|
4-сабақ. «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы. Малімні атыжні ПнСынып
Мұғалімнің аты-жөні:
|
| Пән/Сынып:
| Қазақстан тарихы, 9 сынып.
| Қай аптаның нешінші сабағы
| 2-апта, 4-сабақ.
| Тарау немесе бөлім атауы:
| Қазақстан «Жылымық» кезеңінде (1954-1964 жж.)
| Сабақтың тақырыбы:
| «Жылымық» кезеңіндегі Қазақстанның қоғамдық саяси дамуы
| Оқу мақсаты:
| 9.3.1.1 қоғамдық саяси өмірдің ерекшіліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау
| Бағалау критерийі:
| 1954-1964 жылдардағы Н.И.Хрущевтің кезіндегі қоғамдық саяси жағдай жайлы сипаттайды; Қоғамдық саяси өмірдің ерекшеліктерін анықтайды
| Саралап оқыту тапсырмалары
| Уақыты
| Кезеңдері
| Педагогтің әрекеті
| Оқушы
| Бағалау
| Ресурстар
| 1 минут
| Ұйымдастыру
| Сабаққа назарын аудару. Сабақ тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Бүгінгі сабақта
«Жылымылықтың» мәні мен қарама қайшылық сипатын анықтаймыз; Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіреміз; Теміртау қаласындағы қайғылы оқиғалармен танысамыз
Зерттеу сұрағы: «Хрущевтік жылымық» кезінде қоғамда қандай өзгерістер болды?
Сабақ барысы
Н.С.Хрущев КОКП ОК-нің бірінші хатшысы
| Не меңгеретінін білу үшін
|
| 1-3 презентация.
| 5-6 минут
| Жаңа сабақ
| КСРО ОК-нің Бас секретары, КСРО министрлер Кеңесінің төрағасы И.В.Сталин 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Сталиннің өлімімен тұтас бір дәуір аяқталды. Сталин қайтыс болысымен-ақ елде болуы мүмкін өзгерістердің мәні туралы үш бағыт айқын көрінді: бірінші бағыт өкімет басына Берияның келуімен байланысты болса, екінші бағыт Молотов немесе Булганин, үшінші бағыт Хрущевтің өкімет басына келумен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.
1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (1953-1964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50- жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. Осылай Кеңестер Одағында ширек ғасырға созылған тоталитарлық дәуір аяқталды.
1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев «Жеке адамға табыну және оның зардаптары туралы» баяндама жасады. Баяндамада жеке адамның басына табынудың жай–жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В.Сталин, Л.Берия, Н.Ежовты қатты сынай отырып, саяси қуғын – сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, Ворошиловты қорғады. Съезде «Жеке адамға табыну және осының салдары туралы» қаулы қабылдап, ол 1956 жылы маусымда жарияланды, ал Съездін басқа құжаттары, талқыланған мәселелері көп уақытқа (33 жыл) дейін құпия түрде сақталды.
1953- 1955 жылдарда Н.С.Хрущевтің бастамасымен ГУЛАГ жойылды. Бүл кенес қоғамын сталинизмнен қутқарудағы адамгершілік акт, маңызды қадам еді. Лагерьлерге жазықсыз отырғызылған мыңдаған адамдарды босатып, белгілі партия қайраткерлері Я.Рудзудақты, А.Рыковты, В.Губарьды актағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағыда аяқсыз қалдырды. Әлі де болса, өз қызметтерінің әділетті бағасын алмады.
Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе үлтшіл айыптарының орнына өзгеше ойлайтындар айыбы тағылды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысы бір мектебінің мұғалімі М.Елікбаев Н.С.Хрущевке ашық хат жазады. Хатта Қазақстанның тәуелсіздігі жоқ екенін, қазақ мектептері, қазақ тіліндегі оқу кұралдары мен баспасөздің тым аз екені туралы айтылған. Осыдаң кейін М.Елікбаев МҚК тарапынан құғынға ұшырап, азап тартады.
| Жаңа тақырыпты меңгеру
|
|
4-5 презентация.
| 6 минут
| Тәжірибе
| 1-тапсырма. Кесте толтыру «Жылымық» кезеңдегі саяси жағдайды бағалау
1.Сталинизмнен бас тартудағы ең басты мақсаты:
| 2. КОКП –ның ХХ сьезд шешімдері қандай саяси өзгерістер әкелді?
|
|
| 3. 1954-1964жж қандай баға берілді?
|
|
|
Дескриптор:
Білім алушы
Сталинизмнен бас тартудың ең басты мақсатын анықтайды ; КОКП –ның ХХ сьезд шешімдері қандай саяси өзгерістер әкелгендігін жазады; 1954-1964жж қандай баға берілгендігін анықтайды.
2-тапсырма. Ақпараттың «ақиқат» немесе «жалған» екенін анықтаңыз?
№
| Ақпарат
| Ақиқат
| Жалған
| 1
| 1956 жылы маусымда КОКП ОП –нің «Жеке адамға табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулысы қабылданды
|
|
| 2
| Сталин қаза болғаннан кейінгі кезең «Кемелденген социализм » деп аталды
|
|
| 3
| ХХ сьезден кейін көрнекті әдебиет өкілдері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров ақталды
|
|
| 4
| 1956 жылы маусымдағы қаулы сол кезде құпия сақталып 33 жылдан кейін ғана жарияланды
|
|
| 5
| ХХ сьезден кейін мемлекет қайраткерлері М.Шоқай,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов ақталды
|
|
|
Дескриптор:
Білім алушы.
Ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды; Ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды; Ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды; Ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды; Ақпараттың ақиқат немесе жалған екенін анықтайды;
3-тапсырма: «Кративті матрица әдісі»
1
| Туындау себептері:
| 1
2
| 2
| Орын алған оқиғалар.
| 1
2
| 3
| Қорытынды.
|
| Дескриптор:
Білім алушы
1. Жылымық кезеңіндегі қоғамда орын алған өзгерістерге 1-2 себептерін анықтайды.
2. Жылымық кезеңіндегі қоғамда орын алған 1-2 оқиғаларды анықтайды.
3.Қорытынды жасайды.
| Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
| Бағалау критерийлерін ұсыну
| 6- презентация.
7- презентация.
8-презентация.
| 1 минут
| Қорытынды.
| «Жылымық » кезеңінде Қазақстанның қоғамдық саяси дамуы. Қосымша матриалдар жинақтау
|
|
| 9-презентация.
| |
|
|