Главная страница

үздік жас мамандар. Үздік жас маман сайысының СЦЕНАРИІ. лемні ажайып ш тірегі Жас мамандар сайысы


Скачать 31.77 Kb.
Названиелемні ажайып ш тірегі Жас мамандар сайысы
Анкорүздік жас мамандар
Дата14.02.2023
Размер31.77 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҮздік жас маман сайысының СЦЕНАРИІ.docx
ТипДокументы
#936224

«Әлемнің ғажайып – үш тірегі»

Жас мамандар сайысы

Мақсаты:

Ұжымда жас мамандар арасынан интеллектуалды сайыс өткізіп, олардың белсенділіктерін танымдық коммуникативтік құзіреттіліктерін анықтау. Жас мамандардың бір-біріне деген сенімділік ахуалы қалыптасып,ұжым арасындағы қарым-қатынасы дамыта түсу болып табылады.
ІІ Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
«Әлемнің ғажайып – үш тірегі» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!

І Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.

ІІ жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.

І жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?

ІІ жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.

І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.

ІІ жүргізуші:
Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек екен
Алмастай ақын жанды жігіттер
Мақсат Алмас Берікұлы
Ұстанымы: «Дүниедегі ең оңай нәрсе - біреуге ақыл айту, ең қиын нәрсе - өзіңді - өзің түсіну»

І жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Ақмарал біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
Шыңғыс Ақмарал Сәрсенбекқызы, Ұстанымы: «Білсе білім - күнде бақыт кісіге, Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Айтжанова Аида Ашимхановна

ІІ жүргізуші:
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
Физика пәнінің ұстазы
Ақнұр біздің жан - жақты.
Орақбай Ақнұр Әмзеқызы, Ұстанымы:
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»

І жүргізуші:
Білімді ұстаз, бейімді есепке.
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Меруерт мектепке келгенінде.

Порым Меруерт Бақытқызы, Ұстанымы: «Өмірдің әр сәтінен сабақ ал!»

Тәлімгері: Құрманова Гаухар Нәдірбекқызы
ІІ жүргізуші:
Шешілмеген есептің
Жауабын іздеп табатын
Айнұрдай маманнан
Шәкірт ұғып алады
Байгулова Айнур Амантаевна
Ұстанымы: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегіңмен ақылың екі жақтап»

І жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Нұрбек
Шығады әлі талай биік шыңға.
Беков Нұрбек Бекович Ұстанымы: «Алынбайтын асу, бағынбайтын белес, шешілмейтін түйін жоқ
Тәлімгері: Рахманбердиева Динара Сабденовна

ІІ жүргізуші:
Ақырын жүріп келесің аяңменен,
Жұмысыңыз үнемі баламенен.
Компьютермен жұмысы әрқашанда.
Информатика ұстазы бола білген – Сағадат апкей.

Төлегенова Сағадат Нышангалиевна, Ұстанымы: «Адам көмек сұраса, қол ұшын созудан бас тартпа!»
І жүргізуші:

Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
Насихаттың қадамына қарағын.
Пән ішінде пәндердің бір төресі,
Алып жүрген информатика сабағын – Мая.
Баймұратова Мария Ұстанымы: «Желдің бағытын өзгерте алмасаң да,мақсатыңа жету үшін кеменің желкенін көтере аласың»


ІІ жүргізуші:

Бала – шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.
Информатика мұғалімі Жамбыл,
Іскерлікпен ісін алға тасытты
Қиябаев Жамбыл Аскарович, Ұстанымы: «Өткенге өкінбе, болашақты болжама»


І жүргізуші:
«Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры Кожатаева Кулшат Кеңесқызын шақырамыз.

ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

1. Кенесова К.К. мектеп директоры
2. Сопбекова М. Б. оқу ісінің меңгерушісі
3. Абитова К.Ш. С. әдістеме ісінің меңгерушісі
4. Сулейменова А.А.- тәрбие ісінің меңгерушісі

І жүргізуші:
Олай болса, сайысымызды бастаймыз. І кезең: «Таныстыру»
Ескеріледі:- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы

ІІ Жүргізуші:

ІІ кезең: «Ширату» Бұл кезеңде әр қатысушы командаға үш сұрақтан қойылады. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 1 ұпай беріледі.
1 - топ
1. А. Байтұрсыновтың жазған оқу құралы (Әліппе)
2. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара- осылардың қаншасы құс ? ( 3 құс)
3. Сабақты ұйымдастыруға кірмейтін форма (Үй тапсырмасы)

2 - топ:

1. Жыл мезгілдерін қазақтар қай жұлдызға байланысты білген? (Үркер)
2. Бір үйде 2 шешесі, екі қызы және әжесі немересімен тұрады? — Бұл үйде неше адам тұрады ?- (3адам)
3. Өзіңе сен,өзіңді алып шығар еңбегімен ақылың екі жақтап. (А.Құнанбаев)
3 - топ.
1. Қазақтың соңғы ханы (Кенесары)
2. Білім беру мекемесінің басты құжаты (Мектеп жарғысы)
3. Қоршаудың ар жағынан 4 адам аяғы және 4 аңның аяғы көрініп тұр. Қанша адам, қанша аң тұр ? (2 адам, 1 аң )

І Жүргізуші:

Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде,
Өзіндік дара үні бар,- дегендей

Үшінші кезең: «Өнер өрге жүзгізер» 5ұпай) Келесі кезекте өнер сайысы:
- Өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық
Ұстаздар өз өнерлерің ортаға салады.

ІІ Жүргізуші:

Төртінші кезең: «Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят ), 5 ұпай)
Ескеріледі: - Жағдайды шешу шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі

Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір - бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.
Жағдаяттар:
1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?
3. Сізді бір жоғары сыныптың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.
Сіздің әрекетіңіз?
4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.
Апай:
- Не болды? Неге қайтардың?
Самат:
- Ол жыртық.
Сіздің пікіріңіз...
5. Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды. Сіз, әрине, мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
“Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты,”- деп есіктен кірер - кірместен
айқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Ата - ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды, үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата - ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.
Ескертулерге қыз:
- Сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,- дейді.
Ата - ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата - анаға берер кеңесіңіз?
8. Сіздің сыныбыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп, шығарып жіберді.
Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз...

І жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Марапаттау.
коммуникативтік құзіреттіліктері анықталады.

І топ. 1. Адамның қай мүшесі қорқақ,қайсысы батыр болады ?
( көз- қорқақ, қол -батыр)
2. 3. 4. Тауық түс көре ме ? (тауықтың түсіне тары кіреді)
5. 3 таяқтың қанша ұлы бар ? Екі жарым таяқтың қанша ұшы бар ?
( 6 ұшы бар)
6. Қыз ненің көркі ? ( қыз елдің көркі)

1. 2. Қандай бас аяққа тыным бермейді ? ( Ақымақ бас)
3. Қар жана ма ? ( Қалауын тапса, қар жанар)
4. Сөйлемде бір ыңғай мүше бола ма ? ( Бірыңғай мүше болады)
5. Адамның аяғы түрлі – түсті бола ма ? ( Ала аяқ адамдар)
6. Бір үйде екі баласы, екі әкесі, бір атасы отыр, бұл үйде қанша адам
отыр ? ( 3 адам )


написать администратору сайта