Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың атауы Электролиттер мен бейэлектролиттер Мақсаты

  • Тақырыптың мазмұнын ашу арқылы түсінеді, есте сақтау әдіс – тәсілдерін үйренеді.оқушы ойлау қабілеттерін дамытадыу, сөйлеу тілдерін байытады

  • Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық«Жүректен - жүрекке» шеңбері

  • Сергіту сәті «Халықтар» биі Жаңа сабақ

  • Білем Білдім Білгім келеді

  • Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім

  • Мақсаты Күтілетін нәтиже

  • Сергіту сәті «Молекулалар» биі Жаңа сабақ

  • Кітаптағы жазбалар Менің жаңалығым

  • Күшті және әлсіз электролиттер

  • 9 сынып Химия КМЖ. Пнні аты Уаыты Кабинет


    Скачать 410.71 Kb.
    НазваниеПнні аты Уаыты Кабинет
    Дата09.09.2022
    Размер410.71 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9 сынып Химия КМЖ.docx
    ТипДокументы
    #669239
    страница1 из 15
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


    Оқу ісінің меңгерушісі:

    Пәннің аты

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім

    Сабақтың атауы

    Электролиттер мен бейэлектролиттер


    Мақсаты

    Күтілетін нәтиже

    Тақырыптың мазмұнын ашу арқылы түсінеді,  есте сақтау әдіс – тәсілдерін үйренеді.оқушы ойлау қабілеттерін дамытадыу, сөйлеу тілдерін байытады

    Психологиялық ахуал

    Психологиялық дайындық

    «Жүректен - жүрекке» шеңбері

    – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

    Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

    Қызығушылықты ояту

    Топқа тапсырма

    Сөзжұмбақ құрастыру

    Постер қорғау

    Ребус

    Сергіту сәті

    «Халықтар» биі

    Жаңа сабақ

    Электролиттер және бейэлектролиттер — кейбір заттардың ерітіндіде тоқ өткізетіні ал, кейбір заттардың сол жағдайларда тоқ өткізбейтіні бәріне белгілі. Оны анықтайтын көптеген эксперименттер бізге мәлім.

    • Ертіндіде тоқ өткізетін заттар – электролиттер деп аталады.

    • Ертіндіде тоқ өткізбейтін заттар – бейэлектролиттер деп аталады.

    Электролиттерге негіздер, қышқылдар және тұздардың көбі, ал, бейэлектролиттерге көптеген органиқалық заттар жатады. Ерітіндіде электролиттер иондарға ыдырайды осының арқасында олар тоқ өткізеді. Ерітіндіде неғұрлым ион көп болса соғұрлым тоқ жақсырақ өтеді.

    Электролиттердің ерітіндіде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциация деп аталады. Мысалы, NaCl ерітіндіде түгелдей Na+ және Cl- иондарына ыдырайды.

    Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

    Дәптермен жұмыс

    Тест құрастыру

    Практикалық жұмыс.

    Ой толғаныс

    БББ кестесі


    Білем

    Білдім

    Білгім келеді













    Үйге тапсырма

    Берілген тапсырманы түсіндіру

    Күнделіктеріне жазып беремін

    Бағалау

    Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


    Бағалау парақшасын толтырады.

    Кері байланыс



    Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

    Оқу ісінің меңгерушісі:

    Пәннің аты

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім

    Сабақтың атауы

    Көмірсутектердің жіктелуі, номенклатурасы, изомериясы. Қаныққан көмірсутектер. Метан.№4.

    Мақсаты

    Күтілетін нәтиже

    Химия кабинетінде жұмыс істеу кезінде қте таныстыру; лаб-лық тұрғыны құрастыру, сынауықты тұрғыға бекіту, химиялық ыдыстармен, спирт шамның құрылысымен танысу

    Психологиялық ахуал

    Психологиялық дайындық

    Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

    Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

    Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

    жақындатады)

    Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

    тұсына қояды)

    Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

    саусақтары күн сияқты)

    Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

    Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

    Қызығушылықты ояту

    1) Көмірсутектер қалай жіктеледі?
    2) Метанды басқаша қалай атайды?
    3) Алкандарға сәйкес көмірсутектерге қандай жұрнақ жалғанады?
    4) Алкендерге қолайлы реактив не болып табылады?
    5) Ароматты көмірсутектердің халықаралық атауы
    6) Ашық түсті мұнай өнімдеріне не жатады?

    Сергіту сәті

    «Молекулалар» биі

    Жаңа сабақ

    Көмірсутектер молекулалары көміртек пен сутек атомдарынан тұратын органикалық қосылыстар.

    Құрамына байланысты көмірсутектер ациклды, алициклды және ароматты қосылыстарға бөлінеді. Химикалық қасиеттері мен құрылысы ұқсас, ал молекулалар құрамы бойынша айырмашылығы бір не бірнеше CH2 тобы болатын қосылыстарды гомологтар деп атайды, олар гомологтық қатар түзеді. Мысалы, қаныққан көмірсутектердің гомологтық қатары. Бұл қатардың бірінші мүшесі –метан, одан соңғылары – бір-бірінен айырмашылығы CH2 тобы болатын гомологтық қатар мүшелері. Қалыпты жағдайда 1-ден 4-ке дейін көміртек атомдары бар қаныққан көмірсутектер – газдар, 5-тен 17-ге дейін сұйықтар, ал көміртек атомдарының саны 17-ден көптері – қатты заттар. Көмірсутектердің көбі түссіз. Оның негізгі табиғи қоры – мұнай. Мұнай құрамында 23 – 63%-ға дейін парафиндер, 29,72% шамасында нафтендер, 2 – 16%-ға дейін ароматты көмірсутектер болады. Төменгі алкандар (негізінен, метан) – метан, этан, пропан – табиғи газдар құрамында болады. Көмірсутектер, негізінен, мұнай айдау процесі кезінде алынады, сондай-ақ көміртек оксиді мен сутекті катализатор қатысында қыздырғанда қалыпты парафиндер мен тармақталған парафиндерқоспасы түзіледі. Қаныққан көмірсутектер жанар май, жағар май алу үшін шикізат ретінде қолданылады. Кокстік химия өндірісінде алынатын ароматты көмірсутектер дәрі-дәрмек, хош иісті заттар алуда, ал қанықпаған көмірсутектер спирт, ацетон, жасанды каучукалуда пайдаланылады.

    Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

    Дәптермен жұмыс

    Тест құрастыру

    Практикалық жұмыс.

    Рефлексия

    Екі жақты күнделік стратегиясы

    Кітаптағы жазбалар

    Менің жаңалығым








    Үйге тапсырма

    Берілген тапсырманы түсіндіру

    Күнделіктеріне жазып беремін

    Бағалау

    Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


    Бағалау парақшасын толтырады.

    Кері байланыс



    Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

    Оқу ісінің меңгерушісі:

    Пәннің аты

    Уақыты:

    Кабинет:

    Мұғалім

    Сабақтың атауы

    Күшті және әлсіз электролиттер.

    Электролиттік диссоциациялану дәрежесі

    Мақсаты

    Күтілетін нәтиже

    Оқушылар тақырып жайлы түсінік алады, тақырыптың мазмұнын игеру арқылы топпен талқылау арқылы ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге дағдыланады

    Психологиялық ахуал

    Психологиялық дайындық

    «Жүректен - жүрекке» шеңбері

    – Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

    Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

    Қызығушылықты ояту

    Топқа тапсырма

    Сөзжұмбақ құрастыру

    Постер қорғау

    Ребус

    Сергіту сәті

    «Халықтар» биі

    Жаңа сабақ

    Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

    Электролиттік диссоциациялану дәрежесі.

    Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

    Күшті және әлсіз электролиттер Электролит молекуласындағы атомдар арасындағы байланыстың беріктігіне карай диссоциацияланған молекулалар саны диссоциацияланбаған молекулалар санынан не көп, не аз болуы мүмкін. Электролит молекуласындағы байланыс әлсіз болса, диссоциацияланған молекулалар саны көп болады. Керісінше байланыс берік болғанда, иондарға айналатын молекулалар саны аз болады. Электролиттің қандай мөлшерде диссоциацияланғанын көрсететін шама -иссоциациялану дәрежесі деп аталады және α (альфа) әрпімен белгіленеді. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — диссоциацияланган молекулалар санының ерітіндідегі жалпы молекулалар санына қатынасы. Диссоциациялану дәрежесін процентпен көрсету үшін оның шамасын 100-ге көбейтеді. Мысалы, электролиттіңдиссоциациялану дәрежесі 60% болса, бұл оның 100 молекуласының 60-ы иондарға ыдырағанын білдіреді. Диссоциациялану дәрежесіне байланысты электролиттер 3 топқа жіктеледі.

    1. Күшті электролиттер, олардың диссоциациялану дөрежелері 30%-тен жоғары болады. Мысалы: HN03 91%, NaCl 84%, HC1 92%, КОН жәнө NaOH 84% болады. Күшті электролиттердің молекулалары сүйылтылған ерітіндіде иондарға толығымен ыдырайды.

    2. Орташа электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3% пен 30% аралығында болады. Мысалы: Н3Р04 26%, HN02 6,5%, т.с.с.

    3. Әлсіз электролиттер. Олардың диссоциациялану дәрежелері 3%-тен төмен болады. Мысалы, СН3СООН (сірке кышкылы) 1,3%, NH4OH (аммоний гидроксиді) 1,3%, Н2С03 (көмір қышқылы) 0,171'/о, H2S (күкіртті сутек қышқылы) 0,07%, т.с.с.

    Айта кететін жағдай, тамаққа қосылатын қышқылдар — сірке қышқылы, лимон қышқылы, алма қышқылы, сол сияқты дәрі ретінде қолданылатын бор қышқылы, ацетилсалицил қышқылы (аспирин) әлсіз электролиттерге жатады. Судың диссоциациялану дөрежесі (бөлме температурасында) =109, яғни бір миллиард молекуладан біреуі ғана диссоциацияланады. Сондықтан оның диссоциациялану теңдеуін жазбай молекула түрінде бейнелейді.

    Электролиттердің диссоциациялану дәрежесіндегі айырмашылықты, олардың электрөткізгіштігі арқылы анықтауға болады. Ол үшін концентрациялы сірке кышқылының ерітіндісіне электр өткізгіштікті тексеретін аспаптың электродтарын батырып, ток көзіне қосамыз. Электр шамы әлсіз жанады. Енді электродтарды дистилденген сумен жуып, концентрациясы сірке қышқылының концентрациясындай тұз қышқылының ерітіндісіне салып ток көзіне косамыз, аспаптың шамы жарқырап жанады. Сірке кышқылында диссоциацияланған молекулалар саны аз, сондықтан электр шамы әлсіз жанады, яғни электрөткізгіштік ерітіндідегі иондар санына байланысты болады. Ал тұз қышқылының ерітіндісінде диссоцияланған молекулалар саны өте көп болғандықтан электр шамы жарық жанады.

    Электролиттердің иондарға ыдырауының сандық мәні диссоциациялану дәрежесі арқылы өрнектеледі. Диссоциациялану дәрежесі дегеніміз — иондарға ыдыраған молекула санының жалпы молекула санына қатынасы. Электролиттерді диссоциациялану дәрежесінің мәніне қарай 3-ке бөледі: күшті, орташа, әлсіз электролиттер.

    Ой толғаныс

    БББ кестесі


    Білем

    Білдім

    Білгім келеді













    Үйге тапсырма

    Берілген тапсырманы түсіндіру

    Күнделіктеріне жазып беремін

    Бағалау

    Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


    Бағалау парақшасын толтырады.

    Кері байланыс



    Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
      1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



    написать администратору сайта