ.Жасуша дақылдарында вирустын әсерінен пайда болатын бұзылыстар –цитопатогендік әсер (ЦПӘ) деп аталады. ЦПӘ анықтау үшін – бұзылған тіндерден гистологиялық препараттар жасалады, микроскоп арқылы зерттеледі. ЦПӘ түрлері.1) вирус жасушада көбейгенде жасуша өледі немесе морфологиялық өзгерістер байқалады; 2) кейбір вирустар ЦПМды бұзады, жасушалар бірігеді синцитий пайда болады; 3) жасушалар өседі бірақ бөлінбейды –алып жасушалар пайда болады; 4) жасушаларда қосындылар пайда болады (ядросында, цитоплазмада); 5) гемагглютининдері бар вирустар зақымдаса, онда жасуша эритроциттерді жабыстыруға қабілетіне ие болады. Ядроішілік қосындылар-Бабеш Негри денешіктері
ЦПӘЦПӘҚалыпты жасуша дақылыЖұқтырғаннан кейінгі жасуша дақылыАқ дақтар әдісі.Вирустарды жасуша дақылдарында өсірген кезде ақ дақтар (бляшка) тәсілі арқылы анықтауға болады. Жасуша дақылдарының агар қосылған бір қабатында (монослой) вирустарды өсіргенде, ақ дақтар пайда болады, осы дақтар вирустын әсерінен бұзылған жасушалар, яғни вирустар колониялары. Гемадсорбция әдісі.Гемадсорбция реакциясы арқылы гемагглютинацияланатын вирустарды анықтауға болады. Зақымдалған жасушаларға эритроцит қосады, егер эритроциттер жабысып қалса, осы жасушалар вируспен зақымдалған. Түрлі түсті сынама.Индикаторы бар Қөреқ орталарында вирустар өскен кезде, жасушалар бұзылады, метаболизм журмейді, сондықтан рН өзгермейді, ортаның түсі өзгермейді. Вирустар жасуша дақылында болмағанда, ортаның түсі өзгереді, жасушалар метаболизімі журеді, сондықтан қышқылдар пайда болады, рН өзгереді. Биологиялық нейтрализация реакциясы - спецификалық антиденемен әсерлесу нәтижесінде вирустың жұқтырғыштығын жоғалтуы. Жасуша дақылында вирусты индикациялауда және бөліп алу кезінде осы реакцияны қолданады ИФР тікелей әдісі ИФР тікелей емес әдісі Гемагглютининдер эритроциттер жабысуын тудырады – суперкапсидтің - глико- және липопротеиндер. Сыртқы қабаты жоқ вирустардың гемагглютинин капсидтің құрылымымен байланысқан. Гемагглютинация реакциясының механизмы: эритроциттын және вирустың комплементарлы рецепторы арқылы эритроцитте адсорбциялануы Жабысуы – эритроциттердің агглютинациясы Элюция - эритроциттың рецепторларының вирусты ферменттермен зақымдануы және вирустың жасуша бетінен бөлінуі БактериофагБактериофагтар бактерияларды зақымдайтын вирустар. Бактериофагтар ДНҚ вирустар, сперматозоидтар тәріздес, капсиді бар. Бактериофагтардың вирулентты және әлсіз түрлері бар. Бактериофагтың түрлеріВирулентты бактериофагтар бактерияға енеді, көбееді, бактерияны ерітеді лизисқа ушыратады. Әлсіз бактериофагтар бактерияға енеді, бірақ ерітпейді. Бактериофагтардың ДНҚ жасушаның ДНҚмен айқасады. Осы құбылысты лизогения деп атайды. Ақаулы вирустар – вирустардың геномында бактерияның ДНҚ бөлігі болады, сондықтан, осы вирус жасуша енеді бірақ жасушаны бұзбайды. Фагтың бактериалды жасушаға енуіБактериофагтың қолданылуы1. Емдеу және алдын алу үшін. 2. Бактериялардың идентификациясы үшін. 3. Санитарлық микробиологияда судың тазалығын тексергенде. |