шпор педагогика. Малім мамандыыны ерекшелектері
Скачать 46 Kb.
|
Мұғалім мамандығының ерекшелектері? Мұғалім мемлекеттік қызметкер-мемлекетке қызмет етеді.Мұғалім қоғам алдында жауапты-мұғалім балаға дұрыс тәлім тәрбие беруге қоғамдық ортада балалардың өзін-өзі ұстауына жауапты.Мұғалімнің еңбегі-шығармашылық еңбек-Оқушыға білмгенін үйретеді,мұғалім әрдайым ізденіс үстінде болуы керек. ҚР Білім беру жүйесінің тарихы,білім беру жүйесінің принциптері және құрылымы? Білім беру ісін басқару.Басқару принциптері дегеніміз- білім беру ісінің басшысы мақсатқа жеруге есте сақтайтын негізгі ережелері.Басқару принциптері 3-топқа бөлінеді. А) Демократиялық принцип В) Ғылымилық,теориямен тәжірбиесінің тығыз байланысты принципы С)Ақпараттардың шындығы және жеткілікті 3) Мектептегі педагогикалық кеңес? Педагогикалық кеңес бұл мектептердің барлық іс-әрекетін бұл барлық іс-әрекеттің басқарудың тұрақты органы.Мұғалімдердің де халық ойының ұжымдық орталығы педагогикалық кеңестің міндеті-тұтас педогогикалық процестің сапасын арттыруға мұғалімдер ұжымының күшін үйлестіру ж/е біріктіру.Білім беруді гуманитарландыру(адамның дүниеге қатысы,оқу орындарының дүниежүзінің мәдениетіне,тарихына рухани байлығына бет бұруын) ізгілендіру (мектептің балаға тікелей бұрылуы оны силау абыройын жоғары ұстау сену оның мақсатына мұқтажына,сұрағына түсіну),демек оқу,тәрбие,білім беру ісін қазіргі заманның талабына сәйкес басқару 4)Дидактика д/з не? Дидактика-бұл ежелгі грек сөзі,яғни didaktikos- үйретуші,didaskalos-мұғалім деген ұғымды білдіреді.Дидактика- білім беру мен оқытудың ториялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.Дидактика ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670). 5)Эстетикалық тәрбиенің мәні,міндеттері? Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өміріне зор рөль атқарады.Әсемдікті көре, түсіне,жасай білу адамның рухани омирин байытады,қызғылықты етеді,оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді.Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз,сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін,көркемдікті,әсем нәрсені сүйетіндей етіп тәрбиелеуіміз керек. 6) Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті?-өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін,ынтасын және бейімділігін дамыту.Осыған орай, мектепте оқушылардың ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек. 7)Балаларды эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып,оларды өздігінен ілтипатты оқырман,қайырымды көрермен,сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар әдебиеті оқуға, кинофильмді,теледидарды,спектальді көруге,музыканы тыңдауға өте ынталы болады. 8) Күнделікті өмірдегі адамның жеке бас эстетикасы? Жеке адамның жалпы мәдениеті үйелменде,ұжымда,жұртшылық арасында байқалады.Сондықтан күнделікті өмірдегі оқушының жеке басының эстетикасында ерекше көңіл аудару мұғалімдер мен ата-аналар алдындағы кезек күттірмейтін басты мәселелердің бірі болып саналады.Оқушылардың жалпы мәдениеті,яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік,ұқыптылық,жылы шырайлылық, қайырымдылық,тазалықты сақтау т.б. 9)Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері? Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесінің маңызы өте зор.Оқушылар денесінің дұрыс дамуы,денсаулығының нығаюы,жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұрады.Жақсы денсаулық адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетіне жемісті қатысуының маңызды кепілі. 10)Құқықтық тәрбие мазмұны,міндеттері?Оқушының мектептегі өмір тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады.Осы жылдары адамгершілікті дүниетанымы,сенімдері,ұжымшылығы,тәртіптілігі,өзіне және басқаға талап қоюы,адалдығы мен шыншылдығы,қайырымдылығы мен ұстемдылығы,жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады.Біріншісі кең мәнінде.Бұл құқықтық межелер,құқықтық қатынастар,құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды.Екіншісі,тұлғалық,педагогикалық және психологиялық мәнін қарау. 11) Құқықтық тәрбиенің формалары мен әдістері? Қазіргі кезде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен,шығармашылықпен іске асыруды мектеп басшыларынан,мұғалімдерден талап етеді. Сондықтан олар үкімет заңдарының барлық салаларымен жете танысып,тәлім-тәрбие жұмыстарында тиімді пайдаланудың үдемелі жолдарын іздестіреді.Республика мектептерінде құқықтық тәрбиенің,кейбір формаларын атауға болады.Олар,құқықтық лекториялар,кинолекториялар,жасөспірімдердің заң тану мектебі,құқықтық білім клубтары т.б. 12) Мектеп пен отбасы қоғамы ынтымақтастығы? Мектеп-өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жүйесіндегі шешуші буын.Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор.Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады.Мектеп ешуақытта үйелменнен,қоғамнан бөлініп,өз бетінше жеке автономиялық мекеме болған емес.Сондықтан оның іс-әрекеті үйелменмен,жұртшылықпен,еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты.Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады.Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймайды,сонымен бірге мөлтек аудандарда,кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. 13) Озат педагогикалық тәжірбие зерттеу жинақтау ж/е тарату? 4-топқа бөлінеді; 1)негізгі бағыттары=>педагогикалық тәжірбиені зерттеу=>педагогикалық проблемаларды зерттеу=>Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ж/е басшылық=>педагогикалық мәдениетті бекіту. 2) кезеңдері 3)жасдары 4) формалары 14) Озат педагогикалық тәжірбие белгілері? Озат педагогикалық тәжірбие белгілері=>Қоғам сұранысына ерекшелігі=>Тұрақты жақсы нәтиже=>Күш,құралдардың орнымен жумсалуы=>Жаңалығы. 15) Ақыл ой тәрбиесі,міндеттері,түрлері,құралдары? Ақыл – ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді.Білім алуға ж/е ғылымға ұмтылмас халық санасының тереңінен әрдайым орын алды.Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін,түсініктерін ж/е заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп біледі.Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамыуының негізі.Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға,еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды.Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері -ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау -негізгі ойлау операцияларын меңгерту -зиялылық біліктерді қалыптастыру -дүниетанымды қалыптастыру Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы-оқыту.Ақыл-ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру,зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектестін ойлау операцияларына қатыстарын,оқу әрекеттерін орындататын танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүреді. 16)Өзін-өзі тәрбиелеу ж/е қайта тәрбиелеу? Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субьектісіне айналады.Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды ж/е өзінің сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады.Өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру ж/е кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекетән өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді.Мысалы,оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі мен мінез-құлқындағы кемшіліктермен іс-әрекетіндегі сенімсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді. 17)Тәрбие әдістері,тәсілдері ж/е құрылғылары? Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зерттелмеген мәселелердің бірі.Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екенін байқалуда.Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзіне-ақ дәлел бола алады.Тәрбие әдісі-тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс- әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. 18) Оқытудың мақсатына қарай? 1) жаңа білім беру 2) қайталау 3) біліктермен,дағдыларын,қалыптастыру 4) білімді тексеру ж/е бағалау 19)Сабақ типтері ж/е құрылымы? 1)Ұйымдастыру 2) Үй тапсырмасын тексеру 3) Жан-жақты тексеру 4) Оқушыларды білім сапалы белсенді түрде меңгертуге дайындық 5) Жаңа тақырыпты меңгерту 6) Оқушылар білімін бекіту 7) Үйге тапсырма беру 8) Сабақты қорытындылау 20.Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары? Мектепте сабақтан басқа оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар: оқу саяхаты,семинар сабақтары,практикумдар,факультативтер,кансультациялар,үй оқу жұмысы т.б |