Главная страница

учитель. Мұғалім микробиология. Маманды Емдеу ісі оршаан ортада микробтарды жою


Скачать 30.77 Kb.
НазваниеМаманды Емдеу ісі оршаан ортада микробтарды жою
Анкоручитель
Дата08.12.2020
Размер30.77 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМұғалім микробиология.docx
ТипДокументы
#158383

Мамандық: «Емдеу ісі»

Қоршаған ортада микробтарды жою

Медицинада, тұрмыста, тағам өндірісінде қолданылатын әртүрлі заттар мен материалдардағы микробтарды (бактерия, вирус, саңырауқұлақ, қарапайымдарды) жою үшін 2 әдіс қолданылады: стерилизация және дезинфекция.

Дезинфекция.

Дезинфекция (француз тілінде des- инфекциялық бастаманы жою, алу) – микробтармен ластанған затты, оны қолданғанда нифекция қоздырмайтын дәрежеге дейін микробтарды жоюға арналған өңдеу процедурасы. Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірақ споралары мен кейбір резистентті вирустар тіршілікке қабілетті жағдайда қалуы мүмкін

Зарарсыздандыру (дезинфекция) – патогенді бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, саңырауқұлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою.

Дезинфекциялаудың мақсаты – көбінде микроорганизмдердің патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы сол, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері және олардың споралары да жойылады.

Дезинфекцияның екі түрін ажыратады: профилактикалық және ошақтық.

Ошақтық қортынды және күнделіктіге бөлінеді.

Күнделікті дезинфекция - ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өңдеп отыру мақсатында, күнсайын (науқастың бөлінділерін, ыдыстарын зарарсыздандыру) жасалады.

Қортынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта (әдетте бір рет ) жасалады. Оның мақсаты – жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою.

Ол, қоздырғыштары қоршаған ортада төзімді инфекциялар ошақтарында жүргізіледі (оба, тырысқақ, , қайталама сүзек, күйдіргі, салмонеллездер, гепатит, сал, түбіркүлез, алапес және басқалары). Бұл кезде қоршаған ортада таралуы мүмкін және таратушы фактор болып табылатын объектілерді қоздырғыштардан толық зарарсыздандыруға тырысады.

Стерилизация

Стерилизация ( лат. sterilis- ұрықсыз)- өңдеуге жататын нысандардағы микробтарды толық жою.

Стерилизацияның негізгі 3 тәсілі бар: жылулық, сәулелік, химиялық.

Жылулық стерилизация микробтардың жоғары температураға сезімталдығына негізделген. 600 С – та және су бар жерде ақуыз денатурациясы , нуклейн қышқылдарының, липидтердің деградациясы болып, нәтижесінде микробтардың вегетативті түрлері жойылады. Құрамында аз мөлшерде суы бар және онымен тығыз байланысқан тығыз қабығы бар споралар 160-1700 С-де жойылады. Жылулық стерилизацияда негізінен құрғақ ыстық пен қысымды бу қолданылады.

Өңдеу келесі манипуляциялардан тұрады:

1. Жарақатпен, қанмен және инфекциялық бөлінділермен жанаспаған медициналық заттарды дезинфекциялап, екі рет шайып алады.

2. Жоғарыда аталған заттармен жанасқанда стерильдеуден бұрын алдын – ала жақсылап өңдеуден өткізеді.

Құрғақ ыстықпен стерилизациялау- ауалы стерилизаторда (бұрынғы аты – құрғақ ыстық шкафтар немесе Пастер пеші деп аталады) жүргізіледі.

Ауалы стерилизатор – термометрі бар, электр желісімен қыздырылатын, тығыз жабылатын металды шкаф. Материалдың залалсыздандырылуы ереже бойынша 1600 С –та 120 минут жүргізіледі, басқа да тәртіп ( 2000 С –та 30 минут, 1800 С –та 40 мин.) қолданылуы мүмкін.

Құрғақ ыстықпен зертханалық ыдыстарды және т.б. шыныдан жасалған заттар, құралдар, силиконды резина, яғни жоғары температурада өзінің сапасын жоғалтпайтын нысандарды стерилдейді.

3. Іріңді опперация немесе жұқпалы аурулар кезінде қолданылатын заттарды алдымен дезинфекциялап, тазалап, стерильдеуге жібереді.

4. Шыныдан, металдан, термотөзімді полимерлерден, резинкадан жасалған заттарды стерилизаторда 30 мин. қайнатады, содан соң стерильдейді.

5. Шыныдан, металдан жасалған және стоматологиялық аспаптарды 120 – 130 әС – та 15 мин өңдейді.

Стерильдеу алдында дезинфекциялау үшін төмендегі химиялық ерітінділердің біреуіне салып залалсыздандыруға болады:

1. 0,5% хлорамин ерітіндісі – 30 мин.

2. 3% сутектің асқын тотығы + 0,5% жуу заты - 30 мин.

3. 0,1% дезоксон ерітіндісі – 20 мин.

Асептика және антисептика.

Ауруханаішілік және әсіресе хирургиялық жұқпалардың алдын-алуда асептика және антисептика қолданылады.

Асептика - емдік, диагностикалық процедуралар және операция кезінде науқас ағзаларына, жараға жұқпа қоздырғышын түсірмеуге бағытталған шаралар кешені. Д.Листер (1867) негізін қалаған. Асептика тәсілдерін инфекция көзі науқастар мен бактериятасымалдаушылар болып табылатын экзогенді індеттермен күресуде қолданылады.

Жарамен жанасатын барлық заттар, қолғаптар, операциялық киім, таңу материалы, инструменттерді стерильдеу және стерильдігін сақтау, хирург қолын дезинфекциялау, операциялық алаң, аппаратура, арнайы киім, бетпердені (масканы) өңдеу асептикаға жатады. Операциялық бөлменің орналастыру жоспарын жасау да (этаж, бокстау, вентиляция, ауаны кондиционерлеу және т.б.) асептика шараларының біріне жатады.

Асептика тәсілдері микробиологиялық өндірістерде, тағам өнер кәсібінің мекемелерінде қолданылады.

Антисептика- қабыну процесін жою немесе алдын-алу үшін, организмде немесе патологиялық ошақта, жарада микробтарды жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Антисептиканың алғашқы элементтерін 1847 ж И.Земмельвейс ұсынған.

Антисептика тәсілдері: механикалық (бөгде денелерді, инфицирленген некрозды тіндерді жою т.с.с.), физикалық (жараны дренаждау, тампон енгізу, гигроскопиялық таңу салу), химиялық (антисептиктерді қолдану), биологиялық (антибиотиктер, бактериофагтар қолдану, тіршілікке қабілетсіз жасушаларды лизистеу үшін протеолитикалық ферменттер қолдану). Әдетте осы тәсілдерді кешенді түрде қолданады (6.3 - кесте).

Антисептиктердің жіктелуі.

1.Шығу тегі бойынша:

- бейорганикалық заттектер

- биоорганикалық заттектер және олардың синтетикалық аналогтары

-органикалық қосылыстар (синтетикалық)

2.Химиялық құрылымы бойынша:

- галогендер

- органикалық және бейорганикалық қышқылдар

- альдегидтер

- спирттер

- ауыр металл тұздары

- бояғыштар

- Фенол

- 8-оксихинолондар

- сутегінің асқын тотығы және калий перманганаты

- 4-хинолондар

- нитрофуранды антисептиктер

- сульфаниламидты антисептиктер

- жоғарғы сатылы май қышқылдары

- антисептиктік ретінде қолданылатын антибиотиктер

3.Әсер ету нысанына қарай:

- бактерияларға қарсы

- вирустарға қарсы

- саңырауқұлақтарға қарсы

- паразиттерге қарсы

4.Әсер ету механизмі бойынша:

- құрылымын бұзатындар (деструктивтілер)

- тотықтырғыштар

- мембранаға шабуылдайтындар

- антиметаболиттіктер және антиферменттіктер

5.Әсер ету спектрі бойынша:

- әмбебаптар (универсал)

- кең спектрлілер

- спектрі шамалылар

- тар спектрлілер

6.Ақырғы тиімділігі бойынша:

- микробцидтілер

- микробстатиктіктер

- табиғи- микробстатиктіктер

- микроб популяциясының санын азайтатындар

7.Құрамы бойынша:

- монопрепараттар

- кешенділер (комплекстілер)

- көп компонентті дәрі-дәрмектер

8.Мақсаты бойынша:

- профилактикалық

- емдік

- емдік- профилактикалық

- бинарлылар (антисептик + химиятерапиялық дәрмектер)

- бинарлылар (антисептик + дезинфектант)

- кең мақсатта қолданылатындар

9.Аппликациялайтын (жағатын) орнына қарай:

- жарақаттық

- сүйектік

- пероральдық (ауыз арқылы)

- офтальмологиялық (көзге жағатындар)

- оториноларингологиялық (құлақ-мұрын-көмейге жағатындар)

- урологиялық (несеп-жыныс жолддарына жағатындар)

- стоматологиялық (ауыз қуысының шырышына жағатындар)

- ингаляциялық (тыныс алу жолдарына енгізетіндер)

Айырмашылық белгілері Стерильдеу Дезинфекциялау Антисептика

Шараның мақсаты Инфекцияның берілу жолдарын үзу Инфекцияның берілу жолдарын үзу Инфекциялық процестің алдын алу, инфекция көзін бейтараптау. Антисептикпен қолды өңдегенде - инфекцияның берілу жолдарын үзу

Қолданылатын жерлері Сыртқы орта нысандары (объектілері) Сыртқы орта нысандары (объектілері) Адам денесінің биотоптары

Әсер ету тәсілдері Физикалық,сирек жағдайда –химиялық және механикалық Физикалық, химиялық және механикалық Химиялық, сирек жағдайда –физикалық, механикалық, биологиялық

Әсер ететін нысандары Микроорганизмдердің барлық түрлері мен формалары Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдер; Антисептикпен қолды және операция жасайтын жерді өндегенде – микробтардың барлық түрлері.

Әсер ету тиімділігі Микробоцидті Микробоцидті, ерекше жағдайларда – популяциялар санын азайту. Микробостатикалық, ерекше жағдайларда – микробоцидті және популяциялар санын азайту.

Деконтаминациялаудың толықтылығы Толық , әмбебап (универсальды) Селективті (іріктеп, таңлап әсер ету) -

Қолдану бағыты Профилактикалық Профилактикалық Профилактикалық , емдік

Тапсырма:

1. Мақсаты бойынша антисептиктердің жіктелуі. Мысал келтіру:

- профилактикалық

- емдік

- емдік- профилактикалық

- бинарлылар (антисептик + химиятерапиялық дәрмектер)

- бинарлылар (антисептик + дезинфектант)

- кең мақсатта қолданылатындар

2. Венн диаграмасын құрастыру - Дезинфекция . Стерилизация

- Асептика. Антисептика.

Тест:

1. Препаратты анықтау: микробқа қарсы айқын және иіс жоятын қасиеттері бар. Антисептикалық және дезинфекциялаушы, мумификациялаушы заттар ретінде қолданады. Шамадан тыс тершеңдікте теріні шаю үшін жиі қолданады:

1. формальдегид

2. хлорамин В

3. фурацилин

4. сутегінің асқын тотығы

5. йодтың спиртті ерітіндісі

2. Антисептиктер – тотықтырғыштар:

1. Калий перманганаты, Сутегінің асқын тотығы

2. Бриллиант жасылы, Этакридин лактаты

3. Йодинол, Хлорамин Б

4. Күміс нитраты, Мырыш сульфаты, Мыс сульфаты

5. Бор қышқылы, Аммиак ерітіндісі

3. Калий перманганатының негізгі әсер ету механизмі:

1. Микроорганизмдер протоплазмасы белоктарының дегидратациясы

2. Ферменттердің SН-топтарының тежелуі

3. Микроорганизмдер протоплазмасы компоненттерінің органикалық қышқылдануы

4. Цитоплазмалық мембрана өткізгіштігінің бұзылуы

5. Белок синтезінің бұзылуы

4. Бояғыштар тобына жататын антисептиктер:

1. Этакридин лактаты, Бриллиант жасылы

2. Хлоргексидин, Хлорамин Б

3. Церигель, Этоний, Роккал

4. Бор қышқылы, Аммиак ертіндісі

5. Сутегінің асқын тотығы, Калий перманганаты

5. Туберкулезге қарсы синтетикалық заттар:

1. Стрептомицин, этионамид

2. Рифампицин, изониазид

3. Пиразинамид, рифампицин

4. Изониазид, этамбутол

5. Канамицин, пирозинамид

6. Табиғи антисептик:

1. Валериана тұнбасы

2. Меруертгүл тұнбасы

3. Жусан тұнбасы

4. Календула тұнбасы

5. Сасықшөп тұнбасы

7. Адам денесінің беткей қабатындағы микроорганизмдерді жоятын дәрілік заттар:

1. Антибиотиктер

2. Дезинфекциялаушы заттар

3. Сульфаниламидтар

4. Антисептиктер

5. Химиотерапиялық заттар

8. Қоршаған ортада микроорганизмдерді жою үшін қолданатын дәрілік заттар:

. Антисептиктер

2. Антибиотиктер

3. Сульфаниламидтер

4. Дезинфекциялаушы заттар

5. Химиотерапиялық заттар

9. Хирургтын қолын және жараны өңдеуге, ішекті санациялауға арналған заттар:

1. Антиангиналды заттар

2. Дезинфекциялаушы заттар

3. Антибиотиктер

4. Антиметаболиттер

5. Антисептиктер

10 . Бриллиант жасылын қолдануға көрсету:

1. шаю үшін

2. операциялық алаңды өңдеу үшін

3. аспаптарды залалсыздандыру үшін

4. іріңді жараны өңдеу үшін

5. иіс жойғыш зат ретінде


написать администратору сайта