Главная страница
Навигация по странице:

  • Мақала тақырыбы

  • Факультет

  • Кілт сөздер

  • Мақсаты

  • КІРІСПЕ Тері

  • Қаржыландыру

  • ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР https://euromed.ru/patients/bolezni/dermatologiya/akne-ugrevaya-syp/

  • Студенттердегі тері аурулары. САПАЛЫ ЗЕРТТЕУ БЕЗЕУ. Маала таырыбы Студенттердегі тері аурулары (акне,безеу)сер ететін факторлар, зінзі баалау,емдеу. Орындаан


    Скачать 1.14 Mb.
    НазваниеМаала таырыбы Студенттердегі тері аурулары (акне,безеу)сер ететін факторлар, зінзі баалау,емдеу. Орындаан
    АнкорСтуденттердегі тері аурулары
    Дата11.05.2022
    Размер1.14 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСАПАЛЫ ЗЕРТТЕУ БЕЗЕУ.docx
    ТипДокументы
    #522307





    С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


    Сапалы зерттеулер бойынша студенттердің ғылымы жұмысы
    Мақала тақырыбы: Студенттердегі тері аурулары (акне,безеу):әсер ететін факторлар, өзін-өзі бағалау,емдеу.

    Орындаған:Марлыбекова Мадина

    Тобы:P20-001-02

    Факультет:педиатрия

    Тексерген:Аймаханова А.Ш.

    Алматы, 2022 ж

    Аннотация: бұл зерттеуде Алматы студенттерінің арасындағы тері аурулары зерттеледі. Оның студенттің жеке өміріне, өзін-өзі бағалауына әсері, пайда болуына алып келетін мүмкін факторлар анықталып, ол факторлар әсерін азайту және алдын-алу шаралары қарастырылады.

    Кілт сөздер: тері аурулары, Алматы студенттері, безеу, акне, өзін-өзі бағалау, емдеу әдістері.

    ӨЗЕКТІЛІГІ

    Тері аурулары немесе бөртпелер осы заманның өзекті проблемаларының бірі. Қазіргі кезде дамыған елдер халқының 95%-ы белгілі бір тері бөртпесінен зардап шегеді. Безеу проблемасы әсіресе жасөспірімдерде өзекті, теріде қызыл қабыну түйіндері, пустулалар, қара нүктелер, кейде кисталар түрінде көрінеді. Соңғы кездері бұл аурулар тек жасөспірімдік ауру емес, сонымен қатар ересектерде де жиі кездеседі. Golden V. S. (1999) мәліметтері бойынша, 25-48 жас аралығындағы ерлердің 3% - ында және әйелдердің 12% - ында безеулер байқалады.

    Тері бөртпелері және оның әкеп соғатын салдары әртүрлі жастағы науқастарда психологиялық проблемалар тудырады.

    Қазіргі кезде осы ауруларға әсер ететін факторлардың көбі студенттерде кездеседі. Соның ішінде стресс.

    Қазіргі уақытта бұл ауруды емдеуде қандай да бір әмбебап,яғни универсальды әдіс жоқ.

    Мақсаты: Алматы студенттерінде тері ауруларын анықтау. Әсер ететін факторларды зерттеп, әсерін азайту және студент психологиясы мен өмір сапасына әсерін анықтау.

    Міндеті:

    • Студенттердегі тері аурулары түрін анықтау;

    • Пайда болуына алып келетін факторлармен байланыстыру;

    • Олардың емдеуде қолданған әдістерін анықтау;

    • Жеке өміріндегі қиындық, басқа адамдардың көзқарасы, өзін-өзі бағалауын анықтау.

    Зерттеу әдісі: зерттеу GOOGLE form-де тест түрінде жүргізілді.Әртүрлі жоғарғы оқу орнындағы 1-5 курс оқитын 25 студенттер қатысты. Олар ҚазҰМУ, КБТУ, Сатбаев, СДУ, ҚАЗҰУ,МУИТ студенттері қатысты.

    КІРІСПЕ

    Тері-адамдағы ең үлкен мүшенің бірі. Ол көптеген қызметтері атқарады. Ішкі ағзалардың бұзылысы теріге көрініс береді.

    Енді тері бөртпелеріне тоқтайтын болсақ, безеу- май бездерінің жоғарылауынын, ұлғаюынан және бітелуінен болатын ауру. Майлы бездер бітелгенде, сол жерде пропионобактериялар көбейеді.Олар қабынуды тудырып, сол жерде безеулер туады.

    Беттегі бөртпелердің мынандай түрлері бар:

    • Комедондар. Ақ және қара, ашық жабық түрде болады. Ауыр қабынуды тудырады. Тиісті күтім жасаса, тез емделеді. Инфекция түссе, келесі түрі папулаға айналады.

    • Пустула. Құрамында іріңі бар қызыл жаңа түзілетін плазма. Піскеннен кейін сол ошақта ақ нүкте пайда болады;

    • Папула. Бұл піскен түрі, ол ауырсынумен бірге жүреді. Ол ұстағанда ауырсыну тудырады;

    • Өзекті-кистозды түрі. Бұл көп мөлшерде пайда болады, ауырсыну тудырады.

    Тері бөртпелерінің түзілуіне ішкі және сыртқы фактор әсер етеді.

    Сыртқы факторлар:

    • Қабынуға тиісу;

    • Стресс;

    • Стероидты, гормондық дәрілерді қолдану;

    • Тәтті және майлы көп тұтыну;

    • Жеке бас гигиенасын дұрыс ұстанбау;

    • Бетке күтім жасамау.

    Ішкі факторлар:

    • Эндокриндік жүйе бұзылысы;

    • Генетикалық бейімділік;

    • Инфекция ;

    • Қыздар үшін менструальды цикл;

    • Асқазан ішек жолдарының бұзылысы;

    • Темекі шегу;

    • Психоэмоционалдық жағдайлар.

    Негізінен тері ауруларына шалдыққан адамдар бірқатар психологиялық проблемаларға ұшырайды екен. Бұл аурулар науқастарда өзін-өзі бағалауының төмендеуіне, өзіне деген сенімділіктің жоғалуына алып келеді екен. Бұл көбіне студенттерде, мектеп оқушыларында кездеседі.Бұл кезде психологиялық тұрғыдан жастар осал болады.

    ЗЕРТТЕУ БАРЫСЫ

    Зерттеу интервью түрінде жүргізілді. Ол 18 сұрақтан тұрды. Бұл зерттеуге Алматының әртүрлі жоғары оқу орындарынан студенттер қатысты.

    Ең басында жасы сұралды. Қай жаста көбірек кездесетінін анықтау үшін.

    Келесі сұрақ қатысушылардың қаншасында тері аурулары бар екенін анықтау мақсатта қойылды.

    Тері аурулары бар қатысушалар үшін, бөртпелердің қай түрге жататыны анықталды.

    Одан кейін бөртпелер тууына ішкі факторлар әсерін бағалауда 9 сұрақ қойылды. Онда АІЖ аурулары, эндокриндік аурулар,генетикалық бейміділік, менструальды цикл, газды сусындар, майлы және тәтті тағамдар, стресс, ұйқы жеткіліксіздігі туралы сұралды.

    Сыртқы факторларды анықтауда 2 сұрақ қойылды. Ол бет күтіміне байланысты болды.

    Тері аурулары иесіне бірқатар психологиялық ауыртпашылықтар алып келеді. Соны анықтау мақсатында 4 сұрақ қойылды.

    Қаржыландыру: Бұл зерттеу «Ғылыми жоба» пәніндегі аралық бақылауға арналып жасалды. Зерттеу GOOGLE form арқылы жасалды. Еш қаражатты талап етпеді.

    Этикалық мәселе: Студенттер өз жағдайларын нақты, толық ашып айтуы, әдістерімен бөлісуі үшін зерттеу анонимді түрде жасалды.

    ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІ

    Студенттердің арасында Гугл формада сауалнамаға 30 студент қатысты. Олардың 90%-ы 16-17 жаста, 6.7%-ы 21-23 жаста, 3.3%-ы 16-17 жаста.



    Қатысушылардың қаншасында тері ауру бар екені анықталды. 30%-те тұрақсыз күйде,20% бұрында болған және әлі де бар, 13.3% қазіргі кезде бар.



    Ең жиі кездесетін тері бөртпесінің түрін анықтадым: Ең көп кездесетіні 46.2% жинаған пустулалар екен.Одан кейін 42.3% комедондар,одан кейін папула 11.5%-бен.



    Тері бөртпелері туындауына алып келетін факторларды анықтау мақсатында сұрақ қойдым. Мынандай сыртқы факторлар әсер етеді екен:

    40% қатысушылар бетін сабындармен, құрамында спирті бар ерітінділер мен лосьондармен жуады екен. Бетті бұл заттармен жууға болмайды, себебі олар бетті құрғатады. Нәтижесінде, тері өзін-өзі қорғау мақсатында майдың түзілуін көбейтеді.



    Күнделікті дұрыс негізгі бет күтімі өте маңызды. 47.7% қатысушылар негізгі күтімді үнемі жасамайды екен.

    Мынандай ішкі факторлар әсер етеді:

    Қыздарда менструация кезінде тері бөртпелері шығуы негізі қалыпты. Себебі ол сол циклдегі гормондық дисбалансқа байланысты.



    Генетикалық бейімділік те тері ауруларында маңызды рөл атқарады. Қатысушылардың 23.3 %-де генетикалық бейімділік бар екен.



    Эндокриндік аурулар кезінде май көп бөлініп, терінің бітелуіне, ал ол осы бөртпелер түзілуіне алып келеді. Қатысушыларда эндокриндік аурулар жоқ екен.



    Газдалған және тәтті сусындар да тері бөртпелерін тудырады. Қатысушылардың 63.3%-ы аптасына 2-3 рет тұтынады екен. Бұл негізі жоғарғы көрсеткіш.



    Майлы тағамдар да әсер етеді.



    Асқазан ішек жолдары аурулары кезінде симптомдар ретінде бетке көрініс береді:



    Темекі шегетін адамдарда тері аурулары жиі және ауыр түрде өтетіні дәлелденген.



    Ұйқы жетіспеушілігі де теріге көрініс береді. Ұйқы толық 8 сағаттық болу керек. Қатысушыларда ұйқы уақыты аз.

    Психоэмоционалдық жағдайлар да теріде бөртпелердің тууына алып келеді.Соның ішінде маңызды орынды стресс алады.



    Тері аурулары жастарда бірқатар жағдайда психологиясына әсер етеді екен. Соның ішінде өзін-өзі бағалауын төмендеп, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауда қиындықтар туғызып, депрессияға, өзін жақсы көре алмауға, төмен ұстауға алып келеді екен.



    Қатысушылардың бұл сұраққа жауаптары:







    Тері бөртпелерінен құтылудың әмбебап әдісі жоқ. Қатысушылар өздеріне көмектескен әдістермен бөлісті:

    Дұрыс тағамдану, бетке арналған күтім құралдарын қолдану, левомеколь жағу.

    Левомеколь

    Уход каждый день

    Ешқандай әдіс қолданбаймын

    Асперинді суда ерітіп бетіме 5-10 минут ұстадым, әсері өте тез

    Емдемегенмін

    Әр түрлі бөртпеге қарсы кремдер

    у меня не было таких кожных заболеваний прям ..но могу посоветовать мазь синафлан , вечерний 3х этапный уход (гидрофильное масло,пенка и кислоты) утром (пенка и солнцезащитный крем)

    Кір сабынмен жуу

    Витамин Е ішемін.

    Су коп ышу

    зубной паста, спирт(прыщьты құрғатып жбереді), аптекадағы мазьдар

    Дұрыс тамақтану, газдалған сусындардан бас тарту

    Безеу кезінде метрогил колданамын, оте жаксы комектеседі

    Қорытынды: Зерттеу нәтижесіне келетін болсақ, студенттерде тері аурулары әлі де кездеседі. Олардың ішінде ең көп кездесетін түрі пустула екен. Және оның тууына негізгі әсер ететін факторлар :

    • Бет күтімін дұрыс жасамау;

    • Газдалған сусындар жиі ішу;

    • Майлы тағамдардың көп болуы;

    • Ұйқы жетіспеушілігі;

    • Стресс .

    Көп қатысушылар тері бөртпелерінің жеке өміріне,психологиялық жағдайын әсер ететінін, өзін-өзі бағалаудың төмендеуіне, мінездің тұйық болуына , өзіне деген сенімсіздіктің жоғарлауына алып келетінін айтты.

    Тері бөртпелерінен бәріне көмектесетін толық емдеу әдісі жоқ. Бірақ қатысушылар басқа осы тері бөртпелері бар студенттерге өздеріне көмектескен әдістермен бөлісті.

    .

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

    • https://euromed.ru/patients/bolezni/dermatologiya/akne-ugrevaya-syp/

    • https://christinacosmetics.ua/vidyi-vyisyipaniy-na-litse-prichinyi-i-kak-borotsya/


    написать администратору сайта