Лекция+3. Лекция ала кшелері мен жолдарыны негізгі элементтері. Жру блігі мен тротуар. Блу жолатар. Трамвай жолдары. Жобалау аладары мен кше иылысандары
Скачать 74.77 Kb.
|
Лекция 3. Қала көшелері мен жолдарының негізгі элементтері. Жүру бөлігі мен тротуар. Бөлу жолақтар. Трамвай жолдары. Жобалау алаңдары мен көше қиылысқандары. 3.1 Қала құрылымы мен оның негізгі элементтері. Адамдар тұратын аймақ. Қоғамдық орталығы қала ортасында немесе су бойында орналасады. Өндірістік аймақ. Жел раушанына байланысты санитарлық – қорғау талаптары бойынша орналасады. Санитарлық – қорғау аймағы. 60% көгалдандырылған аймақтан тұрады. Көліктік аймақ. Қаладан тыс орналасады, үйлерге дейінгі min қашықтық 100м. Ол аймақ жалпы қалалық және аудандық мәнді магистралдық көшелері бар тұрғындар үйлерге байланысты. Коммуналдық – қоймалық аймақ. Ол аймақ өндіріс мекемелерімен тұрғын үйлерімен жақсы көліктік, автомобильдік және темір жолдық байланыс үйымдастырылған қаладан тыс жерде орналасады. Бұқаралық демалу орындары аймағы. а/ қала саябақтары мен басқа мәдени объектілері; б/ қала маңындағы – ормансаябақтары, гидросаябақтары, ұлттық саябақтары. Жанар май кұйу стансалары – олар ұсақ қалалардың шетінде, ал ірі және өте ірі қалалары аймағы бойынша бір келкі болып құрылысқа дейін «min» 50м. қашықтықта орналасады. Техникалық қызмет көрсету стансалары – ірі автокөліктік мекемелер жанында орналасады. Кейде жанар май кұйу стансалары мен техникалық қызмет көрсету стансаларын бірге орналастырады. Ауруханалар аймақтары – оларды судан алыс биікте жел соғатын жерлерде орналастырады. Шаруашылық базарлар аймағы – қала аудандарының барлығымен көліктік байланысы жақсы ұйымдастырылған жеке үйлер арасында орналасады. Қала құрылысының композициялық негізі - ол, қаланың қоғамдық орталығы орналасқан негізгі магистралдық көшелер қиылысқандарының торабы. 3.2 Қала көшелері мен жолдары элементтерінің ендері. Жүру бөлігі мен тротуар, бөлу жолақтар. Трамвай жолдары. Қала көшесінің көлденең кескіні әр түрлі қала өміріне маңызды элементтерінен құрастырылады. Көше элементтерінің негізгілері көліктер және жаяу жүргіншілер қозғалысын үйымдастыруға арналған. Ал қосымша көлденең кескіннің құрамына көгалданған және бөлу жолақтары кіреді. Негізгі элементтер: жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер жолақтары, трамвай жолдары және велосипедтік жолдары. Қала көшелері мен жолдарының жалпы ендері олдардың санаты және көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүру ырғақтықтары бойынша тағайындалады. Онымен қоса тағы көңіл бөлетін жағдайлар: құрылыс түрі, жер бедері, тұрғындарды шудан қорғау, вибрация, газдану, жер беті суларын ағызу сияқты ж.б. КНжЕ бойынша: жалпықалалық мәнді көліктер қозғалысы үздіксіз магистралдық көшелерінің жалпы ені – 75м.; жалпықалалық мәнді көліктер қозғалысы реттелген магистралдық көшелерінің жалпы ені – 60м.; аудандық мәнді магистралдық көшелерінің ені – 35м.; көп қабатты үйлер араларындағы көшелердің ені – 25м; бір қабатты үйлер араларындағы көшелердің ені – 15м; Осы көшелердің ендері қажетті негіздеулер арқылы кеңейтілу мүмкін. Қала көшелері мен жолдары элементтерінің ендерін анықтауда келесі формулаларды қоланады. Жүру бөлігінің енін есептеу: Жүру бөлігі – рельсіз жүретін барлық көлік түрлері қозғалысына,олардың тоқтауына арналған, ал кейбір жағдайларда қойма ретінде қолданатын қала көшесі мен жолдарының негізгі элементі. В = bn + 2a; (1) b – бір жүру жолағының ені, м; n – жүру жолақтарының саны, м; a – жүру бөлігі мен борттық тас араларында орындалатын қосымша жолақ, м; Жүру жолақтарының санын есептеу: n = N/P; (2) N – көліктердің жүру ырғақтықтары. (жаяу./сағ.); P - бір жолақтың өткізу қаблеті, (жаяу./сағ.) ; Есептелген жолақтар саны кестедегі берілгендерден төмен болмауы тиіс. Кесте 3.1- Қала көшесі мен жолдары санаттары бойынша тағайындалған элементтердің ені.
Қозғалысы реттелген көше қиылысқанында бағдаршам алдында 50м. «стоп линия» тоқтау сызығына жетпей 1...2 жолағы қосылып жүру бөлігі кеңейтіледі. Кеңейтуді бөлү жолақтарының енін азайту арқылы орындайды. Көліктердің өткізу қаблетін есептеуде жолдың бір жүру жолағында қауыпсыз көліктер арасындағы минималдық интервалы белгілі аяқ астынан алдындағы көлік алдында тоқтай алатын жағдайда: N = 3600 V/L, (3) N - жүру бөлігінің бір жолағындағы теориялық өткізу қаблеті, бір/сағ; V - есептелген қозғалу жылдамдығы, м/с; L - қатар көліктердің бамперлер арасы, м; Қатар келе жатқан көліктер араларындағы қауыпсыз интервалды есептеу: L = ℓ + ℓ +ℓ +ℓ ; (4) ℓ - автомобильдің ұзындығы, м ; ℓ - артқы көліктін тежелуге дейінгі реакция кезінде өтетін қашықтық; ℓ - тежелу қашықтығы, м; ℓ - көліктер тоқтағандағы арларындағы қауыпсыздық қашықтығы; кесте 3.2 - Көше қиылыстар араларындағы(м), өткізу қаблеті(м)
Жаяу жүргіншілер жолағының(тротуардың) енін анықтау: Жаяу жүргіншілер қозғалысы – қала аймағында адамдар жиі қолданатын қозғалыстың бір түрі. Жаяу жүргіншілер қозғалысын үйымдастыруына әсерететін негізгі факторлар: қала құрылысы факторлары; жолды – жоспарлау факторлары; әлеуметтік факторлар; экономикалық факторлар. Қала құрылысы факторлары деген, ол – байланыс жолдары сұлбалары жоспарлау ерекшеліктерін сипаттайды, жаяу жүргіншілер легі қозғалысын үймдастырады, көше құрылысының түрлерін тағайындайды, микроаудандар кешендері орналасуын шешеді. Жолды – жоспарлау факторлары деген, ол көше – жол тораптары сұлбаларын жоспарлауды, Көлік және жаяу жүргіншілер лектерінің қозғалу ырғақтықтары мен қозғалу жылдамдықтарын таңдайды, қозғалыс тәртібін реттейді, көшелердің жоспралау сипаттамаларын шешеді. Әлеуметтік факторлар деген, ол – жүрісте қатысатын адамдар жасы, жынысы, жүру мақсаты бойынша жаяу жүргіншілер қозғалысының құрамын белгілейді, жүргіншілер тәртібін бақылайды, жолды бақылау тиімділігін анықтайды. Экономикалық факторлар жаяу жүргінші өткелдері мен ғимараттарды күтуге, олардың құрылысына жүмсалатын және өткізу қаблетті, жаяу жүргіншілер қауыпсіздігін қамтамассызетуге байланысты және көп көлік жиналған жерде тоқтауды ескеріп қаражатты бағалау. Жаяу жүргіншілер қозғалысын үйымдастыру заңдылығы бойынша келесі 3 шара топтары анықталған: 1. Қалақұрылыстық; Функционалдық – жоспарлау; Көліктік; Бірінші және екінші топта негізгі маман – сәулетші, үшіншіде – қала көшелері сұлбалары мен жоспралау шешімдерін қабылдайтын инженер және қала қозғалысын үйымдастыратын маман. Жаяу жүргіншілер қозғалысы жалпы қалалық қозғалыс тәулігі бойнша бір келкі емес, яғни: тәңертен – 8-9 сағ; - күндіз – 12-14 сағ; - кешке – 18-19 сағ. Жүргіншілердің қозғалу сипаттамасы бойынша келесі 3 топ бекітілген: Ғимарат ішіндегі қозғалыс; Үймереттер мен ғимараттар арасындағы қозғалыс; Көше – жол торабымен қозғалу. Жаяу жүргіншілер қозғалысы ырғақтығын анықтау: Жаяу жүргіншілер қозғалысы ырғақтығын келесі формула арқылы анықтайды. Р = 1/k /t K K K ; (5) Р - бақылау уақытындағы жаяу жүргіншілердің қозғалу ырғақтығы; K – бақылау саны; t - бақылау уақыты; Kс - қозғалыстың біркелкіеместік коэффициенті – 1,2 – 1,5; Kт - қозғалыстың біркелкіеместік коэффициенті – 0,1 – 1,8; Kж - қозғалыстың біркелкіеместік коэффициенті - 1,1 – 1,2; Жаяу жүргіншілер тәртібі: Жаяу жүргіншілер тәртібін бағалауға келесі сызбаларды қолданады: көше жоспары; жаяу жүргіншілер легінің генерациялау сұлбасы; жаяу жүргіншілер легінің картограммасы /в часы пик/; Жаяу жүргіншілер легінің параметрлері: Жүргіншілер қозғалысын 4 түрге бөледі: І – Үйымдастырылмаған, еркін, ұзақ уақыттық, жақсы жағдайда; ІІ – лектік, қысылған, қысқа уақыттық, жақсы жағдайда; ІІІ – ІІ дегідей және апаттар кезіндегі қозғалыс; ІҮ – І дегідей бірақ қысқа уақыттық. Жаяу жүргіншілер қозғалысының тығыздығы: D = И /F; (6) И - көше – жол торабындағы адамдар саны, адам; F – тораптарының ауданы, м. кв; D = 3,6И b /V ; (7) b - тротуардың ені, м; V - жүргіншілер легінің жылдамдығы; Қалыпты жылдамдықпен қозғалуға тығыздық – 2 адам/м.кв болады. кесте 3.3 - Бойлық еңістіктің қозғалу жылдамдыққа тиетін әсері
кесте 3.4- Ауа температурасының әсері
кесте 3.5 - Тротуардың енін есептеуде бір жолақтың өткізу қаблеттілігін тротуар орналасқан жері және қозғалу жағдайлары бойынша анықтайды:
кесте 3.6 - Тротуарлардың мөлшерлемелік ендері:
Бір адамға қажетті аудан: жазғы киіммен бір адам – 0,1 м.кв; қысқы киімдегі бір адам – 0,13 м.кв; бала көтерген – 0,29 м.кв; көтерген жүгі бар бір адам – 0,25 – 0,4 м.кв. Бірақ комфортты жағдай болу үшін бір адамға қажетті аудан 2,5 – 3,0есе өседі. Жүргіншілер легінің жылдамдығы лек құрамы және адамдар жасына байланысты алынады, олар: баласы бар әйел адамда – 0,7м/с; балаға -1,0м/с; ер адамға -0,5-1,7 м/с; жастарға – 1,8 м/с; Жаяу жүргіншілер қозғалысы көше мен жүру бөлігін кесіп өтуіне байланысты екі түрге бөлінеді: Жердегі қозғалысы реттелмеген; қозғалысы реттелген; көшеден тыс /жүру бөлігі астында немесе үстінде тоннельдар; жол үстіндегі көпірлер; Көшеден тыс өткелдер арасы 400-600м. оларды оранластыруда жер асты коммуникацияларына аса көңіл бөледі. Сонда көпірлердің іргетас тереңдіктері 4,5-5,0 м орналасады, ал тоннельдерді терең қылмай биіктіктерін 2,3- 2,5 м қылады. Тоннельдегі бойлық еңістік 10‰ жоғары. Жаяу жүргіншілерге арналған тоннельдін ені бір жолақтың және баспалдақтың өткізу қаблеттілігіне байланысты алынады, сонда: - бір жолақта -2000 адам/сағ, баспалдақта 1500 адам/сағ болса бір жолақтың ені 1м. - тоннельдардың минималдық 3,0м жоғары, ал баспалдақтың ені – 2,25м. В = nb + c + d; (8) n – жолақтар саны,м; c – қызыл сызықпен тротуар араларындағы қосымша жолақ,м; b - жолақтың ені,м; d - жүру бөлігімен троуар араларындағы қосымша жолақтың ені,м; Қосымша жолақ «с»: - егер тротуар дүкен ж.б. қоғамдық ғимараттарға жақын орналасып өз жұмысын толық атқараалмағанда с - жолағының ені 0,5 ...1,0 м. қылып қолданылады; - егер тротуар когалмен қатар орналасса с - қосымша жолақ қолданбайды. Көшенің бөлу жолақтары. Көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы қауыпсіздігі бойынша көлік элементтерін бір бірінен және қарама қарсы қозғалысты бір бірінен бөлу үшін көше ортасында бөлу жолағы қарастырылады. Ортадағы бөлу жолағының ені 6,0м. кем болмау керек, магистральдік жалпықалалық қозғалысы үздіксіз және жүк тасымалдау жолдарында бөлу жолағының ні - 4,0м. Егер бөлу жолағында қоршау темірлері орналасса жоғарыда аталған жолдардың ені 2,0м. кемиді. кесте 3.7 - Қала көшесі көлденең кескінінде орналасу жағдайына қарай тағайындалған бөлу жолақтарының ендері.
Қосымша жолақ «d»: жергілікті жағдайға байланысты жарықтандыру аспаптары, троллейбус сымдары және басқа жабдықтарды орналастыруға ені 0,75 ...1,2м қылып қолданады. егер тротуар когалмен қатар орналасса - қосымша жолақ қолданбайды. Жүру жолақтарының санын есептеу(тротуардағы): n = N /P ; (9) N - жаяу жүргіншілердің жүру ырғақтықтары. (жаяу./сағ.); P - тротуардағы бір жолақтың өткізу қаблеті, (жаяу./сағ.) ; Велосипедтік жолақта өткізу қаблеті 300 (вел./сағ.) Велосипедтік жолдары, көшенің көгалданған жолақтары. Велосипед жолының ені: - бір жолақты қозғалыста – 1,5м. - екі жолақты қозғалыста – 2,5 м. - бір бағытты қозғалыста жүру бөлігімен велосипед жолының араларында көгалдандырылған немесе қауыпсіздікті қамтамасыз ені ететін ені 0,8м. жолақ қарастырылады. Егер екі бағыттағы қозғалыс болса велосипедтік жолақтары арасында ені 0,5м. кем емес бөлу жолағы қарастырылады. Бақылау сұрақтары: Қала құрылымы мен оның негізгі элементтері; Жүру бөлігінің енін есептеу, жүру жолақтарының санын есептеу: Жаяу жүргіншілер жолағының енін анықтау; Көшенің бөлу жолақтары; |