Главная страница
Навигация по странице:

  • Жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері

  • Жоспарлау деңгейі бойынша жоспарларды саралау.

  • Орташа мерзімді жоспарлау

  • Мақсат түрі бойынша жоспарларды саралау.

  • Басқа да белгілері бойынша жоспарды саралау.

  • Кәсіпорын мен оның өнімнің жалпы сипаттамасы.

  • Тәуекелділік пен қауіпсіздендіруді бағалау.

  • 1-кесте. Қаржылык-экономикалык тәуекелділік

  • Лвлв. Лекция+3. Лекция 3 Жоспарлау тсінігі. Бизнесжоспар блімдері Меншікті тріне, кызметті клеміне жне оны баы


    Скачать 54.8 Kb.
    НазваниеЛекция 3 Жоспарлау тсінігі. Бизнесжоспар блімдері Меншікті тріне, кызметті клеміне жне оны баы
    Дата11.10.2021
    Размер54.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЛекция+3.docx
    ТипЛекция
    #244996


    Лекция 3

    Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері

    Меншіктің түріне, кызметтің көлеміне және оның бағытына қарамай әрбір кәсіпорын жоспарлаумен айналыса алады. Жоспарлау - бұл белгілі бір болашаққа кәсіпорын мақсатын таңдау және негіздеу үдерісі, оған жету үшін сәйкес технологияны әзірлеу, шешімдер мен негізгі бағыттарды таңдау және негіздеу қажет. Қазіргі нарықтық экономика орталықтандырылған басқару жүйесі кезіндегі отандық экономикаға қарағанда, неғұрлым жоспарлы болып табылады. АҚШ-тың жай фермері ауыл шаруашылық кезеңге ауыл шаруашылығы өнімдеріне жыл басындағы қалыптаскан биржалық бағаға, тасымалдық қызмет бағасына, ауа райы жағдайына байланысты әрекет ету жоспарын жасайды (қандай сортты егу, кандай көлемде, қанша, кімге кандай өнімді сату туралы).

    Нарықтық экономика жағдайында айрықша ерекшелігі бойынша бірінші кезекте жоспарлау субъектісі өзгереді: жоспарды меншік иесі немесе жалданған кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесіне жауап беретін, оған өкілетті қызметкер жоспарды кабылдап бекітеді. Сондықтан ең алдымен кәсіпорында жоспарлаудың орталықтанған басқару жүйесі жағдайында қалыптасқан баға кажет. Бұл мәнін әлі жоғалтпаған нарықтық экономика жағдайында базаны анықтау үшін қажет (мысалы, жоспарлаудың бағдарламалық мақсатты әдістері, оның ішінде ғылыми-техникалык серпіліс және өндірісті-техникалық қайта жабдықтау бағдарламалары, оралымды-өндірістік жоспарлау, өндіріс факторлары бойынша жоспарлау және т.б.) - Сонымен катар нарық жағдайында кәсіпорында жоспарлау кызметін кайта кұру жүйелік кемшіліктерін еңсеру үшін де керек.

    Нарықтық жағдай кәсіпорындағы жоспарлаудың белгілі бір мақсатты бағыты мен сипаты болуын талап етеді. Дер кезінде кәсіпорынға ықпал ететін сыртқы факторларын (бәсекелестердің, өткізу нарығының, түтынушылардың жэне т.б) ескеру, алдағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, экологиялық, саяси жэне басқа да өзгерістердің ықпалын анықтауға ұмтылу керек. Мемлекеттік органдардың бұрынғы функциялары кәсіпорынға тікелей өтеді: кәсіпорын деңгейінде өз бетінше дамудың ұзақ мерзімді стратегиясын жасау қажеттілігі туындайды. Осыдан зауыттық жоспарлаудың кағидалары мен түрлері өзгереді. Ағымдағы (жылдық) жоспарлаудың шеңбері санаулы болады, бұл болашағы бар жоспарлаудың қажеттігін меңзейді. Болашақ жоспары стратегиялық максатты көрсететін ағымдағы жоспарлау үшін басты бағыт болады және ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың негізгі қызметі болып табылады. Өз кезегінде ағымдағы қызметтің жылдык нәтижесі шаруашылық жағдайлардың өзгерісін ескере отырып, болашақ жоспарды кезінде түзету үшін пайдаланылады. Басқаша айтқанда өзгермелі жоспарлау қағидасы қолданылады.

    Жоспарлауды басқару функциясы ретінде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда олардың және әрбір бөлімшесінің мақсатын белгілі бір кезеңге нақтылауда, міндетті қоюда және оған жету жолдарын таңдауда, қойылған мақсат пен міндеттерді орындау үшін қажетті еңбек, каржы, материалды ресурстарды анықтауда жүзеге асырылады. Нақты мақсатқа жетудің бағыты мен тізбектілігін, сонымен қатар технологиялық тізбектің жолын анықтауда кәсіпорынның жекелеген құрылымдык бөлімшелерінің іс-әрекетін өзара байланыстыруға бағытталған шаралар кешені жасалады (ғылыми-зерттеу жэне тәжірибелік конструкторлық нұсқауларды өндіріске ендіруге, өткізуге және сервистік кызмет көрсетуге дейін әзірлеу). Бұл үшін нарық жағдаятының болашағын, тұтынушылык сұраныс үрдісін, қолданылатын ресурстардың неғұрлым тиімді пайдалану мүмкіндігін білу қажет. Сондай-ақ жоспарлау маркетингпен және бақылаумен тұрақты үйлесуі қажет. Жоспарлау болашақты және ағымдағы жоспарлаудың өзара байланысты жиынтығы түрінде жүзеге асады.

    Негізгі бөлім


    1. Жоспарлау нысаны мен кезеңдері, жоспар түрлері


    Директивті және индикативті жоспарлау. Директивті жоспарлау оны орындайтын бөлім үшін міндетті болып саналады. Директивті жоспарлау нарықтық қатынаста балама түрінде бола отырьш, мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте, мысалы, кәсіпорында ағымдағы жоспарлау үшін қолданылады. Индикативті жоспарлау макродеңгейде жиі қолданылады. Индикативті жоспарлаудың тапсырмасы орындалуы міндетті болмайды. Олар элеуметтік-экономикалық саясат бағамындағы мемлекеттік басқару органының әзірлеуі мен қалыптасуы нәтижесінде анықталынған елдің экономикасының даму бағыты мен көрсеткіштерін сипаттайды.

    Индикативті жоспарлау елдің элеуметтік-экономикалык дамуының жалпы тұжырымдамасынан, элеуметтік-экономикалық дамуды болжаудан, мемлекеттік және аймақтық мақсатты бағдарламалардан және экономикалық реттегіштер жүйесінен түрады. Индикативті жоспарға міндетті тапсырмалардың шектелген саны ғана кіруі мүмкін. Индикативті жоспарлау директивті жоспардан айрықша ерекшеленеді және міндетті сипатта емес, ұсынылатын сипатта болады, сонымен қатар ол жанама реттеуге, экономикалық нормативтер мен жеңілдіктер жүйесін, табиғи көрсеткіштері емес кұндылық көрсеткіштерді пайдалануға негізделген. Кәсіпорын индикативті жоспарды келесідей нысандардың бірінде жүзеге асыруда қатыса алады: 1) республикалық немесе аймақтык мақсатты кешенді бағдарламаларда қатысу; 2) өнімді жеткізу, мемлекеттік қажеттілік үшін қызмет пен жүмыстардың орындалуы. Индикативті жоспарлау микродеңгейде де, оның ішінде болашақты жоспарлауды құруда және жасауда қолданылады. Мазмұны, мақсаты және міндеттеріне байланысты жоспарлаудың келесідей нысандарын саралауға болады.

    Жоспарлау деңгейі бойынша жоспарларды саралау. Жоспарлы кезең (жоспарлау деңгейі) ұзактығы бойынша келесілерге бөлінеді: 1) ұзак мерзімді (болашақты) жоспарлау; 2) орташа мерзімді (бір жылдан жоғары) жоспарлау; 3) қысқа мерзімді (ағымдағы) жоспарлау. Болашақты жоспарлауды басқа жоспарлаудан болжау нысаны бойынша айыруға бола-ды. Болжау жоспарлаудың ажырамас элементі бола отырып, болашақтағы мүмкін жағдайы бар тәжірибелік мәліметтерге сүйене отырып, суреттемесін көрсететін әдіс болып табылады және үдеріс пен кәсіпорынның даму өзгерісіне қарай ағымды суреттемесін анықтайды. Маркетинг, кәсіпкерлік, инвестициялау, инновация облысында қабылданатын көптеген шешімдер болашақта болатын жағдайларды бағалауға негізделген, яғни болашақта болатын жағдайлардың болжамы болады. Жоспарланған нысанның немесе үдерістің дамуының әр түрлі баламаларын болжау көмегімен анықтау және тиімді баламаны таңдауды негіздеу болжауды болашақты жоспарлаудың кезеңдерінің бірі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

    Орташа мерзімді жоспарлау бір жылдан бес жылға дейін жасалынады. Ағымдағы жоспарлау бір жылға дейінгі кезеңде жүзеге асады және жарты жылдык, тоқсандық, айлық, апталық және туліктік жоспарлаудан тұрады. Жекелеген кәсіпорындар орташа мерзімді жоспарлауды ағымдағымен біріктіреді: өзгермелі бес жылдық (үш жылдық) жоспар құры-лады, онда бірінші жыл ағымдағы жоспар деңгейіне дейін бөлшектеліп көрсетіледі. АҚШ-та кәсіпорындарда жоспарлау бір жылдан үш жылға дейін жүзеге асады. Жапонияда жоспарлар корпорацияларда 5 жылдан 15 жылға дейін жасалады. Бұрынғы КСРО кәсіпорын деңгейінде бес жылдық және бір жылдық жоспарлар жасалды. Жылдық жоспарлар әсіресе нарықтық экономикаға өтуге дейінгі соңғы жылдары жиі реттеліп отырды. Сондықтан кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлаудың негізі тоқсандық және айлық жоспарлар болды. Қазіргі уақытта «өмір сүру» мәселесі бар кәсіпорындарда кәсіпорынның ағымдағы қызметін жоспарлау негізі токсандық және айлық жоспарлар болып табылады.

    Мақсат түрі бойынша жоспарларды саралау. Қойылған мақсат маңыздылығы (мақсат түрі, жоспарлы шешімдер мазмұны немесе тартылатын инвестиция және материалды ресурстар көлемі) бойынша бөлінеді: 1) стратегиялық жоспарлау; 2) тактикалық жоспарлау; 3) оралымды жоспарлау; 4) инвестициялық жобалау; 5) бизнес-жоспар. Осылайша болашақтық жоспарлау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған ұзақ мерзімді жоспарларды қалыптастырудан тұрады. Стратегиялык жоспарлау - сыртқы ортаның басты факторы ретінде нарықтық мүддеге, нарықты есепке алуға жоспарлауды айқын бағыттау болып табылады. Стратегиялык баскарудың құрамдас элементі ретінде стратегиялық жоспарлау - балама нұсқаны іздеудің көп кезеңді үдерісі, олардың ең тиімдісін таңдау, осы таңдаудың негізінде жалпы даму стратегиясын кұру, оны жүзеге асырудың арнайы тетігін қалыптастыру.

    Әлемдік тәжірибе бойынша көбінесе ұзақ мерзімді және стратегиялык жоспарлау түсінігі қолданылады. Ұзақ мерзімді жоспарлау дамудың қалыптаскан үрдісінің алдағы уақытта болатынын және оларды жоспарлау үлгісінде болашақты бағалау үшін негіз болады. Болашақтағы дамуға өткен заңдылықтар мен құрылымдық сипаттамаларды ауыстыру, мұндай ыңғайдың ерекшелігі мен кемшілігі болып табылады, себебі болашақ өткен кезеңге қарағанда жақсы болатындығына үміттелінеді. Стратегиялық жоспарлаудың негізі болып «мақсат ағашын» және жоспарлау бағдарламасын құру, жағдайлық үлгінің негізінде жоспарлар жасау, шаруашылық әрекеттер баламаларын сарапты және матрицалық бағалау және т.б. саналады. Жалпы корпоративті стратегиялық жоспарды жасаудың ерекше кағидасы - оларды болашақтан казірге дейін кұру. Жоспарлаудың бүл нысаны ірі өнеркәсіптік кәсіпорынның стратегиялық басқару тұжырымдамасына жазылады (концерн, консорциум, картель және т.б). Стратегияны таңдау кезінде жаңа стратегияның кәсіпорынның жинақталған әлеуетіне сәйкес болуын ескеру кажет.

    Өнеркәсіптік кәсіпорынның ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде ағымдағы қорытындыларды бағалау және сыртқы ортаны болжау негізінде стратегиялық мәселелерді анықтау жүргізіледі. Ұзақ мерзімді стратегиялық саясат қалыптасады, стратегияны біріктіру үшін орташа мерзімді жоспарлар қабылданады. Мақсаттар әрекет ету бағдарламасына, бюджетке, кәсіпорынның әрбір негізгі бөлімшелері үшін жасалған пайда жоспарына айналады. Бөлімшенің жоспарларды орындауы бойынша мәліметтері жиналады, олардың орындалуына баға беріледі және ұзақ мерзімді жоспардың (көбінесе жаңа бұйым бойынша), сондай-ақ жылдық жоспардың (көбінесе бұрынғы бұйым бойынша), негізінде жоспардан нақты көрсеткіштердің ауытқуы бойынша бақылау жүргізіледі. Ірі жапондық корпорациялардың 70-80 пайызы ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесін қолданады. Стратегиялық жоспарлау тізбекті-параллельді жүзеге асатын және келесідей төрт шешімді камтитын көп кезеңді үдеріс:

    1. Бизнесті анықтау (өндірілетін өнімді, техника-экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, жұмыс пен қызметті, тұтынушылық қасиетін суреттейді, сол өнім нарығының көлемін бағалау, нарықты сегменттеу);

    2. Бизнес миссиясы (рөлі) - олардың сандық өлшеміндегі кептеген зерттелген мақсаттар, яғни миссия - даму мақсатын көрсететін сандық өлшемдердің жиынтығы (сатылу көлемінің өсу карқыны, нарық үлесінің мөлшері, пайдалылық және табыстылық деңгейі, таза табыстың шамасы және ақшалай айналым көлемі және т.б.).

    1. Атқарымдық стратегия - еңбек ресурстары және қаржы, инвестиция, өндіріс, маркетинг, зерттеу облысындағы стратегия.

    2. Бюджеттеу - бағдарлама, жоспар, стратегияның жүзеге асуын қамтамасыз ететін бюджеттерді құру және ресурстарды бөлу жүйесін қалыптастыру.

    Стратегиялық жоспарлау өзінің негізінде қабылданған жоспарлы шешімдерді жыл сайын реттеу, сондай-ақ осы жоспарларды орындау бойынша сәйкес шараларды қайта қарастыру. Осыдан келіп, стратегиялық жоспарлаудың ерекше белгісі көбінесе кәсіпорынның көлемі мен мөлшеріне негізделген жоспарлы кезеңнің икемділігі болып табылады.

    Тактикалық жоспарлау - кәсіпорын стратегиясының жаңа мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін, дәстүрлі қабылданатын немесе алдын ала бекітілген жетістіктер үшін қажетті міндеттер мен қорларды негіздеу үшін салдарлар жасау үдерісі.

    Ішкі өндірістік шаруашылық тетігін қамтитын, техника-экономикалық жоспардың негізгіде кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің арасында байланыс орнайды, өндірісте ғылыми негізделген парапарлы және негізгі қызмет түрлері бойынша бюджеттер жасалады, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жүргізіледі. Қазіргі жағдайда бюджеттеу жоспарлаудың және мемлекеттік басқару мен кәсіпкерлікте бақылаудың негізгі құралы болып табылады. Кәсіпорын бюджеті - белгілі бір кезеңге кәсіпорын саясаты мен міндеттерін, мақсатын көрсететін кәсіпорынның шаруашылық операцияларының барлық аспектілерін қамтитын жоспар.

    Оралымды жоспарлау қысқа мерзімді кезеңде кәсіпорын қызметінің нақты сұрақтарын шешу және тактикалық жоспарлау көрсеткіштерін нақтылауға арналған. Оралымды жоспарлау жоспардың жоғары деңгейде бөлшектенуін сипаттайды. бағыты санаулы және қолданылатын әдіс-тәсілдер әр түрлі болуымен сипатталады.

    Инвестициялық жобалар (күрделі салым жоспарлары) өндірістік қуатты арттыруға бағытталған, үзақ мерзімді сипатпен сипатталады. Бизнес-жоспар жаңа кәсіпорын және ұйымның құрылуын негіздеу үшін, нарыққа шығу және шаруашылық қызметтің пайдалылығын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

    Басқа да белгілері бойынша жоспарды саралау. Жоспар түрлері, сондай-ақ келесідей белгілерге байланысты жіктелуі мүмкін: 1) шаруашылық қызметтің мазмүны - зерттеулер (ҒЗЖ және ҰКЖ), өндіріс, маркетинг, өткізу, персонал, шикізатты және материалдарды сатып алу, инвестиция, қаржы жоспарлары; 2) басқару деңгейі және кәсіпорынның ұйымдастырушылық кұрылымы - корпоративті, кәсіпорындық жоспарлау, филиалдардың жоспары, цехтық жоспарлау жүйесі, жоспарлаудың өндірістік жүйесі (бөлімше, бригада, жұмыс орны және т.б.); 3) пайдалану саласы бойынша - цехаралық, цехішілік, бригадалық, жеке; 4) жоспарлау нысаны - мақсатты жоспарлау (стратегиялық және тактикалық мақсаттарды анықтау), бағдарламалық жоспарлау (нақты бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру, мысалы, маркетинг, өзіндік құнды төмендету, өндірістік бағдарламалар, өткізу) және қорларды жоспарлау (мақсатқа жету үшін қажетті қүралдарын анықтау, персоналды жоспарлау, өндірістің техникалық қайта жабдықталуы); 5) жоспарлау тереңдігі - шектелген жоспарлау (берілген көрсеткіштермен шектелген, мысалы, бөлімшелер сомасы бойынша цехты, цехтар сомасы бойынша зауытты жоспарлау) және бөлшектерді жоспарлау (терең есептеу және үдеріс пен жоспарланған нысанды суреттеу); 6) қамту деңгейі бойынша (барлық кезеңдер мен көрсеткіштер) жалпы және бөлшекті (белгілі бір кезеңдер, көрсеткіштер және облыстар) жоспарлау; 7) жасау кезеңдері бойынша - (жоспар жобалары жасалады) алдын ала және соңғы (бекітілгеннен кейін жоспарлар заңды күшіне ие болады) жоспарлау; 8) уақыт бойынша жоспарлардың үйлесімдігі - тізбекті (әр түрлі жоспарларды жоспарлаудың келісілген тізбекті жүзеге асырылатын үдерісі) жоспарлау және бір уақтылы (барлық жоспарлардың көрсеткіштері жоспарлау кезеңінде анықталады) жоспарлау; 9) мәліметтердің өзгерісін есепке алу бойынша - катаң және икемді жоспарлау.

    Жоспарлау кезеңдері. Жоспарлы кызмет - қазіргі менеджменттің негізгі функцияларының бірі. Басқарудың орталықтанған жүйесі жоспарлы-экономикалық бөлім және кәсіпорындағы бухгалтерияға бөлінеді, өйткені ақша көбінесе есептеу функциясын орындайды. Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорын стратегиясының негізі кіріс пен шығысты жоспарлау болады; жоспарлаудың қаржылық аспектісі (бюджеттеу) жоспар жасау кезінде және оны нақтылап, орындау кезінде негізі болып табылады. Жоспарлауды басқарудың бастапқы кезеңі бола отырып, кәсіпорынның даму мақсатын таңдауға, әрекет ету бағдарламасын аныктауға, қойылған мақсатка жету әдістері мен шараларын жасауға бағытталған үдерістен тұрады. Жоспарлау үдерісі бес кезеңге бөлінген.

    Бірінші кезеңде болжау жүргізіледі, алдымен бар ресурстарды болжау мақсатында белгілі бір факторларға жүйелі талдау жасалады. Болжау жоспарға негізделген мүмкіндігін көрсетеді. Екінші кезеңде кәсіпорынды дамыту баламасына таңдау жасалып, салыстыру жүргізіледі. Басқаруда қойылған міндеттің шешіміне бір ыңғай болмайды. Сондықтан әр түрлі тұғырнамада баламаны бағалау қажет (пайдаланылатын ресурстардың пайдалылығын, әлеуметтік-экологиялық мәнін және т.б.) және неғұрлым ыңғайлы баламасын таңдау. Үшінші кезең - мақсатты қалыптастыру және міндетті қою. Мақсатты дәл анықтап, оған жету мерзімдерін анықтау кажет. Төртінші кезенде жұмыстың сәйкес тізбегі мен әрекет ету бағдарламасы жасалады. Әрекет ету бағдарламасын жасау үшін қабылданатын міндеттердің орындалуының уақытша тізбектілік пен кезектілігін бекіту қажет. Бесінші кезеңде бағдарламаны кұндык бағалау және бірінші кезекте қаржылық ресурстарды бөлу жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің басқа жүйесіне (неғұрлым тиімді) сүйенетін қазіргі әлемдік тәжірибеде бұл кезең бюджеттеу, яғни бюджетті қалыптастыру деп аталады. Ол өткен барлық материалдарды жалпылап, құндық түрде кұжаттардың стандартты жинағы түрінде ұсынуға арналған.


    1. Бизнес-жоспар үлгісі

    Бизнес-жоспар ағылшын тілінен аударғанда «кәсіпкерлік іс-әрекет жоспары», «кәсіпкерліктің жоспары» деп аударылады. Бизнес-жоспардың екі қағидалы бағыты бар: 1) ішкі кәсіпорынның кәсіпкерлік іс-әрекетін өзіндік бағалау және жүзеге асыру кезеңдеріне бөлінген жобалық ұсыныстардың бағдарламаларын дайындау; 2) сыртқы - қызыққан кәсіпорындар мен ұйымдар, мемлекеттік және жергілікті ұйымдарға, сыртқы инвесторларға ұйымдық-техникалық, қаржылық-экономикалық және басқа да артықшылықтары жөнінде ақпараттар жатады.

    Жоспарлау тәжірибесінің мақсатына қарай бизнес-жоспарлардың бірнеше түрлері белгілі: өндірістік бизнес-жоспар немесе ксіпорынды дамыту бизнес-жоспары; инвестициялық бизнес-жоспар, жаңа кәсіпорынды, жаңа тауар мен қызметтерді құрудың бизнес-жоспары; несие алу үшін бизнес-жоспар және т.б.

    Бизнес-жоспардың құрылымы, көлемі мен құрамы кәсіп-орынның мақсаттарымен, іс-әрекет түрлерімен, өлшемдерімен анықталады. Сонымен катар бизнес-жоспарды әзірлеудің ішкі логикасы мен жалпыға танымал кағидалары болуға тиісті. Бизнес-жоспар мәтіні 25 парақтан аспауы қажет және келесі бөлімдерден тұрады:

    1. Түйіндеме.

    2. Кәсіпорын мен оның өнімінің жалпы сипаттамасы.

    3. Маркетинг жоспары.

    4. Өндіріс жоспары.

    5. Үйымдық жоспар.

    6. Қаржылық жоспар.

    7. Тәуекелдікті бағалау және сактандыру.


    Түйіндеме. Бизнес-жоспар жасалғаннан кейін түйіндеме құрастырылады. Негізгі мақсаты - ұсынылатын жобаға қаражаттарды енгізу қажеттігін дэлелдеу. Түйіндеме бизнес-жоспар компьютерге басылған мәтіннің үш бетіне қысқаша шолудан тұрады. Бүл жоба жарнамасы, сондықтан оның мазмұны кысқа да накты болуы кажет. Түйіндемеге түсініктеме жеткілікті дәрежеде еркін жазылуы тиіс, бірақ мәтінді бизнес-жоспардың мақсаттары мен мәселелерінен бастау керек. Кейіннен зерттелетін өндіріске қарағанда нарықтағы және саладағы кәсіпорынның өнім артықшылықтарына, кәсіпорынның ресурстарына және оның ағымдағы каржылық ресурстарына, өндірісті және табысты жоғарылату мүмкіншіліктеріне, инвестицияның қажеттіліктеріне және оларды пайдалану бағыттарына, ұсынылатын қаржыландыру көздеріне және қарыздарды қайтару тәртібіне, жобаны іске асырудағы тәуекелдіктерге, өндірістің экономикалық тиімділігін негіздеуге түсініктеме беріледі.
    Кәсіпорын мен оның өнімнің жалпы сипаттамасы.

    Ең алдымен кәсіпорын іс-әрекет ететін экономика саласына сипаттама беріледі, саланың даму кезеңдері мен үрдістері (үш негізгі түрі - тұрақты даму, дамушы және дағдарыстык жағдай) көрсетіледі, сондай-ақ кәсіпорынның саладағы орны көрсетіледі. Кәсіпорынға сипаттама берілгенде оның нарықтағы баска үйымдар мен компаниялардан келесі ерекшеліктеріне назар аудару қажет:

    1. Кәсіпорынның толық және қысқартылған атауы, оны тіркеу орны мен күні, тіркеу куэлігінің нөмірі мен салык қызметіндегі есепке алу нөмірі, кәсіпорынның құкықтық мекен-жайы, банк деректемелері.

    2. Кәсіпорынның үйымдық-құқықтық нысаны.

    3. Жарғылық капиталының мөлшері.

    4. Негізгі меншік иелерінің жарғылық капиталдағы үлесін көрсеткен тізімі, олардың әрқайсысының кәсіпорынды құрғандағы және қызметіндегі рөлі.

    5. Кәсіпорынның негізгі іс-әрекет түрі.

    6. Соңғы үш жыл ішіндегі кәсіпорынның қаржылық тиімділік көрсеткіштері.

    7. Кәсіпорын миссиясының қалыптасуы, алдыңғы және болашақтағы мақсаттары мен мәселелері.

    8. Кәсіпорын ұсынатын өнім мен қызметтер нарығының көлемі.

    9. Кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтары.

    10. Кәсіпорын мәселелері.

    11. Басқарудың жоғарғы шеніндегі басшылардың сипаттамасы: бас директор, орындаушы директор, директорлар, бас бухгалтер (тегі, аты, әкесінің аты, жасы, білімі, біліктілігі, алдыңғы үш жұмыс орны мен қызметі, ондағы қызмет ету мерзімі).

    12. Кәсіпорын мен бәсекелестерінің күшті және әлсіз жақтарын талдау және бағалау.

    Кейіннен нарыққа ұсынылатын өнім мен қызметтерге тұтынушы тұрғысынан түсініктеме және анықтама беріледі. Оларды бәсекелестер өнімімен салыстырып, өнімді жетілдіру және өндірісті дамыту кажеттілігі негізделеді. Бизнес-жоспардың бүл бөлімі түсініктеме беру түрінде болады. Онда кәсіпорын ұсынылатын тауарлардың бәсекелес тауарларына карағанда артықшылықтары, олардың техника-экономикалық сипаттамалары, жетілдіру мен түрлендіру жолдары көрсетіледі. Көбінесе бизнес-жоспарда өнімнің (тауардың) келесі сипаттамалары көрсетіледі:

    1. Өнімнің атқарымдық мақсаты.

    2. Қосалқы өндірісте пайдалануды ескергендегі, өнімді пайдалану мақсаттары;

    3. Сапалық көрсеткіштер (ұзақтығы, сенімділігі, пайдалану және жөндеу қарапайымдылығы мен қауіпсіздігі, кабылданған стандарттарға өнімнің сәйкестігі, технологиялығы, әмбебаптығы, ақау пайызы, сапаны бақылауға, сату алдындағы,
      сатудан кейінгі және кепілдемелік қызмет көрсетуге талаптар).

    4. Сыртқы безендіру мен қораптау;

    5. Өнімнің қазіргі кездегі сатысы (ой, жұмыс жобасы, тәжірибелік үлгі, топтамалы өндіріс және т.б.);

    6. Тауардың (кызметтің) артықшылықтарына, әлсіз және күшті жақтарына түсініктеме беру;

    7. Басқа тауарлармен салыстыру;

    8. Өнімді (кызметті) жетілдірудің негізгі бағыттары.


    Маркетинг жоспары. Бұл бөлімде кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайларына сәйкестендіретін маркетинг стратегиясына түсініктеме беріледі. Маркетинг жоспары келесі бөлімдерден тұрады:

    1) маркетинг мақсаттары мен стратегиялары;

    2) тауар нарықтарын кешенді талдау және жобалау;

    3) бағаның қалыптасуы;

    4) тауарды (қызметті) тарату жүйесін таңдау;

    5) жарнама;

    6) сатуды ынталандыру әдістері, клиенттерге сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

    Кешенді талдау бизнес-жоспар дайындаудың негізгі кезеңдері болып табылады және шартты түрде төрт кезеңнен түрады. Бірінші кезеңде - нарықтың ықтимал сыйымдылығын бағалау, яғни белгілі аймақтың тұтынушылары бір айда, тоқсанда немесе жылда сатып алатын тауарлардың жалпы көлемі анықталады. Екінші кезеңде - нарық жағдаяты негізінде сатудың ықтимал көлемін бағалау, яғни белгілі мүмкіншіліктерді есепке алғанда сату көлемін анықтау. Үшінші кезеңде - тұтынушыларды белгілі белгілері бойынша топтау негізінде нарықты сегменттеу жүргізіледі. Төртінші кезеңде - нарықты кешенді бағалау, яғни болашаққа сату көлемінің жобасын дайындау. Ірі кәсіпорындарда мұндай болжауды әзірлеу әр түрлі әдістердің (статистикалық ақпараттың көп көлемін пайдалану арқылы математикалық үлгілеу, маркетингтік зерттеулер жүргізу және т.б.) көмегімен анықталуы мүмкін. Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында көбінесе тұтынушыларға сауалнама, кәсіпорын менеджерлерінің сараптамалық бағалауларын жүргізу арқылы шектеледі. Тауар бағасы көптеген факторларды ескеріп анықталады: өнімнің өзіндік кұны, тауардың ерекше артыкшылықтары, оның сапасы, бәсекелестердің ұқсас тауарларға немесе алмастырушы тауарларға бағасы, берілген тауарларға сұраныспен анықталған бағалар. Бағаны бекіту әдісі мен кәсіпорын жоспарлаған баға деңгейі кәсіпорында баға саясатының қалыптасқанын көрсетеді. Маркетингтегі баға саясаты төмендегілерді қамтиды:

    • нарыкка шығу;

    • нарықтан бәсекелестерді ығыстыру;

    • жаңа тауарды нарыкка шығару;

    • «нарықтан қаймақты калқып алу» стратегиясы негізінде жоғары пайданы алу;

    • өнімді өндіру және сатуға байланысты шығындардың орнын тез арада толтыру;

    • кәсіпорынның нарықтағы үлесін кеңейту және бір қалыпта ұстау және т.б.

    Жарнаманың негізгі функцияларының бірі - бәсекелес тауарлар арасынан жеке сипаттамаларымен ерекшеленетін, тек осы тауар түріне ғана тән (тұтынушылық қасиеттерінің қайталанбауы, жоғары сапасы немесе төмен бағасы, қорапталуы) өнімді бөліп көрсету болады. Жарнама бөлігінде жарнаманың типі (тауарлық және фирмалық) және жарнаманы тарату кұралдары (сыртқы жарнама, басылым өнімдері, радио және тележарнамасы, көліктегі жарнама және т.б.) таңдалады. Кәсіпорын жарнаманы өзі немесе мамандардың көмегімен жасайтынын шешуі керек. Жарнама - қымбат іс-шара, сондықтан жобаны іске асыру кезеңіне жарнаманың бюджетін анықтау қажет. Жарнамаға кететін шығындар «Өндіріс жоспары» бөлімінде көрсетіледі. Кәсіпорындағы сұранысты қалыптастыру және өнімді өткізуді ынталандыру жүйесіне түсініктеме беріледі. Сервисті кеңейтудің кәсіпорын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуда мәні зор. Бұл бөлімшеде сервистік қызметтердің сату алдындағы, сатудан кейінгі және кепілдемелік кызмет көрсету шарттарын көрсету кажет.
    Өндіріс жоспары. «Өндіріс жоспары» бөлімінде кәсіпорын жақындағы 2-3 жылда (ірі компаниялар үшін мерзім 4-7 жылға дейін созылуы мүмкін) тиімді өнім (қызметтер) өндіруді жоспарлау жолына түсініктеме береді. Бұл бөлімде - тауарлар қайда дайындалатыны, қандай өндірістік қуаттар қажет болады, қандай жабдық қажет және жетіспейтін жабдықты кайдан сатып алуға болатыны жоспарланады, өндірістік ағымдар тізбегі қандай, шикізат пен материалдар кімнен және кайдан сатып алынады, өндірістік бірлесу жоспарлана ма, сапаны бақылау жүйесі қандай, өндірілетін өнімнің (кызметтердің) өзіндік құны кандай? - деген сүрақтарға жауап береді. Бұл бөлімнің құрылымы және оны әзірлеу кезеңдері төмендегідей болады:

    1. Өндіріс және өнімді сату бағдарламасы (жылдар бойынша тоқсандарға бөліп көрсету): өнімнің әрбір түрі бойынша - табиғи және құндык көріністегі өндіріс көлемі, табиғи көріністегі сату көлемі, өнім бірлігін сату бағасы, сатудан түскен табыс, өнімді сатудан алынған жалпы табыс анықталады.

    2. Технологиялық үдерістің тізбегі: жобаның техникалық базасы болып табылатын станокты жабдықтың, машиналардың және құралдардың түсініктемесі, қажет етілетін өндірістік қуаттар, энергия көздеріне талаптар, шикізат, материалдарға, жинақтайтын өнімдерге және өндірістік қызметтерге қажеттілік, өндірісті дайындауға талаптар, өндіріс технологиясын жетілдіру мүмкіншіліктері.

    3. Өндірісті үйымдастыруға койылатын талаптар: өнеркәсіптік (қүрылыс, көліктік, сауда және басқалары) өндірісті ұйымдастыру түрлеріне, кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымдарына талаптар; өндірістік үдерісті ұйымдастыруға талаптар, соның ішінде кәсіпорынның қосымша шаруашылықтарын ұйымдастыруға, өндірістің техникалық дайындығына материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жне өнімді өткізуді ұйымдастыруға, маркетингтік қызметті ұйымдастыруға, кәсіпорын кадрларын қалыптастыруға; еңбекті ұйымдастыруға талаптар.

    1. Негізгі құралдарға қажеттілік: өндірістік алаңдар мен қазіргі жабдықтардың саны және оған сәйкес жалпы қажеттіліктер; негізгі жабдықпен жабдықтаушылар және оның шарттары (сатып алу немесе жалға алу). Жабдық лизингі. Амортизация түрлері (қарапайым жэне жеделдетілген). Амортизациялык аударымдар мөлшері, жеделдетілген амортизация мөлшерін пайдалануды негіздеу.

    2. Жабдықтаушылар мен серіктестер: кәсіпорын қандай кәсіпорындармен және ұйымдармен іскерлік карым-қатынас жасайтынын анықтау қажет. Шикізат және материалдар (атауы, жеткізу шарты) және бағдарланған бағалар. Материал және шикізатпен қамтамасыз етудің көздері.

    3. Айналмалы қорларға қажеттілік. Шикізат және материал, жылу жэне электроэнергия, ыдыстар, қосалқы бөлшектер, сондай-ақ аяқталмаған өндіріс, сатып алынған және өзі дайындаған жартылай өңделген өнімдер, болашақ кезең шығындарын талдау кажет.

    4. Персоналдарға және еңбекақыға қажеттілік. Әр мамандық бойынша жұмыскерлер санын көрсетіп, мамандықтар тізімін кұру қажет. Сонымен бірге мамандар мен қызметкерлер, негізгі және көмекші өндіріс жұмыскерлері бойынша талап етілген олардың біліктілігін көрсету қажет; еңбекті ынталандыру және еңбекақы шартын, бөлімшелердің құрамы
      мен құрылымын, персоналдарды оқыту мүмкіндіктерін, кәсіпорындардың даму деңгейі өскен сайын персоналдар құрылымындағы мүмкін болатын өзгерістерді бекіту қажет.

    5. Өнім өндірудің жылдық шығындары: өнімді өндіру және өткізу шығындары (жылдық өнімге). Айнымалы (өндіріс көлеміне парапарлы) және тұрақты шығындар (өндіріс көлеміне тәуелсіз). Өнім (кызмет, жұмыс) бірлігінің өзіндік құны.

    6. Құрылыс кұны, жобалық-сметалық құжаттарда және сметалық-қаржылық есепте қарастырылған, жобамен бекітілген күрделі салым қүрылымы, оның ішінде құрылыс-құрастыру жұмыстары, жабдыққа жұмсалған шығындар және басқа да шығындар.

    7. Экологиялық және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Табиғатты қорғау шаралары.


    Ұйымдық жоспар. Бұл бөлім келесідей ақпараттардан тұрады:

    1) меншік түрі жөнінде (шаруашылық серіктестіктер бойынша құрылу және серіктестік шарты көрсетіледі, акционерлік қоғамдар бойынша - акционерлер құрамы және оларға тиесілі үлестері, акционерлік қоғамдар бойынша шығарылған акциялар көлемі мен олардың эмиссиясы көрсетіледі);

    2) кәсіпорынның ұйымдық күрылымы жөнінде (кәсіпорынды басқарудың үйымдастырушылық сызбасы, бөлімше құрамы мен олардың функциясы, филиалдары мен олардың еншілес кәсіпорындары, олардың бас кәсіпорынмен ұйымдастырушылық өзара байланысы);

    3) персонал жөнінде (директорлар кеңесінің мүшелері, қысқа өмірбаяны жайлы анықтамалар, қаржылық кұжаттарға қол қоюға құқығы барлар, жетекші кұрам мүшелерінің арасында міндеттерді бөлу, жетекші персоналдардың еңбекақы мәселелері);

    4) кәсіпорын қызметін құқықтық қамтамасыз ету жөнінде (кәсіпорынның кұрылуы мен қызмет етуінің кұкықтық аспектілері).
    Қаржылық жоспар. «Қаржылық жоспар» бөлімінде қарастырылған материалдарды жинақтап, қүндық өрнекте көрсету қажет. Бұл бөлім негізгі болып табылады, ол бойынша жобаны жүзеге асыру шығындары жоспарланып, оның тиімділігі анықталады. Қаржылық ақпараттардың көлемі мен бөлшектенуі, оның нақты түрлері салалық ерекшелікке, бизнес-жоспар мақсатына қарай, инвестициялар мен кредиторлар талаптарының әр түрлі болуы мүмкін. Бұл бөлімде келесідей сүрақтарға жауап көрсетілуі тиіс: сатылу көлемі мен жалпы пайда, айналым және өндіріс шығындары мен инвестициялардың жалпы көлемі, шығындар мен табыстардың пайыздық ара-қатынасы, жеке және қарыз қорларды пайдалану, олардың көздері мен қарыздарды төлеу мерзімдері, салымның өтелу мерзімі, дивидендтерді төлеуді бастау мерзімі. Қаржылық ресурстарға қажеттілік, жоспарланған қаржылар көздері мен шамаланған қаржыландырудың сызбасы, қарыз алушылардың жауапкершілігі мен жобада кабылданған кепілдіктер жүйесі толық суреттелуі тиіс. Қаржы жоспары екі бөлімнен тұруы мүмкін:

    1. Жоспарлы-есептік құжаттар.

    2. Бизнес-жоспарды жүзеге асырудың тиімділік көрсеткіштерінің есебі.

    Тәжірибеде бизнес-жоспардағы қаржылық жоспардың бірінші бөлігі көбінесе негізгі үш құжатпен көрсетіледі: табыс және шығын жоспары, ақша қозғалысы мен кәсіпкерлердің активтер және пассивтерінің жиынтық жоспары.

    Табыс және шығын жоспары. Болжам көбінесе алғашқы үш жылға және келесі кезеңдерге жасалады. Ол келесідей көрсеткіштерден тұрады: тауарларды (қызмет көрсету) сатудан түскен табыс; өнім өндірісінің шығындары, сатудан түскен пайда; жалпы өндірістік және коммерциялық шығындар (түрлері бойынша), қауіпсіздендіру; өзіндік құнға енгізілген амортизациялык аударымдар және қаржылық нәтижеге жатқызылатын салықтар, негізгі қарыздан құтылу және несие пайыздарын төлеу (капитал үшін пайыздар), салық алынатын пайда; салыққа төленген пайда, таза пайда. Құжаттың негізгі міндеті - алдағы бірнеше жылдың ішінде жобада көрсетілген көрсеткіштер деңгейінде күтілген пайданың қалыптасуын көрсету (бірінші кезекте сатудан түскен табыс пен шығындар).

    Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы жоспар (кассалы жоспар-бюджет). Ақша каражатгарын болжаудың негізгі мақсаты - түскен және жұмсалған қаражаттардың біртектілігін тексеру, яғни кәсіпорынның кредитор алдындағы міндеттемелерін кәсіпорынның есеп шотындағы ақша каражаттары есебімен дер уақытында төлеуге қабілеттілігін тексеру. Ақша каражаттарын болжау күтілген табыстар мен ақша қаражаттарының төлемдерін табыс пен төлем баптарын нақтылап, кезендер бой-ынша бөліп көрсетеді. Ақша қаражаттары қозғалысын құрудың негізі - сату көлемін болжау болып табылады. Ол кәсіпорынның болашақ табыстарын көрсетеді. Ақша қаражаттарын жоспарлау кезінде - ақша ағындарын, пайыздык және инфляция деңгейінің өзгеріс, салық зандылықтарының өзгерісі факторларын ескеру қажет.

    Кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің жиынтық теңдестігі. Жиынтық теңдестік кәсіпорынның бірден-бір уақыттағы қаржылық жағдайын сипаттайды, қандай каржыландыру қаражаттары бар екендігін және бұл қаражаттар қалай пайдаланылатындығын көрсетеді. Бұл теңдестік жүзеге асырудың бірінші кезеңінің басы мен аяғында жасалуы керек. Жиынтық теңдестік несие беруші мекемелердің мамандарының үлкен қызығушылығын тудырады, өйткені кәсіпорынның қандай пассивтермен бұл активтерді алуды қалай қаржыландыратындығын бағалауға мүмкіндік береді.

    Қаржыландырудың екінші бөлігі - түскен қаржылық акпараттарды алу, төлемге кабілеттіліктің негізгі көрсеткіштерін есептеу, жоба тиімділігін бағалау, капиталды қандай түрде тарту тиімділігін анықтау және оны толық қанша уақытта қайтаруға болатындығын анықтау, жобадан алынатын тиімділікті анықтау, кәсіпорынның каржылық стратегиясын жасау.
    Тәуекелділік пен қауіпсіздендіруді бағалау. Бұл бөлім мүмкін болатын тәуекелділіктерді көрсетеді, тәуекелділіктің қаупін азайту сақтық шаралары бойынша ұйымдастырушылық мәселелерден тұрады және тәуекелділіктен сырттай қауіпсіздендірудің және өзін-өзі қауіпсіздендіру бағдарламасын ұсынады. Тәуекелділікті анықтаудың маңыздылығы оны дәл есептеуде емес, көбінесе жетекшінің шеберлігіне, мүмкін болатын тәуекелділікті алдын ала білуіне жэне сол тәуекелділікті дұрыс бағалауына байланысты. Тәуекелділікті бағалау мен анықтаудың келесідей алгоритмін ұсынуға болады:

    1. Тәуекелділік тізімін құру, бірінші кезекте - қаржылық-экономикалық тәуекелділік (1-кесте).

    2. Әр тәуекелділіктің пайда болу ықтималдығын анықтау.

    3. Пайда болған жағдайда болатын шығын мөлшерін бағалау.

    4. Пайда болу ықтималдығы бойынша тәуекелділіктерді топтастыру.


    1-кесте. Қаржылык-экономикалык тәуекелділік

    Тәуекел түрлері

    Пайдаға кері ыкпалы

    Өнімнің сатылмауы

    Өнімнің сату көлемі мен оған деген сұраныстың кенет азаюы

    Сұраныстың тұрақсыздығы

    Бағаның өсуінен сұраныстың азаюы

    Баламалы өнімнің пайда болуы

    Сұраныстың темендеуі

    Накты шығынның жоспардан асып кетуі

    Пайданың төмендеуі немесе болмауы

    Электр энергиясы, тасымалдау, шикізат және материал бағасынын өсуі

    Электр энергиясының, тасымалдаудың, шикізаттың және материалдың бағаларының өсуіне байланысты пайданың төмендеуі

    Шикізат және сатып алынатын жартылай өңделген өнімдер бағасының уақытша ауытқуы

    Шикізат пен сатып алынатын жартылай өңделген өнімдер бағасының уакытша өзгеруіне байланысты пайданың төмендеуі

    Айналмалы капиталдың жетіспеушілігі

    Өндіріс көлемінің төмендеуі немесе несие көлеміні артуы

    Жабдықтаушыларға тәуелді болу, баламалы көздердің болмауы

    Бағаның өсуіне байланысты пайданың төмендеуі

    Бәсекелестердің өндіріс көлемінің артуы

    Өнімді сатудың азаюы немесе баганың төмендеуі

    1. Кәсіпорын үшін қолайлы тәуекелділік деңгейін бекіту және тізімде неғұрлым мәнді тәуекелділіктерді көрсету.

    2. Тәуекелдік деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін шаралар тізімін жасау.

    Кәсіпорын өз зияндарын өзін-өзі қауіпсіздендіру негізінде (кәсіпорынның айналмалы қорларының есебінен арнайы резерв қорларының қалыптасуы арқылы) және тәуекелдіктің белгілі бір бөлігін қауіпсіздендіру компанияларына (кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және инвестициялық-қаржылық қызметін қауіпсіздендіру, персоналды қауіпсіздендіру) және ұйымдарға беру арқылы азайтуға болады.


    написать администратору сайта