Главная страница
Навигация по странице:

  • Қай аптаның нешінші сабағы 5-апта 14-сабақ Тарау немесе бөлім атауы

  • Сабақтың тақырыбы: Менің ауылым. Менің қалам Оқу мақсаты

  • Уақыты Кезеңдері Тапсырма

  • Ауыл Қала

  • Оқушыларға жұмыстарын өзара бағалауды ұсынамын.

  • Үйге тап

  • дүниетану. 5 сабақ Менің ауылым. Менің қалам дүниетану. Малімні атыжні Куонишова Рита ПнСынып


    Скачать 22.75 Kb.
    НазваниеМалімні атыжні Куонишова Рита ПнСынып
    Анкордүниетану
    Дата14.01.2022
    Размер22.75 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла5 сабақ Менің ауылым. Менің қалам дүниетану.docx
    ТипДокументы
    #330785



    Мұғалімнің аты-жөні:

    Куонишова Рита

    Пән/Сынып:

    Дүниетану 2-сынып

    Қай аптаның нешінші сабағы

    5-апта 14-сабақ

    Тарау немесе бөлім атауы:

    Менің туған өлкем

    Сабақтың тақырыбы:

    Менің ауылым. Менің қалам

    Оқу мақсаты:

    2.1.3.1 Өз зерттеулеріне сүйене отырып, аймағының

    көрнекі жерлерін сипаттау және бейнелеу

    Бағалау критерийі:

    1. Ауыл мен қаланың айырмашылығын айтып береді;

    2. Өлкетану ғылымы ұғымын түсінеді;

    3. Қала немесе ауыл жайында әңгіме құрап айтады;

    Құндылықтарға баулу

    Жaс жеткiншектердi ауылын, қаласын, туған жерін сүюге және қaзaқстaндық пaтриoтизмге тәрбиелеу.

    Уақыты

    Кезеңдері

    Тапсырма

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    1 минут



    Ұйымдастыру

    Сәлеметсіздерме балалар! Дүниетану сабағын бастаймыз. Менің туған өлкем бөлімін әрі қарай жалғастырамыз.

    Бүгінгі тақырыбымыз: Менің ауылым. Менің қалам.

    -Бүгінгі сабағымыздың мақсаты

    Сен

    - Ауыл мен қаланың айырмашылығын білесің;

    - Өз жеріңнің көрікті орындарына саяхаттайсың;

    -Өзің тұратын қала немесе ауыл жайында әңгіме құрап үйренесің;


    Сабақтың мақсатымен танысады




    Презентация № 2бет

    7-8 минут

    Жаңа сабақ

    Қазақстан-туған жер,

    Сені қатты сүйемін.

    Көлдер, таулар, даламды,

    Отаным деп білемін!

    слайдта берілген мақал-мәтелдердің сыңарын тауып оқып көрейік:

    1. Отанын сүйген отқа жанбайды, суға батпайды.

    2. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

    3. Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық.

    4. Басқа жердің отынан, туған жердің түтіні артық.

    Берілген мақал-мәтелдер не туралы айтылған?

    дұрыс айтасыңдар, балалар, ол біздің Отанымыз туралы айтылған. Біздің үлкен Отанымыз ол біздің мемлекетіміз, республикамыз, облысымыз, ал кіші Отанымыз туған ауылымыз, қаламыз екен.

    Әркімнің өзінің туып-өскен ауылы немесе қаласы бар. Біз оны туған жер, атамекен дейміз.

    Суреттерге қарап ауыл мен қаланың айырмашылығын айтып өтейік

    Ауыл

    Қала

    Шағын үйлер

    Мал, егін шаруашылығы

    Жеміс-жидектер отырғызады

    Өзен, көл жағасында орналасқан

    Мектеп, дәріхана

    Биік, көпқабатты үйлер

    Үлкен ғимараттар

    Бағдаршамдар орналасқан

    Саябақ, театр, мұражайлар

    Өндіріс орындары

    Кең көшелер

    Жоғары оқу орындары

    Шағын елді мекеннің табиғатын, тарихы мен мәдениетін өлкетану ғылымы зерттейді. Әр ауылдың немесе қаланың өз тарихын әйгілейтін мәдени орындары бар. Олар сол жердің тарихи, мәдени өмірін көрсетеді.

    Және әр қалада өлкетану мұражайы бар. Өлкетану мұражайында сол өлкенің тарихи жәдігерлері мен табиғат байлығы, мәдениеті мен әдебиеті жинақталған.

    Миға шабуыл

    -Ауыл адамдары қала халқына қандай тағам түрлерін береді?

    \\\ Ауыл қалаға ет, сүт, бидай өнімдерін, жеміс-жидектер береді екен.

    - Қала ауылға қандай өнімдер береді?

    \\\ Қала ауылды өндіріс орындарынан, фабрика, зауыттардан шыққан тауарлармен қамтамасыз етеді.

    Жаңа тақырыпты меңгеру

    1. Ауыл мен қаланың айырмашылығын айтып береді;


    Өлкетану ғылымы ұғымын түсінеді;

    Смайлик арқылы

    От шашу әдісі арқылы бағалау

    Презентация № 3бет

    Презентация № 4бет

    Презентация № 5бет

    3 минут

    Бекіту

    Жеке тапсырма ұсыну

    «Ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды» деген сөзбен келісесіңдер ме? Мысал келтіре отырып, сөйлемдегі айтылған ойдың дұрыстығын дәлелдеңдер.

    • Ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды деп санаймын, себебі қала мен ауыл бір-бірімен өте тығыз байланысты.

    • Мысалы: қаланың тұрғындарына ауылда өндірілетін азық-түліктер: ет, сүт, көгөністер, жемістер қажет. Ал ауыл тұрғындарына қалада өндірілетін жиһаз, техника, киім, құрылыс материалдары және тағы басқа көптеген заттар керек.

    • сол себептен ауыл қаласыз, қала ауылсыз өмір сүре алмайды

    Оқушыларға жұмыстарын өзара бағалауды ұсынамын.

    • Сонымен балалар бүгінгі сабағымыздан не үйрендік? Сабағымыздың мақсаты не еді? Сабағымыздың мақсатына жете алдық па? (бүгінгі сабақ туралы кері байланыс жүргізу)

    Үйге тапсырма: Менің ауылым. Менің қалам

    Тақырыпты меңгергенін анықтау

    Дескриптор

    Білім алушы

    Қала мен ауыл жайында әңгіме құрап айтады;

    Презентация № 12-13 бет

                     


    написать администратору сайта