№8 лекция. Лекция Саясирежимдер
Скачать 44.76 Kb.
|
Лекция-8. Саясирежимдер Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері. Авторитарлық саяси режим және оның формалары. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Демокртаияның қазіргі формалары. Демократиялық принциптер мен шаралар. Қазіргі уақыттағы саяси режимдер: батыстағы полиархиялар, жаңа демократиялар, шығыстық-азиялық режимдер, исламдық режим, әскери режимдер. Қазақстандағы саяси режим, оның дамуы. Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің демократиялану үдерісі. Саяси режим түсінігі мен түрлері. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері. Авторитарлық саяси режим және оның формалары. Демократияның негізгі теориялары мен модельдері. Демокртаияның қазіргі формалары. Демократиялық принциптер мен шаралар. Саяси режим ұғымы ұзақ уақыт айтыс-тартыс объектiсi болған. Француз саясаттанушылары М.Дюверже мен А.Ориу бұл ұғымды ұлттық және халықтық егемендiкпен байланыстырған. М.Дюверже саяси режимді кең мағынада басқару құрылымы, адамзат қоғамының түрi ретiнде қарастырады. Ал, тар мағынада М.Дюверже саяси режимді билiктiң жоғары органдарының қалыптасу сипатын, тәсiлiн және бұл процеске саяси партиялар мен қысым топтарының қатысуын анықтаушы ұғым ретiнде қарастырады. Американ саяси әдебиеттерiнде саяси режим мен саяси жүйенi бiрiктiру анық сезiледi. Ал, тағы бiр американ саясаттанушысы К.Бекстер саяси режимді басқару жүйесi деп есептейдi. В.Лакердiң саяси сөздiгiнде саяси режим басқару формасы мен партиялық жүйе деп сипатталған. Немiс заңгерi Е.Левенштейн режимді партиялар санымен, француз ғалымы К.Бюрдо үкiметке оппозицияның бар-жоқтығымен, Е.Хамауи /Франция/ мемлекет органдарының конституциялық өзара қарым-қатынасымен байланыстырса, американ ғалымы Д.Истон режимді басқару стилi және тәртiп пен реттеулердiң жиынтығы, аргентиналық автор Н.Ботана билiк шоғырлану мен бөлiсудiң қызмет процесi деп бiледi. Ал, Р.Скратовтың саяси сөздiгiнде саяси режим француздың regime- басқару формасы деген сөзiнен шыққан деп жазылған. Батыс саясаттану ғылымында саяси режим ұғымы көбiнесе мемлекеттiк аппарат құрылымы мен қызметiн сипаттауға пайдаланылады. Саяси режим классификациясына келсек, онда ол сан-алуан болып келедi. Ежелгі грек философы Аристотель басқару формасын классификациялауда өлшем ретінде біреу, азғана және көпшілік басқаруын алып, мемлекеттің дұрыс және бұрыс формаларын ұсынған (кесте №1). Кесте №1
Саяси режимнің классификациясының негiзге ретiнде М.Эйдельмен, Ц.Морис, К.Йонга мемлекеттiк аппараттың орталықтану деңгейi мен елдiң саяси өмiрiне оппозицияның қатысуын алады. Кейбiр ғалымдар саяси режим жiктемесiн мемлекетте азаматтық және әскери үкiметтiң бар немесе жоқтығына қарап жасаған. Ал, кейбiр ғалымдар саяси режим мәнi елдiң саяси-экономикалық даму деңгейiне байланысты деп есептейдi. Сонымен бірге саяси режимнің өлешімiне халықтың өз егемендiгiн iске асыру тәсiлi, мемлекеттiк ұйымдардың құрылымы мен қызметiнiң сипаты алынған пікірлер де кездеседі. Орыс ғалымдары саяси режим классификациясынының өлшемін теориялық тұрғыда негіздеуі ерекше назар аудартады: 1-ші өлшем, бұл билеуші элитаның әртүрлі фракциялары арасындағы лидерлік үшін күрестің сипаты. Бұл күрес ашық және жабық сипатқа ие болады. Ашық түрі сайлау арқылы өтсе, жабық түрі мұрагерлік, күштеу, оппозицияға тиым салу формаларында өтуі мүмкін; 2-ші өлшем, бұл элитаның ішкі дифференциясы бары немесе жоқтығы белгісі бойынша сипатталынады. Кейбір қоғамдарда экономикалық элита билеушіге сай келеді, ал соңғысы ішінде әкімшілік және саяси қызметтерді бөлу кездеспейді. Бұл монолиттік сипаттағы элита, ал оған қарама-қарсы түрі дифференцияланған болып табылады. Монолиттік элита билеуші элита фракциялары арасында билік үшін күрестің болмауымен сипатталынады. Сондықтан да ашық қоғамдар монолиттік элитамен болуы мүмкін емес. 3-ші өлшем, бұл бұқараның саясатқа қатысу деңгейі. Жауапты шешімдер қабылдау әрқашанда азғана элиталар ісі. Дегенмен де, бұқараның саяси белсенділігінің қандай да бір формаларына мүмкіндік жасайтын саяси тәртіптер кездеседі. Бұқараның саяси қатысу формасы мен шешім қабылдау процесіндегі қызметіне байланысты саяси режимдер жіктелінеді. Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде саяси режимнің мынадай классификациясы ұсынылады (кесте №2): Кесте№2
Сонымен бірге, саяси режим классификациясының негiздерi ретінде көппартиялық, билiктiң тармақтарға бөлiну қағидасы, азаматтық қоғамның мемлекетпен қарым-қатынасы болып табылған тұжырымдар да кездеседі. Азаматтық қоғам мен мемлекеттiң қарым-қатынасының үш түрi қалыптасқан. 1- мемлекет азаматтық қоғам еркiн орындайды, ол түнгi қарауыл қызметiн атқарады /Дж.Локк, М.Дюверже/. Азаматтық қоғам мемлекеттi азаматтық қоғамды басқаруға жалдайды. Егер мемлекет азаматтардың құқын бұзса, онда оны ауыстыруға құқылы; 2- азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қатынаста мемлекет оны толығымен иеленедi, өз азаматтарын деспоттық жүйенiң құралына айналдырады; 3- азаматтық қоғам мен мемлекет қарым-қатынасында тепе-теңдiк бар. Мұнда бiз авторитарлы режимді көремiз. Осы үшеуiнен бiз үш саяси режимдерді демократиялық, тоталитарлы, авторитарлы байқаймыз. Батыс саясаттанушыларының классификациясы: либеральды және авторитарлы демократиялы, автократиялы, аралас монократиялы /диктаторлы/, директория /ұжымдық басқару/, аралас М.Дюверженiң саяси режимдері: 1. ағылшын 2. американдық 3. орыс бiр және көппартиялық М.Дюверже саяси режимді партия жүйесiне, сипатына тәуелдi жiктейдi /жаппай, элитарлы/, олардың жарғысына байланысты /ерiктi, қатал/ және революциялық, консервативтi, диктаторлы саяси режимдерді атап өтеді. А.Ориудiң саяси режимдері: президенттiк /АҚШ/ парламенттiк /Италия/ директория классикалық тәртiп /Батыс/ авторитарлы А.Ориу дамушы елдердiң саяси режимін былай жiктейдi: парламенттiк /плюралистiк партиялық жүйе, жария оппозицияның болуы/ президенттiк /атқарушы билiк басым/ «Конституциялық құқық және саяси институттар» монографиясының авторлары жiктемесi: өкiлдiлiк түрлерi- ультраөкiлдiлiк, тiкелей өкiлдiлiк, жартылай өкiлдiлiк, тiкелей өкiлдiлiк, жартылай тiлелей өкiлдiлiк; дамушы елдердегi саяси режимінің түрлерi- президенттiк /әскери және азаматтық/, парламенттiк /квазипарламенттiк, парламенттiк/. басқа жiктемесi- социалистiк, прокапиталистiк,бейтарат бағыт /белгiсiз тәртiп/. Американ ғалымы Р.Гестилдiң саяси режимдері: ерiктi бiршама ерiктi тәуелдi Ағылшын саясаттанушысы К.Клепхем саяси режимнің үш түрiн атайды: либералды-демократиялық /Шри Ланка, Ямайка/ дәстүрлi /Неапол, Сауд Арабиясы/ радикалды-дәстүрлi /Египет, Ливия/ Американ ғалымы М.Яновец әскери-азаматтық режимнің бес түрiн ажыратады: авторитарлы-жеке авторитарлы-бұқаралық демократиялы-жарысушы азаматтық-әскери коалиция әскери олигархия Ағылшын ғалымы С.Бойнхен мына саяси режимдерді атайды: көппартиялы парламенттiк демократия дәстүрлi монархия бiрпартиялы жұмылдырушы аралас әскери квазиәскери диктатура радикалды идеологиялық бағдардағы Қазақстандық ғалым С.Сәбiкенов «Салыстырмалы мемлекеттiк құқық» атты еңбегiнде саяси режимнің мынадай түрлерiн атап көрсетедi: Жартылай феодалдық-дiни билiк режимі /Сауд Арабиясы, Иран, Бутан т.б./. Бұл режим екiге бөлiнедi: а) мұнайлы монархия /Оман, Бруней, БАӘ/; б) аграрлық корольдiк /Неапал, Бутан т.б./; Әртүрлi әлуметтiк бағыттағы елдердегi жеке билiк режимі /Индонезия, Марокко, 1992 жылғы көтерлiстен кейiнгi Алжир, Пиночет басқарған кездегi Чили/; Әртүрлi әлеуметтiк бағыт ұстанған елдерде болуы мүмкiн тоталитарлық режим. Олар әдiстерi жағынан жиi ұқсас келгенiмен, мәнi, әлеуметтiк мақсаты жағынан қарама-қайшы болады. Қоғамның өтпелi кезеңi жағдайындағы жартылай демократиялық режим /Румыния, Шри Ланка, Никарагуа, т.б./; Еркiн, нарықтық экономика елдерiндегi демократиялық режим /Ұлыбритания, Жапония, Бразилия, Австралия т.б./ Саяси режимұғымының мәнi мен көлемiн анықтайтын өлшемдер мыналар: мемлекет басшысының саяси басқару жүйесiндегi рөлi, саяси қызметi, орны; өкiлдiлiк мекемелердiң қалыптасуының тәсiлi мен тәртiбi; заңшығарушы және атқарушы ұйымдар арасындағы, сонымен бiрге олардың орталық және жергiлiктi ұйымдары арасындағы қарым-қатынас; өкiлдiлiк ұйым палаталары арасындағы қарым-қатынас; мемлекеттегi жаншу және күштеу ұйымдарының жағдайы мен қызметi; үстемдiк етушi таптың мемлекеттiк емес ұйымдарының рөлi; саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстардың жағдайы, ықпалы, қызметi. азаматтардың құқығы мен бостандығының таратылуы. Саяси режимнің кең тараған түрлерi: демократия, тоталитаризм, авторитаризм. Демократия: охлократия, либералды-демократиялық, консервативтi. Тоталитаризм: фашистiк, әскери-фашистiк, тирания, теократиялық, ұлттық-социалистiк, әскери-бюрократиялық. Авторитаризм: қатал-авторитарлы, авторитарлы-демократиялық, демократиялы-авторитарлы. Авторитаризм және тоталитаризм режимдері. Авторитарлы режим- күштi жеке тұлға диктатурасына негiзделген қоғамның мемлекеттiк-саяси құрылысы. Өзiнiң шектен шыққан формасында авторитаризм күштеуге, бiр билеушiнiң /тиран, патша, деспот/ шексiз билiгiне негiзделген режим. Айта кететiн жайт, авторитарлы режим ескi әлеуметтiк-экономикалық құрылыс құлаған кезде, немесе ел дәстүрлi басқарудан өндiрiстiк қоғамға өту процесi барысында пайда болады. Бұл режим көбiнесе әскерге арқа сүйедi. Ол саяси процеске ұзаққа созылған экономикалық және саяси дағдарысты демократиялық, құқықтық құралдармен жою мүмкiн емес жағдайда араласады. Бұл араласу нәтижесiнде бүкiл билiк саяси лидер немесе белгiлi ұйым қолына жинақталады. Авторитарлы режим өтпелi режим тоталитаризмнен демократияға өту. Сондықтан оның мәнi екi жақты: бiр жағынан ол тоталитаризм белгiлерiн игерген, екiншi жағынан оның iшiнде демократияға тән белгiлердi өндiру процесi жүредi. Авторитаризмде тоталитаризмге тән белгiлермен қатар өзiндiк ерекшелiктерi де бар, мәселен: 1. авторитарлы және тоталитарлы режимдердің ерекшелiгi, бұл режимдердің мақсат пен тарихи миссияны әр түрлi түсiнуiнде, ол нәсiлдiк артықшылық, /мәселен национал-социализмге тән/, ерекше ұлттық-империкалық, немесе таптық идея болуы мүмкiн. Тоталитаризм барлық уақытта либералды демократияға, капиталистiк экономикалық жүйеге қарсы қандай да бiр упопиялық және қандай да бiр деңгейде халықтың мұң-мұқтажын бейнелейтiн идеяны алға тартты. Сондықтан да тоталитарлы режим өзiнiң iшкi жағдайына бағдар ұстанады, яғни белгiлi бiр елде жетiлген қоғамды құруға талпынады. Бiрақ өзiнiң режимін басқа елге шығаруа да тырысады, мәслен мәдени революция экспорты, ислам революциясының экспорты, әлемдiк революция экспорты т.б.; 2. авторитарлы режим алдыңғы әлеуметтiк құрылысты толығымен жоюды мақсат етпейдi, оның кейбiр кемшiлiктерiн жоюды мақсат етедi. Қоғам өмiрiнiң әр түрлi аспектiлерiн әр түрлi регламенттеуiнде. Егер тоталитаризм қоғм өмiрiнiң барлық саласына утопиялық идеяларды ендiруге тырыса, ал авторитаризм қоғам өмiрiнiң кейбiр жақтарын ғана өзгертуге тырысады. Егер тоталитарлы режим жаңа құндылықтар жүйесiн қалыптастыру мен үгiт-насихаттауға, саясиландырылған, даралық ерекшелiгi басылған ұжымдық адамды қалыптастыруға тырыса, ал авторитаризм бұқараны саясиландырмауға тырысады. Авторитарлы саяси режимде формалды парламенттiк мекеме, партия, билiк бөлiнiсi және т.б. өкiлдiлiк демократия атрибуттары сақталынады. Авторитарлы режим әлеуметтiк шиеленiстердi мойындауы және оған төзуi мүмкiн. Авторитаризм ықпалды қысым тобына төзуi мүмкiн, олардың мүдделерiн, әсiресе экономикалық есепке алуға мәжбүр болады; 3. авторитарлы режим дәстүрлi таптық, әлеуметтiк, сословиелiк, қауымдық, этникалық жiктердi сақтайды, ал ол тоталитарлы қоғамға жат болып табылады. Тоталитарлы режим дәстүрлi әлеуметтiк байланыстарды, әлеуметтiк жiктердi жоюға, яғни тапты бұқараға айналдыруға тырысады. Сөйтiп, өзiнiң әлеуметтiк тамырын жоғалтқан адамдардың үлкен қабаты қалыптасады, олар харизматикалық көсемге сенедi және мойындайды, оның соңынан толық еруге дайын; 4. тоталитарлы режим экономикалық салаға белсендi араласады, оған қатал бақылау орнатады, оны толығымен мемлекеттендiредi айналдырады, ал авторитарлы режим ұзақ уақыт алдыңғы әлеуметтiк-экономикалық қатынасты сақтауға тырысады. Мәселен, Латын Америкадағы авторитарлы режим экономикалық реформаға жетекшiлiк ету үшiн АҚШ-тан мамандар шақырды. Осындай әрекеттердi Оңтүстiк Корея, Тайванда жасап, елдiң экономикалық дамуына қол жеткiздi; 5. Келесi ерекшелiгi авторитаризм мен тоталитаризмнiң билiк құрылымдары әр түрлi болып келедi. Егер тоталитарлы режимде билiк орталығы бiр партия болса жән партиялық ұйымдар бүкiл мемлекеттiк аппаратқа, азаматтық қоғамға, өндiрiс құрылымдарына енсе, ал авторитарлы режимде бұл қызметтердi мемлекет атқарады; 6. Бұл екi тәртiпте репрессия рөлi әр түрлi болып келедi. Авторитарлы режимнің белгiлерi: авторитарлы режимде билiктi алып жүрушi бiр адам немесе адамдар топтары болып табылады; авторитаризмге шексiз билiк тән, азаматардың бақылауынан босатылған; авторитарлы режим күшке арқа сүйейдi; авторитаризм билiк пен саясатты монополиялайды, саяси оппозицияға жол бермейдi; авторитаризм қоғамды тұтас бақылаудан белгiлi бiр деңгейде бас тартады. Саяси емес салаға, ең алдымен экономикаға араласуды шектейдi; элитаны билiкке әкелу жоғарыдан шешiледi, саяси электоралды бәсекеге жол жоқ. Авторитарлы саяси режим әлемде ең көп тараған режим болып табылады. Оның түрлерi де өте көп. Бұл монархия, деспоттық, диктаторлық режимдер, әскери хунталар, басқарудың популистiк формасы т.б. Авторитарлы басқару формасы өзiн тануға тек күштеу арқылы ғана емес, сонымен бiрге жаппай манипуляциялау, сонымен бiрге әр түрлi гумандық тәсiлдердi қолдану арқылы да жетедi. Бiрнеше ғасырдан берi олар легитимацияның дәстүрлi және харизматикалық тәсiлдерiне арқа сүйеуде. ХХ ғасырда легитимация мақсатында ұлттық идеология қолданып келдi. Азия, Африка және Латын Америкасының көптеген авторитарлы режимдерi өздерiнiң өмiр сүруi мен бағыттарын ұлт азаттығы мен қайта өрлеуi қажеттiлiгiмен ақтап отырды. Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiнгi көптеген авторитарлы режимдер өтпелi сипатқа ие болды. Олар тоталитарлы немесе демократиялық режимдерге бағдар ұстанды. Мәселен, Ф.Кастроның 1959 жылы орнаған авторитарлы режимі коммунистiк бағдарды ұстанды, сөйтiп тоталитаризмге өттi. Ал, кейбiр мемлекеттерде Чили, Таиланд, Аргентина, Оңтүстiк Кореяда ол демократияға өттi. Авторитаризмге тән сипаттар: билiктiң саяси көсем немесе белгiлi бiр топ қолына шоғырлануы; бiртұтас идеологияның мiндеттi болмауы; саяси билiктiң негiзгi аргументi күштеу емес, бедел болып табылады; демократияның кейбiр элементтерiнiң (сайлау, парламенттiк күрес) болуы; мемлекет тиым салмаған нәрсенiң бәрi азаматтар үшiн рұқсат; репрессиялық аппараттың болмауы; мемлекеттiң қоғам өмiрiнiң барлық саласын бақылаудан бас тартуы; көппартиялықтың сақталуы; билiк құрылымдары сайлау нәтижесi бойынша құрылады, бiрақ әдiлетсiз сайлау; БАҚ әр түрлiлiгi сақталған; Идеология әр түрлiлiгi формалды болса да сақталған. Демократия мәні мен моделдері. Әлемдегi үкiметтердiң барлығы дерлiк өзiнiң демократиялық табиғаты туралы айтады. Көбiнесе бұл демагогия, бiрақ негiзсiз де емес, өйткенi тiптi қатал әскери тәртiптiң өзi де халық үндеуiне көңiл аударуға мәжбүр болады. Нәтижесiнде «демократия» грек тiлiнде «халық билiгi» мағынасын иеленiп, өте кең ауқымды мәнге ие болады. АҚШ президентi Линкольн «демократия- халық билiгi, халық сайлаған және халық үшiн»- деп жазады. Демократия қалыптасуы үшiн бiрқатар экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, дiни, сыртқы саяси жағдайлар керек. 1. Экономикалық алғышарттарға мыналар жатады: өндiрiс пен экономиканың жоғары деңгейде дамуы; әлеуметтiк бағдарлы нарықтық қатынастың болуы; урбанизацияланудың жоғарғы деңгейi; өндiрiс және тұтынудың динамикалық тепе-теңдiгi. 2. Демократия дамуының әлеуметтiк алғышарттары: халықтың әл-ауқатының салыстырмалы даму деңгейi; әлеуметтiк теңсiздiк деңгейiнiң төмендеуi; қоғам құрылысында әлеуметтiк плюрализмнiң болуы; тұрғындардың сауаттылығы, жалпы бiлiмдiлiгi. 3. Тұрғындардың саяси мәдениетi де демократияның маңызды алғышарты: саясат туралы, оның әр түрлi салалары жөнiнде белгiлi бiр деңгейде бiлiмнiң болуы; саяси құбылыстарға, партиялар мен қозғалыстар, жекелеген тұлғалар қызметтерiне дербес баға беру қабiлетiнiң болуы; саяси қатысу белсендiлiгi; билiк құрылымдары мен институттарының демократиялық саяси мәдениетi. 4. Демократияландырудың сыртқы саяси алғышарттары: әскери араласу; саяси ықпал; экономикалық ықпал; мәдени-ақпараттық ықпал; демократия дамуына практикалық көмек, қолайлы көршiлiк қатынас. Р.Даль либералды демократияның мынадай белгiлерiн атап көрсетедi: 1. азаматтардың тиiмдi саяси қатысуы; 2. олардың шешiм қабылдау процесiне тең қатынасы; 3. нақты саяси мәлiметтер алу, демек таңдауды дербес жасау мүмкiндiгiнiң болуы; азаматтардың саяси күн тәртiбiн бақылау мүмкiндiгiнiң болуы. Бұл өлшемдерге сай келетiн кез келген саяси тәртiптi «демократия формасы» деп атаймыз. Демократия ұғымына ағылшын саясаттанушысы Д.Хелдтiң теориялық моделi бойынша қарап көрелiк. 1) “Протективтi” (қорғаушы) демократия бойынша (Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Дж.Мэдисон, И.Бентам, Дж.Милль). Бұл моделдi жақтаушылар демократия- азаматтарды билiктiң шырмауынан, жеке адамдардың заңсыз әрекетiнен сақтауға, жалпы мүдделер негiзiнде басқаруға көмектеседi деп санады. Егемендiк халықта, ол өз өкiлдерiн сайлау арқылы белгiлеп, соларға сенiм артады. Бұл модельдi негiзгi айырмашылығы- мемлекет пен азаматтық қоғамның аражiгiн ажыратып, билiктегiлердiң қоғамдық өмiрге көп араласпауын қалайды, әсiресе экономикаға. Протективтi демократияның басты қағидасы- өндiрiс құралдарына жеке меншiк пен нарықтық экономика. Сондай-ақ саяси топтардың бәсекелесуi құпталады. 2) «Дамушы» демократия (Ж.Ж.Руссо). ұлы француз ағартушысының пайымдауынша, демократия тек мемлекеттiк механизм ғана емес, сонымен қатар адамдарды жетiлдiрушi қызметтi атқаруы қажет. Яғни ол әрбiр адамның саяси шешiмдерге қатысуын армандады. Сонымен бiрге ол билiктiң заң шығарушы және атқарушыға бөлiнуiн қалады. Ж.Ж.Руссо пiкiрi бойынша алдыңғы саяси тәртiптердiң негiзгi кемшiлiктерi- билiктiң моралдық аспектiлерiне және оны пайдалануға назар аудармаулары. Ж.Ж.Руссо ұсақ меншiктi жақтаушы, ол барлығы азаматтарға тең бөлiнуi керек деп есептедi және фабрикалық өндiрiске қарсы болды. Көп жағдайда оның көзқарасы утопиялық болды, сондықтан дамушы демократия еш уақытта iске аспады. Бiрақ жетiлген саяси тәртiптi iздеушiлерге теориялық көмектер бердi. 3) «Мемлекеттiң жойылуы» моделi (К.Маркс). Маркс еркiндiктi экономикалық езгi жойылуымен байланыстырды, әр оның негiзгi агентi мемлекет болып табылады деп есептедi. Сондықтан мемлекеттiк емес жолмен дамуды марксизм шынайы демократия жолы деп атады. Яғни халықтың жиналыстары өз мәселелерiн шешушi органдарға айналуы тиiс едi. Бұл құрылыс коммунистiк революция жолымен орнатылады, онда белгiлi бiр кезеңге дейiн «пролетариат диктатурасы» сақталынады, негiзгi мiндеттi- өзiн-өзi басқаруға жағдай жасау. «Франциядағы азамат соғысы» атты еңбегiнде К.Маркс «жойылушы» мемлекеттiң институттық өзгешiлiгiн жазады. Бұл- негiзiне халық жиналысы жататын сайланбалы органдардың пирамидасы, яғни тiкелей демократия. Барлық қызмет орны- тек сайланбалы ғана емес, сондай-ақ шақырылып алына алады да. Билiктiң бөлiнуi, кәсiби бюрократия, әскер және полиция жоқ. Мемлекеттiң жойылуы өзiрге утопиялық идея. 4) «Жарысушы элитизм» (М.Вебер, И.Шумпетер). Демократияны техникалық механизм ретiнде қарастырады. Мемлекеттiк басқаруды дарынды және сауатты элитаның жүргiзуi тиiс екендiгi айтылады. Атқарушы билiк жүйесi өз жұмысын саясатқа араласпайтын бюрократия арқылы жүргiзгенi тиiмдi делiнедi. Бұл модельге американ саясаттанушысы К.Мангеймнiң көзқарастары жақын. Ол еркiндiктердiң қоғамда сақталуы үшiн саяси элита әлеуметтiк-тарихи үрдiстердi оңды жаққа бұрып отыруы керек деген тұжырымдарды келтiредi. Бұны әлеуметтiк практикада жүзеге асыру үшiн «әлеуметтiк технологияны» қолдану керек (белгiлi бiр акциялар, реттеушi қадамдар арқылы) деген көзқарасты ұстанады. Сөйтiп, К.Мангеймнiң пiкiрiнше, «әлеуметтiк технологияны» қоғамдық-саяси процестердi реттеуде қолдану екi түрлi қауiптен құтқарады. а) құндылықтар анархиясынан әрбiр адамның өзiнше ұстанымдармен жiктелiп кетуi; б) қоғамдық өмiрдi жаппай (тотальды) түрде шектеуден. Бұл теорияны жақтаушылар Батыста көптеп саналады. 5) «Плюралистiк» (әралуандық) демократия (Д.Трумэн,Р.Даль). Саяси шешiм қабылдарда әр түрлi саяси топтардың қатысуын қолдайды. Ал, үкiмет сол сияқты күштердiң басын бiрiктiрушi, байланыстырушы қызметтi атқарғанын қалайды. Қоғамдық пiкiрдiң маңызын жоғары көтерудi мақсат етедi. Бұл тұрғындардың қатысуы жоғары болғандығымен, өзектi мәселелердi талқылауда саяси мәдениетiнiң белсендiлiгiмен астасып жататын құбылыс. Өйтпейiнше, әралуандылықты желеу етiп, ыдыратушы күштердiң арандату әрекеттерi көбеюi мүмкiн. Ал, ендi бiздiң елiмiздегi саяси-әлеуметтiк ахуал жөнiнде, олардың кейбiр үрдiстерi туралы айтатын болсақ, онда ескеретiн бiр жәйт бар: ол өтпелi кезеңге сәйкес келетiн кейбiр сипаттар. Мәселен, Қазақстан халқының саяси белсендiлiгi деңгейiн анықтауға арналған нақты-социологиялық зерттеулердiң нәтижелерi бойынша, эксперттер арасында пiкiрлерге сүйенсек тұрғындардың негiзгi назары әлеуметтiк мәселелелерге шоғырланған. Бұл азаматтардың жалпы саяси белсендiлiгiнiң төмендiгiн бiлдiредi. Осы деректен қазақстандық қоғамдағы саясаттың әзiрге адамдардың өмiрiнiң түбегейлi жақсаруына ықпал етпей отырағаны жөнiнде қорытынды жасауға болады. 6) «Легальды» (жария) демократия (Ф.Хайек, Р.Нозик). Бұл құқықтық қорғауды жақтайтын көзқарастаp. Ол ұжымдық принциптердi қолдаудың түбi диктатураға, тоталитаризмге апаратынын ескертедi. Демократиялық дамудың әр түрлi қырларын зерттеушiлер осы құқықтық мәселенiң (азаматтық, мемлекеттiк деңгейдегi) қазiргi өтпелi кезеңдегi елiмiз үшiн маңызды екенiн өз еңбектерiнде атап кетiп жүр. Бұл демократияны саясаттану тұрғысынан зерттеулердiң заң ғылымдарымен байланысатын тұсы екенiн де байқаймыз. 7) «Партиципаторлы» демократия (ағылшыншадан аудармасы – қатысушың, Н.Пуланцас, К.Б.Макферсон, К.Пэйтмен). Негiзiнен азаматты тәрбиелеуге назар аударылады. Жеке азаматтар өздерiнiң мүдделерiн, өмiрлiк жоспарларын ұжымдық мүдделермен, қоғамдық қалыптармен үйлестiрiп отырса ғана демократиялану процесi жүредiң, деген түсiнiктi ұстанады. Ол үшiн қоғамдағы әрбiр адамның жеке дауысы басқалармен тең болуы керек. Әрбiр адамда ұжымдық шешiмдердi қабылдауда өз пiкiрiн бiлдiре алатын мүмкiндiгi болуы керек, әркiм саяси мәселелердi анық түсiнуi қажет, халқында соңғы шешiм қабылдау құқы болуы керек, демос өзiнiң құрамына ақыл-есi дұрыс еместерден басқа азаматтарды енгiзуi керек деген тұжырымдар келтiрiледi. |