Главная страница
Навигация по странице:

  • Түйінді идеялар

  • Тренинг «Мен өзіме және басқаларға... тілеймін»

  • 1.Қызығушылықты ояту.

  • 2.Мағынаны тану

  • Сергіту сәті. 3.Тренинг өткізу « Сіз және Сіздің есіміңіз»

  • Дарынды талантты балаларды окыту. Дарынды және талантты балаларды оқыту. Коучинг таырыбыДарынды жне талантты балаларды оыту Масаты


    Скачать 24.15 Kb.
    НазваниеКоучинг таырыбыДарынды жне талантты балаларды оыту Масаты
    АнкорДарынды талантты балаларды окыту
    Дата22.05.2022
    Размер24.15 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДарынды және талантты балаларды оқыту.docx
    ТипДокументы
    #542942

    Коучинг тақырыбы:«Дарынды және талантты балаларды оқыту»

    Мақсаты: Мұғалімдерге дарынды балаларды табуда бағыт бағдар беру

    Оқу нәтижелері: коучинг сабаққа қатысқан мұғалімдер сабақ соңында: өз тәжірибелерінде дарынды балаларды таниды; өз сабақтарында талантты балаларды танып, мән беретін болады; өз пәндерінде дарынды баланы оқытудың нәтижелігін көретін болады.

    Түйінді идеялар: дарынды балаларды оқытудың сабаққа әсер ету ролі.

    Жаттығулар:

    Талантты балаларды оқыту үшін қажет үлестірмелі материалдар негізінде

    сабақтың құрылымын құру.

    Сәлемдесу.

    -Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Сабақты бастамас бұрын алдымен шеңбер құрып,гүл ұсынып, кезекпен бір-бірімізге жақсы тілек айтайық...

    Мысалы:

    Тренинг «Мен өзіме және басқаларға... тілеймін»

    Топқа бөлу:Әріптестер, қоржыннан бір кәмпиттен алып,біркелкі кәмпиттер бірігіп, топтасуға шақырамын..

    Қоржын, түрлі кәмпиттер..

    (3минут)

    1.Тапсырма:

     Ал, қазір интерактивті тақтаға назар аударайық, бейнежазбаны көріп, өз пікірлеріңізді айтып өтсеңіздер.(Дарынды бала туралы бейнежазбаны көрсету).

    «Невероятно талантливые дети»

    -Осы бейнежазба Сіздерді қызықтырды ма?

    -Сіздер көрсетілген бейнежазбадан не ой түйіндедіңіздер?

    -Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі коучингтің тақырыбы қандай ?

    -Бүгін біз«Дарынды және талантты балалар» деген модульді қарастырамыз.

    Дискуссияға арналған сұрақтар:

    -Бұл мәселе біз үшін өзекті ме?

    -Қандай баланы дарынды деп айтуға болады?

    - Қандай баланы талантты деп айтуға болады?

    -Сіз үшін дәл сондай бала жұмысыңызда сый болып табылады ма?

    -Таланттың көзін ашатын тек мұғалім бе, әлде.....

    - Оқушылардың дарынын дамыту үшін біз ұстаз ретінде не істей аламыз?

    -Олардың дарынын ашуға бізге не көмектеседі?

    -Сіз талантты оқушымен қандай жұмыс түрлерін жүргізіп жүрсіз?

    1.Қызығушылықты ояту.

    Мұғалімдерден дарынды балалар туралы өздері білетін ерекшеліктеріне тоқталып өту.

    Құрметті әріптестер, тарихқа шолу жасасақ, соңғы 20 жылда дарынды және талантты деген ұғымдар басқаша түсініліп жүр. Бұл өзгерістерге 1972 жылы Құрама Штаттардың Білім басқармаларында ұсынылған Марланд есебі түрткі болды. Есеп дарынды және талантты балалардың жоғала бастағанын көрсетіп, тіпті дарынды және талантты балаларды мүмкіндігі шектеулі балалармен қатар қойып теңестірілді.Алайда ғалымдардың есебі бойынша бұл қауіпті жоюдың бірнеше амалдары бар екендігі анықталды.Ең негізгісі- оқу қарқынын бейімделген әрі келісілген білім ортасы қажет болды.

    Бейнежазба көрсету « Одаренные дети»

    2.Тапсырма: Әр топ постер жасап, қорғау керек

    1- топ дарын, 2топ- талант, 3топ-қабілет тақырыбына постер жасау 

    Топтар бірлесіп жасаған жұмыстарын қорғайды, қойылған сұрақтарға жауап береді.

    Әр топ өз ортасында «дарынды» туралы тәжірибелерімен бөліседі. «Хатшы» идеялардың тізімін жасайды. Постер жасап, ортада қорғайды.(Дарынды бала туралы не білетіндерін алдымен анықтап алу. Өз тәжірибелерінде пайдаланатын әдістерімен бөліседі.Ой қиялына жүгініп, сыныпта көріп жүрген талантты балаға мінездеме беруге үйренеді)

    2.Мағынаны тану

    Тақтаға назар аударып,дарынды балалармен жұмыс жүргізу жолдарымен танысайық.

    PowerPoint слайдтарын пайдалана отырып, тақырып бойынша идеялармен таныстыру.

    1.Даралап оқыту

    2.Кеңейтілген тапсырмалар беру

    3.Түрлі байқауларға қатыстыру

    4.Пән таңдауда жеке кеңес беру

    5. Гуманитарлық не жаратылыстану пәндеріне икемділігін дұрыс таңдау

    Слайдтар арқылы дарынды және талантты балаларға түсінік беру.

    Енді біз психологиялық тест арқылы өзімізді тексерейік.

    Психологиялық тест өткізу(слайдтан)

    Сергіту сәті.

    3.Тренинг өткізу « Сіз және Сіздің есіміңіз»

    Көшбасшыны тану.

    Мақсаты:көшбасшылық қасиеттерді анықтау
    Қағаз парағының тігіне өзіңіздің атыңызды жазыңыз .Әрбір әріптің жанына өз мінезіңіздің қасиеттерін жазыңыз.

    Сергіту сәті.

    Диалогке негізделген тәсіл. Жұп отырған екі адамға қағаздар беріледі. Ол қағазға әр адам атақты тұлғаның атын жазып, бір -бірінің маңдайына жапсырады. Сол адам өзінің кім екенін табу үшін сұрақтар арқылы, қарсыласының жауабымен өзін табу үшін диалогтік жұмысқа қатынасады.Яғни өзін табады.

    -Дарынды баланың болашақ тағдыры ұстаздың қолында ма?
    4.Рефлексия

    Бүгінгі коучинг Сізге ұнады ма?- деген қағазға кері байланыс жазу

    1.Бұл сабақ қиын болды ма?

    2.Сабақ соңында қандай әсерде болдым (күнге не бұлтқа белгі салу, түсіндім, аз түсіндім, жақсы түсіндім)

    Маркермен белгі салу.

    Құрметті әріптестер, біз Сіздермен ойлана отырып, ойлауды және топ бойынша бірлескен түрде ынтымақтастықта жұмыс жасадық. Топта бір – бірімізге сенім  білдіріп дарынды және талантты балалар туралы, оларды дамыту жолдарына тоқталдық деп ойлаймын. Әр оқушы өзінше зерек және дарынды. Оқушыларымызды дарынын ашуға итермелеу және көмектесу, танып білу, қолдау көрсету, біздің ұстаздық міндетіміз!

    Сабақтарыңызда осы әдіс – тәсілдерді пайдаланып,биік жетістіктерге жете беріңіздер!


    написать администратору сайта