Главная страница

КП лтты, тату елімазастан! Трбие саатты масаты


Скачать 0.51 Mb.
НазваниеКП лтты, тату елімазастан! Трбие саатты масаты
Дата01.05.2022
Размер0.51 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла0007c984-c4d4199a.docx
ТипДокументы
#506303

«КӨП ҰЛТТЫ, ТАТУ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН!»

Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу. Тәрбие сағаттың көрнекілігі: «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты слайд, суреттер, бейнетаспа, компьютер, ватман, маркерлер, топ атаулары, шарлар, түрлі түсті ленталар, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері Тәрбие сағаттың барысы: Жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар .

Бүгінгі біздің «КӨП ҰЛТТЫ, ТАТУ ЕЛІМ-ҚАЗАҚСТАН!» деп аталатын мәдени - мектепішілік тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жаса елім, жаса достық бірлікпен,

Көштен қалма, қалма және тірліктен.

Елім менің – Қазақстан Отаным,

Алға өрле үшінші мың жылдықпен Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Жүргізуші: Әнұраным- біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Өміршең үні. Оның қалықтай көтерілген әуеніне туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Кеудені мейірлі мақтанышқа бөлейді, арманыңды аялай самғайды.
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

І. « Шаттық шеңбері» Оқушылар ортаға шығып түрлі түсті ленталардан бір- бірлеп ұстайды да киіз үй құрады. Дөңгеленіп тұрайық

Керегені құрайық

Уықтар боп иіліп

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің еліміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын, ондағы барлық ұлт тату- тәтті өмір сүрсе дегім келеді. Еліміз - бірлік пен татулықтың мекені бола берсін.

Оқушылар алған лента түстері бойынша топқа бөлініп отырады.

Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»

Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.

1 - топ: «Бірлік» 2 - топ: «Ынтымақ» 3 - топ: «Достық»

Топ өз атауларына сәйкес мақал айтады.

1 - топ: «Бірлік» Бірлік болмай, тірлік болмас.

2 - топ: «Ынтымақ» Ынтымақ – достық кепілі.

3 - топ: «Татулық» Татулық табылмас бақыт.

ІІ.«Ой қозғау»

Ойын «Кім табады?» Қоржын ішіндегі сұрақтарға жауап беру.

-Қазақстан Республикасында қанша ұлттар мен ұлыстар мекендейді?

(130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді)

-Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды?

( 1наурыз 1995 жыл)

- 2015 жыл қандай жыл деп жарияланды?

(2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы)

ІІІ. Негізгі бөлім. «Мағынаны тану»Презентация

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ Қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, Қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. Олар өз елдерінде болмасада, қазақтардың елін елім деп, жерін жерім деп құрметтеп, үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетуде. Әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы біздің елдің арқасы және олар мұны жақсы біледі, рахметтері шексіз екендіктерін білдіреді.

Бүкіл дүние жүзі бойынша қазақтардың саны – 12 млн. Бүгінде шет елдерде тұратын қандас бауырларымыздың саны 3, 5 млн адам. Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Олардың ішінде ең көп санды орыстар - 30%, украиндар – 3, 7%, өзбектер – 2, 5% құрайды. Адам санының өсімі мен дамуы жағынан Қазақстан БҰҰ - на мүше мемлекеттер қатарында да қомақты орын алады. Даму жағынан қазіргі күні ТМД - ға кіретін мемлекеттердің ішінде алдыңғы орында. Қазақстанда 84 қала, 200 кент, 2036 аудандық округ, 7684 ауылдық мекендер бар. Қазақстан тұрғындарының 56%- ы қалада, 44%- ы ауылдық жерлерде тұрады.

1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ассамблея 365 мүшесі, 471 ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық – мәдени бірлестіктері , 500- ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтың идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық – құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңе білді. Бұл ынтымақ үрдісі ғасырдан – ғасырға жалғасуда. Біздің еліміз нәсілшілдік, ұлтаралық араздықты қоздыруға жол бермейді. Қазақстан Республикасындағы сан жағынан аз халықтарға қамқорлық жасау үшін «Қазақстан халықтарының ассамблеясы» құрылған. Түрлі нәсілдерге жататын барлық ұлт өкілдерінің тең құқықтығы Конституциямен қорғалады.

Біздің еліміз ынтымағы жарасқан, бірлігі нығайған үлгілі елдердің біріне айналды. Халық әрқашан бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарған қиындықты бірге бөлісіп, қандай жағдайда да өздерінің бірліктерін көсетіп келеді.

ҮІ. Ой-толғаныс. 1 - топ: «Бірлік»

«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді Қазақ мақалында. Бұл сөздің қаншалықты дұрыстығын өмір көрсетіп отыр.

Мынадай бір аңыз бар:

Бір қарт өзінің ұлдарына бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әурелеп, былай әурелеп шыбықты сындыра алмайды. Сонда қарт буманы шешіп, шыбықтарды бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.

Сонда ақсақал қария: «Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің әлі келмейді, ал жеке - жеке өз беттеріңмен жүрсеңдер, әр қайысыңды біртіндеп құртады» - дейді.

Әрине, мұның барлығы шындық. Бірлігі жарасқан елдің болашағы жарқын болады.

3 - топ: «Татулық» Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы».
Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан:
- Сенің ұлтың кім?
- Қырғыз.
- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

2 - топ: «Ынтымақ» «Қазақта бірлік болмай, тірлік болмайды» - деген ұлағатты ұғым бар. Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.Мына бір аңызға тоқталайық

«Бір кісі бармақтай құсты ұстап алып торға қамап қояды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей «Отан», Отан, Отан.... » деп шырылдай береді. Құстың иесі: «Мұның да Отаны болғаны ма, ал Отаны болса қайда екен?» құсты ұшырып жеберейін де, ұшқан жағына қарап, ғажайып елге апаратын жолды біліп алайын» деп ойлайды. Сөйтіп торды ашып, құсты босатып жібереді. Құс ұшып шығып бар болғаны 10 қадам жердегі тастақты тақырдың арасында өскен жалғыз түп тікенге барып қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада ұясы бар екен «Демек құстың Отаны - ұя салған жері болды ғой» деп ойлайды жаңағы адам. Шынында да адам түгілі құстарда ұя салып, мекендеген жеріне бауыр басып кетеді екен!

Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат

Оған көңіл толмайтыны ақиқат.

Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс

Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!

Рефлексия. Постер жасау. «Бірлігіміз жарасқан, Тәуелсіз ел Қазақстан!»

1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені» атты мерекелік бағдарламамызды аяқтаймыз.

1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!

Тақырыбы : «Ерлік елге мұра,ұрпаққа ұран»
Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыра отырып, елін, жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы мәлімет беру.
Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Негізгі бөлім

Жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың түгінен,
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.
Бүгінгі ұрпақ бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Қадірлі де, қымбатты қонақтар Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1 минут үнсіздік жарияланады)
1.Кіріспе: 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері батыс шекараларына ене бастады. Ең алдымен, жаудың шабуылына ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды.
Сол күні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер болуды, оқымысты болуды армандаған еді...
Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілді. Бейбіт халықтың денесі жаралы.
Жаудың жүздеген дивизиясы біздің елге баса көктеп кірді.
Гитлер сөзінде «Қыс түскенше Мәскеуді алу керек те, жер бетінен жойып жіберу керек» деді.
Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл совет халқы майданға аттанды. Отан - Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат беріп, жауға осылай шығарып салды.
2.Әдеби-монтаж

Еске алып туған жер, ана жарын
Биік ұстап абырой, намыс, арын.
3) Батырлықтың қашанда тұрағы – елі
Жүрегінде батырдың тұрады елі.
Өшпес ерлік, өнеге, тағылымның
Біз боламыз әркезде мұрагері.
4) Әлия, Мәншүк, қайсар қызы қазақтың
Ерлігінде таңдамайтын ғажап тым.
Желбірейді бейбітшілік жалауы
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр
Мәңгілік от ескерткіштің алауы.
Ән: «Катюша»

Орындайтындар: Сапарбекова А,Бағдатов Б,Ишанбекұлы Е,Жетібаева М
3.Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні
Жақсы үміттің шырағы жанды міне,
Аспан бетін қаптаған қара тұман
Серпіліп зұлымдықтың сәнді түні.

-Енді балалар, осы ұлы отан соғысына қатысқандардан кімдерді білеміз?

А)Топтастыру

Қара бұлтқа оранбасын күн көкте
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанның бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңе ұста, құрметте.
Ән: «Майдангерлер»

Орындайтын: Ишанбекұлы Е
- Иә, табиғат заңына бағынбасқа шара жоқ. Бүгінде сұрапыл соғыста жан аямай ел тәуелсіздігін сақтап қалған сарбаздардың ұрпақтары біздер аталарымыз бен әкелеріміздің рухы алдында басымызды иіп тағзым етеміз.
- 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры әр адамның зердесіне мәңгілік сақталады.
Тыныштық тулары
Биікке самғасын.
Тыныштық ұраны
Қиырды шарласын.
Поэзия минуты

Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

- Жеңісті ұзақ күтті. Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті. Біздер жер бетіне жеңіс туын тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды.
Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата - анамен қуанышты құшақ ашып.
Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың,
Ұшымен көздің жасын сығып алып.
Ән «Туған ел»
Орындайтын: Ишанбекұлы Ерасыл

- Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын тіккен. 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 – 1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды. Жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.
- Бұл күн - талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.
- Бұл күн - Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.
- Бұл күн - осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.
- Бұл күн - үйіне, отбасына, ата - анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні
- Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні.
- Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.
- Бұл күн – бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.
77 жыл көктем таңы атқалы,
67 жыл шуақты күн таратты әні
Есімде содан бері қаншама рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
ІІІ.Қортынды

- Олай болса бүгінгі кешімізді тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет!



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ұрпақтарға ұран болған – Ұлы Жеңіс!» Тәрбие сағатының мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Мұғалім: Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады. «Батыр бала Болатбек» әні орындалады. 1-оқушы: Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған. 2-оқушы:Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жігер менен құштарлықтың құралы.Күрескердің арманы мен ұраны,Қуаныш пен мерекенің бұлағы. 3-оқушы:Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Соғыс кезінде қолбасшы Рокоссовский лейтенант шеніндегі жап-жас қазақ жігітінің қабілетіне риза болып, полк командирлігіне тағайындаған. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.Интерактивті тақтадан Б.Момышұлы туралы мына материал көрсетіледі:4-оқушы: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.5-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан  Қошқарбаев  Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.6-оқушы: Біздің халқымыз қазақтың батыр қыздары  Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың есімдерін мақтанышпен атайды.Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.7-оқушы: 1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.Әлия мен Мәншүк туралы ән орындалады.Әлия туралы бейнематериал көрсетіледі:8-оқушы: Оны – «дала сермеңдесі», «көк тәңірісі», «аспан перісі», «қанаттылар ханы» деп құрмет тұтты. Дәл осындай текті құстың болмысы қазақтың арда ұлы, Кеңес одағының батыры атағын екі рет алған қыран текті Талғат Бигелдинов еді.Дүниежүзілік екінші соғыстың ажал қорғасындары аспан көгін осқылап жатқан тұста, қазақтың сайын даласынан, Қараөткелден түлеп ұшқан сарша қыран көкке темір тегеурінді әскери ұшақты 305 рет көтерген екен.9-оқушы: Қабиденұлы Төлеген Тоқтаров– қатардағы жауынгер. 1942 жылдан бастап 1943 жылға дейін Сталинград майданында соғысқан. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.10-оқушы: Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, халқымыздың біртуар перзенті – Қасым Қайсенов1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында дүниеге келген.1941 жылдың қараша айында Оңтүстік-Батыс майданның штабына аттандырылып, бас­қыншылар қолында қалған Украина жерін азат ету үшін жау тылына түсіріледі. Қайсенов атамыз сол жерде Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядының басқарушысы болады. Бұдан кейін, 1944 жылдың соңына дейін Чехославакия (қазіргі Чехия), Румыния, Молдавия елдеріндегі партизан қозғалыстарына қатысты. Соғыс аяқталған жылдардан соң бейбіт еңбекке араласып, Қазақстан Жазушылар одағында, баспа мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің ерлігін суреттейтін «Жас партизандар» (1954), «Ажал аузында» (1959), «Жау тылындағы бала» (1961), «Жау тылында» (1973) секілді көптеген шығармалардың авторы.«Әрқашан күн сөнбесін» әні  орындалады.11-оқушы: Соғыс жылдарында айырықша көзге түскен ақындардың бірі – Нұрсұлтан Жұбатұлы. Ауылда мұғалім болып істейтін сауатты кісі болған. Оның майдан даласынан оралмай қалған батырдың бірі Ү.Түктібаевтың анасы Наурызбикеге арнап жазған «Майданнан хат» және анасының атынан жауынгер ұлына арнап жазған «Майданға хат» атты толғаулары осы күнге дейін ел есінде. Енді осы толғауларды тыңдап көрейік. 2-Жүргізуші:
Елге қауіп төнбесін,
Егестен адам өлмесін!
Есен – аман болайық,
Енді соғыс болмасын!
Өртенбесін туған ел!
Шайқалмасын асқар бел!
Шайқалмасын шалқар көл!
1-Жүргізуші:
Жасасын Жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен баршамыз  түрегелеміз! Тәрбие сағатын  Ж. Нәжімеденовтың «Бейбіт күн тілегі» әнімен аяқтау

Тақырыбы:

«Ұрпаққа ұран болған –Ұлы Жеңіс!»

Күні:

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 4 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: 0

Көрнекіліктер

Видеоролик, жеке суреттер, слайдтар

Мақсаты:

- Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат беру;

-  Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу;

-Ұлы Жеңістің қандай жанқиярлықпен, қандай батырлықпен келгенін ұғындыру.


Құндылықтарды

 дарыту


– патриотизм– батылдылық– көшбасшылық– төзімділік

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет, тарих

АКТ қолдану дағдылары

АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта)

Тәрбие сағатының барысы


I.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе сөз

3 -минут

Негізгі бөлім 2-минут

3-минут

6-минут

3-минут

3-минут

2-минут

3-минут

3-минут

Қорытынды бөлім.

- Армысыздар, құрметті қонақтар, оқушылар, мұғалімдер! Әрбіріміз үшін қасиетті де қадірлі мереке Жеңіс күні де келіп жетті. Жеңіске жету жолында аға-апаларымыздың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Ендеше, бүгінгі «Ұрпаққа ұран болған-Ұлы Жеңіс» аталатын ашық тәрбие сағатымыз Ұлы Жеңіске, Жеңіс себепкерлеріне арналады.

Анықтама беру: 9 мамыр – Жеңіс күні өмірді сүйер адамзаттың есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700 танкті, 50 мыңдай қаруды шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті. 5-оқушы: Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірінде тікті.

Мұғалім: -Бармысыздар, алты Алаштың ұландары! «Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуанышпен мерекенің бұлағы»

«Еркін пікір алаңында» ой бөлісу:
Төмендегі Бауыржандай батыр бабамыздың сөзі туралы өз ойыңды айтып көрші. Сен бұл сөзге қандай дәлел қосар едің?
«Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың»

Мұғалім:

Желбіреп жеңіс жалауы, Алаулап жанып алауы. Қазағым бүгін азат ел, Қуанышты бұл жаңалық.

Ортада өз өнерлерін көрсететін бастауыш сынып оқушыларын шақырамыз. .Мұғалім:Азаттық үшін шайқаста, Жауынгерлер жаралы. Қаншама мына қазаққа, Жеңіс күнін сыйлады.Оқушыларға «Ұлы Жеңіске-77жыл» атты видеоролик көрсетіледі. Топтық жұмыс. Топқа бөлу. «Пазылдар»  әдісі арқылы топқа бөлінеді.

Оқушыларға мозаика қиындыларын тарату арқылы 1,2,3 топқа бөліп отырғызады:

1.Бауыржан Момышұлы

2. Әлия Молдағұлова

3.Мәншүк Мәметова

«Кезбе тілші» әдісі. Үзінді сұхбат көрсету.
Мұғалім:

Азаттық сыйлап жаңа күн, Армандап келген сан ғасыр. Бұл жеңіс оңай келген жоқ, Жан беріскен,жан алып.

«Лездеме» әдісі. Өлең құрастыру.

Бинго

Өлеңнің атын айту.

  1. Ақ көгершін

  2. Отан Ана

  3. Бейбіт күн тілегі

  4. Алға,Қазақстан

  5. Мен қазақпын.

  6. Соғыстан қайтқан солдаттар


Мұғалім:

 Отан үшін от кешкен,
Денелерін оқ тескен.
Ұмытпайық бұларды
Ұрпағы үшін жан кешкен...

Хор: Соғыс өрті жанбасын,

Сәбилер жетім қалмасын!

Бесігінде сәбидің, есігінде әр үйдің

Болмасын соғыс, болмасын!

Келешек ұрпақтың тілегі осы.

Халық ерлігі өлмейді, ол жылдар өткен сайын қайта жаңғырып, адамзат зердесіне орала береді. Отан шежіресінде, біздің жүрегімізде батырлар есімі мәңгі жасай береді. Ұрыс даласында қан жұтып, қыршыны қиылған боздақтар да, жеңіс жалауын жер үстінде желбіреткен жауынгерлер де, бізге бірдей қымбат.
Хор: «Бейбіт күн тілегі»

Мұғаліммен амандасады.





Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

1-оқушы:

 Жабады, дала төсін, нала, қайғы,

Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.

Қып қызыл көлдің бетін, сұңқылдаған

Аққулар қанатымен сабалайды.

2-оқушы: 

 Жаныштап ажал ызғары,

Қайғыдан жүрек мұздады.

Қаусатып кетті қарттарды,

Қартайтып кетті қыздарды.

3-оқушы:

Отан Ана жылағанда шерленіп,

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.

«Қара бұлтты қақ жарайық» деді де,

Қолдарына қару алды ерленіп.
Оқушылар назарын видеороликке аударады.
Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады..


Оқушылар бір сәт өткенге оралып, «Кезбе тілші» әдісі арқылы сұхбат жасайды.

1-топ:Бауыржан Момышұлынан сұхбат.

2-топ: Әлия Молдағұловадан сұхбат.

3-топ: Мәншүк Мәметовадан сұхбат.
1-топқа:

Соғыс жалмап аға, іні, бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

2-топқа:

Жабады, дала төсін, нала, қайғы,

Шын қайғы жас-кәріге қарамайды.

3-топқа:

Жаныштап ажал ызғары,

Қайғыдан жүрек мұздады


Оқушылар хормен айтады.


Оқушылар орындарынан тұрып «Бейбіт күн тілегі» әнін орындайды.


написать администратору сайта