Главная страница
Навигация по странице:

  • . «Жунглидағы жаңбыр» әдісі арқылы іс-қимылдармен байланыстырады. Сауалнама жұмысын дайындайды

  • Саралау тапсырмалары арылы оушыларды ажеттіліктері бойынша олдау крсету


    Скачать 18.85 Kb.
    НазваниеСаралау тапсырмалары арылы оушыларды ажеттіліктері бойынша олдау крсету
    Дата13.03.2023
    Размер18.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаdocx1543940757.docx
    ТипДокументы
    #986358

    Тақырыбы

    Саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың қажеттіліктері бойынша қолдау көрсету

    Мақсаты

    Саралап оқытудың әдіс - тәсілдерін меңгере отырып, саралау тапсырмаларын әзірлейді. Саралау тапсырмасын оқушы қажеттілігі бойынша әзірлей отырып, қолдау көрсету:

    Күтілетін нәтиже

    Мұғалімдер барлық оқушылардың жеке қабілетін ескере отырып нақты өлшенетін нәтижелері бар саралау тапсырмаларын әзірлейді. Оқушылардың қажеттілігін анықтап, оларға қолдау білдіреді.

    Түйінді идея

    Саралау тапсырмалары оқушылардың жеке қабілеттерін анықтауға бағытталады. Қажеттіліктеріне сай қолдау арқылы бала біліміндегі дамуды іске асырады.

    Жоспар

    Уақыт

    Қолданылатын әдістер

    Коучтың іс әрекеті

    Мұғалімдердің іс - әрекет

    Ресурс

    09:00-09:10


    «Алып қадам» әдісі
    «Конфет » әдісі

    Коуч мұғалімдерді белгіленген қадамдармен жүргізу барысында аяқталмаған сөйлемдермен психологиялық ахуал тудыру қажет
    «Конфет» әдісін пайдаланып мұғалімдерді топқа бөледі.

    Мұғалімдер бастап қадамдарды басып сөйлемдерді толықтырып ортаға орналаса береді.


    Әр мұғалім конфет ала отырып,айналдырған соң өзімен бірдей суретті іздеп,топқа орналасады.


    Қадам суреттері
    Презентация

    Кәмпиттер

    09:10-09:25



    «Жарық» әдісі


    «Спиральды оқу» әдісі

    Коуч мұғалімдерге ақ парақтарды таратады.Ақ парақта сурет жасырылған.Ұялы телефондары арқылы ақ параққа жарық түсіріліп ,берілген суреттің көмегімен коучинг тақырыбы анықталуы керек.

    Мұғалімдерге спираль әдісімен мәтін жазылған парақ таратады.Сол парақтағы мәтінді оқыту арқылы тақырыпты мұғалімдер арасына талқыға салады.


    Мұғалімдер ұялы телефондарын алып жарығын қосып,ақ параққа жарық түсіріп суретті көреді.Бірлесе талқылай отырып коучингтің тақырыбын анықтайды.


    Мұғалімдер мәтінді оқи отырып,ортаға талқыға салып,тақырыпты толық меңгеруге тырысады.



    Парақтар,ұялы телефон

    09:30-09:40

    Постер


    Baamboozle ойын
    Сергіту сәті
    Тест Google forms

    Саралап оқытуға байланысты тапсырма береді.Тапсырманың күтілетін нәтижесін түсіндіреді.
    Ойынның негізгі шартын түсіндіреді.
    Бір - бірінің соңынан шеңбер жасап тұрғызады. «Жунглидағы жаңбыр» әдісі арқылы іс-қимылдармен байланыстырады.
    Сауалнама жұмысын дайындайды

    Мұғалімдер постер жасау арқылы тапсырманы орындайды.Тапсырмада күтілетін нәтиже,оқушының іс-әрекеті,осы арқылы нені өзгерту керек деген мәселелерді қамту қажет.Әр топ жасаған жұмыстарын қорғап шығады.

    Смартфон арқылы сілтемеге кіріп Baamboozle сайты арқылы ойын ойнау
    Мұғалімдер айтылған іс-әрекеттерді қаайталай отырып,сергіту сәтін орындайды.

    Мұғалімдер сілтемені басып Google Forms кіріп ,тест тапсырмаларын орындайды.




    09:40-09:45


    Mentimeter

    Мұғалімдерді кері байланыс жасауға шақырады.Ойларын қорытындылауға көмектеседі.Qr-код беру арқылы,мұғалімдері сайтқа кіргізіп,пікірлерін экранға шығарады.

    Mentimeter сайты арқылы мұғалімдер өз қорытынды ойларын жазып кері байланыс береді.





    написать администратору сайта