Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп: С.Сейфуллин атындағы №5 КМЛ
Тыныс алу Мұғалімнің аты-жөні: Кабжанова Г.К.
Күн: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сынып: 10
| Сабақ тақырыбы
| Аденозинүшфосфор қышқылының (АТФ) құрылысы мен атқаратын қызметі
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 10.1.4.1. Аденозинүшфосфор қышқылының (АТФ) құрылысы мен қызметін сипаттау.
| Сабақ мақсаттары
| Барлығы: АТФ қышқылының құрылысы мен қызметін сипаттау.
Көпшілігі: АТФ қышқылының құрылысы мен қызметін байланыстыру.
Кейбіреулері: АТФ қышқылының құрылысы мен қызметін тұжырымдау.
| Бағалау критерийлері
| АТФ қышқылының құрылысы мен қызметтерін жіктейді.
АТФ қышқылының құрылысы мен атқаратын қызметін сәйкестендіреді.
АТФ қышқылының құрылысы мен қызметін пайымдайды.
| Құндылықтар
| Сабақ барысында тапсырмаларды орындауда жауапкершіліктің болуы, топтық жұмыстар кезіндегі ынтымақтастық, өмір бойы білім алу мен ізденуге деген ынта мен талапты қалыптастыру.
| Пәнаралық байланыстар
| Химия (эндоэргиялық және экзоэргиялық химиялық байланыстары)
| Бастапқы білім
| 9 сынып (Анаэробты және аэробты тыныс алу).
| Сабақ жоспары
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
10 мин.
| Сәлемдесу. Топқа бөлу.
«Гүл құрастыру» арқылы бөліну.
Төрт түсті, бір формадағы (қызыл, сары, жасыл, көк) гүл күлтешелерін оқушыларға ұсынамын. Әр оқушы өзі қалаған түсті алады. Олардан бір түсті гүл құрастырулары керек. Әр оқушы өз гүлінің түсін табады да бір топты құрайды.
«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен сабақты бекіту үшін сұрақтар беріледі.
Заттар тасымалдануының неше түрі бар? (белсенді, енжар). Егер жасуша энергия жұмсайтын болса, онда ол тасымалдаудың қай түріне жатады? (белсенді). Енжар тасымалдау дегеніміз не? (заттар энергия жұмсамай жасушаға енетін болса). Қанттың шайда еруі қандай үдеріске мысал бола алады? (диффузия).
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| Енжар және белсенді тасымалдану механизмін жіктейді.
| Заттар тасымалдануының түрлерін атайды.
| Белсенді тасымалдау анықтамасын айта алады.
| Енжар тасымалдау анықтамасын айта алады.
| Диффузия үдерісіне мысал келтіре алады.
| ҚБ: «Медальон» әдісі.
Алтын-өте күшті, күміс-жақсы, қола-орташа.
Кері байланыс: оқушылардың жауабына қарай кері байланыс беріледі.
«Миға шабуыл» әдісі.
Оқушылардың назарына «Жасушадағы энергия» бейнебаяны ұсынылады.
Бейнебаян арқылы бүгінгі өтілетін тақырыптың «Аденозинүшфосфор қышқылының (АТФ) құрылысы мен атқаратын қызметі» екенін және сабақ мақсатын анықтап алған болсақ оқулықпен жұмыс жасайық.
| Төрт түсті, формалары бірдей, алдын-ала дайындалған гүл күлтешелері.
Сары, сұр, қоңыр түсті медальондар.
https://bilimland.kz/kk
| Сабақтың ортасы
20 мин. 5 мин.
5 мин.
5мин.
5 мин.
| Білу және түсіну.
Жеке жұмыс.
Аденозинүшфосфор қышқылының (АТФ) құрылысы мен атқаратын қызметін оқушылар оқулықтан оқиды, «Түртіп алу» әдісі бойынша оқушылар мәтіннен өздеріне қажет деп санаған ақпарат пен термин сөздерді дәптерлеріне жазып алады.
1-тапсырма. Топтық жұмыс.
«Стикердегі диалог» әдісі.
Топтарға АТФ қышқылының құрылысына және қызметіне қатысты құрылған сұрақтар таратып беремін. Тақтаны екі бағанға бөлемін, бір бағанға АТФ қышқылының құрылысы туралы жауаптарды, екінші бағанға АТФ қышқылының қызметіне байланысты жауаптарды жабыстырады. Кейін топ көшбасшысы өз тобының жауабын қорғайды.
АТФ молекуласының негізгі құрам бөліктерін атаңыз (аденин, бескөміртекатомды қант – рибоза С5Н10О5, фосфор қышқылы). АТФ молекуласындағы фосфор қышқылының формуласын жазыңыз (Н3РО4) . Неліктен АТФ молекуласын «жасушаның энергетикалық валютасы» деп атайды? (АТФ арқылы ағзаға қажетті барлық пайдалы энергия өтеді. Тәулігіне бір молекула АТФ 2-3 мың рет ыдырап, қайта түзіледі, сондықтан АТФ молекуласын «жасушаның энергетикалық валютасы» деп атайды). АТФ-тың ыдырауынан пайда болған энергия ағзадағы қандай үдерістерге қажет? (бұлшық еттердің жиырылуына, дененің жылумен қамтамасыз етілуіне және т.б.)
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| АТФ қышқылының құрылысы мен қызметтерін жіктейді.
| АТФ қышқылының құрылысын сипаттай алады.
| АТФ қышқылының қызметтерін айта алады.
|
ҚБ: Топтық өзара бағалау – мадақтау
(Жарайсыңдар! Тамаша! Талпыныңдар! Керемет!).
Кері байланыс: оқушылардың жауабына қарай кері байланыс беріледі.
2-тапсырма. «Сәйкестендіру кестесі».
АТФ-тың азотты негізі
| Дененің жылумен қамтамасыз етілуі
| АТФ-қа тән бескөміртекатомды қант
| Аккумулятор
| АТФ молекуласының ыдырауы кезінде ағзада жүретін үдеріс
| АТФ
| Жасушадағы негізгі биологиялық энергия көзі
| Рибоза
| АТФ молекуласы жоқ тірі ағза
| Аденин
| АТФ молекуласы энергия жинақтайтын негізгі .....
| Вирус
|
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| АТФ қышқылының құрылысы мен атқаратын қызметін сәйкестендіреді.
| АТФ-тың азотты негізін табады.
| АТФ-қа тән бескөміртекатомды қантты көрсетеді.
| АТФ молекуласының ыдырауы кезінде ағзада жүретін үдерісті атайды.
| Жасушадағы негізгі биологиялық энергия көзі не екенін біледі.
| АТФ молекуласы жоқ тірі ағзаны атайды.
| АТФ молекуласы энергия жинақтайтын негізгі аккумулятор екенін біледі.
| ҚБ: «Медальон» әдісі.
Алтын-өте күшті, күміс-жақсы, қола-орташа.
Кері байланыс: оқушылардың жауабына қарай кері байланыс беріледі. 3-тапсырма.
Жұптық жұмыс. «Адасқан сөздер мен сөз тіркестері» ойыны.
Оқушыларға өтілген тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерінің қиындылары беріледі. Оқушылардың міндеті алған білімдерін қорытындылай отырып дұрыс сөйлемдер құрастырып шығу.
Жасушада /ДНҚ мен РНҚ-дан/ басқа АТФ /молекуласы болады.
АТФ – энергияның/ әмбебап биологиялық/ аккумулятор/ қызметін атқаратын/ энергетикалық/ нуклеотид.
АТФ/ молекуласының құрамында/ үш фосфор қышқылының/ қалдығы/ болады.
Ол фосфор/ қышқылының қалдығын/ өзіне қосып алып,/энергияны қорға жинап,/ АТФ-қа айналады;/ энергия/ жұмсай отырып/ АДФ-қа немесе/ АМФ-қа айналады./
Бағалау критерийі
| Дескриптор
| АТФ қышқылының құрылысы мен қызметтерін пайымдайды.
| Жасушада ДНҚ мен РНҚ-дан басқа АТФ молекуласыны барын айта алады.
| АТФ қышқылының энергия аккумуляторы екенін сипаттайды.
| АТФ молекуласының құрамында үшфосфор қышқылының қалдығы барын көрсетеді.
| Жасушаға энергия қажет болғанда АТФ ыдырап АДФ-қа, одан кейін АМФ-қа айналатынын түсіндіре алады.
|
ҚБ: «Жұлдызды баспалдақ» әдісі арқылы.
Әр оқушы өтілген тақырыпты түсінгеніне байланысты өзінің қай баспалдақта екенін айтады.
Кері байланыс: оқушылардың жауабына қарай кері байланыс беріледі.
|
Оқулықпен, дәптермен жұмыс. Таратпа сұрақтар,
стикерлер, тақта.
А4 парағындағы кесте
Сары, сұр, қоңыр түсті медальондар. Қиылған, шашылған, тақырып бойынша қысқаша қорытынды сөздер мен сөз тіркестері
Интерактивті тақтадағы «Жұлдызды баспалдақ» суреті.
https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0c80/0013a807-59c1c790/img24.jpg
| Сабақтың соңы
10 мин.
| Бекіту: «Интерпретация» әдісі.
Оқушылардың бүгінгі сабақтан түйген, түсінгендерін қорытындылау мақсатында өткізіледі.
Оқушылардың алдына тірек сөздер таратылады: АТФ, фосфор қышқылының қалдығы, АДФ, АМФ, аденин, энергия, үшфосфат.
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, ойды тұжырымдайды.
-АТФ – бұл бір ......... аденозинүшфосфор қышқылы.
-Оның ДНҚ мен РНҚ айырмашылығы АТФ-тың азотты негізі тек ....... болуы мүмкін.
-АТФ молекуласындағы фосфор қышқылының формуласы:..........
-Кез-келген тірі жасушада АТФ негізгі биологиялық .......... көзі болып табылады. Рефлексия.
«Активатор» 3.2.1.
3-білгенім, түсінгенім
2-нені жасай аламын
1-осы туралы білгім келеді
Үй тапсырмасы:
АТФ қышқылының құрылысы мен атқаратын қызметі туралы тұжырымдар жазып келу.
|
Карточкаларға жазылған тірек сөздер.
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Сабақ барысында оқушылардың ойлау, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту, жаңа тақырыптан меңгерген ақпараттарын жіктеу мақсатында «Стикердегі диалог» әдісі алынды. Оқушылар АТФ қышқылының құрылысы мен атқаратын қызметтерін жіктеу кезінде диалог жасауға төселеді, қажет болған жағдайда мұғалім тарапынан қолдау көрсетіледі. «Сәйкестендіру кестесі» әдісі арқылы АТФ қышқылының құрылысы мен қызметін кестеде сәйкестендіру кезінде оқушылар жылдам, қарқынды жұмыс істеуге үйренеді. Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмаларды жоспарыма енгіземін:
«Адасқан сөздер мен сөз тіркестері» әдісі арқылы білімдерін жинақтайды, алынған нәтижелер арқылы қорытындылар шығарып, білгендерін пайымдай алады. Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға «Адасқан сөздер мен сөз тіркестері» әдісімен жұмыс істеу барысында тірек сөздерді алдын ала беремін. Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға сабақ барысында игергендері бойынша сұрақты басқаларға өздері дайындап, қоюды талап етемін.
| «Стикердегі диалог» әдісі арқылы АТФ қышқылының құрылысы мен қызметтерін жіктейді, оқушылардың жазылым, айтылым дағдылары дамиды, мұғалім тарапынан сөзбен қолдау көрсетіледі.
Дескриптор:
АТФ қышқылының құрылысын сипаттай алады. АТФ қышқылының қызметтерін айта алады.
«Сәйкестендіру кестесі» әдісі арқылы АТФ қышқылының құрылысы мен қызметін талдайды, салыстырады, сәйкестендіреді.
Дескриптор:
АТФ-тың азотты негізін табады. АТФ-қа тән бескөміртекатомды қантты көрсетеді. АТФ молекуласының ыдырауы кезінде ағзада жүретін үдерісті атайды. Жасушадағы негізгі биологиялық энергия көзі не екенін біледі. АТФ молекуласы жоқ тірі ағзаны атайды. АТФ молекуласы энергия жинақтайтын негізгі аккумулятор екенін біледі.
«Адасқан сөздер мен сөз тіркестері» әдісі арқылы АТФ қышқылының құрылысы мен қызметтерін пайымдайды.
Дескриптор:
Жасушада ДНҚ мен РНҚ-дан басқа АТФ молекуласыны барын айта алады. АТФ қышқылының энергия аккумуляторы екенін сипаттайды. АТФ молекуласының құрамында үшфосфор қышқылының қалдығы барын көрсетеді. Жасушаға энергия қажет болғанда АТФ ыдырап АДФ-қа, одан кейін АМФ-қа айналатынын түсіндіре алады.
Сабақ барысындағы бағалау әдістері:
«Медальон» әдісі.
Алтын-өте күшті, күміс-жақсы, қола-орташа көрсеткіштері арқылы мұғалімнің бағалауы.
Топтық өзара бағалау – мадақтау:
(Жарайсыңдар! Тамаша! Талпыныңдар! Керемет!).
«Жұлдызды баспалдақ» әдісі:
Әр оқушы өтілген тақырыпты түсінгеніне байланысты өзін-өзі бағалайды. Рефлексия.
«Активатор» 3.2.1.
3-білгенім, түсінгенім
2-нені жасай аламын
1-осы туралы білгім келеді
Мақсаты: ойын нақты тұжырымдауға, қысқа сөзбен кең ойды жеткізуге дағдыландыру.
| Сынып үнемі желдетіледі, топпен жұмыс жасағанда оқушылардың ыңғайлы, дұрыс отыруына және парталардың дұрыс қойылуына назар аударылады.
| |