Главная страница
Навигация по странице:

  • Әдебиет , сонымен қатар электрон дық қор : Негізгі

  • Қосымша әдебиет

  • Электрондық ақпарат көздері

  • Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар

  • Сабақты жүргізу форматы

  • БОӨЖ бақылау

  • БӨЖ бақылау

  • Модуль. метод модуль кровообращение каз язык. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров М. Гэотармедиа. 2012. 736с. Бертрам Г. Катцунг Базисная и клиническая фармакология


    Скачать 18.61 Kb.
    НазваниеЛекции по фармакологии для врачей и провизоров М. Гэотармедиа. 2012. 736с. Бертрам Г. Катцунг Базисная и клиническая фармакология
    АнкорМодуль
    Дата23.01.2022
    Размер18.61 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файламетод модуль кровообращение каз язык.docx
    ТипЛекции
    #339983

    ФАРМАКОЛОГИЯ БОЙЫНША

    1 сабақ.Антигипертензиялық заттар. Антиангиналды заттар.

    Сабақ аяқталғанда студент игереді:

    • препараттарды ұтымды таңдаудың негізі ретінде антигипертензиялық және антиангиналды заттардың жіктелуі және фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары сұрақтары туралы хабардар болу;

    • антигипертензиялық және антиангиналды заттарды қолдану мүмкіндіктерін, жағымсыз жанама әсерлер дамуы мен оларды түзету жолдарын бағалау;

    • организмнің жеке ерекшеліктері, аурудың сипаты мен препараттың қасиеттеріне байланысты антигипертензиялық және антиангиналды заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолдарын, дозалау қағидасы мен тәртібін таңдауды жүзеге асыру бойынша білімді көрсету.

    Әдебиет, сонымен қатар электрондық қор:

    Негізгі:

    1. 1. Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық – 11-шібас., өңделеген және толықтырылған, түзетілген. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014 ж. .– 326-345 б., 305-318 б.

    Қосымша әдебиет:

    1. Машковский, М.Д. Лекарственные средства / М.Д. Машковский.- Москва: Новая волна, 2012.- 1216с..

    2. Рахимов Қ.Д. Фармакология: ҚР ДСМ / Қ.Д. Рахимов.- 2 басылым, өңделіп, толықтыр.- Алматы, 2015.- 554б.+24бет суреттер

    3. Рахимов, Қ.Д. Фармакология дәрістері: ҚРҰҒА / Қ.Д. Рахимов.- 2 басылым.- Алматы, 2015.- 552б

    4. Венгеровский А.И. Фармакология. Курс лекции по фармакологии для врачей и провизоров: М.: ГЭОТАР-МЕДИА. 2012. -736с.

    5. Бертрам Г. Катцунг «Базисная и клиническая фармакология» том 1, изд. – М.:Бином Диалект, 2008. - 648с.
    Электрондық ақпарат көздері:

    1. Сайттар www.knf.kz.; www. dari.kz, www.fda.gov.com, www.elsevier.com, www.cochranelibrary.com

    2. Clinical learning, Medscape.com, Medscapevideo.

    Электронды оқу құралдары:

    --E-book Bertram GKatzung

    -Basik and Clinical Pharmacology

    -E-book Rang and Dales

    Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:

    1. Артериялық гипертензияны емдеудің патогенездік қағидалары. Тамырлық тонус жоғарылағанда қолданылатын заттардың жіктелуі.

    2. Артериялық гипертензияда қолданылатын заттардың әсерлерінің орналасуы және механизмі.

    3. Нейротропты гипотензиялық заттар, тамырқозғалтқыш орталықтарға әсер ететін препараттардың әсер ету механизмі, фармакологиялық және жанама әсерлері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    4. Адренорецепторларды тежегіштер, жіктелуі, әсер ету механизмі, фармакологиялық және жанама әсерлері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    5. АҚҚ реттеудің гуморалды механизмдеріне әсер ететін антигипертензиялық заттар, әсер ету механизмдері, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    6. Миотропты әсер ететін антигипертензиялық препараттар: кальций каналдарының тежегіштері, калий каналдарының активаторлары және тікелей миотропты әсер ететін препараттар, әсер ету механизмдері, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы

    7. Артериялық гипертензияда қолданылатын диуретиктер, әсер ету механизмдері, фармакологиялық әсерлері, жанама әсерлері, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    8. Антиангиналды заттардың жіктелуі. Антиангиналды заттардың мүмкін болатын әсер ету механизмдері.

    9. Органикалық нитраттар. Әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    10. Кальций каналдарының тежегіштері, антиангиналды әсерінің механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулер және жанама әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    11. Бета адреноблокаторлар, антиангиналды әсерінің механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулер және жанама әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    12. Брадикардиялық заттар, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулер және жанама әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    13. Басқа фармакологиялық топтардың антиангиналды әсер көрсететін препараттары.

    14. Миотропты және рефлекторлы әсер ететін тәждік тамырды кеңейтетін заттар, негізгі фармакологиялық әсерлері, қолдануға көрсетулер және жанама әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

    15. Кардиопротекторлық заттар, жалпы сипаттамасы.

    Антиангиналды заттар, ұрлау синдромы, ангиотензинді айналдырушы ферменттің ингибиторы, кардиопротекторлық заттар, адренорецепторлардың блокаторлары терминдеріне үш тілдегі глоссарий.

    Бағдарлама бойынша препараттар:

    моксонидин, лабеталол, натрий нитропруссиді, пропранолол, метопролол, небивалол, бисопролол, эналаприл, фозиноприл, лозартан, ирбесартан, нифедипин, амлодипин, лацидипин, лерканидипин, верапамил,дилтиазем, фуросемид, гидрохлортиазид, индапамид, нитроглицерин, изосорбид динитраты,изосорбид мононитраты, триметазидин, никорандил, алинидин, ивабрадин, валидол, дипиридамол.

    Сабақты жүргізу форматы: тақырыптың сұрақтарын талқылау, жағдайлық есептерді орындау, тест түріндегі тапсырмаларды орындау, TBL қолданумен кіші топтарда жұмыс жасау, кестелермен жұмыс, препараттарға фармакологиялық талдауымен рецепттер жазу, бір реттік дозаларды есептеу, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) терминдерді түсіндіру.

    ҚО кезінде: в zoom.us (Webex), Moodle dis.kaznmu және/немесе Microsoft Teams платформаларында

    ҒБақылау: Баға – суммативті, тестілеу, тапсырмаларды талқылау және орындау, жағдайлық есептерді шешу, препараттарға фармакологиялық талдауымен рецепттер жазу, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) терминдерді түсіндіру негізінде қойылады.

    БОӨЖ бойынша тапсырмалар: жағдайлық есептерді орындау, тесттік тапсырмалар, препаратты анықтауға тапсырмалар, кестені толтыру (үш тілде), препараттарға салыстырмалы сипаттама жүргізу, кіші топтарда жұмыс жасау.

    ҚО кезінде Moodle dis. kaznmu және/немесе Microsoft Teams платформаларда жазбаша тапсырмаларды орындау: жағдайлық есептерді орындау, кестелерді толтыру (үш тілде), сонымен қатар, препараттарға салыстырмалы сипаттама жүргізу

    БОӨЖ бақылау: кеңес беру кезінде кері байланыс түрінде

    БӨЖ арналған тапсырмалар: «Гипертониялық кризді тоқтатуға қолданылатын препараттар. Әсер ету механизмі. Мүмкін болатын жанама әсерлер» тақырыбына. БӨЖ тапсыру тілі мен түрі оқытушымен жеке белгіленеді.

    БӨЖ бақылау: Баға – суммативті

    ҚО кезінде: Moodle dis. kaznmu и/или Microsoft Тeams платформаларында жұмыс жасау



    написать администратору сайта