Главная страница
Навигация по странице:

  • PSY 5204 - «Психология»

  • АЛҒЫ С­ӨЗ Курстың қысқаша сипаттамасы

  • Пререквизиттер

  • Жалпы құзырет : когнитивті

  • Бакалавр мыналарды білуі қажет

  • Бакалавр

  • Оқу курсының типі

  • Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады

  • Интернет - ресур стар : 1.

  • Академиялық тәртіп ережесі

  • Академиялық құндылықтар

  • Критерийлік бағалау

  • Оқу курсы мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі

  • І Модуль.

  • ІІ Модуль Адамның танымдық-психикалық процестері

  • 1 межелік бақылау 100

  • 2 межелік бақылау 100

  • V-Модуль. Тиімді тұлғааралық қарым-қатынас технологиялары қоғамдық сананы жаңғырту негізі ретінде

  • 3 межелік бақылау 100

  • рнанг. Силлабус 2020-2021. лФараби атындаы аза лтты университеті Философия жне саясаттану факультеті Жалпы жне олданбалы психология кафедрасы


    Скачать 58.16 Kb.
    НазваниелФараби атындаы аза лтты университеті Философия жне саясаттану факультеті Жалпы жне олданбалы психология кафедрасы
    Анкоррнанг
    Дата14.10.2021
    Размер58.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСиллабус 2020-2021.docx
    ТипДокументы
    #247760

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Философия және саясаттану факультеті

    Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы

    Философия және саясаттану факультетінің

    Ғылыми кеңесінде бекітілді

    № 1 хаттама «28» тамыз 2019 ж.

    Факультет деканы ____________Масалимова А.Р

    ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
    PSY 5204 - «Психология»
    «6B05302 Киберфизика», «6B05309 Компьютерлік физика»,

    «6B05303 Техникалық физика», «6B05304 Физика», «6B05306 Физика және астраномия», «6B05307 Ядролық физика», «6B05305 Физика және нанотехнология»,

    «6B05310 Ядролық медицина», «6B05308 Ядролық физика (Дубна)»,

    « 6B07107 Электроэнергетика», «6B07501 Стандарттау және сертификаттау»,

    «6B07112 Теплоэнергетика» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасы

    Курс – 1

    Семестр – 2

    Кредит саны – 2

    Алматы 2019 ж.
    Пәннің оқу-әдістемелік кешенін психология ғылымдарының кандидаты доцент. м.а. Закарьянова Ш. Н. дайындаған.

    «6B05302 Киберфизика», «6B05309 Компьютерлік физика»,

    «6B05303 Техникалық физика», «6B05304 Физика», «6B05306 Физика және астраномия», «6B05307 Ядролық физика», «6B05305 Физика және нанотехнология»,

    «6B05310 Ядролық медицина», «6B05308 Ядролық физика (Дубна)»,

    « 6B07107 Электроэнергетика», «6B07501 Стандарттау және сертификаттау»,

    «6B07112 Теплоэнергетика» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасы негізінде.

    Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының мәжілісінде қаралып ұсынылды.

    «27» тамыз, 2019 ж., хаттама № 1

    Кафедра меңгерушісі _______________ З.Б. Мадалиева

    Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды.

    «28» тамыз, 2019 ж., хаттама № 11

    Факультеттің әдістемелік кеңесінің төрайымы _____________________М.П. Кабакова


    АЛҒЫ С­ӨЗ

    Курстың қысқаша сипаттамасы: “Психология” курсын оқу мен зерттеу барысында алынған білімдер адамдармен, ұжыммен сәтті өзара қарым-қатынас жасай алуды құру үшін қажет. Адам өзін терең тануға және басқаларды жақсы тануға, өмір мен жұмыстың жаңа шарттарына сәтті бейімделуге, нәтижесінде табысты өмір мен сәтті кәсіби іс-әрекетті жасай алу үшін аса қажетті курс болып табылады.

    Курстың мақсаты "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

    Курстың міндеттері: психологиясы жайлы психологиялық теориялар мен концепцияларды және базалық түсініктерді және психологиялық заңдылықтарын оқу негізінде магистранттардың білімдерін жүйелендіру; психология туралы әлемдік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеяларымен теориялық негізде таныстыру; психология жайлы негізгі заңдылықтары мен даму механизмдерін практикада қолдана алу туралы білімдер беру.

    Пререквизиттер: “Мамандыққа кіріспе”, “Философия”, “Әлеуметтану”, “Әлеуметтік психология”.

    Постреквизиттер: Тұлға психологиясы және т.б. базалық курстары

    Жалпы құзырет: когнитивті: психологияның базалық түсініктерін қазақ (орыс) және шетел тілдерінің бірінде тұрмыстық, ғылыми және кәсіби сферада пайдалану мен көрсете білу

    функционалды: психология берген білімдер негізінде өзіне қатынас, өзін қабылдау арқылы тұлғаның қатынастар жүйесін, мінез-құлық мәдениетін құруды кәсіби салада және өз өмірінде қолдана алу шеберлігін дамыту

    жүйелік: білімдерді практикада қолдануда өз ойын, әрекетін басқарау алу, жоспарлай білу, тың ұсыныстар айта білу; сәттілікке ұмтылу, тапсырмаларды орындауда зерттеушілік дағдыларын көрсете білу, эсселер, реферат, презентацияларды жасай алуға дайын және икемді болу

    мета құзыреттілік: әлеуметтік және жеке өз өмірінде, кәсіби іс-әрекетінде психологиялық аспектілерін түсінуге қабілетті болуды ұғыну, өз беттілі тәуелсіз болуға ұмтылу, рефлексияға қабілеттілік, жетістіктерді дұрыс бағалай алуға, жағдайларды адекватты талдауға үйрену.

    әлеуметтік (мінез-құлықтық) құзырет: психологиясының фундаменталды жағдайларын, қатынастар жүйесін реттеуге, әлеуметтік сезім мен жауапкершілікті ұғынуға қабілетті болу, командада жұмыс жасай алу, адами қатынас мәселесін шеше алу, сол мәселені тұжырымдай алу, қорытынды жасау, негіздей алу, өз көз қарасында тұру, оппоненттерді сендіре алу, сенімді қатынас жасай алу ептілігін меңгеру.

    Бакалавр мыналарды білуі қажет: негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;

    Бакалавр мыналарды меңгеруі қажет: әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету; сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі. студенттердің әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игереді.
    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

    Философия және саясаттану факультеті

    6B05302 Киберфизика, 6B05309 Компьютерлік физика,

    6B05303 Техникалық физика, 6B05304 Физика, 6B05306 Физика және астраномия, 6B05307 Ядролық физика, 6B05305 Физика және нанотехнология, 6B05310 Ядролық медицина, 6B05308 Ядролық физика (Дубна), 6B07107 Электроэнергетика, 6B07501 Стандарттау және сертификаттау, 6B07112 Теплоэнергетика мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасы

    Силлабус

    (PSY5204) «Психология»

    Күзгі семестр (1) 2019-2020 оқу жылы
    Курс туралы академиялық ақпарат

    Пәннің коды

    Пәннің атауы

    Типі

    Аптасына сағат саны

    Кредит саны

    ECTS










    Дәріс

    Практ

    Лаб










    «PSY5204»

    «Психология»

    Негізгі

    1

    1




    2

    3










    Дәріскер

    Закарьянова Ш.Н. психология ғылым - дарының кандидаты, доцент м.а.

    Офис-сағаттар

    Кесте бойынша










    e-mail

    E-mail: synarzakaranova7@gmail.com










    Телефоны

    Телефон: 8 775 400 16 58

    Дәрісхана

    Зал 1










    Курстың академиялық презентациясы

    Оқу курсының типі: базалық пән (БП)\ міндетті компонент (МК)

    Курсты оқыту мақсаты: "Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы" мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

    Студенттерді психологиялық білімдер негізінде ғылыми және кәсіби іс-әрекетке психологиялық дайындау; психологияны зерттеуге және өзіндік танымға мотивация қалыптастыру, қазіргі психологиядағы адам туралы жүйелік түсініктермен таныстыру; психологиялық ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру; психологиялық білімдер негізінде сәтті өзара әрекетті дамытатын қажетті іскерлігін дамыту, тұлағаарлық қарым-қатынас мәдениетін меңгеру.

    Бағдарламаны меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

    -психология ғылымы негізінде адамның психологиясын (ауызша және жазбаша формада) түсіндіру, талдау, өткізу және жобалай алуды көрсете алуға;

    -психологияның зерттеу әдістерін түсіндіре отырып, олардың мүмкіндіктері мен шектеуліктерін жүйелі негізде бере алуға;

    -өзі және қоршағандар туралыэмпирикалық ғылыми зерттеу мақалаларын талдауға, сыни оқи алуға қабілетті;

    -психологиялық білімдерді өмірлік және болашақ кәсіби іс-әрекетте қолдана алуға;

    - қазақстандық қоғамда жаңарудағы психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;

    - қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;

    -өз өмірінің және сәтті тұлғаның продюссері бола алуға, адамдармен жұмыс жасай алуға, тұлғаралық коммуникация дағдыларына, өмірдің барлық сфераларында сәтті қолдана алуғажәне сыни қарай алуға;

    - психологиялық білімдерді практикада қолдануда өз ойын, әрекетін басқарау алу, жоспарлай білу, тың ұсыныстар айта білу; сәттілікке ұмтылу, тапсырмаларды орындауда зерттеушілік дағдыларын көрсете білу, эсселер, реферат, презентацияларды жасай алуға дайын икемді болуға және интеллектуалды, практикалық дағдыларға қабілетті болады.







    Пререквизит-тер

    Орта білім беру бағдарламасындағы қоғамдық пәндер жүйесі







    Пострек-визиттер

    Тұлға психологиясы және т.б. базалық курстары







    Ақпараттық ресурстар

    1. Назарбаев Н.А. "Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания". – Астана, АКОРДА, 2017 / http:// www. akorda. kz/ ru.

    2. Джакупов С.М. Введение в общую психологию. – А.: Қазақ университеті, 2014- 162 б.

    3. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013.

    4. Аронсон Э. Көпке ұмтылған жалғыз [Мәтін] = The Social Animal: әлеуметтік психологияға кіріспе: [оқулық] / Э. Аронсон ; ауд. Д. Д. Дүйсенбеков [және т. б.]. - 11-бас. - Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2018. - 407, [2] б. - (Рухани жаңғыру).

    5. Зайдл, Б. НЛП. Модели эффективного общения: пер. с нем. - 7-е изд., М.: Омега-Л, 2016.

    6. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений – СПб.: Издательский дом Питер, 2014. – 576 с.

    7. Маслоу А. Мотивация и личность. — СПб.: Питер, 2008.

    8. Э. Берн Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры. 2016 – 576 с.

    9. Шарков, Ф.И. Коммуникология: основы теории коммуникации: учебник. — Электрон. дан. — М. : Дашков и К, 2014.

    10. 6.Encyclopedia of Psychology: 8 Volume Set. APA Reference Books. – 2000. – 4128 p.

    11. David G. Myers «Social Psychology», 7th ed., 2002
      Интернет-ресурстар:

    1.http://www.psychology.ru

    2.http://www.flogiston.ru

    3. http://www.colorado.edu/VCResearch/integrity/humanresearch/CITI.htm

    4. CyberBear (http://cvberbear.umt.edu)

    5. http://www.umt.edu/psych/)






    Университет -тің моральды-этикалық құндылықтары контекстіндегі академиялық саясат



    Академиялық тәртіп ережесі:

    1. Аудиториялық сабаққа төменде берілген кесте бойынша алдын ала дайын болуыңыз қажет. Тапсырмаларды орындап келу аудиториялық сабаққа дейін аяқталып, аудиторияда талдауға дайындықпен және сабақта қаралатын сұрақтарға, талдауларға дайын болып келу қажет болып саналады.

    2. Сабаққа міндетті түрде қатысу, кешікпеу. Сабаққа келмеу немесе кешігу 0 баллмен бағаланады. Студенттің сабақ кезінде пікірталастар мен жаттығулар орындауға қатысуы пәннің жалпы бағасын қойған кезде ескерілетін болады. Пән бойынша сұрақтар, диалог, кері байланысқа көзқарас жағымды және оларға қолдау көрсетіліп, ынталандырылады.

    3. СӨЖ тапсырмасын орындау және өткізу мерзімін сақтау міндетті. Өткізу мерзімі бұзылған жағдайда орындалған тапсырма айып баллын 50 % шегере отырып бағаланады.

    4.Семестр бойы өз таңдауыңыз бойынша өз презентацияңызды, индивидуалды жобаңызды дайындап қорғап отырасыз. Презентациялар мен жобаларға нақты талаптар аудиториялық сабактарға бөлінеді.

    4. СӨЖ тақырыптары емтихан сұрақтарына ендіріледі.

    Академиялық құндылықтар:

    1. Семинар сабақтары, СӨЖ тапсырмаларды орындау барысындағы дербестік; шығармашылық сипатта болуы тиіс

    2. Плагиат және жалғандыққа жол бермеу; шпаргалка қолданбау; білімдерін тексеру кезіндегі барлық кезеңдерде көшіруге жол бермеу;

    3. Мүмкіндігі шектеулі студенттер қосымша көмекті төменде көрсетілген электронды мекен жай және телефон арқылы ала алады.

    zhubanazarova@mail.ru; Телефон: +77788847164




    Бағалау және аттестация лау саясаты


    Критерийлік бағалау: дескрипторларға қатысты барлық оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылауда және емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).

    Суммативті бағалау: студенттердің аудиториядағы белсенділік көрсеткішінің жоғары болуымен бағаланады, тапсырмаларды орындау мен өткізу формалары кәсіби сауаттылығымен бағаланады, кейс бағдарламалар жасау, индивидуалды жобаларды жасау және қорғау деңгейінің жоғары болуымен бағаланады.












    Оқу курсы мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі





    Апта / күні

    Тақырыптар атауы (дәрістер, практикалық сабақтар, СӨЖ)

    Сағат саны

    Максималды балл

    1

    2

    3

    5


    І Модуль. Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұлға психологиясы


    1

    Дәріс 1. Психологияға кіріспе.

    Психология ғылым ретінде. Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі психологияның орны және міндеттері. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы психология мен психологиялық білімдердің мәні. Психологияның әдістері. Психология тиімді өмір сүруге ықпал ететін ғылым және практика ретінде (бизнес, спорт, денсаулық сақтау, жарнама психологиясы).

    1

    5

    2

    Дәріс 2. Мен және менің мотивациям.

    Мотивация және өзіндік мотивация. Мотивациялық сфераны жалпы ұйымдастыру. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері. Жетекші мотив.. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы. Мотивацияны зерттеу әдістері. Тұлғаның мотивациялық профилі. Тұлғаның мотивациялық сфераның бұзылуымен байланысты еңбек тиімділігінің төмендеуі.

    1

    5


    ІІ Модуль Адамның танымдық-психикалық процестері


    3

    Дәріс 3. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект.

    Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Эмоцияны түсіну және эмпатияға қабілеттілік. Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу. Эмоционалдық интеллект анықтамасы. Эмоционалдық интеллект когнитивті қабілет пен тұлғаның даралық сипаттамасы ретінде. Эмоционалдық интеллект диагностикасы және дамуы.

    1

    5

    СОӨЖ 1: Тапсырма кейс даярлау: № 1.

    1. Эссе "Психология менің өмірімде және кәсібімде" жеке жоба жасау: 2."Ұйым қызметкерлерінің мотивациясын жетілдіру" кейс даярлау.

    1

    30

    4

    Дәріс 4. Адамның ерік қасиеті мен өзін-өзі реттеу психологиясы.

    Психологиядағы ерік түсінігі. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Психологиядағы ерік түсінігі. Ерікті актінің құрылымы. Шешім қабылдау және таңдау мәселесі. Ерік және тұлға. Тұлғаның өзін-өзі реттеу психологиясы (стресс-менеджмент). Стресс түсінігі. Стресс түрлері. Стресстің даму кезеңдері. Стресске жауап берудің жеке стилдері. Стресске тұрақтылық түсінігі.

    1

    5

    5

    Дәріс 5.Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері.

    Темперамент, мінез және қабілет.
    Темперамент анықтамасы. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде. Темпераменттің анықтамасы. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. "Ұлттық мінез" ұғымы. Тұлғаның қабілеті және нышандары.

    1

    5

    Семинар 1. Заманауи тұлғаның қалыптасуы мен қоғамдық сананы жаңғыртудағы психологиялық білімдердің мәні. Жетістікке жету және сәтсіздіктен қашу мотивациясы. Стрестің даму кезеңдері. Стресстің белгілері. Стресске жауап берудің жеке стилдері.

    1

    10

    СОӨЖ 2. Кеңес беру және СӨЖ 1 қабылдау. Кейс даярлау. Жобаға бағдарланған бағыт:1. Кейс "Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы". 2. Тапсырманы қабылдау. Қазіргі студенттің психологиялық портретін құру. 3. Проект-презентация: «Сөйлеу мен ойлаудың байланысы» Индивидуалды жобаларын қорғау. конспектілеу және авторлық анализ жасау.

    1


    35




    1 межелік бақылау




    100


    ІІІ Модуль. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде


    6

    Дәріс 6. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде.

    Адам өміріндегі құндылықтар. Психологиядағы құндылық түсінігін зерттеу. Құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Тұлғалық құндылықтар. Қызығушылық әлеуметтік іс әрекеттің жетекші мотиві ретінде. Мінез-құлық және нұсқаулар. Тұлғаның адамгершілік негіздері. Тұлғаның рухани әлеуметтенуі.

    1

    5

    7

    Дәріс 7. Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясы.

    Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар. Кәсіби маманның сенімдері мен бағдарлары. Қазақстанның заманауи даму кезеңіндегі кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары. Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы жеке құндылықтар мен мағыналар. Кәсiби өсудегі кедергiлер, оларды болдырмау және жеңу жолдары. Кәсіби сәйкестілік дағдарысы және эмоциялық қажу синдромы.

    1

    5




    Семинар 2. Құндылықтарға бағдарлану психологиясы және құндылықтар тұлғаның маңызды психологиялық ресурсы ретінде. Темперамент және мінез. Тұлғаның қабілеті және нышандары. "Ұлттық мінез" ұғымы.

    1

    10

    СОӨЖ 3. Мәселеге бағдарланған жоба. Кейс даярлау. «Кейс "Кәсіби денсаулықты сақтау". 2.Эссе "Менің мансаптық және кәсіби өсуім" 3. Тұлғаның «Өмір жолы» және ұлттық бірегейлігі жобасын даярлау. Презентация жасаңыз

    1

    20

    8

    Дәріс 8. Тұлғаның денсаулық психологиясы.

    Психика мен дененің өзара байланысы және өзара ықпалы. Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары. Психикалық белсенді заттарды қолдану мен зиянды әдеттер денсаулықты әлсіріретуші фактор ретінде. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.

    1


    5




    ІV Модуль. Тұлғааралық қарым-қатынас қазақстандық үйлесімді тұлғаның даму факторы ретінде

    9

    Дәріс 9. : Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы

    Қарым-қатынас түсінігі. Қарым-қатынастың түрлері, формалары, қызметтері. Тұлғааралық, топаралық және ұлтаралық қарым-қатынас ерекшеліктері. Қарым-қатынас стильдері. Көшбасшылық және жетекшілік.

    1

    5

    Семинар 3. Психикалық және психологиялық денсаулықтың арақатынасы. Психопатология. Салауатты өмір салты

    тұлғаның жетістікке жету негізі ретінде.

    1

    10

    СОӨЖ 4. кеңес беру. Тапсырманы тапсыру: Индивидуалды жоба: 1. «Қарым-қатынас процесіндегі эмоцияның көрінуі» бейнеролик жасау 2.Эссе "Қарым қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау"тұлғаға бағдарланған бағыт бойынша жеке шығармашылық жұмыс презентация жасап, қорғаңыз.

    1

    20

    10

    Дәріс 10Қарым-қатынастың перцептивті жағы

    Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынас процесіндегі адамдардың бірін-бірі қабылдауы ретінде. Қарым-қатынастың перцептивті механизмдері: эмпатия, идентификация, децентрация, аттракция, толеранттылық, рефлексия, кері байланыс. Тұлғааралық өзара әрекеттесу кеңістігі. Мен және басқалар.

    1

    5

    СОӨЖ 5. кеңес беру және СӨЖ 2 қабылдау. Тапсырманы тапсыру: Индивидуалды жоба: 1. «Қарым-қатынас процесіндегі эмоцияның көрінуі» бейнеролик жасау 2.Эссе "Қарым қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдау"тұлғаға бағдарланған бағыт бойынша жеке шығармашылық жұмыс презентация жасап, қорғаңыз.

    1

    15




    2 межелік бақылау




    100

    11

    Дәріс 11. Қарым-қатынастың интерактивті жағы

    Психологиялық әсер етудің мәні. Психологиялық әсер ету түрлері. Әсер ету механизмдері: жұқтыру, еліктеу, сендіру. Сендіруді тиімді ету факторлары. Психологиялық әсер етудің негізгі тәсілдері мен әдістері: демонстрация, жалған ақпарат тарату, қауесеттерді тарату, қорқыту, БАҚ-тағы манипуля

    1

    5

    Семинар 4. Тұлғаралық қарым-қатынас психологиясы және өзара түсінісу механизмдері

    1

    10


    V-Модуль. Тиімді тұлғааралық қарым-қатынас технологиялары қоғамдық сананы жаңғырту негізі ретінде


    12

    Дәріс 12. Қарым-қатынастың коммуникативті жағы.

    Қарым-қатынас ақпарат алмасу ретінде. Коммуникацияның құрылымы, негізгі функциялары және түрлері. Коммуникациядағы цифрлық технологиялар. Коммуникацияның вербалды және вербалды емес құралдары.

    1

    5

    СОӨЖ 6. Мәселеге бағдарланған:№ 1. 1. Топтық презентация.

    "Қарым қатынастағы психологиялық кедергілер және оларды жеңу" кесте түрінде жіктеңіз.2.Психологиялық сценарий жасау: «Позитивті ойлау». «Өзін қабылдау, өзін бағалаудан құндылықтарға».

    1

    30 б

    13

    Дәріс 13. Әлеуметтік-психологиялық конфликт түсінігі және құрылымы.

    Әлеуметтік конфликтілердің табиғаты және шығу себептері. Психологиялық конфликтілердің түрлері. Конфликтінің конструктивті және деструктивті функциялары. Конфликтінің даму сатылары. Конфликтінің қатысушылары мен жүргізушілері, олардың қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары. Конфликтінің кеңістік-уақыттық шекаралары. Конфликтінің типтік кезеңдері. Конфликтінің функциялары мен зардаптары.

    1

    5

    Семинар 5 Коммуникацияның жас ерекшеліктері, әлеуметтік-мәдени және гендерлік ерекшеліктері.




    10

    14

    Дәріс 14. Кәсіби саладағы конфликт жағдайындағы тұлғаның мінез-құлық моделдері

    Конфликтіні болдырмау технологиясы. Конфликтідегі рационалды мінез-құлық технологиялары. Конфликтілік мінез-құлықтар: ынтымақтастық, бәсекелестік, қашу, құтылу, кооперация стратегиялары. Конфликтілерді шешу көп сатылы процесс ретінде. Манипуляторлардың типтері. Негізгі манипуляциялық техникалар..

    1

    5

    15

    Дәріс 15. Тиімді коммуникацияның техникалары мен тәсілдері.

    Тиімді коммуникация ұғымы. Тиімді коммуникация технологиялары және қағидалары, ережелері, дағдылары, тәсілдері. Тиімді коммуникацияның шарттары. Әлеуметтік интеллект. Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну. Имидж қалыптастырудың технологиялары. Сыртқы келбет имидждің бір бөлігі ретінде. Белсенді тыңдау техникалары. Келіссөз процесінің технологиясы.

    1

    5




    СОӨЖ 7. СӨЖ 3 қабылдау. Топтық жоба. № 2 Жобаға бағдарланған бағыт: Манипуляция процесіндегі тұлға. Манипуляция жасырын хабарлама ретінде. 2. Коммуникациядағы имидж және өзіндік ұсыну. Имидж қалыптастырудың технологиялары.




    25




    3 межелік бақылау




    100




    Емтихан




    100


    Кафедра меңгерушісі Мадалиева З.Б.
    Философия және саясаттану факультетінің

    әдістемелік

    бюросының төрайымы М.П. Кабакова
    Дәріскер Закарьянова Ш. Н.


    написать администратору сайта