лекция. Лекциялар кешені 1 Арнайы педагогика тарихы жне арнайы білім беру жйесі
Скачать 70.63 Kb.
|
10 Есту қабілеті зақымдалған тұлғаларды арнайы оқыту Естуінде ауытқуы бар балалардың таным процестерін дамыту үшін көркем өнердің мүмкіндіктер ашады (М.Ю. Рау, Е.А. Сошина). Ән тындау, ән-күй ырғақ сабақтардың естуінде ауытқуы бар балалардың есту арқылы қабылдауын дамытады (Е.З. Яхнина). Қазіргі уақытта арнайы педагогикада оқыту құралдары арнайы білім беруде бекітілген принциптерге нақты сәйкес келуі талап. Арнайы педагог оқытуда қандай құралды пайдалану қажеттілігін оқу материалдын мазмұны, оқушылардың білім деңгейі мен даму мүмкіндіктері арқылы біледі. Білімді оқушыларға жеткізудің негізгі құралы мұғалімнің сөзі. Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың сөйлеу тіліне ерекше талаптар қойылады. Арнайы білім беруде мұғалімнің сөйлеу тілінен басқа да түрлері пайдаланылады, мысалы, естуінде ауытқуы бар балаларды оқытуда қажетті дактильді сөйлеу тілі мен жест арқылы сөйлеу. Дактильді сөйлеу қол саусақтары бейнелейтің әріптер (дактилема) арқылы қарым қатынас. Жест арқылы сөйлесу жүйесінің құрамы күрделі келеді. Бұл жұйе екі түрін ажыратады: сөйлесу және калькалық яғни басқа тілдің үлгісімен сөз жасау. Жест арқылы сөйлесу ресми түрде пайдаланбайды, тек қарым қатынам құқралы ретінде жүреді. Калькалық жест сөйлеунде әр жест бір сөзді білдіреді, ал сөйлемдегі сөз реті қалыпты сөйлем құрамы сияқты. Естуінде аутқуы бар тұлғаларға ақпарат жеткізудің тағы да бір құралы – ауызша сөйлеу тілін көру арқылы қабылдау, арнайы әдебиеттерде еріннен оқу деп айтылады. Бұл қосымша құрал нашар естийтін тұлғаларға есту арқылы қабылдауын жеңілдетеді, ал естімейтін тұлғар үшін зақымдалған есту қабілеттің орнын толықтыру қызметін атқарыды. Кейбір ауыр жағдайларда пиктографиялық жазу да пайдаланады, әсіресе тірек-қимыл-қозғалысындағы терең кемістіктермен қатар сөйлеу тілінде ауытқушылықтар болған кезде (Блисс жүйесі сияқты). 11 Көру қабілеті зақымдалған тұлғаларды арнайы оқыту Бұл санаттағы балалардың көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0 (0%) мен 0,04 (4%) аралығында болады. Сондай-ақ, көру өткірлігі жоғары (1-ге дейін, яғни 100%) бірақ көру аумағы 10-15 градусқа дейін немесе көру нүктесіне дейін шектеулі балалар жатады. Бұндай балалар көруді танымдық және бағдарлық әрекетте шектеулі қолдана алатындықтан олар көрмейтіндер қатарына жатқызылады. Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды. Көру қабілетінің бұзылысы сезіну, қабылдау, елестету және т.с.с. бірқатар психикалық процестердің дамуына кері әсер ететін екінші қызметтік ауытқуларды тудырады (көру аумағын тарылту, көру өткірлігін төмендету және т.б.). Қалыпты көретін баланың іс-әрекеті айналадағылардың әрекетіне еліктеуге сүйенеді. Ал көрмейтін бала арнайы ұйымдастырылған оқытусыз өздігінен бағытталған әрекетті қоршаған заттар мен олардың әрекетін мүлдем немесетолық елестете алмау, бұрмалап елестету салдарынан меңгеруге қабілетті емес. Көру қабілетінің бұзылысы тұлғаның жеке құрылымдық компоненттеріне әсер ететіні сөзсіз. Олардың орнын толтыру психиканы қайта құру және жаңа өмірлік жағдайларға бейімделу процесі ретінде қарастырылады. Көрмейтін және нашар көретін балалармен уақытында және тұрақты түзету жұмысы жүргізілсе, оларға қоршаған ортада қажетті бағдарлауды қамтамасыз ететін қажетті түсініктер қоры қалыптасады. Әлеуметтік қарым-қатынастардың бұзылуы көрмейтін бала тұлғасының қалыптасуында ауытқуларға алып келеді және жағымсыз мінез-құлық ерекшеліктерінің пайда болуына әкелуі мүмкін. Оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру қиындығымен байланысты олардағы өзгерістер динамикасы, сезімдік көріністің шектелуіне байланысты қызығушылықтар қатарының азаюы, көру арқылы қадағалауды талап ететін әрекет түрлеріне қабілетінің төмендеуі, ішкі жағдайлардың сыртқы көрінісінің болмауы немесе бірден шектелуі жатады. Әрине, көру қабілетінің бұзылысы тұлғаның негізгі қасиеттерінің дамуына қосалқы әсер етеді, ал негізгі рөл әлеуметтік факторларға (әрекеттің шектелуі, қалыпты көретіндермен сөйлесудің жағымсыз тәжірибесі және т.с.с.) тиесілі. Арнайы білім беру жағдайларын жасау архитектуралық орта (оқудан тыс және оқу кеңістігі) мен арнайы құрал-жабдықтардан тұратын материалды-техникалық базаны құрудан басталады. Кедергісіз кеңістік Ғимаратқа кіргенде сүйеніштер міндетті түрде қажет. Сүйеніштер баспалдақтың екі жағынан 50 см биіктікте болуы керек. Диаметрі 3-5 см болатын шеңберлі сүйеніштер ыңғайлы. Сүйеніштердің ұзындығы баспалдақ ұзындығынан 30 см-ге ұзынырақ болу керек. Сүйеніштердің басы мен соңын тактильді бағдарлармен белгілеп қою керек. Ғимарат ішімен қозғалу үшін дәліздердің бойында тұтқыштарды орналастыру керек. Бағдарлауды жеңілдетудің бір әдісі еденді әртүрлі рельефті жолмен жабу – бағытты ауытырғанда едендегі рельеф те ауысады. Бұл еденге арналған плитка немесе кілемді жол болуы мүмкін. Ғимаратта көрмейтін баланы сүйемелдеу бойынша дыбыстық бағдарларды (дәліздің басы мен соңында, қабаттарды белгілеу) қолдануға болады. Сынып кабинетінде бағдарлау үшін жағдайлар жасау қажет: партадағы тактильді бағдарлар, бөлменің жалпы аумағын рельефті фактуралармен немесе кілеммен зоналарға бөлу. Арнайы құрал-жабдықтарға рельефті құралдар, Брайль шрифтісі бар компьютерлер, тактильді төсемдермен жабдықталған спорт зал жатады. Қосымша дидактикалық материалдар Тегіс баспалы оқу құралдар бұл санаттағы балалар үшін қолжетімсіз болғандықтан материалдарды берудің басқа түрлерін таңдау керек: Брайль шрифтісімен жазылған оқулықтар мен оқу құралдары; Цифрлік аудиожазба: mp3 және басқа; Көрнекі құралдардың рельефті бейнелері; Ақпаратқа визуалды емес қолжетімділік бағдарламалары; Әдістемелік ұстанымдар: көрмейтін балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан тапсырмаларды орындауға көбірек уақыт беру қажет. бала сипап сезу немесе естіп сипап сезу арқылы үйренеді, сондықтан оған заттарды ұстап көру мүмкіндігі берілу керек. көру бейнелерінің кедейлігі мен сызбалығының орнын толтыратын түсіндірмелер санына назар аудару ұсынылады. Бұл жағдайда түсіндірмелер, сипаттамалар, нұсқаулардың нақтылығына ерекше көңіл бөлу керек. заттарды/суреттерді көрсетуді сөздік нұсқаумен немесе сипаттамамен бірге жүргізу керек. затпен және объектімен таныстыруда сабақтың қарқынын төмендету керек. Себебі, көрмейтін балаларға тапсырманы қабылдауға, есте сақтауға, түсінуге ұзағырақ уақыт керек. сипап сезуге байланысты материалды ұсынғанда көруге берілген тапсырмамен салыстырғанда орындау уақыты 2-3 есе артатыные ескеру керек. сабақ барысында әкөру қабілеті бұзылған бала кім сөйлеп жатқанын түсіну үшін әрбір оқушыны атымен атаған жөн. мұғалім балаларға түсіндірген тақырыптарды көрмейтін бала қайта тыңдау үшін магнитофон/диктофонға жазып алу ұсынылады. Нашар көретін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері Нашар көретін балалардың санатына көру өткірлігі көзілдірікпен түзете отырып жақсы көретін көзде 0,05 (5%) мен 0,4 (40%) аралығында болады. бұл балалар тобының көрмейтін балалардан басты айырмашылығы: көру өткірлігінің ауыр төмендеуі болса да көруталдағышы қоршаған әлем туралы ақпаратты қабылдаудың негізгі көзі және оқу процесінде, оның ішінде оқу мен жазуда жетекші болып қалады. Бұл балалар көруі төмен немесе нашар көру мен қалыпты көру аралығындағы, яғни, көру өткірлігі түзете отырып жақсы көретін көзде 0,5 (50%) пен 0,8 (80%) аралығында болады [11]. Қызметтік бұзылыстары бар балалардың көп бөлігін амблиопия мен қылилығы бар балалар құрайды. Көру талдағышының зақымдану ауырлығы мен сипаты барлық сенсорлық жүйесінің дамуына әсер етеді, қоршаған ортаны танудың басты жолдарын, сыртқы әлемді қабылдау толықтығы мен нақтылығын анықтайды. Берілген топтың білім алушыларына жалпы және көру арқылы жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуі; табыстылығы көру қызметінің жағдайымен анықталатын заттық-практикалық әрекеттердің баяу қалыптасуы; өлшеу дағдыларын меңгеруде, көру-моторлы координациямен көру-кеңістіктік талдау мен жинақтауға байланысты тапсырмаларды орындаудақиындықтар туындауы көру қызметінің төмендеуі және әр түрлі клиникалық көріністеріне байланысты ғана емес, сондай-ақ көру арқылы қабылдау мен психомоторлы құрылымдардың жеткіліксіз дамуының салдарынан сезімдік тәжірибенің кедейлігі; қозғалыстық белсенділіктің төмендігі және дене дамуының өзіндік ерекшеліктері (қозғалыстардың үйлесімі, нақтылығы, көлемінің бұзылысы, көз, бас, дене, қол және т.б. қозғалысы байланысының бұзылуы). сөйлеу тілінің өзіндік даму ерекшелігі; тілдік (фонематикалық құрам, сөздік қор, грамматикалық құрылым) және тілдік емес (мимика, пантомимика, интонация) қарым-қатынас құралдарын меңгерудегі, коммуникациялық әрекетті (қарым-қатынас құралдарын қабылдау, өңдеу) жүзеге асыруда белгілі бір қиындықтардың болуы. жалпы және танымдық белсенділіктің төмендеуінен әр түрлі әрекет түрлерінің, ең алдымен сенсорлы-перцептивті дамуының қиындығы орындалатын әрекеттердің сапасымен, дағдылардың машықтануы, орындалатын әрекетті көру арқылы қадағалауға байланысты қиындықтардың болуы. көру арқылы қабылдаудың жылдамдығы мен нақтылығының төмендеуі, көру бейнелерінің қалыптасу баяулығы, көру арқылы қабылдау қасиеттерінің қатарының қысқаруы және әлсіреуі; ойлау операцияларын іске асырудағы және зейіннің негізгі қасиеттерін дамытудағы қиындықтар ретінде көрінетін танымдық процестердің құрылуы мен барысының ерекшелігі тән. Материалдық- техникалық қамтамасыз ету Білім беру ұйымы құрылыстық ережелер мен нормаларға, санитарлық және гигиеналық нормаларға, өрт қауіпсіздігі нормаларына сәйкес болып, көрмейтін және нашар көретіндер үшін жабдықталуы керек: баспалдақтың төменгі және жоғарғы сатысын қанық түспен бояу: баспалдақты, табалдырықты, жиектерді, маңайдағы аумақтың шығыңқы жерлері талаптарға сәйкес белгіленуі керек; баспалдақтардың екі жағынан тегіс сүйеніштер болу керек; маңайдағы аумақты және дәліздерді бағдар беретін рельефті-қанық бояулы төсем салу; дәліздегі баспалдақтарды, дәліздерді, қабырғалар мен есіктерді бағдарлармен жабдықтау ұсынылады. баспалдақтың бірінші және соңғы сатысы басқалардан фактурасы мен түсі қанықтығы бойынша ерекшеленуі керек. баспадақтың екі жағында тұтқалар барлық қабат аумағында құрылып, есік жақтауына 30-40 см жетпей аяқталады. Түсті көрсеткіштер. Егер ғимаратқа кіретін есіктер шыныдан жасалса, оларды белгілі бір биіктікте ені 400 мм болатын екі көлденең жолақпен белгілейді: жоғарғы жолақ – қызыл түсті, төменгісі – сары түсті. Сары жолақ еденнен 500 мм биіктікте болу керек. Жарық көрсеткіштері. Ғимаратқа кіруді белгілеу үшін бағдар ретінде жанып-өшетін шам қолданылуы мүмкін, бірақ жарықтың сәулесі көзге қоздыратын әсердің алдын алу үшін тікелей емес, міндетті түрде шағылуы керек. Қажетті арнайы құрал-жабдықтар. Нашар көретін балалардың оқу-танымдық әрекетін жеңілдететін арнайы тифлотехникалық және оптикалық (оптикалық түзетудің жеке құралдары, электронды үлкейткіш әйнек, қашықтықты үлкейткіш әйнек, қалталы әртүрлі еселік үлкейткіштер және басқа) құралдар қолданылуы керек [11]. Қосымша дидактикалық материалдар Сабақта табиғи заттарды қолдану үшін оларды таңдауда белгілі бір ережелерді сақтау керек: көру және сипап сезу арқылы зерттеу үшін заттар ыңғайлы болу керек; заттардың пішіні дәстүрлі тез танылатын және негізгі бөліктері айқын білінетін болуы керек; заттар ашық түсті, негізгі бөліктері түспен белгіленуі керек. Үлестірмелі иллюстративті материалды әзірлеуде әрбір баланың көру қабілетінің бұзылыстарын және оған ұсынылған көру жүктемесін ескерген жөн. Балаларға слайд, кино мен бейнематериалдарды таңдауда да оқушылардың көріп қабылдауына ыңғайлы, зат пен құбылыс туралы дұрыс түсінік алуға мүмкіндік беру тұрғысынан қарау керек. 12 Аутизмі бар тұлғаларды арнайы оқыту Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блэхер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың көріп есте сақтау қабілеттері жоғары болады. Сондықтан бұл балаларға көбінесе глобальды оқыту әдістемесі көпетеген жетстіктермен қолданылып келеді. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Көптеген белгілі тұлғалар жас кездерінде аутизм синтромына шалдыққан. Бірақ бұл дерт олардың өз армандарын жүзеге асыруларына кедергі жасамады. Алайда, бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сол себепті, аутизм синдромы бар балалар арнайы интернаттарда емес, отбасы жағдайында тәрбиеленулері керек[2]. Аутизм синдромы – баланың ерте жас кезеңіндегі дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік қоршаған ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Ол симптом ретінде көптеген ауруларда кездеседі, алайда баланың ерте жасында байқалып, баланың ары қарайғы дамуына кері әсерін тигізеді. Диагноз толығымен анықталған жағдайда балаға ерте балалық аутизм синдромы жағдайы қойылады. Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Бала бойында аутизмнің клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты синдром ретінде 2-3 жасқа қарай анықталуы мүмкін. Қазіргі таңда аутизм синдромының пайда болуының нақты себептері толығымен зерттелмеген. Көптеген ғалымдардың өз зерттеулерінде аутизмнің туындау себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады дейді. уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Сонымен қатар тұқымқуалаушылық фактордың да әсері мол екенін айта кету керек. Сондай ақ аутист балаларда мидың органикалық зақымдалуы да жиі кездеседі. Негізгі себептерін анықтайтын болсақ, оларға тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістерді, зат алмасу өзгерістерін, анасының жүктілік кезінде және туу кезіндегі алған жарақаттар, нейро инфекциялар т.б. жағымсыз әсерлер әсер етуі мүмкін. Қазіргі таңда қолданылатын аутизмнің классификацияларына тоқталсақ. Халықаралық жіктеуде балалар аутизмін және соған ұқсас бұзылыстарды жалпы психикалық бұылыстарға жатқызып, төмендегі үлгі бойынша жіктейді: Ғ84.0. Бала аутизмі (аутистік бұзылыстар, бала аутизмі, бала психозы, Каннер синдромы) Ғ84.1. Атиптік аутизм (атиптік бала психозы, аутизм белгілері бар ақыл-ой дамуының кешеуілденуі енеді). Ғ84.2. Ретта синдромы. Ғ84.3. Бала жастағы басқа да дезинтегративтік бұзылыстар (бала деменциясы, дезинтеграциялық психоз,Геллер синдромы, симбиоткалық психоз). Ғ84.4. Ақыл-ой дамуының кешеуілденуімен және стереотиптік қимылдармен үйлескен гипербелсенді бұзылыс. Ғ84.5. Аспергер синдромы(аутистік психоапатия, бала жастағы шизоидтік бұзылыстары). Ғ84.8. Дамудың басқа да бұзылыстары. Аутизм синдромы бар балаларға арналған арнайы көмек беру өткен ғасырдың 60-70 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптаса бастады. Еуропа елдеріндегі ең алғашқы аутизмі бар балаларға арналған мектеп 1920 жылы Дания қаласында ашылған. Осылайша кейбір жеке мекемелер аутизмі бар балалармен жұмыс жүргізуді бастаған, бірақ ол кезеңде балаларды оқытудың нақты оқыту мен түзетудің ғылыми және әдіснамалық негіздері болмаған. Қазіргі кезеңде ерте жастағы балалық аутизмді түзетудің жолдары әр түрлі. Жиі кездесетіндері мінез-құлықтық емдеу негізінде оқыту. Осындай әдістерді қолдану АҚШ-та және басқа да елдерде кеңінен тараған. Әдістің негізі – қажетті, қалыптағы қылықты, іс-әрекетті қалыптастыру үшін арнайы сыртқы жағдайларды қалыптастыру, тұрмыстық бейімдеу, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту, оқу және еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. Осы әдістер бойынша оқытылған балалардың 60 пайызға жуығы жалпы мектеп бағдарламасын қалыпты балалармен қатар меңгере алады. Өз кезегінде орта және жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік алады. Мінез-құлықтық оқытудан басқа, шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер,Р.Райхлебер), холдинг терапия (М.Уелш) күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара), т.б әдістер тәжірибеде жиі қолданылады. Бала бойындағы аутизм белгілерін анықтауда дәрігерлер мынадай нормативтерге үйенеді: Қоғамдық қатынастар мен әрекеттер. Мысалы, бала көзбе-көз қарым-қатынасқа түсуден қашқақтайды, өзге адамдардың сезімдерін түсіне алмайды. Ауызша және ауызша емес байланыс. Мұндай жағдайда бала мүлдем сөйлемейді, немесе тоқтаусыз сөйлейді. Баланың өзіне ғана тән шектеулі қылықтар. Бала ойыншықпен ойнаса тек қана бір мүшесімен ойнау, мысалы, тек қана қолымен, аяғымен немесе шашымен. Ал жасөсіпірімдік кезеңде бала тек қана бір пәнге немесе бір ғана тақырыпқа қызығады. Акутистикалық спектр және дамудың басқа да ауытқуларына дәрігер-невропатолог, дәрігер-психиатр, психолог, логопед, педагог-дефектолог сияқты мамандар диагноз қояды. Балаларға диагностика клиникалық, психологиялық-педагогикалық және ADOS, ABA, Томатис терапия, аудио-вокалдық жаттығулар, сенсорлы интеграция әдісі, PEKS коммуникативті балама жүйесі сияқты халықаралық стандартталған әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Соның ішінде сенсорлы интеграция әдісіне тоқтала кетсек: Сенсорлық интеграция әдістемесі - көп адамдар денесін сезініп, сезімдерін сәйкестендіріп, қоршаған ортаны сол арықыл тануға тырысады. Ал аутизм диагнозы бар балаларға ол қиынға соғады. Сенсорлы интеграция терапиясы баланың қоршаған орта тітіркендіргіштеріне тым қозып отырғанын, немесе қоршаған ортаның аса әсер етпегенін болжап, анықтауға көмектеседі. Осылайша, сенсорлы интеграцияның мақсаты – мидың сенсорлы ақпаратты өңдеуін жүзеге асыру. Сол арқылы бала күнделікті өмірде сол ақпаратты қолдана алады. Сенсорлы интеграцияның мысалдары: Гамакта тербелу (кеңістікте бағдарлану); Музыкаға билеу (есту жүйесі) Бұршақ толтырылған қораптармен ойын (тактильді сезімдерін дамыту); Тунельде жорғалау (кеңістікте бағдарлану және жанасу); Қозғалып тұрған шариктерге жанасу (көру сезімі мен тактильді бағдарлануы); Орындықта айналу (тепе-теңдік және көру қабілетіне әсер); Бөренеде тепе-теңдік ұстап тұру (тепе-теңдік сақтау) |