Мұғалімнің аты-жөні:
| Адылбекова Карлыгаш Еркеновна
|
Пән/Сынып:
| Химия, 9 сынып
|
Қай аптаның нешінші сабағы
| 1- сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
| І тарау. Электролиттік диссоциация
|
Сабақтың тақырыбы:
| Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы»
|
Оқу мақсаты:
| 9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
|
Бағалау критериі:
| электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын біледі және мысалдар келтіреді заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіреді
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі. Бүгінгі жұмыс мақсатымен таныстыру. Бейнематериалды көре отырып, сабақты түсіндіру. Бекіту тапсырмалары және оқу тапсырмалары беріледі. Сабақты қорытындылау
| Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Бекіту тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
1 тапсырма
Электролиттер мен бейэлектролиттер түсінігіне анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз
2 тапсырма
Берілген заттардың электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екенін түсіндір
| Жеке жұмыс
Оқу тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындайды
|
Уақыты
| Кезеңдері
| Тапсырма
| Тапсырманың мақсаты
| Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
| Бағалау
| Ресурстар
|
1 минут
00:00 – 03:00
| Ұйымдастыру
| Сәлеметсіздер ме! Біз сіздермен электролиттер мен бейэлектролиттермен танысамыз, металдардың маңызды қасиеттерінің бірі - электрөткізгіштігі. Енді заттардың суда еру механизмін, ерітінділердің қасиеттерін, сондай-ақ ерітінділерде жүретін химиялық реакцияларды оқып-үйренесіңдер..
Бүгінгі сабағымыздың алғашқы тақырыбы: Электролиттер мен бейэлектролиттер.
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
электролиттер иен бейэлектролиттер түсінігі
Сенің меңгеретінің:
заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді
| Сабақтың мақсатымен таныстыру
| Оқушыларды түгелдеп шығу.
|
| Презентация
Слайд 1
Слайд 2 Слайд 3
|
8 минут 03:00 – 11:00
11:00-14:00
| Жаңа сабақ
|
Электролиттер- суда ерігенде немесе балқығанда электр тогын өткізетін заттар.Қышқылдар: HCl; HNO3; H2SO4
Сілтілер: NaOH; KOH; Ba(OH)2
Тұздар: NaCl; CuSO4; Al(NO3)3
Бейэлектролиттер- судағы ерітінділері немесе балқымалары электр тогын өткізбейтін заттар.
Газдар: оттегі, сутегі, азот т.б.
Органикалық заттар:
қант, ацетон,бензин, керосин, глицерин, этил спирт, бензол және т.б
Электролиттердің ерітіндіде иондарға ыдырауы электролиттік диссоциациялану деп аталады.
Тұздар: NaCl ↔ Na+ + Cl-
Сілтілер: КОН ↔ К+ + ОН-
Қышқылдар: HNО3 ↔ H+ + NО3-
Иондық байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы.
Қосылыстардағы белсенді металдар мен бейметалдар атомдарының арасында иондық байланыс жүзеге асады. Оны NaCI молекуласындағы иондар арасында түзілген химиялық байланысты қарастырғанда көргенбіз. Химиялық байланыс бұл жағдайда электростатикалық тартылыс күштерінің әсерінен түзіледі
Na+Cl = Na+ + Cl-
Хлорсутек НСІ атомдар арасындағы байланыс-коваленттік полюсті, себебі: байланыс сутек атомы мен хлор атомының сыртқы электрондық қабаттарындағы электрондардың жұптасуымен жүзеге асады. Хлордың электртерістігі сутекке қарағанда үлкен болғандықтан, ортақ электрон жұбы хлорға қарай ығысып, соның салдарынан атомдарда шартты түрде оң және теріс зарядтар пайда болады.
Заттардың суда еру процесі қалай жүреді?
Электролит ерітінділеріндегі су молекулалары маңызды рөл атқарады.
Су молекуласы дипольді.
Судың маңызды қасиеттерінің бірі – диссоциация, яғни молекулалардың зарядталған бөлшектерге иондарға ыдырауы.
Судың бір молекуласы ыдырағанда өте аз мөлшерде H + катиондар (оң зарядталған ион) сутек катиондар және OH − – аниондар (теріс зарядталған ион) гидроксид-иондары түзіледі
Заттардың электрөткізгіштігін сынау
Әртүрлі ерітінділердің электрөткізгіштігін қарапайым тәжірибе көмегімен анықтауға болады. Бізге зерттеліп отырған ерітіндісі бар стақан керек, оған сымдар арқылы тоқ көзімен жалғанған екі электрод батырылады.
Сондай-ақ электр тізбегіне шам да кіреді. Шамның жану жарықтығы зерттеуге алынған ерітіндінің электрөткізгіштігіне тәуелді болады.
| Жаңа тақырыпты меңгеру
Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
| Презентация
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11614/27.mp4
Слайд 10
Слайд 11
|
9 минут 14:00-17:00
17:00-20:00
|
| 1 тапсырма
Электролиттер мен бейэлектролиттер түсінігіне анықтама беріңіз, мысалдар келтіріңіз
Кестені толтырыңыз
түсінік
| анықтама
| мысалдар
| электролиттер
|
|
| бейэлектролиттер
|
|
| Жауабы:
түсінік
| анықтама
| мысалдар
| электролиттер
| Суда ерігенде немесе балқығанда электр тоғын өткізетін заттар
| HNO3
NaOH
KCI
| бейэлектролиттер
| Судағы ерітінділері немесе балқымалары электро тоғын өткізбейтін заттар
| O2
H2
спирт
| 2 тапсырма
Берілген заттардың электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екенін түсіндір
зат
| электр өткізгіштігі
| химиялық байланыс түрі
| СI2
| Электр тоғын өткізбейді
| коваленттік
| Al
| Электр тоғын өткізеді
| металдық
| КОН (балқыма)
| Электр тоғын өткізеді
| иондық
|
| Жаңа тақырыпты меңгеру
| Кестені толтыруға көмектесу
Оқушыларды тапсырманы орындауын қадағалау
| Дескриптор:
электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын біледі және мысалдар келтіреді;
Дескриптор:
заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіреді
| Слайд 12
Слайд 13
Слайд 14
Слайд 15
|
2 минут 20:00-23:00
| Бекіту
| Сабағымызды қорытындылайық.
Оқу тапсырмасы:
Тұрмыста кездесетін электролиттер мен бейэлектролиттерге мысал келтір(кем дегенде үшеу) Мына заттардың ішінен электролиттер мен бейэлектролиттерді теріп жазыңдар: спирт, сахароза, глюкоза, сірке қышқылы, ас тұзының судағы ерітіндісі.
Бүгінгі сабақта:
электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білдім және мысалдар келтірдім заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндірдім
.
| Тақырыпты меңгергенін анықтау
Үй тапсырмасын беру.
|
|
|
Слайд 16
|