Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақта қолданылатын материалдар

  • Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар. Тапсырмалар

  • Кезеңдері Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті

  • Өлең жолдарымен топқа бөлу

  • 1-тапсырма: «Ой ұсыну» Сұрақ

  • 2-тапсырма: «Рухани ой» жобасы Сұрақ

  • Ортасы 3-тапсырма: «Саралап оқытуды қолдану»

  • Аяқталуы 4-тапсырма: «Ой толқыны» Берілген жауаптардың дұрыс-бұрыстығын тексерту«Қазақ тілі сабағындағы саралау»

  • Бағалау «Рефлексия пирамидасы»

  • Мастер класс. Мастер класс жоспар. Коучинг жоспары Саба таырыбы


    Скачать 62.5 Kb.
    НазваниеКоучинг жоспары Саба таырыбы
    АнкорМастер класс
    Дата10.04.2022
    Размер62.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаМастер класс жоспар.doc
    ТипДокументы
    #458453

    Коучинг жоспары


    Сабақ тақырыбы:

    Қазақ тілі сабағында саралауды тиімді жоспарлау

    Жалпы мақсат:

    Коучинг барысында мұғалімдерге оқушылардың деңгей бойынша қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың әдістері мен нысандарын, құралдар жиынтығын іске асыру арқылы әр оқушының қызығушылығын арттыруы мен қабілеттерін дамыта білуіне ықпал ету мақсатында тәжірибелік көмек беру.

    Сілтеме:

    1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

    2. Н. Н. Деменева « Оқыту үрдісінде төменгі сынып оқушыларына қолданатын саралау тәсілі». Бастауыш мектеп,2004 ж.,№2.

    3. Қысқа мерзімді жоспар

    Оқу нәтижесі

    1. Оқыту мен оқуда оқушы деңгейін анықтауға ықпал ететін әдіс ретінде саралауды қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы білім қалыптасады;

    2. Оқыту үрдісіне саралау әдістерін енгізеді;

    3. Сабақ барысындағы саралау әдістерінің тиімділігін ұғынады.

    Түйінді идеялар:

    «Саралау қолданылатын сыныпта барлық оқушылар өздерінің әр түрлі оқитынын түсінеді және бір бірінің оқу үдерісіне қосқан үлесін бағалауды үйренеді»

    Leppien

    «Оқыту тиімділігі оның мазмұны мен әдістеріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар, оқушылар тұлғасының жеке басының ерекшеліктеріне байланысты».

    Н. А. Менчинская

    Сабақта қолданылатын материалдар:

    А-4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, кестелер

    Дерек көздері:

    Әдеби материалдар, газет-журналдар.


    Тапсырмалар:



    Кезеңдері

    Коучтың іс-әрекеті

    Мұғалімдердің іс-әрекеті

    І. Ұйымдастыру кезеңі


    «Бір ауыз сөз»

    әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату

    1.Сөздер жазылған қағаз тарату: қайрат, ақыл, жүрек, зерек, еңбек, қасиет, сезім, парасат, төзім, сәт, шілдехана, дүние, рух, даңқ, батыл, асқақ, күрес, тау.

    Қатысушылар өздеріне берілген сөзді қатыстыра отырып, бір-біріне тілек арнайды.

    Өлең жолдарымен топқа бөлу

    1. Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек,

    Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

    Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

    Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

    (Абай)

    2. Арпалысып ақылмен, төзімменен,
    Бір сәт те дем алмайды сезім деген.
    Шыр етіп жерге түскен шілдехана,
    Келеді дүниені кезуменен.

    Адамның сезімінен сезіктенбе,
    Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
    Ақыл менен парасат бұғынады,
    Шынайы шын сезімге кезіккенде!

    (Мұқағали)

    3. Асқақ ұстап жастық туын,
    Алпыс таудан астық бүгін.
    Алла білер, алдымызда енді қанша қалды

    тау,
    Барлық батыл ойларыңның алды — күрес,

    арты - дау.
    Күллі рухсыз биіктердің парқы, даңқы

    сұйықтау,
    Біз шыққан тау — Шындық тауы, барлық

    таудан биік тау!

    (М.Шаханов)

    Өлең жолдарын оқи отырып, қолдарындағы сөз қай ақынның өлең жолдарында кездеседі, сол бойынша Абай, Мұқағали, Мұхтар топтарына бөлінеді.


    Басы

    «Ой қозғау»

    1.«Дара тіл табу» фильмін көрсету, фильм мазмұны арқылы ой түйгізу

    Сұрақ: Фильм арқылы қандай ой түйдіңіздер?

    2.Сабақ тақырыбын анықтату

    1-тапсырма: «Ой ұсыну»

    Сұрақ: Саралау деген не? Саралауды күнделікті тәжірибеде қай жерде кездестіріп жүрсіздер?

    Ақпарат беру
    Саралау дегеніміз – «Difference» – латын тілінен аударғанда бүтінді түрлі формаға, элементке, бөлшекке мүшелеп бөлу, саралау дегенді білдіреді. Оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиеттері бойынша дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны.
    2-тапсырма: «Рухани ой» жобасы

    Сұрақ: Оқытудағы саралау не үшін қажет?

    (Мұғалімдер берілген сұрақ бойынша ойларын шығармашылық тұрғыдан қорғайды)

    1-топ: Кітап

    2-топ: Домбыра

    3-топ: Тал

    Фильмді тамашалай отырып, мазмұны бойынша ой түйеді.

    Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.

    Сұраққа жауап беру арқылы әр топ ой ұсынады.


    Шығармашылық тапсырма

    Ортасы

    3-тапсырма:

    «Саралап оқытуды қолдану»

    1. Мәтінмен жұмыс

    2. Ортақ тапсырма

    3. Кестені толтыру бойынша тапсырманы саралау

    4. Саралауды жүзеге асыру


    Саралап оқытуды қолдануды іске асырады, берілген тапсырмаларды орындайды.

    Аяқталуы

    4-тапсырма: «Ой толқыны»

    Берілген жауаптардың дұрыс-бұрыстығын тексерту

    «Қазақ тілі сабағындағы саралау»

    1. Оқушыларға түрлі деңгейлерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініңізге қаншалықты сенімдісіз?

    2. Сіз оқушының қабілетіне сәйкес тапсырмалар мен қолда бар қажетті ресурстарды қалай пайдаланасыз?

    3. Сіз қалай ойлайсыз, қазақ тілі сабағында сараланған тапсырмалардың маңызы қандай?

    4. Сіз өз тәжірибеңізде саралауды қалайша барынша тиімді пайдалана аласыз?


    (өз іс-тәжірибесінен)

    Алған білімді тексеру мақсатында берілген жауаптардың ақиқат-жалған екендігін тексереді.

    Тәжірибе алмасады.

    Бағалау


    «Рефлексия пирамидасы»





    написать администратору сайта