Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
9.1. Электролиттер мен бейэлектролиттер
| Мектеп: қала атауы
Кейкі батыр атындағы ____жалпы орта білім беретін мектеп
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: ______________
|
Сынып: 9
| Қатысқандар: Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
| Электролиттер мен бейэлектролиттер
|
Осы сабақта қол жеткізі летін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 9.4.1.1 -электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
9.4.1.2 -заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру
|
Сабақтың мақсаты
| Барлық оқушылар: Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата алады, мысалдар келтіре алады. Оқушылар басым бөлігі: Заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелділігін түсіндіре алады Кейбір оқушылар: Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялануын түсіндіре алады
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
| Түсіну, қолдану, талдау
|
Бағалау критерийі
| Электролиттер мен бейэлектролиттерді біледі және ажыратады Заттардың ерітінділерінің электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіреді. Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялануын түсіндіре алады
|
Тілдік мақсат
| - химиялық байланыс негізінде ерітінділердің немесе балқымалардың электрөткізгіштігі жайлы жазбаша және ауызша сипаттай алады;
- заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін ауызша сипаттай алады.
Терминдер: Электролиттер, бейэлектролиттер
Диалог тіркестер:
1. Диссоциация деген не?
2.Электролиттер мен бейэлектролиттердің айырмашылығын ата?
3. Иондардың түрлерін ата?
|
Құндылықтарға баулу
| - сыйластық (бір-бірінің ойын айту және шешім қабылдау кезінде)
- ынтымақтастық және бірлік (топтық жұмыс барысында)
- ашықтық (ойын айтуда; сұрақтарды қоюда және жауап беруде, пікірталас жүргізуде)
|
Пәнаралық байланыс
| Биология «Адам ағзасындағы химиялық элементтер», Физика «Ток күші»
|
Алдыңғы білім
| 8.1.4.3 атомдар мен иондардың электрондарды қосып алуының немесе беріп жіберуінің нәтижесін түсіну.
8.1.4.5 иондық байланыстың түзілу механизмін түсінеді және иондық қосылыстардың қасиеттерін болжау.
8.1.4.6 ковалентті полюсті және полюссіз байланыстарының түзілу механизмін электртерістілік және валенттілік ұғымына сүйене отырып түсіну
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Жоспарланған іс-әрекеттер
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
| Сәлемдесу Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақ қойып өтсек.
1. Неліктен қышкылдарды оттекті және оттексіз деп жіктейміз ?
2. Неліктен кейбірнегіздер сілтілер деп аталады ?
3.Неліктен кейбір тұздар орта тұздар деп аталады?
4.Неліктен кейбір тұздар қышқыл тұздар деп аталады?
5.Неліктен катиондар оң зарядты?
6.Неліктен аниондар теріс зарядты ?
7.Неліктен иондар атомдардан өзгеше?
Жағымды психологиялық ахуал «Жүректен - жүрекке» шеңбері
– Әрбір еркелетіп aйтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: рaушaн да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адaмға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
Мақсаты: Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Топқа бөлу Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-3 дейін санау арқылы топқа бөлу. Әдіс «Сандарды бейнеле» ойыны. Әр топ өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен, қимылымен бейнелеу.
І топ «Электролиттер», ІІ топ «Бейэлектролиттер», ІІІ топ «металдар» Оқу мақсатын анықтау (топқа бөлу арқылы )
| Ресурс
Топтық ереже
Әдістемелік
көмекші құрал
|
Сабақтың ортасы 15 минут
| Жаңа сабақты игеру. Мәліметпен жұмыс.
Ойлау дағдыларының деңгейлері – түсіну.
Белсенді оқыту әдісі– «Миға шабуыл»
Жұмыс түрі– жеке.
Дамыту дағдылары– оқылым, жазылым, айтылым,
Саралау – тапсырма бойынша.
Бағалауды ұйымдастыру формасы: мұғалімнің бағалауы- (бағалау әдісі «Қолмен белгі беру».) Электролиттер және бейэлектролиттер — кейбір заттардың ерітіндіде тоқ өткізетіні ал, кейбір заттардың сол жағдайларда тоқ өткізбейтіні бәріне белгілі. Оны анықтайтын көптеген эксперименттер бізге мәлім.
Ертіндіде тоқ өткізетін зaттар – электролиттер деп aталады. Ертіндіде тоқ өткізбейтін заттар – бейэлектролиттер деп атaлады.
Электролиттерге негіздер, қышқылдaр және тұздардың көбі, aл, бейэлектролиттерге көптеген органиқалық заттар жатады. Ерітіндіде электролиттер иондарға ыдырайды осының арқасында олар тоқ өткізеді. Ерітіндіде неғұрлым ион көп болса соғұрлым тоқ жақсырақ өтеді.
Электролиттердің ерітіндіде иондaрға ыдырауы электролиттік диссоциaция деп аталады. Мысалы, NaCl ерітіндіде түгелдей Na+ және Cl- иондарына ыдырaйды. Тапсырма №1. Химиялық диктант
“+” дұрыс болса, “-” дұрыс емес.
Электр тогын өткізетіндер бейэлектролиттер Электр тогын өткізбейтіндер бейэлектролиттер Глюкоза электролитке жатады Ас тұзының судағы ерітіндісі электролитке жатады. Заттардың иондарға ыдырау процесі диссоциациялану деп аталады. Оң зарядты бөлшектер анодтар деп аталады. Еру дегеніміз физикалық-химиялық процесс деген С.Аррениус Диссоциацияға ұшырамайтын заттар бейэлектролиттер деп аталады.
Қалыптастырушы бағалау
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| 1. Электролиттер мен бейэлектролиттерді біледі және ажыратады
| - электролиттердің анықтамасын біледі
- бейэлектролиттердің анықтамасын біледі
-диссоциациялану процесінің анықтамасын біледі
|
Кері байланыс: «Сатылым»
Қатысушылар сөмкенің суретін салады. Онда олар сол күні алынған білімдерін, көңіл-күйлерін, танымдарын т.б жазады. Қатысушылар басқа қағазға келесі күндерде алғылары келетін «азық-түліктің» тізімін жазады.
|
Ресурс
интерактивті тақта, презентация, оқулық, интернет желілері
|
2 минут
| ЖАТТЫҒУ (Электролиттер қолмен, бейэлектролиттер аяқпен көрсет)
| Ресурс
бейнеролик
|
14 минут
| II.Жаңа мәліметті бекіту.
Ойлау дағдыларының деңгейлері– қолдану, талдау
Белсенді оқыту әдісі – «Джигсо»
Жұмыс түрі– топтық
Дамыту дағдылары–айтылым, тындалым.
Саралау–уақыт бойынша, топтастыру бойынша.
Бағалауды ұйымдастыру: бір-бірін бағалау- (бағалау әдісі «Екі жұлдыз бір тілек».)
Тапсырма № 2 Формулалары берілген заттардың қайсысы электр тогын өткізеді, қайсысы өткізбейді: І топ: AICI3, C6H12O6, CH4, NaNO3
ІІ топ: CaCO3,HCI, CaO, KOH IIІ топ: O2, LiNO3, Na2SO4, CH3COOH
Тапсырма №2.1 Берілген заттарды бөліп жазыңдар.
Дистилденген су, қант ерітіндісі, NaCl ерітіндісі, құрғақ ас тұзы, H2SO4ерітіндісі, құрғақ қант, NaOH ерітіндісі, сірке қышқылының ерітіндісі.
Қалыптастырушы бағалау
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| 2. Заттардың ерітінділерінің электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіреді.
| - Электр тогын өткізетін заттарды біледі;
- Электр тогын өткізбейтін заттарды біледі
- Ерітінді заттардың электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екенін түсіндіреді
|
Кері байланыс: «Бағдаршам»
|
Ресурс
Бағдаршам суреті, интерактивті тақта
|
| III.Жаңа мәліметті бекіту.
Ойлау дағдыларының деңгейлері–қолдану, талдау
Белсенді оқыту әдісі– «Өрмекші»
Жұмыс түрі – топтық
Дамыту дағдылары– жазылым
Саралау– топтастыру бойынша
Бағалауды ұйымдастыру: бір-бірін бағалау
- (бағалау әдісі «Бес бармақ».) Тапсырма №3. Лабораторияда электрөткізгіштікті сынайтын құралмен мына заттардың электрөткізгіштігін сынап көріңдер:
І топ - дистильденген су;
ІІ топ - құбыр суы;
ІІІ топ - жаңбыр суы.
Байқағандарыңды түсіндіріңдер. Қалыптастырушы бағалау
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| 3. Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялануын түсіндіре алады
| - заттардың ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексереді;
- су түрлерінің электрөткізгіштігін салыстырады;
- кристалдық натрий хлориді сулы натрий хлоридімен салыстырғанда электр тогын өткізетінін біледі;
- дистилденген су құбыр суымен салыстырғанда электр тогын өткізбейтінін түсіндіре алады;
- хлорсутек молекуласында иондар барын болжай алады.
|
Кері байланыс: «Желкен»
Оқушылар желкенді бояйды. Егер сабақ ұнаса – жасыл түске. Егер сабақта қиындықтар кездескен болса, сары түске. Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болса, мұғалімнің көмегі қажет болса, қызыл түске бояйды.
| Постер
|
Сабақтың соңы
4 минут
| Рефлексия әдіс «Think wane (синквейн) 5 жолдық»
Үй тапсырмасы
Сұрақтарға жазбаша жауап:
1. Электролиттер құрғақ күйінде не себепті электр тогын өткізбейді?
2. Электролиттер мен бейэлектролиттер молекуласының айырмашылығы неде?
3. Электролиттерге қандай заттар жатады?
| Ресурс
Карточкалар. оқулық
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау– Сіз оқушылардың материалды игеруден кейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
Барлық оқушылар: Электролиттер мен бейэлектролиттерді ажырата алады, мысалдар келтіре алады.
Оқушылар басым бөлігі: Заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелділігін түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялануын түсіндіре алады.
Оқушылар сабақ бойы жеке және топтық жұмыстар жасайды. Қабілетті оқушыларға қосымша сұрақтар қойылады және олар басқа оқушыларға көмектеседі.
| - электролиттердің анықтамасын біледі
- бейэлектролиттердің анықтамасын біледі
-диссоциациялану процесінің анықтамасын
- электр тогын өткізетін заттарды біледі;
- электр тогын өткізбейтін заттарды біледі
- ерітінді заттардың электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екенін түсіндіреді
- заттардың ерітінділерінің электрөткізгіштігін тексереді;
- су түрлерінің электрөткізгіштігін салыстырады.
| Қауіпсіздік техника ережелерін сақтап, электрөткізгіштікті сынайтын құралмен жұмыс жасайды. Қолдары құрғақ болуына қадағалайды.
|
Сабақ бойынша рефлексия
| Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдірі үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болдыма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткіздіме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
|
Жалпы баға Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
|