Нургереева Курсовая работа. Курсты Жмыс
Скачать 3.65 Mb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ Ө. Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасы КУРСТЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы:
Оқытушы: Жақыпбек Ы. Студент: Нургереева Ф. Мамандығы: 6В03704 Алматы 2022 ж МАЗМҰНЫКІРІСПЕ 3 Жерге орналастыру жұмыстарының мөлшерін есептеу 4 Инженерлік-техникалық кадрлардың қажеттілігін олардың квалификациясы бойынша анықтау 9 Еңбек ақы қорын есептеу. Шығындар сметасын құру 11 Жұмыс уақытын тіркеу табелін жүргізу. Еңбек ақы төлеу ведомосі 16 ҚОРЫТЫНДЫ 19 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 20 КІРІСПЕ Жерге орналастыру жобасын бекіту жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен жүзеге асырылады. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жерге орналастыру жобасын бекіту туралы бұйрығы одан әрі жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорына тиісті өзгерістер енгізу үшін (мемлекет меншігіндегі жерлерден жер учаскесін беру жағдайларынан басқа) негіз болады. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жерге орналастыру жобасы Тапсырыс берушіге беріледі, жерге орналастыру жобасының көшірмесі жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органда сақталады. Материалдардың толықтығы мен жерге орналастыру жобасының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі үшін оны бекіткен уәкілетті орган жауапты болады. Бекітілген жерге орналастыру жобасынан жер-кадастрлық құжаттамаға енгізілетін жер учаскелері туралы мәліметтердің дұрыстығын қолданыстағы заңнамалық актілерге сәйкес жерге орналастыру жобасын әзірлеуші қамтамасыз етеді. Жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары құпиялылық белгісі немесе қызмет бабында пайдалану үшін белгісі болған жағдайда, координаттардың жиынтық ведомосы жерге орналастыру жобасының құрамына қосылмайды және Тапсырыс берушіге берілмейді. Бекітілген жер Индустрия жобасы жер Индустрия жобасын әзірлеушімен тігілуі және нөмірленуі тиіс. 1. Жерге орналастыру жұмыстарының мөлшерін есептеу І. Ауылшаруашылық дешифрлеу Таңдап алынған жер: Алматы обласы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылы. Жалпы ауданы: 14259213.211 м² 1 сурет - Тұздыбастау спутниктегі көрінісі Тұздыбастау — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Тұздыбастау ауылдық округінің орталығы. Қарашеңгел ауылдық округінің құрамына кіреді. Аудан орталығы – Талғар қаласынан батысқа қарай 15 км жерде, Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. 2010 жылы тұрғындар саны 9182 адам (4553 ер адам және 4629 әйел адам) болса, 2019 жылы 12577 адамды (6217 ер адам және 6360 әйел адам) құрады. 1996 жылға дейін “Калинин” деп аталған. 1929 – 1997 жылдары көкөніс, сүт өндіретін ұжымшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылы Тұздыбастауда ЖШС, ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Ауыл Алматы қаласынан алыс орналаспағанына байланысты, шаруаға бейім халық қалаға жұмыс орнына тұрады. Сол себепті әр үйде кемінде бір жылжымалы транспорт болу қажет. Ауылдан қалаға жұмысқа барып – келу процесі, өзіннің көлігін болмаса, өте қымбат процес. Айына алып жатқан қаражат тіпті ақталмай қалады. Тұздыбастау халық санынан үлкен ауыл, осыған байланысты көлік те көп. Әр көлікке уақытылы күтім керек, немесе көлік уақытынан тез істен шығып, жарамсыз болып қалады. Ал бұл мәселе жұмысқа бару процесін қиындатуы мүмкін. Осы мәселені шешу үшін, мен автокөлік жуу, жанармай құю және техникалық қызмет көрсету станциясын салуға көштім. ІІ. Аудандарды есептеу А втокөлік жуу, жанармай құю және техникалық қызмет көрсету станциясын салу жерді дайындаудан басталады. Жерді мен бұрынғы тұрған орынын өңдеп, жаңа план ұсындым. 2 сурет - Автокөлік жуу, жанармай құю және техникалық қызмет көрсету станциясын салу үшін алынған жер телімі ІІІ. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру Жерге орналастыру процесі мынадай кезеңдерді қамтиды: жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау; жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу; жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту, жерге орналастыру жобасын орындау; Ішкі шаруашылық жерге орналастыру – жерге орналастырудың бір түрі. 1 кезең – кәсіпорынның иелігіндегі, пайдалануындағы немесе арендаға алған жері, оны территориялық ұйымдастыру. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру дегеніміз шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік территориялық ұйымдастыру шараларының жүйесі: жерді, адамдардың еңбегін, а/ш техниканы тиімді пайдалану үшін, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін. Жұмыстың 2-ші кезеңі - шегаралардың және межелік белгілердің сақталуы; жер меншігінің және жер пайдаланудың құқықтық, жерді есепке алу және пландық-картографиялық құжаттарға сәйкес келуінен тұрады. Өндіріс салалары, өндіріс бөлімшелері, елді мекендер бойынша адам еңбегінің жеткіліктілігі, энергиямен қарулануын қамтиды. 3 кезең жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту, жерге орналастыру жобасын орындаудан құралады. Қажет құжаттама: өтініш; қызмет түрлерінің тізбесі; куәлік және банк деректемелері; шеберхана үшін жер учаскесін жалға алу шарты; кәсіпорынның жарғысы; СЭС, өрт қадағалау, ГНИ есепке қою туралы анықтамалар; ҚТ-ға, қауіпсіздік пунктіне жауапты адамдарды тағайындау туралы бұйрықтар; жөндеу және ТҚК жүргізуге жауапты адамды тағайындау туралы бұйрық; кәсіби жарамдылығын және дайындығын куәландыратын құжаттың көшірмесі; ГОСТ стандарттарына сәйкестік сертификаты (IP үшін міндетті емес, бірақ куәліктің болуы клиенттердің назарына көп салмақ береді). Шартты түрде барлық ТЖО қалалық және қала маңындағы немесе жол болып бөлінеді. Жолдар жанармай құю станцияларында орналасқан немесе қонақ үйлердің жанындағы тас жол бойында орналасқан. Олар әдетте кішігірім жөндеумен немесе шиналармен байланысты тар мамандандыруға ие. Қалалық Автомобиль шеберханалары бірнеше түрге бөлінеді: Кешенді. Бұл толыққанды Автосервис, онда барлық қызметтер кешені қарастырылған, сондай-ақ ассортиментте толымдаушылар мен қосалқы бөлшектердің үлкен таңдауы бар; Мамандандырылған. Мұндай станциялар әдеттегі автосервистерге қарағанда төмен құны бойынша белгілі бір Қызметтерді көрсетуге" қамалған"; Сертификатталған. Автокөліктердің белгілі бір маркаларын жөндеумен айналысатын ТЖО. Оларда өндірушінің сертификаты бар және ассортиментте - автокөліктің нақты модельдеріне арналған компоненттер мен АВТО бөлшектердің үлкен таңдауы. Менің автокөлік жуу, жанармай құю және техникалық қызмет көрсету станциям кешенді түрінде жүзеге асады. Яғни, қызметтердің толық циклі бар үлкен қызмет көрсету орны. ТЖО ғимараты тұрғын үйлер мен су қоймаларынан кемінде 50 м қашықтықта орналасқан, автомобиль жолдары жанында орналасады. Автосервис масштабына байланысты ғимараттың өлшемдерін таңдадым, кемінде 30 м. ғимараттың биіктігі кемінде 3,5 м. Ғимарат ішінде сумен, жарықпен жабдықтау жүйесі, газ құбыры және канализация бар. Ғимаратқа кіреберістің болуы. Автотұрақтың үлкен кеңістігі. Автосервис ашу үшін құжаттар тізімі Автосервис ашу үшін қажетті құжаттар тізімін қорытындылап, жүгірдім. Бұрын кәсіпкерге қызмет көрсетуге лицензия қажет болатын. Енді лицензияны алудың қажеті жоқ, бұл құжаттарды рәсімдеуге уақытты үнемдейді. Автосервисті тіркеу үшін қандай құжаттар қажет: Бизнесті тіркеу туралы куәлік (ЖК немесе ЖШҚ); Автосервис үшін үй-жайды жалдау немесе меншіктеу туралы шарт; СЭС-тен анықтама; Өрт қадағалау қызметінің қорытындысы. 3 сурет – Жер учаскесі бойынша AutoCad бағдарламасында салынғын генеральный план 4 сурет – AutoCad бағдарламасында салынғын Автосервис аумағындағы жер телімдері АКТ “01” сәуір 2022 ж Мен, Нургереева Фатима Сержанқызы жерге орналастырушы (жоба авторы) Есентемирова Мадина Әділетқызының қатысуымен Алматы облысының Тұздыбастау ауылдық елді-мекенінің шаруашылық жерін орналастыру жобасын жергілікті орнында тексердім. Жоба жасалған: Алматы обл. Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық елді-мекені, «Жайлау» ықшам-ауданы, 102 даңғылында. Жалпы ауданы 1600 кв.м. құрайды. Жердің берілу мақсаты: Автосервис обьектісінің құрылысына және техникалық қызметін көрсетуіне. Кадастрлік номері: 03-051-060-066 1.04.2022 жылдан 30.06.2022 жылга дейінгі мерзімде. 2. Инженерлік-техникалық кадрлардың қажеттілігін олардың квалификациясы бойынша анықтау Объект бойынша техникалық көрсеткіштер: Ғимарат көлемі кемінде 30 м. Биіктігі кемінде 3,5 м Киінетін бөлме, жуыну бөлмесі және дәретхана кемінде 50 шаршы метр аумақта орналасқан. Автосервис ішінде жүретін жолдар мен өтпелердің көлемі жалпы аумақтың кемінде 25% алады. Үй-жайлардың ішінде сумен жабдықтау, канализация, жылу және желдету жүйесі бар. Төбенің астындағы желдету - ең жақсы нұсқа емес, өйткені машиналар жұмыс істеген кезде шығарылатын газдар ауадан ауыр. Сондықтан ауаны баптау жүйесі еденнен 1 м-ден аспайтын қашықтықта орналасқан. Ғимаратқа кіреберістің болуы. Көлік иелері міндетті түрде бағалайтын үлкен автотұрақ қосымша плюс болады. Кемінде 1600 шаршы метрді құрайтын екі вагон көтергіштері бар шағын автожөндеу шеберханасына арналған ғимараттың түсірілімі оңтайлы болады. Менің ТЖО станциямда қарастырылған: негізгі жұмыс жүргізілетін жұмыс аймағы; тұтынушылармен байланысу үшін қызмет көрсету аймағы, кейде шағын автокөлік бөлшектері дүкені; әкімшілік кеңсесі; қоймалар; жуынатын бөлме, душ, қызметкерлерге арналған киім ауыстыратын бөлме; Салынған Автосервиске келесі кезекте кадрлардың қажеттілігі туындайды. Сол себепті негізгі тұжырымдамалар қалыптасады (1,2-Кесте). 1-кесте Инженер-техникалық кадрлардың қажеттілігін есептеу
2-кесте Айлық көрсеткіштер
3-кесте Кадрлар балансы
4-кесте Жерге орналастыру топтарын құру
3. Еңбек ақы қорын есептеу. Шығындар сметасын құру Автосервистің бас жоспарын шаруа процесіне жұмсау үшін мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын есептедім, оның ішінде: бас инженер, аға инженер, инженер, аға техник, техник және қосалқы қызметкерлер, атап айтқанда: аға бухгалтер, аға меңгеруші, қойма меңгерушісі, хатшы-машинист, шоферлер, базадағы еңбеккер қызмет төлем қорын есептеп шығардым (1,2-кесте). Бас инженерге – 138 000 тг, 2 аға инженерге – 241 100 тг, 3 инженерге – 226 950 тг, аға техник – 98 850 тг, 2 техникке – 130 600 тг айлық жалақыдан бөлдім. Орта айлық жалақыны ескере отырып айлық жалақы мөлшерін 3 жұмыс айына бекіттім, жалпы еңбек ақы қорын есептеп шығардым (бас инженерге – 414 000 тг, 2 аға инженерге – 723 300 тг, 3 инженерге – 680 850 тг, аға техник – 296 550 тг, 2 техникке – 391 800 тг). Келесі ретте құрылыс алаңына қызметкерлерді жинау мақсатында сөткелік жұмыс құнын ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Egov.kz сайтындағы 2022 жылға арналған айлық сәуір айындағы есептік көрсеткішке сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) – 3 180 тг. Сонымен, сөткелік ақы 9 540 тг толықты. Ендігі кезекте зейнетақыны және әлеуметтік медициналық сақтандыруды есептеуге қажет болатын мәлімет: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген, Заңның 39-бабының 2-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын кірісінің 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төленуге тиіс; Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары былай деп белгіленді: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдар есептелетін объектінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Нақты шаруа процесіне жұмсау үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын есепке енгізгеннен кейін мекеменің шығындар схемасын құрастыруға көштім. Аталған схемада негізгі айлықтың 8% сыйлық қоры 491 424 тг, сөткелік шығындар 85 860 тг, негізгі айлық қоры 6 142 800 тг, көтерме ақша 1 842 840 тг, көмекші құрылыс материалдарының бағасы 875 500 тг, жабдықтар амортизациясы 17 510 тг және техникалық жәрдем 450 000 тг есепке алынды. Техникалық айлар санының жиыны – 3. Демек 3 айға шаққанда: негізгі айлық 2 047 600 тг, сыйлық қор 163 808 тг, сөткелік 28 620 тг, көтерме ақша 614 280 тг, көмекші құрылыс материалдарының бағасы 291 833,4 тг, жабдықтар амортизациясы 5 866,7 тг және техникалық жәрдем 150 000 тг құрайды. Жалпы жерге орналастыру жұмыстарының шығындар жиыны схема бойынша 11 339 254 тг құрайды. (3-кесте). Автосервис бойынша менің жобамның жерге орналастыру жұмыстары жоспар бойынша 3 кезеңге, атап өткенде: шаруашылық аралық жерге орналастыру, аудандарды есептеу, жер жұмыстары болып бөлінді. Алынған учаскенің жалпы аумағы 1600 м2 құрайды, оның ішінде: 1 кезеңге 500 м2; 2 кезеңге 300 м2; 3 кезеңге 800 м2 аумақтан бөлінді. Сәйкесінше, әр кезеңге 1, 1 және 2 айға жоспарланып уақыт берілді. Алдын ала бекітілілген техникалық айдың құнын берілген мерзімдерге бөлетін болсақ: 360350 тг, 360350 тг және 460500 тг есептеледі (4-кесте). 1:5000 масштабта орындалған жоба жоспарының кезең бойынша жасалған жұмыстарды қабылдау процессі жүргізілді. Жоспар бойынша жұмыс уақытылы, әрі толық орындалды. Осыған сәйкес жұмыстың орындалу сапасына және айлық орындалу нормасына баға берілді (5-кесте). ХАТТАМАСЫ Автосервис мекемесінің басшылығының жиналысының Қатысқан адам саны 11Төрағасы: Рашитова Дина Қайырбекқызы Хатшысы: Исмаилов Ерболат Мұратұлы ТЫҢДАЛДЫ: шаруашылық жерін орналастыру жобасын орын-даушы жерге орналастырушы Нургереева Фатима Сержанқызы ҚАБЫЛДАНДЫ: Жасалған жобаны қабылдау, келесі шешімдерімен: 1. Орталық елді мекенді және қосымша елді мекенді орналастыру; 2. Автосервис құрылысына жер таңдау (9 қызметкер); 3. Жерге орналастыру жұмыстары жоспар бойынша: шаруашылық аралық жерге орналастыру, аудандарды есептеу, жер жұмыстары. 4. Ауданы: 1600 м2 Шаруашылық аралық жерге орналастыру - 500 м2; Аудандарды есептеу - 300 м2; Жер жұмыстары - 800 м2 ҚАБЫЛДАНДЫ: жобаны қабылдау және жобаны бекітуді аудандық әкімшіліктен сұрау. Төрағасы Кулисбаева Шұғыла Ержанқызы Хатшысы Есболатов Ақназар Кемелұлы КӨШІРМЕ Алматы облысы әкімшілігінің “01” сәуір 2022 ж. шешімнен Автосервис жерін орналастыру жобасы туралы аудан әкімшілігі Жер кодексінің 14-бабына сәйкес шешім шығарды: Жобаны келесі негізгі көрсеткіштер бойынша бекіту: пайдаланылатын жердің жобалық қоры1600 м2 Шаруашылық аралық жерге орналастыру - 500 м2; Аудандарды есептеу - 300 м2; Жер жұмыстары - 800 м2 Автосервисті жерге орналастыру: 2. Үй, өндіріс және мәдени-тұрмыс құрылысын салуды міндеттендіру. 3. Қазақстан Республикасының Алматы облысының Тұздыбастау ауылдық елді-мекенінің “Auto Help” фирмасының жерін орналастыру жобалық планын тексеру 4. Шаруашылықтық-ирригациялық және жол торабын қайта құру шаруашылықтық жерге орналастыру жобаға сәйкесті жүзеге асыруы міндеттеу. Аудан әкімі: Абдіханов Қайдар Алиханұлы Хатшысы: Шайхисламова Дана Құттыбекқызы АКТ “01” сәуір 2022 ж Мен, Нургереева Фатима Сержанқызы жерге орналастырушы (жоба авторы) Есентемирова Мадина Әділетқызының қатысуымен Алматы облысының Тұздыбастау ауылдық елді-мекенінің шаруашылық жерін орналастыру жобасын жергілікті орнында тексердім. Жоба жасалған: Алматы обл. Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылдық елді-мекені, «Жайлау» ықшам-ауданы, 102 даңғылында. Жалпы ауданы 1600 кв.м. құрайды. Жердің берілу мақсаты: Автосервис обьектісінің құрылысына және техникалық қызметін көрсетуіне. Кадастрлік номері: 03-051-060-066 1.04.2022 жылдан 30.06.2022 жылга дейінгі мерзімде. ХАТТАМАСЫ Автосервис мекемесінің басшылығының жиналысының Қатысқан адам саны 11Төрағасы: Рашитова Дина Қайырбекқызы Хатшысы: Исмаилов Ерболат Мұратұлы ТЫҢДАЛДЫ: шаруашылық жерін орналастыру жобасын орын-даушы жерге орналастырушы Нургереева Фатима Сержанқызы ҚАБЫЛДАНДЫ: Жасалған жобаны қабылдау, келесі шешімдерімен: 1. Орталық елді мекенді және қосымша елді мекенді орналастыру; 2. Автосервис құрылысына жер таңдау (9 қызметкер); 3. Жерге орналастыру жұмыстары жоспар бойынша: шаруашылық аралық жерге орналастыру, аудандарды есептеу, жер жұмыстары. 4. Ауданы: 1600 м2 Шаруашылық аралық жерге орналастыру - 500 м2; Аудандарды есептеу - 300 м2; Жер жұмыстары - 800 м2 ҚАБЫЛДАНДЫ: жобаны қабылдау және жобаны бекітуді аудандық әкімшіліктен сұрау. Төрағасы Кулисбаева Шұғыла Ержанқызы Хатшысы Есболатов Ақназар Кемелұлы Агрофирманың шаруашылық жерін орналастыру жобалық планын тексердім: Кесте 6
АКТАлматы облысы Тұздыбастау ауылдық елді-мекенінің “Auto Help” фирмасының шаруашылық жерін орналастыру жобасын жер бетінде көрсету Жобаны жасаған жерге орналастырушы “1” сәуір 2022 ж. Топ жетекшісі Исмаилова Қарақат Жоба планын тексеруші инженер-жерге орналастырушы Абдуллаев Алмаз қол таңба Жоба планын тексергенде жоба авторы инженер-жерге орналастырушы қатысты Нургереева Фатима Сержанқызы подпись ________________________ «1» сәуір айы 2022 ж. Жұмыс уақытын тіркеу табелін жүргізу. Еңбек ақы төлеу ведомосі Жұмыс барысында, жұмыс уақытын тіркеу табелін жүргіздік. Мен 3 ай, яғни сәуір, мамыр, маусым айларын, қарастырдым. Сәуір айында камералдық жұмыстар саны – 14, далалық жұмыстар саны – 7, демалыс күні – 9. Жалпы жұмысқа келген барлық күндері – 21. Жұмысқа келген күндерді қызметкерлер санына шаққанда – 245. ЕСЕПТЕУ 1.Орындалған жұмысының мөлшеріне қарай еңбек ақысы 2 125 378 теңге 2.Далалық жұмыс төленетін окладтан 40% тұрақты ұстау 4/04/2022 ж.дан 13/04/2022 ж. дейін 249 270 тг Барлығы 2 374 648 теңге Жұмысты қабылдаған, есеп беруді бекіткен және есептеуді жасаған топ жетекшісі ___________________________қолы “30” Сәуір 2022 ж Мамыр айында камералдық жұмыстар саны – 14, далалық жұмыстар саны – 5, демалыс күні – 12. Жалпы жұмысқа келген барлық күндері – 19. Жұмысқа келген күндерді қызметкерлер санына шаққанда – 227. ЕСЕПТЕУ 1.Орындалған жұмысының мөлшеріне қарай еңбек ақысы теңге 1 969 228 теңге 2.Далалық жұмыс төленетін окладтан 40% тұрақты ұстау 3/05/2022 ж.дан 12/05/2022 ж. дейін 178 050 тг Барлығы 2 147 278 теңге Жұмысты қабылдаған, есеп беруді бекіткен және есептеуді жасаған топ жетекшісі ___________________________қолы “31” Мамыр 2022 ж Маусым айында камералдық жұмыстар саны – 12, далалық жұмыстар саны – 10, демалыс күні – 8. Жалпы жұмысқа келген барлық күндері – 22. Жұмысқа келген күндерді қызметкерлер санына шаққанда – 246. ЕСЕПТЕУ 1. Орындалған жұмысының мөлшеріне қарай еңбек ақысы 2 134 053 теңге 2. Далалық жұмыс төленетін окладтан 40% тұрақты ұстау 1/06/2022 ж.дан 15/06/2022 ж. дейін 356 100 тг Барлығы 2 490 153 теңге Жұмысты қабылдаған, есеп беруді бекіткен және есептеуді жасаған топ жетекшісі ___________________________қолы “30” Маусым 2022 ж Автосервистің бас жоспарын шаруа процесіне жұмсау үшін мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу қорын есептеп, ведомостін құрдым. Бас инженерге – 138 000 тг, 2 аға инженерге – 241 100 тг, 3 инженерге – 226 950 тг, аға техник – 98 850 тг, 2 техникке – 130 600 тг, аға бухгалтер – 115 500 тг, база меңгеруші – 87 500 тг, қойма меңгеруші – 78 000 тг, базадағы жұмысшы – 105 500 тг айлық жалақыдан бөлдім. Орта айлық жалақыны ескере отырып айлық жалақы мөлшерін 3 жұмыс айына бекіттім, жалпы еңбек ақы қорын есептеп шығардым (бас инженерге – 414 000 тг, 2 аға инженерге – 723 300 тг, 3 инженерге – 680 850 тг, аға техник – 296 550 тг, 2 техникке – 391 800 тг, аға бухгалтер – 346 500 тг, база меңгеруші – 262 500 тг, қойма меңгеруші – 234 000 тг, базадағы жұмысшы – 316 500 тг). Келесі ретте құрылыс алаңына қызметкерлерді жинау мақсатында сөткелік жұмыс құнын ұйымдастыру қажеттілігі туындады. Egov.kz сайтындағы 2022 жылға арналған айлық сәуір айындағы есептік көрсеткішке сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) – 3 180 тг. Сонымен, сөткелік ақы 9 540 тг толықты. Ендігі кезекте зейнетақыны және әлеуметтік медициналық сақтандыруды есептеуге қажет болатын мәлімет: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысымен бекітілген, Заңның 39-бабының 2-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын кірісінің 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төленуге тиіс; Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 27-бап. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдары былай деп белгіленді: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдар есептелетін объектінің 3 пайызы мөлшерінде белгіленеді. ҚОРЫТЫНДЫ Жер-кадастрлық жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау жүргіздім. Жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастырудағы еңбек ақы қорын және басқа үлес түріне есептеулер жүргіздім. Автосервис бас жоспарын шаруа жүзінде құрылым процессіне жұмсау үшін қызметкерлердің төлем қорын есептеп шығардым. Мекеме бойынша жерге орналастыру жұмыстарының шығындар схемасын, филиал бойынша бір техника-айдың, құнын есептеумен айналыстым. Нақты қолға тиетін сумманы, демалыс және іссапар құнын есепке енгізгеннен кейін мекеменің шығындар схемасын құрастырдым. Орындалған жұмыстарды қабылдау, есеп жүргізу және айлық есеп беруді жүргіздім. 1:5000 масштабта орындалған жоба жоспарының кезең бойынша жасалған жұмыстарды қабылдау процессі жүргізілді. Жоспар бойынша берілген уақыттан ауытқулар болған жоқ. Осыған сәйкес жұмыстың орындалу сапасына баға бердім. Қорытындылай келе, менің жүзеге асар Автосервис жобам бойынша инженерлік-техникалық кадрлардың қажеттілігін олардың квалификациясы бойынша анықтадым. Инженерлік-техникалық кадрлардың қажеттілігін анықтауды есептеуді үйрендім. Тапсырма барысында жасалып жатқан жобада инженерлік-техникалық кадрлардың қажеттілігін есептеп шығардым. Инженер-техникалық кадрлардың квалификациясын жоспарланған жұмыс түрлері мен кезеңдері және олардың қиындығына орай анықтадым. 3-кестенің “Жоспар бойынша қажет”, 1-графасы 1-кестенің “Жұмыс жоспары бойынша барлығы” графасы бойынша толтырдым. Кадрлар балансын құруды үйрендім. Жерге орналастыру топтарын құруды үйрендім. Жұмысты әдістемелік нұсқа және жұмыс барысына сүйеніп жүзеге асырдым. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР https://egov.kz/cms/kk/articles/article_mci_2012 – Ең төменгі есептік көрсеткіштер (АЕК, ЕТЖ) https://kodeksy-kz.com/ob_obyazatelnom_sotsialnom_meditsinskom_strahovanii/27.htm – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы 27-бап. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1300001116 – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы. https://adilet.zan.kz/kaz/ – Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі http://aisgzk.kz/aisgzk/kz/content/maps/ – Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі және техникалық қамтамасыз ету басқармасы https://ru.wikipedia.org/wiki/Туздыбастау – Материал из Википедии — свободной энциклопедии https://wiki2.org/ru/Туздыбастау – Туздыбастау — Википедия Переиздание // WIKI 2 https://litebox.ru/ – Современное комплексное решение для розничной торговли и сферы услуг. https://auto.rambler.ru/navigator/42636715-stantsiya-tehnicheskogo-obsluzhivaniya-avtomobiley-chto-eto-takoe-vidy-kak-rabotaet/ – Станция технического обслуживания автомобилей: что это такое, виды, как работает. https://studwood.net/783779/ekonomika/balans_personala – Баланс персонала https://promzn.ru/stroitelnye-raboty/kartogramma-zemlyanyh-rabot.html - Расчет картограммы земляных работ |