Лекция 1 Тақырыбы Ертедегі дене шынықтыру мен спорт. Лекция 1 Таырыбы Ертедегі дене шынытыру мен спорт
Скачать 26.01 Kb.
|
Лекция 1 Тақырыбы: Ертедегі дене шынықтыру мен спорт Дене мəдениетінің алғашқы қауымдастықтарының пайда болуы жəне дамуы. Рулық, тайпалық қоғамдағы дене тəрбиесі. Құл иеленушілер қоғамындағы дене тəрбиесі. Ежелгі Шығыс елдеріндегі дене мəдениеті. Ежелгі Грециядағы дене мəдениеті, алғашқы Олимпиадалық ойындар. Ежелгі Римдегі дене мəдениетінің даму тарихы, ерекшеліктері. Дене мəдениетінің алғашқы қауымдастықтарының пайда болуы жəне дамуы Ойындар мен дене қимылы жаттығуларының шығу тарихының мəселелері көп елдердің ғалымдарының назарын аударып жүрген. Біреулері оны материалистік, ал біреулері - идеалистік тұрғыдан білдіріп жүрген. XIX ғасырдың аяғында, XX ғасырдың басында Бюхер мен (Германия), Спенсер (Англия), Летурно (Франция) сөкілді ғалымдар еңбек процесі жануар аңдардың ойынынан алынған деп, аң мен адамның ойынын бірдей көріп, айырмашылық жасамаған. Олардың ойынша қоғамдағы «Ойын еңбектен үлкен», «Еңбек ойынның баласы» деген өздерінің жорамалдарын айтты. Осы тұжырымдарды осы күнгі буржуазиялық философ, тарихшы социологтар қолдайды. В. Кербс, К. Дим (Германия), Б. Жиллет (Франция) жəне де бірқатар буржуаздық ғалымдармен қоса, Фридрих Əнгельстің «Маймылдан адамға айналудағы еңбек процесінің ролі еңбегіндегі ойларда «Адамды адам қылған еңбек» деген өз сөзін айтты. Қайта осы еңбек процесінде жəне еңбектің жəне аң аулаудың арқасында адам ең керекті дене қимылы жаттығуларын - жүгіру, секіру, лақтыру сияқты керекті іс-қимылдарды үйренді. Аң аулау ол кезде өмір сүрудің ең негізгі құралы болып саналатын. Аң аулауға шығар алдында оның суретін жартасқа немесе жерге салып, соған садақтан атып немесе жебе лақтырып жаттығатын. Əртүрлі магиялық сиқырлық іс- əрекеттер істей отырып, сол кездегі адам сонымен бірге, аң аулау кезінде керек болатын өз күш-еркін шыңдап, көз мергендігі мен қол ұшқырлығын, ептілігін машықтандыратын. Дене жаттығулары мен ойындардың ана немесе мына түрлерінің шығу тегіне, сол кездегі ежелгі адамдар өмір сүрген географиялық орта мен климаттық шарттарға байланысты Солтүстік адамдары шаңғы істеп, үйреніп аңға, соғысқа шаңғымен шығатын болды. жағалауында тұратын тайпалар жүзу, ескек есу, ал қысқы уақыттарда аң сүйектерінен жасалған конькилермен мұзда əртүрлі ойындар ойнайтын. Ал жылы аймақтарда ит үйретіп, ат ұстап аттардың арқасында көшіп-қонып, аң аулап, өздерінің сана-сезімдерін дамыта бастады. Көне дəуірлік адамның сана-сезімінің, ой-қабілетінің дамуы кездегі қоғамда дене тəрбиесінің пайда болуының субъективті алғы шарттары болып табылуында еді. Адам - өзіне тəн іс-қимыл белсенділігі бар əлеуметтік-биологиялық түр. Адамның іс-қимыл белсенділігі оның ағза мүшелерінің жаттығуына əкеледі. Көрнекі кеңес зерттеушісі М.О. Косвен өзінің «Көне дəуір мəдениетінің тарихы туралы очерктері» еңбегінде: «...күні бойы жұмыс істеп шаршаған көнедəуірлік адам, кешке қарай демалып, ағзасын, дене мүшелерін бой жазу арқылы өзінің табиғи физиологиялық қажетгтліктерін керек етеді. Дене шынықтыу-жаттықтырушылық немесе эмоционалдық іс-қимылдар аңға немесе жорыққа шығар алдында орындалатын аңшылық жəне əскери билерге оң əсерін тигізетін...». Діннің пайда болуынан бастап, дене жаттығуларының əлементтері діни салт-дəстүрлермен байланыстырыла бастады. Осылайша, діни тұрғыдағы билер ойындар пайда болды. Дегенімен, дене қимылы жаттығуларының, ойындардың жəне билердің шығу тегі діннің пайда болуынан бұрын адамзат тарихында пайда болған. 2. Рулық, тайпалық қоғамдағы дене тəрбиесі Рулық, тайпалық қоғамда адамның сана сезімі дами бастады. Енді ірі аңдар ұстау үшін соғысқа аттану үшін, жерін елін жаулардан қорғау үшін адамдарға жайлап біріге бастады Өндіруші күштердің, еңбек тəжірибесінің ендеуі тəрбиенің күрделенуіне алып келді, оның ішінде дене тəрбиесі де көп өзгерістерге ұшырады. Дене тəрбиесі Бұл жағдайларда тек еңбек жолына емес,əскери тəрбиеге де ауа бастады. Себебі: ішкі, сыртқы жаулармен қатар, табиғаттың дүлей күштерінен де өз түқымын аман алып қалу үшін, қарсы тұру амалдарын жасай бастады. Əскери тəрбиеде көне австралиялық балалар садақ атуда, əртүрлі заттарды лақтыруда жаттыққан үлкендермен қосылып аң аулауға, балық ұстауға барған. Тəрбие негіздеріне бумеранг лақтыру жатқан. Орыс этнографы Н. Миклухо-Маклай Жаңа Гвинея папуастарымен біраз уақыт бірге тұрған. Ол жүгіру, доп лақтыру, садақ ату, секіру, əртүрлі биге ұқсас қимылдарын өзіне жазып алған. Ал, Американың алғашқы адамдары (үндістер, эскимостар) допты нысанаға тастау, үлкен қашыктықтарға жүгіру, ауыр заттарды (тастарды) көтеру сөкілді, ойындарды ойнайтын Африканың тайпалары балалар мен жасөспірімдерді тəрбиелеу үшін таяқта семсерлесу, садақ лиананың бұтақтарында тербетіліп секіру сөкілді жаттығу-ойындарын кеңінен қолданған. Бушмен тайпалары жылдамдықпен, төзімділікпен көзге түскен. Олар да жарыстар өткізіп тұрды. жастан екінші жас кезеніне өткенше: инициация - арнау, бастау педагогикалық бағыттамалары болды. Инициация мақсаты жасөспірімді еркектер қатарына қосылу үшін алынатын емтихан сөкілді, ойын жаттығу түрлерін орындау болды. Тайпалық қоғамда ұл мен қызды бөлек тəрбиелеу пайда болды. Балалар аңшылық,əскери ойындарды ойнаса, қыздар би билеу, əйелдердің тұрмысы мен еңбегін көрсетті. Дене жаттығулары мен ойындар бірте-бірте өсіп келе жатқан ұрпақты тəрбиелеудің маңызды амалдарына айнала бастады. Дене тəрбиесі рулық-тайпалық қоғамның басты қызмет түрлерінің біріне айналды. Темір рудасын өндеуін игеру, егіншілік пен мал шаруашылығының бөліне бастауы, жеке меншіктің пайда болуына байланысты өндіруші күштердің дамуы - қоғамдық құрылымның ыдырауына əкелді. Өз алдына жеке бөлінген ру-тайпалардың əсқери көсемдері мен ақсақалдары енді өз ортасының əскери дене дайындығына көптеп көңіл бөле бастады. Бұл жаугершілік жағдайында я өз жерін-елін ішкі немесе сыртқы жаудан аман алып қалу əрекеттері, я бөтен жерлерді басып алу үшін керекті амалдар еді. Дене тəрбиесі біртіндеп əскери сипат ала бастады Қоғамдық өмір, былайша айтқанда, ерлер үйлерінде ететін, онда жастар үйі болатын. Рулық тайпалық ұйымдастырудың бұл түрі тəрбиелік мақсаттарда еді. Онда жасөспірімдердің əскери дене қимылы дайындығына айрықша көңіл бөлетін. Бұл құпия одаққа ру мен тайпаның барлық ерлері кіретін. Бұнымен қоса, бір бір жастық топтан екінші жастық топқа өту үшін, міндетті түрде инициация болатын. Рулық-тайпалық қоғам ыдыраған сайын, құпия одақтың ролі өзгеріп отырды Əскери жəне рулық аристократияның беліне бастауы, оларды қарудың жаңа түрлерімен қамтамасыз етуі, бай - мырзалардың бос уақыттарының көп болуы жəне олардың дене еңбегін менсінбей, бағаламауы - дене тəрбиесінің таптық жағдайға əкелуіне себепкер болды. Бай-манаптар өз билікгерін ең жақсы əскери-дене қимылы дайындығымен жəне жарыстардағы жеңістерімен одан бетер бекіте бастады. Ру-тайпалардың қатардағы мүшелері қоғамдық өмірден жəне ойындар мен дене жаттығуларынан біртіндеп шеттетіле бастады. Оларға енді ауыр қара жұмыс биліктегілерге қызмет ету қалды. Бұндай жағдайда дене тəрбиесі мен еңбек тəрбиесінің арасы ашпақтай бастады. Рулық-тайпалық қоғамның ыдырап, таптық құл иеленушілер дəуірінің пайда бола бастаған кезеңінде дене жаттығулары мен ойындар аристократтардың əскери-дене қимылы дайындығының амалдары ретінде публикалық қоғамдық сайыстар түрлерінде өтетін. Эгей теңізіндегі Крит аралында жəне Пелопоннесс жағалауындағы Микены қаласының археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде, əртүрлі ойындар мен сайыстардың, жаттығулардың кескіндері суреттері табылған. Крит көсемдері дене жаттығулары мен ойындарды сарбаздардың əскери-қимылы дайындығын арттыратын амалдар ретінде қолданған. Гомердің «Илиада» жəне «Одиссей эпикалық жырларында гректік ру-тайпалық аристократтарының біздің дəуірге дейінгі ХІІ-ғасырларға жататын жүгіру, күрес, жұдырықтасу, найза жəне диск лақтыру, садақ ату, күймелерде ат жарыстары сөкілді қоғамдық сайыстарды бейнелеген. Ру-тайпалық қоғамның ыдырауы басталған кезеңдерде ежелгі германдықтарда, Океания тұрғындарында, үндіс (майя, ацтек, инктер тайпаларында дене қимылы жаттығулары мен ойындардың дамуы шамамен осы бағыттарда болды. Майя тайпасында каучуктан істелінген допты пайдаланып ойнайтын командалық ойын таралған еді. Ойынның мəнісі мынадай - бір команда əлгі допты кəрзеңкеге тастауға тырысса екінші команда оған жол бермеуге тырысатын. Бұл ойынды кейін американдық Джеймс Нейсмит деген адам баскетбол ойыны етіп, дүние жүзіне əйгілі қылды. Ежелгі Перуде дене тəрбиесімен айналысқан жастар, кейінгі жағдайда міндетті түрде əскери қызметке өтуі тиіс болатын. Осылайша, ру-тайпалық қоғамның ыдырауы кезеңіндегі дене тəрбиесі өзінің еңбекпен тікелей байланысын жоғалтты, яғни, əскерилендіріле бастады, таптық бағытқа өтті. 3. Құл иеленушілер қоғамындағы дене тəрбиесі Құл иеленушілер қоғамы 4-3 мың жыл біздің ғасырымызға дейін бұрын пайда болды. адамзаттың дамуының заңды құбылысы ретінде болды. Құл иеленушілер қоғамындағы қоғам қатынасының негізгісі болды. Қоғамдағы осы өзгерістер сол кездегі рухани мəдениеттілік материалдық дене тəрбиесі салаларында өсетін тигізді. Құл иеленушілер жұмыс еңбегімен айналыспай дене қимылы жаттығуларын ойын ретінде əскери дайындық ретінде пайдаланды. Дене тəрбиесі Ежелгі Шығыс пен Греция, Рим ежелгі елдерінде барышпа дамыды. 4. Ежелгі Шығыс елдеріндегі дене мəдениеті Дене тəрбиесінің дене кимылы жаттығуларының көп түрлілігін Қытай, Египет, Индия Парсы, Вавилон, Ассирия елдеріндегі ежелгі қолтаңбалар мен мəдениет ескерткіштері куə болады Құл иеленушілер дене мəдениеті көп жаттығуларды халықтан алды. Индия халқының кейбір ойындары мен дене қимылы жаттығулары ежелгінің тереңіне кетіп қалады. Мұнда аң аулау шабу, семсерлесу, күймелерде жарысу, садақ ату, таяқ қолданатын доппен ойнау сияқты ойындарды қолданатын. Сол ойындардың қазірге дейін аттағы поло, хатха-йога, шахмат көгалдағы хоккей т.б. сөкілді түрлері жеткен. Ежелгі Парсыда атта шабу, садақ ату, дротик лақтыру сөкілді ойын түрлерін үйрететін мектептер болған. Бірақ, мұнда тек байлардың балалары ғана оқыған. Біршетінен, мұндай мектептерде ержүрек батыр нояндар дайындап отырған. Ежелгі Египетте фараондар моласын қазу кезінде Бе Гассан деген жерде көмбелері табылған ғалымдардың зерттеуінше бұл шамамен б.д.д. ХҰЙ-ХҰЙ ғасырлар бұрын сурет фресқаларда 400 ден аса ойын мен дене қимылы түрлері табылды. Онда аң аулау, садақ ату, күрес, арбада атпен жарысу сияқты түрлері болған. Б.д.д. ҮІ-Ү ғасырларда Египетте сондай жарыстарды өткізетін арнайы ғимараттардың қалдығы табылған. Ол кезде қарапайым халық ойындар, күрес акробатикалық жаттығулар, жүгіру, секіру, лақтыру, садақ ату, ауыр зат көтеру сөкілді қимылы жаттығуларымен айналысатын. Байлар дене тəрбиесі мектепте, тұрмыста, əскери қызметте өтетін. Олар халық арасында ойындар мен жаттығуларьгаан алатын, бірақ, тұқымы деп күймеде аң аулау, садақ ату, атпен жарыс т.б. түрлері мен айналысатын. Археологтар тастарда суреттердің кескіндерін тапқан. Онда Вавилонда - жұдырықтасу мен күрестің, Ассирияда - садақ ату мен жүзудің кең қанат жайғанын мəлімдейді. Байлар өзара семсерлесу, күймеде жарыс түрлерімен айналысатын. Қытай - қаратэ, яғни, қару-жарақсыз, жалаң қол-аяқпен қарулы жасаққа қарсы тұра алу өнерімен белгілі. Ежелгі Шығыс елдеріндегі құл иеленушілердің билігі күшейген сайын, халықтың қимылы жаттығулары мен ойындары шектеле бастады. Бұған себеп - халық осындай ойындар дене қимылы жаттығулары арқылы күшейіп кетсе, билік басындағылардың ертеңгі күні əлдері келмей қалатын еді. Сондықтан да, қарапайым халыққа шектеулер қойыла бастады. 5. Ежелгі Грециядағы дене мəдениеті, алғашқы олимпиадалық ойындар Ежелгі Грек дене мəдениетінің күшейюі құл иеленушілер дəуірінде өркендеді. Өнеркəсіп жер егіншілігі еңбегінің бөлінуі, сауданың өркендеуі біршетінен, екінші шетінен қоғамның ерікті мүшелерінің еріксізденуі, құлдарды аямай қанау - сол кездегі Грецияның қоғамдық қатынасы мəдениетінің өмірін қатты өзгертіп жіберді, сол кездегі соғыстар саяси ахуалдарға қатты əсерін тигізді. Сол кездегі қалалар арасындағы соғыстар байлардың одан бетер баюына, олардың байлық пен еріксіз құлдарға кенеліп қалуына əкеп соқты. Экономикалық, саяси, мəдени дамуға əскери ұйымдастыруға жəне тəрбие жүйесіне байланысты, ана немесе мына грек мемлекетінде дене тəрбиесінің міндеттері, амалдары, түрлері жəне əдістері анықталып жатты. Дене тəрбиесінің бір мемлекеттен екінші мемлекетке мақсат-міндеттері, амалдар мен формалары ауысып отырды Бұл жерде Спарта, Афина мектептерін айтуға болады. Ол екі түрлі мақсатта-бағытта жұмыс істеді Мысалы, афиналықтар ептілік пен күштілікті қатар дəріптесе, спартандықтар тек күштілікті төзімділікті, тікелей дене қимылы жаттығуларын дəріптеді. Спартаның басты қаласы - Лаконика біздің эрамызға дейін IX ғасырда пайда болды Спартаның өзінің шаруашылығы болғандықтан, ешқандай сыртқы саудамен айналыспайтын Оншақты мың құл иеленушілер (спартиаттар) 250 мындай құлдарды (илоттарды) қанайтын Спартиаттар құлдардың көтерілісінен қорқып жəне басқа мемлекеттермен соғыса отырып тəрбиенің мейлінше қатал жүйесін енгізген. Жеті жасқа дейін балалар жанұяда тəрбиеленетін. жаста-ақ балаларды қараңғы түннен қорықпау, бет алды жыламау, тамақ таңдамау, шынықтыру сөкілді түрлерімен айналыстыра бастайтын. Жетіден он сегіз жасқа дейін жас спартиаттар мемлекеттік тəрбие мекемелерінде тек дене қимылы жаттығуларымен ғана айналысатын. Оларды суыққа, аштыққа, шөлге, төзімділікке, ауруға қарсы шыдамдылыққа шынықтыратын Жасөспірімдердің тəрбиесінде диск пен найза лақтыру, жүгіру, күресу, секіру, сонымен бірге əскери ойындар, жабайы аңдар аулау сөкілді, жаттығуларға үлкен көңіл бөлінетін. Ой-тəрбиесіне көңілді тіптен бөлмейтін. Биге, музыкаға, хор өлеңдеріне көп уақыт бөлетін. спартиаттардың жетекшілігіне (педономдар) мемлекет тарапынан тағайындалатын. Еркектік қасиеттердің тəрбиесіне, ерлікке, əскери, жауынгерлік қасиеттерге, құлдарға деген көрушілікті бойына сіңіру сөкілді, тəрбие жүйелеріне өте көп көңіл бөлінетін. Осы мақсатта құлдарды түнде аң сөкілді аулау жақсы жолға қойылған. 18-20 жасар жасөспірімдер эфебтер жасақтарына кіретін. Онда олар дене қимылы жə əскери дайындықты одан əрі жетілдіретін. Одан кейін оларды жауынгерлер қатарына өткізіп, қартайғанша əскери қызметпен айналысатын. Тағы бір ерекшелігі - Спартада қыздардың тəрбиесіне үлкен көңіл бөлінетін. Ежелгі жазушылар Ксенофонт, Павсаний, Плутархтың айтуы бойынша - қыздар дене пішінін үнемі жақсарту мақсатында жүгіру, күрес, найза мен диск лақтыру сөкілді, жаттығуларды орындай алулары, олардың болашақ балалары дені сау болып туылуына көп көңіл бөлетіні жайлы жазылған. Көп жағдайда спарталық əйелдер қарумен жасақталып құлдарды қатаң бақылайтын болған. Осының нəтижесінде спартандық мемлекеттік тəрбие жүйесі мен əскери ұйымы сол кездегі Грецияның күшті əскерлерінің бірі екенін дəлелдеді. Спарта атлеттері сол кездегі көптеген Олимпиадалық, Пифиялық ойындардың жеңімпаздары қатарында болды. Аттикада (орталығы - Афины) дене тəрбиесінің жүйесі мүлдем басқаша болды. Біздің эрамызға дейін Ү-ІҮ ғасырларда Афины - қоғамдағы таптық сипаты өте қатты білінетін иеленушілер республикасы болды. Сауданың, қолөнердің, мəдениеттің жəне ғылымның қатты дамуы Афйны қаласын грек мəдениетінің орталығы етті. Бұл қоғамдағы тəрбие жəне білім жүйесі Спартадағыдай тек əскери-дене қимылы жаттығуларымен ғана шектеліп қалған жоқ сонымен бірге, афиндықтар (аттика мектебі) дене қимылы жаттығуларымен қатар, этика, эстетика философия т.б. гуманитарлық пəндерді оқып жетілді. Афиныда мусикалық гимнастикалық мектептерде оқыды. Музыкалық мектепте - ғылым, ілім, эстетика, т.б. ғылымдар оқыды. гимнастикалық мектепте палестрикалық - жүгіру, секіру, диск жəне найза лақтыру, күрес т түрлері етсе, орхестикалық - музыкалық аспаппен ойнау, билеу болып бөлінді. Афиныда балалар жасынан бастап, жанұяда құлдың бақылауында өсетін. Одан кейін балалар мектепке кетсе, қыздар үйде ары қарай тəрбиелене беретін. 7 жасынан 16 жасқа дейін жасөспірімдер мемлекеттік немесе жеке мектепке баратын. Олар мусикалық («Муза» ғылым мен өнер құдайы, рухани жə эстетикалық тəрбиемен қатар, ой-саналық тəрбие берді) мектептер мен гимнастикалық («гимнос жалаңаштанған сөзінен шыққан. Гректер ол кезде біраз жасқа дейін дене қимылы жаттығуларын ешқандай киім кимей айналысатын) мектептерде айналысатын. Гимнастикалық мектептерді палестра деп атады («пале» - күрес, деген сөзден шыққан) жасөспірімдер 12-14 жасынан қатысатын. 14 жастан бастап, мусикалық мектептердегі сабақтар одан кейінгі орынға қалдырылып, бірінші орынға гимнастикалық мектептер шықты. Грек гимнастикасы жаттығулар жүйесі ретінде үш негізгі бөлімдерден тұрды: палестрика орхестрика жəне ойындар. Палестрикаға жаттығулардың : негізгі түрлері кірді: жүгіру, секіру найза жəне диск лақтыру, күрес. Пентатлоннан (бессайыс) басқа, палестрикаға панкратион (күрес пен жұдарықтасудың қосылған түрі), жүзу, жұдырықтасу, атта шабу, садақ ату жəне басқа да қимылы жаттығулары енгізілді. Орхестрика негізінде музыканы қойып орындалатын би билеу жаттығуларынан тұрды. Ойындар гимнастиканың белімдерінен тұрды. Оған таяқтармен шеңбермен, клюшкамен (доп немесе шайбаны ұратын арнайы таяқ), шармен, доппен жəне басқа құрал-жабдықтармен орындалатын жаттығулар кірді. 16 жасында əке-шешесі ауқатты жасөспірімдер мусикалық жəне гимнастикалық мектептерде сабақтар біткеннен кейін, гимнасийлерге оқуға түсті. Афиныда мемлекеттік қаржы есебінен жұмыс істейтін үш гимнасий болды: Академия, Ликей, Киносарг. Гимнасийлерде жас иеленушілер саясатты, фəлсапаны, əдебиетті оқып үйренді. Платон, Аристотель, Демокрит, Сократ, Гиппократ т.б. грек ғалым-ойшылдары дене қимылы жаттығулары туралы көп еңбектер жазған. Ежелгі Грецияда дене қимылы жаттығуларын қолданудың екі əдісі қолданылатын гимнастика немесе жалпы дене тəрбиесі жəне агонистика -сайыстарға қатысу үшін арнайы дайындық. Агонистика - гимнастикалық ойындар мен жарыстар жəне мусикалық (музыка, өлең, поэзия саласында) болып бөлінетін. Олимпиадалық ойынадардан басқа сол уақытта Немей Истмий, Пифий, Панафинейлік ойындары болды, бірақ олар мəні мен маңызы жағынан Олимпиадалық ойындарға жетпеді. Барлық елдердің ғалымдарын осы Ойындар қызықтырып əрқайсысы əртүрлі ой айтатын. Нəтижесінде, көне Олимпиадалық ойындар Ежелгі Грецияда рулық қатынастардың тозуы, жəне таптық құл иеленушілер қоғамының пайда болуы кезіндегі пайда болған экономикалық саяси, əскери жəне мəдени алғышарттарға байланысты қалыптасты Сондықтан, ең бірінше белгілі болған ойындар б.э.д. 776 жылы болған деседі. Зевс, Геракл, Гермес құдайлары туралы аңыздар т.б. ал, одан басқа мəліметтер - ол 776 жылға дейін ХХҰЙІ Олимпиадалық ойындар Олимпия деген жерде өткен деп дəлелдейді. Ол жерде храмдардан басқа гимнасий, палестра, стадион, ипподром болды. 4 жылда 1 рет болатын Олимпиадалық ойындар өткен уақытта соғыс тоқтап, елдің экономикалық, саяси, мəдени өмірі гүлденіп кететін. ойындардың арқасында гректер жыл санауды жүргізген. 1-ші уақыттағы бағдарламада тек стадияға (192 м, 27 см) жүгіру ғана болатын. Кейін пентатлон, қарумен жүгіру (семсер қалқан), панкратион, бокс түрі, күймелер жарысы, ат жарысы сөкілді түрлері қосыла берді. 67 ші) ойындардан бастап, балалар, сонан соң əйелдер, құлдар да қатыса бастады. Алдында тек ерікті гректер ғана қатысатын. Салтанатты түрде өтетін бұл жарысқа 10 ай бұрын дайындалатын. Бəрі ант беріп, жеңімпаздарды лавр веногімен марапаттап, өлең шығаратын. 45-50 мыңдай көрермен жиналатын. Сол кездегі Лукиан, Геродот сияқты ақын-ойшылдар да қатысатын. Уақыт өте келе лавр веногінің орнына қымбат бағалы сыйлықтар беріле бастады. |