Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған: Ордалы А. Тобы: 608 Тексерген: Султанбекова Г. A Тақырыптың өзектілігі

  • Пневмоторакс кезіндегі жедел көмек Пневмоторакс

  • Пневмоторакс кезіндегі жедел көмек алгоритмі 1-сурет

  • ӨАТЭ клиникалық көріністері

  • ӨАТЭ кезіндегі жедел көмек: Респираторлық дисстрес-синдромы кезіндегі жедел көмек

  • Астматикалық статус кезіндегі жедел көмек Астматикалық статус

  • Астматикалық статус көрінісі

  • Астматикалық статус кезіндегі жеде көмек алгоритмі Қан қақыру кезіндегі жедел көмек Қан қақыру

  • Клиникалық белгілері

  • Созылмалы өкпе-текті жүрек кезіндегі жедел көмек Өкпе

  • Компенсациялы өкпе-текті жүрек.

  • Өкпе-текті жүрек кезіндегі жедел көмек алгоритмі Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмек Созылмалы тыныс жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмек

  • 2срс_Ордалы_АСЫЛЗАТ. М. Оспанов атындаы Батыс азастан мемлекеттік медицина университеті Кафедра 2 Ішкі аурулар Білім алушыны зіндік жмысы Таырыбы


    Скачать 209.85 Kb.
    НазваниеМ. Оспанов атындаы Батыс азастан мемлекеттік медицина университеті Кафедра 2 Ішкі аурулар Білім алушыны зіндік жмысы Таырыбы
    Дата27.11.2018
    Размер209.85 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2срс_Ордалы_АСЫЛЗАТ.docx
    ТипДокументы
    #57872

    М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

    Кафедра: №2 Ішкі аурулар


    Білім алушының өзіндік жұмысы
    Тақырыбы: Пневмоторакста,өкпе артериясының тромбоэмболиясында, респираторлық дистресс-синдромда, астмалық статуста, қан қақыруда, созылмалы өкпе-текті жүректе, жедел тыныс жетіспеушілігінде, созылмалы тыныс жетіспеушілігінде жедел жәрдем


    Орындаған: Ордалы А.

    Тобы: 608

    Тексерген: Султанбекова Г.A

    Тақырыптың өзектілігі

    Пневмоторакс,өкпе артериясының тромбоэмболиясы, респираторлық дистресс-синдром, астмалық статус, қан қақыру, созылмалы өкпе-текті жүрек пен жедел тыныс жетіспеушілігі қазіргі кезде медицинадағы маңызды мәселелер болып саналады. Бұл жедел жағдайлар пульмонологияда кең таралған, жұмысқа қабілетті жандар арасында жиі кездесетін және жедел көмек көрсетілмесе жоғары леталдылыққа әкелетін жағдайлар болып саналады. Сондықтан, кез-келген медициналық қызметкер үшін осы жағдайларда алғашқы көмек көрсетуді білу өте маңызды болып саналады.

    Пневмоторакс кезіндегі жедел көмек
    Пневмоторакс- висцералды плевра мен париеталды плевра арасында ауаның жиналуымен сипатталатын патологиялық жағдай.

    Пневмоторакстың негізгі белгілері:

     мәжбүрлі қалып, тері жамылғысының қуқыл тартуы, салқын тер, зақымдалған жақта кеудедегі ауырсыну, қабырғааралықтардың кеңеюі, тыныс алу актісіне зақымдалған жақтың қатыспауы, мойын веналарының бұлтиюы мен пульсациясы.

     зақымдалған жақта дауыс дірілі әлсіреуі немесе мүлде естілмеуі, перкуторлы дыбыс тынылқталуы мен аскультацияда әлсіреген везикулярл тыныс

    Пневмоторакс кезіндегі жедел көмек алгоритмі



    1-сурет
    Өкпе артериясының тромбоэмболиясы кезіндегі жедел көмек
    Өкпе артериясының тромбоэмболиясы (ӨАТЭ)- өкпеде қан айнылымының бұзылысына әкелетін өкпе сабауы немесе оның тармақтары саңылауының тромбтармен бітелуі.

    ӨАТЭ клиникалық көріністері: кеудедегі ауырсыну, ентігу, қан қақыру. Үлкен тамырлардың бітелуінде- тыныстың кенет тоқтауы, үлкен тамырларда пульс пен қан қысымының анықталмауы, айқын цианоз.
    ӨАТЭ кезіндегі жедел көмек:


    Респираторлық дисстрес-синдромы кезіндегі жедел көмек

    Респираторлық дисстрес-синдромы гипоксемия, интерстициональді және альвеоларлы ісінумен сипатталатын, өкпенің жедел зақымдануы нәтижесінде болатын тыныс алу жеткіліксіздігі.

    РДС клиникасы:

    • Диспноэ

    • Кеуде торындағы дискомфорт

    • Құрғақ жөтел

    • Цианоз

    • Тахикардия

    • Қосымша бұлшыққеттердің тыныс алуға қатысуы

    • Қатқыл тыныс,тыңдағанда диффузды крепитация

    Астматикалық статус кезіндегі жедел көмек
    Астматикалық статус- бронх кеңейткіш дәрілердің әсері болмайтын және тұншығу ұстамасы 6 cағаттан ұзаққа созылатын, өмірге қауіпті жағдай.

    Астматикалық статус көрінісі: тыныштық кезіндегі экспираторлы ентігу, акроцианоз, тершеңдік, аз өнімді, азапқа әкелетін жөтел,өкпені тыңдағанда «мылқау» өкпе алаңы,жоғары АҚҚ.


    Астматикалық статус кезіндегі жеде көмек алгоритмі
    Қан қақыру кезіндегі жедел көмек

    Қан қақыру- жөтел кезінде тыныс алу жолдарынан 5,0 мл/тәул дейін қан аралас қақырық немесе қанды бөліністің болуы.

    Клиникалық белгілері: көпіршікті қызыл бөлініс, әлсіздік, бас айналу, тері жамылғысының бозаруы, тахикардия, АҚҚ төмендеуі.
    Қан қақыру кезіндегі жедел көмек алгоритмі:

    Созылмалы  өкпе-текті жүрек кезіндегі жедел көмек

    Өкпе-текті жүрек- кіші қан айналым шеңберінің гипертензиясымен, жүректің оң жақ бөліктеріне күш түсуі және гипертрофиясы.

    Созылмалы өкпе-текті жүректің екі сатысын ажыратады; а.компенсациялы өкпе-текті жүрек;

    б.декомпенсациялы өкпе-текті жүрек.

    Компенсациялы өкпе-текті жүрек.Компенсациялы өкпе-текті жүректің клиникасы өкпе (тыныс) жетіспеушілігінің клиникасынан,жүректің оң жақ бөліктерінің гипертрофиясының белгілерінен,өкпе артериясы гипертензиясының белгілерінен және негізгі өкпе ауруының белгілерінен құралады.



    Өкпе-текті жүрек кезіндегі жедел көмек алгоритмі


    Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмек
    Созылмалы тыныс жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмек
    Қолданылған әдебиеттер:


    • Т.В.Отвагина «Неотложная медицинаская помощь»

    • Ю.И.Гринштейн «Неотложная помощь в терапии и кардиологии»

    • Г.Е.Ройтберг, А.В.Струтынсий «Внутренние болезни»

    • http://www.rcrz.kz/docs/clinic_protocol/Хирургия/Хирургия/спонт%20пневмоторакс.pdf

    • http://www.rcrz.kz/docs/clinic_protocol/2014/Терапия/Кардиология/Тромбэмболия%20легочной%20артерии.pdf


    написать администратору сайта