Главная страница
Навигация по странице:

  • Студенттің өзіндік жұмысы Мамандығы

  • Курс: 3Тобы

  • Ұлты

  • Қосымша шағымдары

  • Status prаesаens communis (жалпы қарау)

  • Мүшелеп қарау: Басты қарау

  • Кеудені қарау

  • Пальпация

  • Жүрек қан тамыр жүйесі Пальпация

  • Перкуссия

  • Ішті қарағанда

  • Перкуссия Перкуторлық дыбыстың сипаты тимпаникалық, сұйықтықтың болуы анықталған жоқ. Асцит жоқ.Зәр шығару жүйесі: Пальпация

  • Зерттеу жоспары: Жалпы қан анализ, Жалпы зәр анализі, Қанның биохимиялық анализі, бүйректің сынамалары:Нечипоренко сынамасында

  • Зимницкий сынамасында

  • Қанның биохимиялық анализі

  • Лабораториялық тәсілдер: Қан анализі

  • Несеп жағынан байқалатын ең тән белгілер

  • гломерулонефрит. Мереке ГН рк4. Курс 3 Тобы 312а таырыбы


    Скачать 173.3 Kb.
    НазваниеКурс 3 Тобы 312а таырыбы
    Анкоргломерулонефрит
    Дата18.05.2021
    Размер173.3 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМереке ГН рк4.docx
    ТипДокументы
    #206358


    Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті



    Студенттің өзіндік жұмысы

    Мамандығы:Жалпы медицина

    Пәні:Ішкі аурулар пропедевтикасы

    Курс: 3

    Тобы: 312А

    Тақырыбы:Жедел гломерулонефрит

    Орындаған:Қайрлаева Мереке

    Тексерген:Биясилов Н

    Ақтөбе ,2021ж

    Паспорттық бөлім:

    Науқастың аты-жөні:Бекболат Дархан Хамитович Түскен күні мен уақыты:10.02.2021 ж. Жынысы:ер Жасы:19.04.1980 ж.(40жас)

    Ұлты: қазақ Тұрғылықты мекен жайы: : Ақтөбе қаласы,Абая 9 Клиникалық диагнозы:жедел гломерулонефрит.

    Түскен кездегі шағымдары:
    Негізгі шағымдары: ісіктердің пайда болуына, бас ауруына, демігу ,бел аумағының ауырсынуына,тәуліктік диурездің азаюына, несеп түсінің өзгеруіне шағымданды.

    Қосымша шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық. көз көруінің нашарлауына,естен тану.

    Anamnesis morbi(ауру тарихы):

    Науқас бұрын А тобының стрептококтан болатын аурумен ауырған ,одан кейін 3 апта бұрын гриппен сырқаттанған, содан кейін жазылған, бірақ жазылғаннан соң 2,5 аптадан кейін оң жақ бел аумағының ауырсынуына,несеп бөлінуінің азаюына, несеп түсінің қызаруына,сондай-ақ басының ауырсынуына шағымданып ауруханаға келеді. Өзінің бойындағы шағымдары 1аптадан бері мазалайды.Гриппен жылына 6-7рет сырқаттанып тұрады,содан кейін өзін жайсыз сезінетін еді,соңғы гриппен ауырған соң өзін тіпті нашар сезінген соң,ауруханаға баруға бел буған.

    Anamnesis vitae:

    1980 жылы сәуір айының 19-ы Ақтөбе қаласында дүниеге келген,өсіп дамуы жасына сай.Бірінші жүктіліктен туылған. Туылғанда 3200г, бойы 58см болып туылған.Барлық екпелерін уақытылы салдыртқан.Туберкулез, жыныстық қатынаспен берілетін, тері-венерологиялық ауруларды жоққа шығарады.Травма болған жоқ. Ота,қан құйылулар болмаған. 3баласы бар.

    Әкесінде артериялық гипертензия болған,миокард инфарктысынан қайтыс болған. Анасында бронхиалдық демікпе бар.

    Зиянды әдеттері:темекіні 20 жасынан бастап тартады,алькоголь өнімдерін жиі,көп мөлшерде ішеді.

    Балалық шақта жиі суық тию, гриппен ауырған.

    Status prаesаens communis (жалпы қарау):

    Науқастың жалпы жағдайы: орташа

    Санасы: айқын,бұзылмайды.

    Қалпы: Демігу және ұстамалы тұншығу кезінде ортопноэ қалпында.

    Дене бітімі: Конституциялық түрі-нормостеникалық,

    Бойы – 173 см, дене салмағы – 75 кг., дене тұрқы - еңкейіп, жүрісі – баяу.

    Дене температурасы: субфебрильді

    Бет әлпеті: ісінген.

    Терісімен кілегей қабаты ағарған және тері астында ісік бар екенін көруге болады.

    Лимфа түйіндері: пальпацияланбайды.

    Сүйек-буын жүйесі патологиясыз.

    Мүшелеп қарау:

    Басты қарау: бас пішіні қалыпты, бет пішіні дұрыс, көз алмасы дөңгелек формалы, бірдей өлшемді.

    Мойынды қарау: өзгеріссіз.

    Кеудені қарау: кеуде қуысының деформациясы байқалмайды.

    Аяқ-қолын қарау: ерекшеліксіз

    Тыныс алу жүйесі

    Тыныс алу түрі аралас, тыныс алу қозғалысы симметриялы тыныс алуда қосымша бұлшықеттердің қатысуы жоқ. Тыныс алу жиілігі минутына 19. Тынысы ырғақты.

    Пальпация:Пальпация кезінде ауырсыну аймақтары анықталған жоқ, кеуде серпімді, дауыстық діріл екі жағынан бірдей, өзгермейді.

    Перкуссия:Өкпенің төменгі бөліктерінің үстінде өкпе дыбысының қысқаруы.

    Аускультация:Кеуде қуысының симметриялы бөліктерінде тынық дыбыс ,ылғалды сырылдар естіледі.Бронхофония:Кеуде қуысының симметриялы бөліктерінде екі жағынан да естілмейді.

    Жүрек қан тамыр жүйесі

    Пальпация:Жүрек ұшы түрткісі солға және төмен ығысқан. Мысықтың пырылы анықталған жоқ. Пульс екі қолында бірдей, жиілігі минутына 55 соққы, ырғақты,тамырды толтыру және кернеуі қалыпты.

    Перкуссия:Жүрек шала тұйық дыбыс шегі солға ығысқан(артериялық гипертензия салдарынан болатын сол жақ қарынша гипертрофиясы).

    Аускультация:Қолқа үстінен II тонның акценті.ЖСЖ 55 соққы/мин,брадикардия,қан қысымы 150/100 мм с.б.

    Қан жүйесі:

    Қанның жалпы анализінде аздап лейкоцитоз, ЭТЖ-ң 20-50 мм/сағ. дейін жылдамдағаны, диспротеинемия ,анемия.ЭТЖ көбеюі-нефрит активтігінің белгісі.Қандағы қалдық азот қалыпты мөлшерде болады.Оның шамалы мөлшерде көбеюі олигоанурия кезінде ғана байқалады.Шамалы мөлшерлердегі гипопротеинемия кан гидремиясымен және сирегірек жағдайда протеинемиямен байланысты болады.Глобулиндер(негізінен альфа-2 және гамма-глобулиндер) мөлшерінің көбеюі.


    Эндокрин жүйесі:

    ГН-нің нефротикалық түрінде бос T4деңгейінің төмендеуі анықталды. Гипертониялық жағдайда TТГ деңгейінің (82%)жоғарылауы.Лимфа түйіндері :пальпацияланбайды.
    Асқорыту жүйесі:

    Ауыз қуысын тексерген кезде:таңдай бозғылт қызғылт түсті, дымқыл, бөртпелер жоқ. Тіл қалыпты пішін мен мөлшерде, жарықтар, жаралар жоқ. Жұтқыншақтың шырышты қабаты ылғалды, бозғылт қызғылт түсті, бляшка мен бөртпелер анықталған жоқ. Бадамша бездері қалыпты.

    Ішті қарағанда:қалыпты, симметриялы, іші ісінбеген, көрінетін ішек перистальтикасы және венозды коллатералдар жоқ. Іш қуысы тыныс алу актісіне біркелкі қатысады.

    Пальпация;Беткей пальпация:Ауырсыну аймағының болуы(екі жақты ауырсыну), іш қабырғасының бұлшық еттерінің кернеулігі байқалмады.

    Перкуссия

    Перкуторлық дыбыстың сипаты тимпаникалық, сұйықтықтың болуы анықталған жоқ. Асцит жоқ.

    Зәр шығару жүйесі:

    Пальпация:Бүйрек: пальпацияланбайды. Ауырсыну нүктелерінде пальпация кезінде ауырсыну жоқ.

    Бастапқы диагноз : жедел нефритикалық синдром
    Зерттеу жоспары:

    Жалпы қан анализ, Жалпы зәр анализі, Қанның биохимиялық анализі, бүйректің сынамалары:

    Нечипоренко сынамасында: гематурия лейкоцитуриядан басым болады.Цилиндрурия-гиалин цилиндрлерінің саны-25000.

    Зимницкий сынамасында:гипостенурия,никтурия

    Жалпы қан анализі:

    Гемоглобин-100г/л

    Лейкоцит- 4,5*10(9)/л

    Эритроцит-3,9*10(12)/л

    ЭТЖ-25


    Қанның биохимиялық анализі:

    Белок- 60 г/л

    Креатинин-120мкмоль/л

    Билирубин-15,6 мкмоль/л

    Зәр қышқылы- 300мкмол/л


    Жалпы зәр анализі:

    • Түсі- қызғылт

    • Мөлдірлігі- толық

    • Реакциясы РН-5

    • Тығыздығы-1,028




    • Белок-1,5%

    • Лейкоциттер-6

    • Эритроциттер-15 Жалпы диурез: 600мл,




    *Клиникалық диагноз:жедел гломерулонефрит.

    Диагноздың негіздемесі:

    Негізгі шағымдары: ісіктердің пайда болуына, бас ауруына, демігу ,бел аумағының ауырсынуына,тәуліктік диурездің азаюына, несеп түсінің өзгеруіне шағымданды.

    Қосымша шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық. көз көруінің нашарлауына,естен тану.

    Anamnesis morbi(ауру тарихы):Науқас бұрын А тобының стрептококтан болатын аурумен ауырған ,одан кейін 3апта бұрын гриппен сырқаттанған, содан кейін жазылған, бірақ жазылғаннан соң 2,5аптадан кейін оң жақ бел аумағының ауырсынуына,несеп бөлінуінің азаюына, несеп түсінің қызаруына,сондай-ақ басының ауырсынуына шағымданып ауруханаға келеді. Өзінің бойындағы шағымдары 1аптадан бері мазалайды.Гриппен жылына 6-7рет сырқаттанып тұрады,содан кейін өзін жайсыз сезінетін еді,соңғы гриппен ауырған соң өзін тіпті нашар сезінген соң,ауруханаға баруға бел буған.

    Anamnesis vitae:

    Әкесінде артериялық гипертензия болған,миокард инфарктысынан қайтыс болған. Анасында бронхиалдық демікпе бар. Темекіні 20 жасынан бастап тартады,алькоголь өнімдерін жиі,көп мөлшерде ішеді.

    Балалық шақта жиі суық тию, гриппен ауырған.

    Лабораториялық тәсілдер:

    Қан анализі: Қанның жалпы анализінде аздап лейкоцитоз, ЭТЖ-ң 20-50 мм/сағ. дейін жылдамдағаны, диспротеинемия ,анемия.ЭТЖ көбеюі-нефрит активтігінің белгісі.Қандағы қалдық азот қалыпты мөлшерде болады.Оның шамалы мөлшерде көбеюі олтгоанурия кезінде ғана байқалады.Шамалы мөлшерлердегі гипопротеинемия кан гидремиясымен және сирегірек жағдайда протеинемиямен байланысты болады.Глобулиндер(негізінен альфа-2 және гамма-глобулиндер) мөлшерінің көбеюі.

    Несеп жағынан байқалатын ең тән белгілер: протеинурия,гематурия және цилиндрурия,гиалин,эритроцит және түйіршікті цилиндрлер.Каковский-Аддис,Нечипоренко сынама тәсілдерінде гематурия лейкоцитуриядан басым болады.

    Несептегі өзгерістер-бүйрек шумақтарындағы өзгерістердің белгісі.

    Бүйректердің функциялық күйі өзгермейді.Олигурияда несептің меншікті салмағы өседі,ал бүйрек жетіспеушілігіндегі олигурияда несептің меншікті салмағы төмен болады.

    Пациенттің шағымдарын ести отырып,объективті және субъективтік тексерулердің нәтижелеріне негіздеп,яғни лабораториялық анализ нәтижелеріяғни, ЭТЖ жоғарылауы, глобулиндер жоғарылауы,гипопротеинемия,зәрдегі эритроциттердің көп болуы, протеинурия,цилиндрурия болуы науқаста жедел гломерулонефрит екенін растайды.Сондай-ақ шағымдары,яғни артериялық гипертензия, ісіктер болуы, несеп түсінің өзгеруі, азаю жедел гломерулонефрит диагнозын растайды.


    написать администратору сайта