Главная страница
Навигация по странице:

  • 2. Инвестициялық жоба

  • Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу. Курс 3 Оу тобы фин2031


    Скачать 23.31 Kb.
    НазваниеКурс 3 Оу тобы фин2031
    Дата28.12.2022
    Размер23.31 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИнвестицияларды қаржыландыру және несиелеу.docx
    ТипДокументы
    #867700

    Жауап парағы
    Студент аты-жөні: Барысова Гулмира

    Курс: 3 Оқу тобы: ФИН-20-31

    Пәннің атауы:
    Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу

    Пән оқытушының аты-жөні: Кусаева Нургуль Сатжановна

    Аралық бақылау: Емтихан

    № 6 билеті


    1.

    Капитал салымының объектілері және инвестициялық процеске қатысу сипаты бойынша инвестициялар түрлері

    2.

    Инвестициялық мүмкіндіктерді жоба алдындағы зерттеу көрсеткіштерін атаңыз


    1. Инвестиция термині латынның «invest» сөзінен аударғанда «салым салу» мағынасын білдіреді. Қазақстанда нарықтық қатынастарға өтумен байланысты және экономикадағы реформаларды жүргізу нәтижесінде инвестиция ұғымы пайда болды. Жоспарлы экономика кезінде негізгі қорлардың ұдайы өндірісіне және оның жөнделуіне кеткен шығындар деген термин бойынша «капитал салымы» немесе «капитал жұмсалымы», яғни ұзақ мерзімде негізгі капиталға салым салу термині қолданылған. Қазіргі уақытта «инвестиция» термині әртүрлі мағынада қолданылады, солардың бірнешеуіне тоқталайық. Инвестиция – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілерге салынатын заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын, жылжитын және жылжымайтын мүліктерді, интеллектуалдық құндылықтарды, ақшалай салымдарды, бағалы қағаздарды білдіреді. Инвестиция – табыс немесе пайда табу үшін ақша қаражаттарын салу, табыс немесе пайда табу үшін сатып алынған мүлік. Инвестиция және инвестициялық қызмет ♦ 8 Инвестиция – экономикалық жүйеде қызмет ететін капитал көлемінің, яғни адамдармен құрастырылған өндіріс құралдарының ұсынылған мөлшерінің ұлғаюы. Инвестиция – ол өнеркәсіптің, құрылыстың, ауылшаруашылықтың және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып жұмсалатын шығындар жиынтығы. Сонымен қатар, инвестиция – капитал салу және күрделі қаржы. Инвестиция – бұл жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да еңбек құралдарын енгізумен байланысты өндірістің ұлғаюына және жаңаруына жұмсалатын шығындар. Инвестиция – бұл шаруашылық өмірге бағытталған салымдар және капитал құнын сақтайтын немесе өсіретін, сондай-ақ табыстың өсуіне әкелетін капитал жұмсау әдісі. Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңына сәйкес инвестиция – лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері деп анықтама берілген. Қазіргі ғылыми әдебиеттерде «инвестиция» түсінігі әртүрлі мағынада қолданылады. Кең мағынасындағы инвестиция пайда табу кезінде активтердің қолданылуын түсіндіреді. Халықаралық заңдарда инвестицияны саяси және әлем шаруашылығы аспектілері шеңберінде сипаттайды. Жалпы инвестицияны қарастырғанда, оның мазмұндық сипаттамасынан бұрын инвестицияның мақсатты бағыттарын білу керек. Осы тұрғыдан алғанда инвестиция – табыстың ең маңызды бөлігін құрайды. Себебі, ол жалпы ұлттық табысты өндіруге жұмсалады және капитал құру мен ақша капиталына қарағанда нақты капиталды ұлғайтумен байланысты өндірісті ұлғайтуға, оны кеңейтуге кеткен шығындарды көрсетеді.
    2. Инвестициялық жоба - халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба – бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыны

    Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қонырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

    Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс

    Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәір дәлелді аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса,онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.


    написать администратору сайта