ресурстар. Мультфильм жасауды алашы адамдары
Скачать 207.27 Kb.
|
«№11 ЖББМ» КММ-нің 7- сынып оқушысы Шүкірова Гүлзат Батырқызының " Мультфильм жасаудың алғашқы қадамдары " тақырыбында зерттеу жұмысына мұғалімнің пікірі Жұмыста қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірін ашуға мүмкіндік беретін мақсаттар мен міндеттер нақты анықталған – бұл мультфильмді қалай жасап шығаратынын зерттеу және өз мультфильмімнің алғашқы қадамын шығару жолдары. Жобаның жаңалығы мен практикалық маңыздылығы. Жұмысқа жақсы қосымша-зерттеу әдістемесі мен мультфильмді қалай жасап шығаратынын зерттеу және өз мультфильмімнің алғашқы қадамын шығару жолдары туралы зерттеу нәтижелерін талдауды ұсынатын зерттеу бөлімі бар. Жұмыста әртүрлі зерттеу әдістері қолданылады: сауалнама, бейнематериалдар, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс: Әдебиет, интернет. Гүлзат Батырқызының мультфильмді зерттей отырып , өз мультфильмімнің алғашқы қадамын шығару жолдарының маңыздылығы туралы қызықты нәтижелер ала білді. Барлық бақылаулар безендірілген және суреттелген. 7-сынып оқушысы үшін жұмыс өте қиын, бірақ бала оны жеңе білді. Жұмыстың басты құндылығы-оқушы жаңа білім мен дағдыларға ие болды, өз қызметінің нақты мысалдарымен талдау, жалпылау, қорытынды жасауды үйренді. Жұмыс оның қызығушылығын тудырды. Зерттеу жұмысы нақты құрылымдалған, дұрыс баяндалған, жұмыстың бөліктері арасында логикалық байланыс бар және толық. Пікір жазушы: Тусупбекова Асель Доскеновна «№11 ЖББМ»КММ Информатика пәні мұғалімі |