Латын әліпбиі әңгіме. Латын ліпбиі
Скачать 24.05 Kb.
|
Латын әліпбиі, әлемде кеңінен қолданылады. Б.з.б. 7 ғасырда Римде грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. 1 ғасырында қалыптасты. Жазу оңнан солға немесе солдан оңға қарай (брустрофедон бойынша) жазылып, бағыты әрдайым алмасып отырған. Б.з.б. 4 ғасырдан бастап жазу тек солдан оңға қарай жазылды, алғаш 20 әріп болды. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды. Латын сөздерін оқуға негізделген әріп таңбалары қалыптасты. Қазіргі латын әліпбиінде 25 әріп бар. Әр халықтың жеке ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрі өзіндік орын алады. Халқымыздың тарихындағы әлеуметтік-саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы зор. Осыған байланысты бүгінгі күндегі өзекті мәселе қазақ әлібиіндегі өзгеріс «Латын әліпбиінің артықшылықтары» тақырыбы болып отыр. Баршамызға белгілі, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында латын қарпіне ауысуды мақсат етіп айқындап берген болатын. Латын әліпбиіне ауысу еліміздің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыра отырып, үш тілділікке көшу үрдісін жылдамдатады. Сонымен қатар, латын әліпбиін қолдану қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, табиғи таза қалпының сақталуына мүмкіндік береді. Кеңес өкіметі орнаған ХХ ғасырдың бірінші жартысында ағарту ісінде үлкен маңызға ие болған халықты жаппай сауаттандыру және білім беру жүйесінде реформалар жасады. Бұл реформалаудың негізінде қазақ алфавитін ауыстыру 2 рет өзгертілді. 1929 жылы араб жазуының латын жазуына көшуі болды. Бұл шешім 1924 жылы үкімет қабылдап қойған шешімі еді. Осының негізінде латын әлібиі жасалды. 1940 жылы латын жазуының кириллицаға ауысуы кеңес өкіметінің негізгі саясатының көрінісі болды. Қазіргі таңдағы латын қарпіне көшу ол заман талабы болып отыр. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуниакциялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», - деген еді. Кез-келген халықтың жеке өзіндік ұлттық рухани мәдениеті мен тарихында тілі, жазуы және ұлттық дәстүрі ерекше орын алады. Халқымыздың тарихындағы әлеуметтік-саяси дамуы мен ұлттық құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші ата мұрасы ретінде жазу таңбаларының маңызы зор. Осыған байланысты бүгінгі күндегі өзекті мәселе қазақ әлібиіндегі өзгеріс «Латын әліпбиінің артықшылықтары» тақырыбы болып отыр. Латын әліпбиіне көшу- заман талабы (пікірсайыс) Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. Дерек көздер: ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы (2017 жылғы 12 сәуір Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, компьютер. Барысы І Кіріспе бөлім. «Ой шақыру» Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін атап өтті. Демек, көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды. Ал осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әрбір мекеме, ұйымдарда іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін біздің сыныпта да бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» туралы өз ой-пікірімізді ортаға салуға жиналып отырмыз. Ғалымдар, әдебиетшілер, жалпы қауым арасында бұл мәселеге қатысты пікір екі жақты. Бірі қажет дейді, бірі қажет емес дейді. Пайдасы мен зияны жөнінде де пікірлер айтылып жатыр. Ендеше, «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында өткізілгелі отырған пікірсайыс алаңын бастаймыз. ІІ Негізгі бөлім. «Еркін микрофон» Мәселені талқыламас бұрын қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихы туралы Шәкәрім Меруерт таратып айтып береді. Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатыны белгілі болды. Ендеше алғашқы талқылайтын сұрақтармен таныс болыңыздар. І Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары: 1.Латын әліпбиіне көшудің себептері неде? 2.Латын әліпбиіне көшудің қандай тиімді жақтары бар? Осы сұрақтар төңірегінде ой өрбітсек:... ІІ Латын әліпбиін үйренудің жолдары: 3.Латын әліпбиін меңгеру қаншалықты қиындық туғызады? 4.Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің. ІІІ Латын әліпбиіне көшудің тиімсіз тұстары: 1.Латын әліпбиіне көшу қандай қиындықтар туғызуы мүмкін? 2.Латын әліпбиіне көшсек, неден ұтыламыз? ІІІ Қорытынды бөлім. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» Көрермен не дейді?.. ІҮ Рефлексия. «Дауыс беру» Оң жақ: қолдаймыз (ақ) Сол жақ: қолдамаймыз (қара) 1-оқушы (тарихшы): Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді. Қазіргі қолданыстағы кириллица – қазақ тарихындағы төртінші алфавит екені бәрімізге мәлім. Сонау сақ дәуірі, түркі дәуірі кезеңіндегі ата-бабалаларымыз өздері ойлап тауып, енгізген, құрастырған алфавиттен басқалары бодандықтың кебімен күштеп енгізілді. Түркі заманынан мұра болып қалған осынау құндылық «руно» жазуы еді. Одан кейін араб шапқыншылығы кезеңінде елімізге араб жазуы (төте жазу) ислам дінімен қатар келді. Латын және кириллицаны Кеңес үкіметі енгізді. Мұндағы мақсат – алфавитке көшу арқылы қазақ халқымызды рухани есеңгіретіп, халықтық болмыс, ұстанымдарынан айырып, мәңгүрт етіп алдарына салып айдап өз дегендерін жүзеге асыру еді. «Ресей тілін, дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, үкіметке онан артық іс болмас» деген Ахмет Байтұрсынұлының 1914 жылы жарық көрген «Қазақ» газетіндегі жанайқайы бекер емес-ті. Кеңес үкіметінің орыстандыру саясаты мақсаты терең, ауқымды қарқынмен жүзеге асырылды.Нәтижесінде, орыс тілі өмірдің көптеген салаларында жалғыз ғана тіл болып, ұлттық тілдерді ығыстырды. Сондықтан кеңес үкіметі құрамындағы қазақ, өзбек сияқты басқа да түркі халықтарының санасында кириллица мәжбүрлеумен және зорлық-зомбылықпен байланыстырылады. Қазіргі сөз болып жатқан қазақ алфавитінің кириллицадан латын әліпбиіне ауыстыру мәселесін отарсызданудың бір маңызды қадамы, отарлаушылардың зорлап таңылған алфавитінен арылу, еркіндік алу деп түсінемін. 2-оқушы (тілші-ғалымдар): «Латын алфавитіне көшу — заман талабы» - деп ойлаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз. Себебі латын әліпбиіне көшу арқылы біз психологиямызды, ми қабыршығы астындағы санамызды орыс тіліне деген тәуелділіктен босатамыз деп ойлаймын. Сондықтан мемлекеттік тілдің латын әрпіне көшуі – заман талабы. Бұл мәселені көтеру – Президентіміздің көрегендігін көрсетеді. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Мен қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын қалаймын. Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» - деген болатын. Ендеше орыс тіліне жалтақтай беріп қарайтынымыз да осы кертарпаның бірі деуге болады. Бұл жолда латиницаға көшу – тиімді әрекет. Ол біздің ұлттық кодымызды сақтап, ұлт ретінде дамуымызға жол ашады. 3-оқушы: Қазіргі таңда қолданыста жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде латын әліпбиін дүние жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден белгілі. Латын әліпбиі бізге таңсық емес, себебі ол біздің қоғамға әлдеқашан еніп кеткен. Оны еліміздегі кез- келген сауатты адам белгілі дәрежеде біледі. Ал, «латынның бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Мысалы, «Үштұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса, ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Осы орайда, латын әліпбиіне көшуді шет тілдерін жоғары дәрежеде игерумен байланыстыруға болады. Енді «Не үшін латын әрпіне көшуіміз керек?» деген сауалға жауап іздер болсақ, латын жазуы қазаққа бұрыннан таныс, қолданысқа оңай, игеруге ыңғайлы. Оған қоса, жаратылыстану ғылымдарында да оның қолданыста дәлділігі мен ептілігін дүниежүзінің өмір тәжірибесі дәлелдеді және бұл әліпби ақпараттық- технологиялар саласын дамытуға септігін тигізері сөзсіз. Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады деген де әңгімелер айтылып жүр. Мүмкін, бұл бастама, шынымен, еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар есік болар деп ойлаймын. 4-оқушы: Латын әліпбиіне кіру- әлемдік ғылыми, тілдік кеңістікке кіру үшін қажет. Бұл басқасын айтпағанда, түркі халықтарына ортақ әріп. Сонымен қатар, әріп қолданысы қазақ тілінің фонетикасына үйлесімдірек болып табылады. Біз, әлемдік ғылым мен технологияны, экономиканы игеру үшін ағылшын тілін үйреніп келеміз. Латын әліппесі сол тілді игеруге негіз, тиімді алғышарт болары сөзсіз. Халықаралық терминологияны алыңыз, немесе медицина мен басқа ғылымдар тілі көбінесе латынша жазылады. Менің пікірімше, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға. Алысқа бармай- ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып- ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Себебі, онда көбісінің аты- жөндері латынша болып келеді. Электрондық пошталары да солай. 5-оқушы: Менің ойымша, , латын әліпбиіне өтуіміз еліміздің бай мәдениеті мен мұрасымен көптеген шетелдік оқырмандардың терең танысуына жол ашады. Ал, жастар үшін әлем кеңістігі, дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын түп нұсқада оқуға жол ашылады. 6-оқушы: Менің ойымызша, латын алфавитін меңгере алу-алмау қорқынышы, қазақ тілін білу деңгейі және көпшіліктің ұлттық санасының орыс тілі, сонымен қоса кириллицаға тәуелділігі мәселесі. Латын алфавиті жайлы Уикипедия: «Неміс, француз, ағылшын, испан, итальян тағы басқа роман және герман тілдерінің жазбаша негізі болып табылатын қазіргі заманғы латын әліпбиі 26 әріптен құралған», деген мәлімет береді. «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес», — жазады Н.Ә. Назарбаев мақаласында. Шынымен, заманауи құралдар: компьютер, ұялы телефон, т.б. нәтижесінде ағылшын тілі әр-қайсымыздың үйімізге кеңінен кіріп жатыр. Сонымен қатар, қазіргі еңбектеніп жатқан 50-60 жас аралығындағы қызметкерлердің көбі кезінде мектепте болсын, ЖОО оқыған шағында ағылшын, француз немесе неміс тілі бойынша қарапайым білім иеленді, сондықтан оларға да латын әріпіне көшуге қиындық туғызбайды. 7-оқушы: Өз басым латын әліпбиіне әлдеқашан, сонау тәуелсіздік алған жылдары көшу керек еді деп ойлаймын.Ертерек қолданысқа енгізгенде әріптері ұқсас ағылшын секілді шет тілдерін үйрену, латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз жеңілдей түсер ме еді бәлкім. Ал қазіргі кезде көшу қиын шығар.Өзіңіз ойлап көріңіз, тұтас әліпби түгілі, бір қала не өкілетті органның(мысалы милицияны полицияға) атауын өзгертудің өзі қанша машақатты, қағазбастылықты, қаражатты талап ететінін. Жалпы латынша жазуға көшуге оң көзқарастамын, бірақ кешігіп қалдық кой деймін. Латын əліпбиіне көшіу – ол, өз əліпбиімзіге оралу, нақтырақ айтақанда түрік əлеміне, тіліне оралу деп түсінемін, сондықтан тез арада көшуіміз кажет деген пікірдемін. |