Главная страница

ЛЛЛ. Силлабус Фонетика. Курсты саясаты. Академиялы кезеде азіргі аза тіліні фонетикасы, диалектологиясы мен терминологиясы


Скачать 1.63 Mb.
НазваниеКурсты саясаты. Академиялы кезеде азіргі аза тіліні фонетикасы, диалектологиясы мен терминологиясы
Дата24.02.2021
Размер1.63 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСиллабус Фонетика.docx
ТипЛекция
#179045



Оқу жұмыс бағдарламасы (силлабус) Ғылыми кеңесте бекітілген оқу бағдарламасы негізінде жасалған (хаттама № «___» ____________ 202 ж. ).
Курстың саясаты. Академиялық кезеңде «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, диалектологиясы мен терминологиясы» пәні 1-15 апталарда қашықтықтан (асинхрондық) оқытылады. Пән бойынша 52 сабақ өткізу, соның ішінде: 12 лекция, 25 практикалық және білім алушының өзіндік жұмысы мен тапсырмалар, 2 аралық бақылау қарастырылған.

Нәтижелі жұмыс атқару үшін студенттің академиялық адалдығын сақтау, оқу процесіне белсенді қатысу, уақтылы берілген тапсырмаларды бақылау кестесіне сай орындап отыру қажет. Пәнді оқу кезінде сізді төзімді және ашық-жарқын болуға шақырамыз. Студенттің жүріс-тұрысы университеттің ішкі ережелеріне сәйкес келуі керек.

Студент оқытушы ұсынған лекциялар конспектісін, слайдтар мен тізімде көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерді, интернет ресурстарды қолданып, әрбір лекциялық және практикалық сабаққа дайындалуы керек.

Пән бойынша тапсырмаларды бағалау бақылау кестесіне сәйкес жүргізіледі. 4, 6, 8, 10, 12 және 14 апталарда процентпен көрсетілген бағалар дерекқорға енгізіледі. Максималдық балл - 10 балға тең және балдық-рейтингтік шкала бойынша 0 - 100% шамасымен бағаланады.

Пән бойынша оқу процесін мониторингтеу үшін 2 аралық бақылау өткізіледі: бірінші аралық бақылау (РК 1) 8 аптада, екінші аралық бақылау (РК 2) 14 аптада. Академиялық кезеңнің 4, 6 және 8 апталарының қосынды балы бірінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 балға дейін (100% дейін) болады. 10, 12 және 14 апталардың қосынды балы екінші аралық бақылаудың максималдық балын құрайды және оның көлемі 30 баллға дейін (100% дейін) болады. Екі аралық бақылаудың максималдық қосынды балы – 60 балды (100%) құрайды.

Лекция тақырыптары бойынша коллоквиум өткізіледі. Практикалық сабақтар кезінде компьютерде орындалатын жеке үй тапсырмалары беріледі. Пән бойынша 2 студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ) қарастырылған. СӨЖ бойынша тапсырмалар академиялық кезеңнің 3-ші аптасында беріледі.

Тапсырмалар мен материалдарды жүктеу үшін міндетті түрде университеттің ресми LMS– Сириус қолданылуы қажет. Оған кіру магистранттың порталы арқылы орындалады.

Аталған курс бойынша академиялық кезеңнің 1-15 апталарында қосымша лекциялық және практикалық сабақтар Zoom веб-сервисінде өткізіледі. Пәннің коды бойынша (сабақ кестесінде көрсетілген) магистрант курсқа қосылуы керек. Пәнді оқу теориялық материалдан басталады: әрбір лекцияның оқу материалы «Лекция №_» тарауында орналасқан. Содан кейін магистрант практикалық сабаққа кіріседі. Оның материалы «Практикалық сабақ №_»тарауында орналасқан.Теориялық немесе практикалық сабақтарды игеру бойынша қиындықтар және сұрақтар туындағанда, студент оқытушыға жүгініп, СОӨЖ сабақтары кезінде талқылауға болады. СОӨЖ сабағы (СОӨЖ сабақ кестесі бойынша) аптасына бір рет Zoom платформасында өткізіледі. Пән бойынша тапсырмаларды магистрант міндетті түрде «№ Тапсырманы орындау» тарауында мерзімі көрсетілген уақытта университеттің ресми LMS – Сириусқа (GoogleClassroom-ға қайталап) жүктеуі қажет.



1

Пәннің мақсаты мен міндеттері

«Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, диалектологиясы мен терминологиясы» пәнініңмақсаты – сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесі, дауысты, дауыссыз дыбыстар, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен ерекшеліктері, үндестік заңы, орфоэпия мен орфография, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы жүйелі білім беру. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді байқай білу және өз байқағандарынан дұрыс қорытынды жасай білу. Халықтың ауызекі сөйлеу тілінде кездесетін, кейінгі 45-50 жыл ішінде жүргізілген ғылыми зерттеулер барысында анықталған диалектілік ерекшеліктерді тиянақты меңгерту. Осы мақсаттарға орай «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы, диалектологиясы мен терминологиясы» пәні төмендегідей міндеттерді қамтиды:

– фонетиканың зерттеу нысаны, дамуы, қалыптасуы туралы мәлімет беру;

– қазақ фонетикасының зерттелуіне шолу жасау;

– тіл дыбыстарын игерту;

– дауысты дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;

– дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін меңгерту;

– буын, екпін, тасымал туралы түсінік беру;

– қазақ тілі құрамындағы диалектілік ерекшеліктердің тілдік салаларын білу;

– қазақ диалектологиясының ұлттық арналарын байыптап, негізгі ағымдарын бағдарлау;

– терминжасамның негізгі зерттеу бағыттарын талдап, жинақтай білу.

2

Сағат саны

Лекция - 18 сағат

Практикалық сабақ – 37,5 сағат

СӨЖ – 94,5 сағат (оның ішінде СҚӨЖ (22,5с.)

Барлығы - 150 сағат

3

Оқыту нәтижесі

(құзыреттілігі)


Оқу пәні бойынша күтілетін нәтижелер:

  • тіл білімінің теориялық негіздерін меңгеру;

  • қазақ тілінің дыбыстық жүйесін саралау;

  • дауысты және дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктері мен түрлерін саралау;

- буын және оның түрлерін талдау;

  • буын үндестігі мен буын үндестігіне бағынбайтын жағдайларды сараптау;

  • дыбыс үндестігі мен оның түрлерін меңгерту;

  • ерін үндестігін, оның түркі тілдеріндегі берілуін салыстыру;

- фонетикалық құбылыстарды меңгерту;

  • басқа білім салаларымен өзара байланысын салыстыра пайдалану;

  • қазақ диалектологиясының ұлттық арналарын байыптап, негізгі ағымдарын бағдарлау;

  • терминжасамның негізгі зерттеу бағыттарын талдап, жинақтай білу;

  • диалектология мен терминологияның негізгі мәселелерін сараптау, талдау.

4

Білімді бағалау саясаты

1. Жазбаша, ауызша талдау жасауы 12*3=36 балл

2. Студенттің өзіндік жұмысы 2*5=10 балл

3. Тақырып бойынша коллоквиум орындау 2*4=8 балл

4. Сабаққа қатысуы, белсенділігі 6 балл

5

Қорытынды бақылау

емтихан (тест)

6

Техникалықталаптар(қажет болса)

Ерекше талаптар жоқ

7

Оқу әдебиеттері

Курс бойынша қажетті негізгі әдебиеттер

  1. Мырзабеков С. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы: Дәуір-Кітап, 2013. – 220 б.

  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Мем. Тіл. дамыт.инст., 2010.– 608 б.

  3. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009.-312 б.

  4. С. Мырзабеков Қазақ тілі фонетикасы. Алматы. Санат, 1995

  5. Ш.Сарыбаев,Ғ.Қалиев.Қазақ диалектологиясы.А,2004

  6. Ш.Сарыбаев.Қазақ тіл білімі мәселелері.А,2000

7. Айтбайұлы Ө.  Қазақ тіл білімінің терминологиясы мәселелері.–Алматы: «Абай -Ай» баспасы, 2013. -400 б.

8. Құрманбайұлы Ш. Қазақ терминологиясы: зерттеулер, оқулық, сөздік.  Библиография. –Алматы. «Сардар», 2014 -928 +16 тапсырма б.

9. Ш.Құрманбайұлы Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы.  Астана. «Фолиант» баспасы, 2017. -560 бет

10. Қалиев Ғ.  Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.-388 б.

Курс бойынша қажетті қосымша әдебиеттер


  1. Садуақас Н.А. Қазіргі қазақ тілі фонетикасы. Оқу құралы. - Ақтөбе: 2016. - 194 б.

  2. Баймұханов Б. Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыздарды оқытудың жаңалықты технологиясы - Ақтөбе: Қ. Жұбанов атындағы АқМУ, 2005. –119 б.

  3. Қалиев Б. Қазіргі қазақ тілі: фонетика, лексикология(оқу құралы). – Алматы, 2004.-152 б.

  4. Садуақас Н.А. Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі (оқу құралы). – Ақтөбе: Литер,- 2008. - 273 б.

Интернет-ресурстар:

https://termincom.kz/bibliography/

http://ansya.ru/health/azirgi-aza-tili-pni-bojinsha/pg-1.html

https://www.izden.kz/disciplina/kazak-tili-men-debieti

https://kk.wikipedia.org/wiki/

http://diplomnik.kz/index.



Пәннің мазұны


Апта

Лекция, практика сабақтары мен СӨЖ тақырыптары


Сағат саны

1


№1 Лекция

Тіл дыбыстары туралы жалпы түсінік. Дыбыс, әріп, фонема.

1,5с.

№1,2Практикалық сабақ

Тіл дыбыстары туралы жалпы түсінік. Дыбыс пен фонеманың ортақ жақтары мен айырмашылықтары. Алфавит. Тіл дыбыстарының жасалу жолдары.

3с.

2


№2 Лекция

Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуі.

Дауыссыз дыбыстар, олардың топтастырылуы.

1,5с.

№3,4Практикалық сабақ

Дауысты фонеманың құрамы. Дауысты фонеманың жасалуы. Дауыссыз дыбыстардың құрамы. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы.

3,0с.

3


Лекция №3

Буын. Интонация мен екпін.

1,5с.

№5 Практикалық сабақ

Буын түрлері. Буын жігі. Буын ығысуы мен жылысуы.

1,5с..

4


№6,7Практикалық сабақ

Интонация және кідіріс түрлері және қызметі. Екпін түрлері, қызметі. Дыбыс өзгерісінің түрлері.

3с.

5


№4 Лекция

Қазақ тілі фонетикасының зерттелуі

1,5с.

№8,9Практикалық сабақ

20 ғасыр басындағы зертеулер.20 ғасыр ортасы мен соңындағы зерттеулер.

Қазіргі зерттеушілер.

3с.

6

№5 Лекция

Үндестік заңы және оның түрлері. Сингормонизм.

1,5с.

№10Практикалық сабақ

Үндестік заңы. Сингормонизм. Буын үндестігі, оған бағынбайтын жағдайлар.


1,5с.

7


№6 Лекция

Тілдегі фонетикалық құбылыстар.

1,5с.

№11,12Практикалық сабақ

Дыбыс өзгерісінің түрлері. Толық фонетикалық талдау жасау.

3,0с.

8


№13,14 Практикалық сабақ

Тіл дыбыстарының акустикалық, артикуляциялық сипаты

3,0с.

9


№7 Лекция

Қазақ диалектологиясы – тіл білімінің бір саласы. Қазақ тіліндегі диалектілердің шығу төркіні.


1,5с.

№15

Практикалық сабақ

Диалектология саласының зерттеу мәселелері. Диалектологияның тарихи ғылымдармен байланысы. Диалект сөздер, говорлар, ерекшеліктері.

1,5с.

10


№8 Лекция

Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы. Қазақ ғалымдарының зерттеулері.

1,5с.

№16,17

Практикалық сабақ

Қазан төңкерісіне дейінгі зерттеулер. Қазан төңкерісінен кейінгі зерттеулер. С.Аманжоловтың зерттеуі оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс диалектілерінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерекшеліктері.

3,0с.

11

№9 Лекция

Фонетикалық ерекшеліктер. Лексикалық ерекшеліктер. Грамматикалық ерекшеліктер. Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинап зерттеу жолдары

1,5с.

№18,19

Практикалық сабақ

Диалек сөздердің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық ерекшеліктер.

3,0с.

12

№20Практикалық сабақ

Жергілікті тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдері. Диалектологиялық материалдарды құжаттандыру.

1,5с.

13


№10 Лекция

Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы.


1,5с

№21,22 Практикалық сабақ

Қазіргі қазақ терминологиясының дамуы 1.А.Байтұрсыновтың қазақ терминологиясын қалыптастырудағы ролі

2.Қ.Жұбанов – қазақ терминологиясының негізін салушы ғалым

3.Ә.Қайдаров және қазақ терминологиясының жаңа бағыты

4.Ш. Құрманбайұлы және терминтаным

3,0с.

14

№11 Лекция

Терминжасамдағы лексика-граматикалық ерекшеліктер

1,5с.

№23,24Практикалық сабақ

Термин жасауға негіз болатын факторлар:

1.Терминнің қалыптасуына себеп болатын ішкі факторлар 2.Терминнің қалыптасуына себеп болатын сыртқы факторлар

3,0с.

15

№12 Лекция

Тіркесу тәсілімен жасалған терминдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері

1,5с.




№25 Практикалық сабақ

Терминдену тәсілінің түрлері (аналитикалық, синтетикалық, лексикасемантикалық, калькалау)

1,5с.



ТАПСЫРМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУ КЕСТЕСІ


Апта

(тапсыру шекті мерзімі)

Сабақ түрі

Maкс. балл/

процент

Критерийлер және бағаның сипаттамасы,балл/%

2

№1.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау


3/30%

3 балл/100% – студенттің жауабы ғылыми түрде, толық, жүйелі, тақырыптың ғылыми негіздерін мысал арқылы талдау үстінде түсіндіріп, дәлелдеп, белсенді танымдық, дамытушылық ой-өрісі, белсенділігі, қосымша сұрақтарға берген жауабы, сөйлеу мәдениеті ескеріледі;

2 балл/67% – студенттің жауабы ғылыми түрде жүйеліліктен ауытқыған жағдайда; тақырыптың ғылыми негіздерін мысал арқылы талдау үстінде түсіндіріп, дәлелдей білуде шалалық болғанда;

1 балл/ 33% – студенттің жауабы ғылыми түрде, толық емес, мысал арқылы талдау үстінде түсіндіріп, дәлелдей білмеген жағдайда студенттің белсенділігі, қосымша сұрақтарға берген жауабы, сөйлеу мәдениеті ескеріледі.

3

№2.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау


3/30%

4

№3.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау


3/30%




Студенттің белсенділігі

1/10%

1 балл/100%: 5,6 апталардың тапсырмаларын толықтай орындағанда.

0 балл/0%: 5,6 апталардың тапсырмаларын орындамаған жағдайда.




Барлығы

10/100%

Дейін

2,3,4 апталар бойынша тапсырма балдары қосылады (max мәннен% үлесі анықталады)

5

№4.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%

1 Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдауға қараңыз

6

№1СӨЖ:

Дауысты фонеманың құрамы және дауысты фонеманың жасалуы.

5/50%

5-4 балл /100-90% - жаңа нақты жағдайларда мәселені шешуде тапсырманы орындаудың қолайлы тәсілі ретінде алдын-ала оқылған ақпаратты қолдана алуы ескеріледі;

студенттің семестр бойындағы белсенділігі, қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады;

3-2 балл /80-70% - студенттің жауабы ғылыми түрде жүйеліліктен ауытқыған жағдайда; тақырыптың ғылыми негіздерін мысал арқылы талдау үстінде түсіндіріп, дәлелдей білуде шалалық болғанда;-конспект жазуда пікірлерін ауызша және жазбаша ұсына алмауы;

1 балл/69-50% - студенттің жауабы ғылыми түрде, толық, жүйеліліктен ауытқыған жағдайда; дәлелдей білуде шалалық болғанда;конспект жазуда пікірлерін ауызша және жазбаша ұсына алмауы анықталғанда;

0 балл – СӨЖ жұмысын орындамағанда.




Студенттің белсенділігі

2/20%

2 балл/100%: 1-4 апталарда барлық сабақтарға қатысып, тапсырмаларды орындау.

1 балл/0%: 1-4 апталардағы барлық сабақтардың 50% қатысу




Барлығы

10/100%

Дейін

5,6 апталар бойынша тапсырма балдары қосылады

7

№5.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%

1 Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдауға қараңыз

8

№6.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%




№1Коллоквиум

Көркем әдебиеттен 10 сөйлемге сатылай фонетикалық талдау жасап, олардың дыбыстар құрамына қарай ажыратып, белгілерін түсіндіру


4/40%

4 балл/100-90%: коллоквиумның сұрағына толықтай жауап беріп, тақырыптың ғылыми негіздерін мысал арқылы талдау үстінде түсіндіріп, дәлелдей білуі тиіс студенттің белсенділігі ескеріледі;

3 балл/89-70%: коллоквиумның сұрағына жартылай жауап беріп студенттің жауабы ғылыми түрде, толық, жүйелілік сақталмаған жағдайда; - тақырыптың ғылыми негіздерін мысал арқылы талдау үстінде түсіндіріп, дәлелдей білуде үстіртін жауап болғанда;

1 балл/69-50%: студенттің берген жауабында теориялық қателіктер болып талдауда, мысалдар келтіруде, өз пікірін білдіруде нақтылық пен сенімділік болмаса;

0 балл/0%: студент коллоквиумға қатыспағанда.




Барлығы

10/100%

дейін

7,8 апталар бойынша тапсырма балдары қосылады (max мәннен % үлесі анықталады)

1 аралық бақылау

30/100%

дейін

Деректер қорында автоматты түрде 4,6 және 8 апталар бойынша тапсырма балдары қосылады

9

№7.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%

1 Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдауға қараңыз

10

№8.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%

11

№9.Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%

Студенттің белсенділігі

1/10%

1 балл/100%: 5,6 апталардың тапсырмаларын толықтай орындағанда.

0 балл/0%: 5,6 апталардың тапсырмаларын орындамаған жағдайда.




Барлығы

10/100%

Дейін

9,10 апталар бойынша тапсырма балдары қосылады

11

№10 Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%

1 Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдауға қараңыз

12

№2СӨЖ: Тақырыбы

«Кісі есімдерінің құрамында кездесетін фонетикалық ерекшеліктер» атты тақырыпта ғылыми жоба дайындау


5/50%

1 СӨЖ қараңыз

Студенттің белсенділігі

2/20%

2 балл/100%: 13, 14 апталарда барлық сабақтарға қатысып, тапсырмаларды орындау.

1 балл/0%: 13, 14 апталардағы барлық сабақтардың 50% қатысу




Барлығы

10/100%

дейін

Деректер қорында автоматты түрде 11 және 12 апталар бойынша тапсырма балдары қосылады

13

№11 Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%

1 Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдауға қараңыз

14

№11 Теориялық дайындығы мен жазбаша, ауызша талдау

3/30%




№ 2 Коллоквиум

4/40%

1Коллоквиумға қараңыз


Барлығы

10/100%

дейін

Деректер қорында автоматты түрде 13 және 14 апталар бойынша тапсырма балдары қосылады (max мәннен % үлесі анықталады)

2 аралық бақылау

30/100%

дейін

Деректер қорында автоматты түрде 10, 12 және 14 апталар бойынша тапсырма балдары қосылады





написать администратору сайта