Главная страница
Навигация по странице:

  • Мұнай және мұнай өнімдерін қыздырып айдау жобасы

  • 1.7 Магистралды құбырөткізгіш шөгінді парафиннен тазалау

  • 2. Экономикалық бөлім

  • МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ

  • Манепов 2. Манепов Рамазан Миратлы


    Скачать 125.83 Kb.
    НазваниеМанепов Рамазан Миратлы
    Дата21.05.2022
    Размер125.83 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМанепов 2.docx
    ТипДиплом
    #542064

    Саламатсызба, мен

    Манепов Рамазан Миратұлы

    Ақтөбе Индустриалды-Кәсіптік колледжінің оқушысымын, мамандығым 0805000 «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау»

    Менің Дипломдық жобамның тақрыбы

    Мұнай және мұнай өнімдерін қыздырып айдау жобасы

    Дипломдық жоба 4 бөлімнен құрастырылған

    1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІ

    2 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМ

    3 ЭКОНМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

    4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
    Қазіргі заманғы атомосфералық қондырғыларда және комбинирленген қондырғыларының атмосфералық секцияларында мұнайды айдау әр түрлі әдістермен жүргізіледі.

    Олардың ішінде негізгілері:

    бір ректификациялық мұнарада бір рет буландыру;

    бір-бірінен кейін орналасқан екі мұнарада екі рет буландыру;

    алдын ала буландыру мұнарасында немесе эвапораторда жеңіл фракцияларды алдын ала буландыруымен жүретін айдау.

    1.2 Мұнайдың құрамында жоғары мөлшерде еріген газдар мен төмен қайнайтын фракциялар кездесетін жағдайда, мұнайды алдын ала буландыруссыз бір рет буландыру сұлбасы бойынша айдау қыйнға түседі, себебі насоспен пешкке дейін орналасқан аппараттарда жоғары қысым пайда болады.  Сонымен бірге пеш пен ректификациялық мұнараға көп күш түседі.

    Құрамында газ мөлшері көп болатын күкіртті мұнайларды өңдеу масштабттары өсуіне байланысты мұнайды айдау сұлбаларының ішінде кең таралған әдістерінің бірі – екі ректификациялық мұнарада екі рет буландыру сұлбасы .4-сур. көрсетілген.


    4-Сурет. Екі рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау:

    1- шикізат насосы; 2, 4 - жылуалмастырғыштар; 3 - электродегидратор; 5-бірінші ректификаицялық мұнара; 6-насос; 7-пеш;

    8 – негізгі ректификаицялық мұнара;
    Екі рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау.Шикі мұнай насоспен (1) алынады және жылуалмастырғыш арқылы (2) суссыздандыру үшін электродегидраторға (3) жіберіледі.Тұндырылған және қыздырылған мұнай жылуалмастырғыш (4) арқылы, бірінші ректификациялық мұнараға (5) жіберіледі, оның үстінгі қабатынан бензиннің жеңіл қ.б. — 85 °С алынады. Бірінші мұнараның қалдығы (5) — жартылай бензинсіздірілген мұнай — насоспен (6) құбырлы  пеш (7) арқылы негізгі ректификациялық (8) жіберіледі, ол жерде қалған барлық қажетті фракциялар – ақшыл мұнай өнімдерінің компоненттері және қалдық мазут алынады.Пеште қыздырлған мұнайдың жартысы бірінші мұнараға қайтарылады (ыстық ағын)



    5-Сурет. Өндірістік АВҚ қондырғысының мұнайды екі рет буландыру сұлбасы:

    1- шикізат насосы; 2-шикізат қыздыру үшін арналған жылуалмастырғыш; 3-бірінші ректификаицялық мұнара; 4-конденсатор-салқындатқыш; 5-жартылай бензинсіздірілген мұнай насосы; 6-пеш; 7-негзгі ректификациялық мұнара; 8- кептіру мұнаралары; 9-жылуалмастырғыштар; 10- салқындатықштар
    Бұл сұлба бойынша жеңіл қайнайтын бензин компонентері мен газдарға бай мұнайлары өңделеді. Сонымен бірге газдар бірінші мұнараның үстіңгі қабатынан бензиннің жеңіл буларымен ілесіп кетеді. Мұнай құрамынан бензинді компоненттердің жарты бөлігін алдын ала бөліп алғандықтан пеш змеевигінде қысымның жоғарлауына жол бермейді.Бір рет буландыру сұлбасымен салыстырғанда, бұл сұлба бойынша жеңіл қайнатын және ауыр фракцияларды жеке бөліп алуына байланысты пешті қыздыру үшін жоғарылау температура қажет. Алдын ала суссызданырылған және тұссыздандырылған мұнай (1) насоспен алынады және (2) жылуалмастырғышта ыстық ағындар көмегімен қыздырылғаннан кейін (3) бірінші ректификациялық мұнараға жіберіледі. Газдар мен бензиннің жеңіл булары мұнараның үстінгі қабатынан шығарылып, (4) конденсатор-салқындатқышққа жіберіледі. Жартылай бензинсіздірілген мұнай (3) мұнараның астыңғы қабатынан (5) насоспен (6) пешке жіберіледі, ол жерде 350°С дейін қыздырылған бетте (7) негізгі (7) ректификациялық мұнараға жіберіледі. Жартылай бензинсіздірілген қыздырылған мұнайдың жарты мөлшері (6) пештен ыстық ағыны ретінде бірінші ректификаицялық мұнараға (3) жылудың қосымша мөлшерін алу үшін қолданылады.

    1.7 Магистралды құбырөткізгіш шөгінді парафиннен тазалау
    Көп мұнайлар, әсіресе шығыс аймақтағы мұнайлар парафинді болып келеді. Парафиннің құрамында: Поволжияның мұнайлары екі рет 11%, Түркменияның мұнайлары 16%-ке дейін, өзексуат мұнайлары -24% және Мангышлак мұнайлар (Қазақстан) - 29%.

    Қабатталған жағдайда парафин мұнайларда ериді. Жоғарғы бетке көтерген кезде және магистралды құбырөткізгішпен айдаған кезде мұнайдағы су температурасы төмендейді. Магистралды құбырөткізгіштің қабырғасын орныға отырып, белгілі жағдайда парафин құлаған кезде ерітінді қаныға түседі. Парафиннің шөгіндісі құбырдың көлденең қимасын төмендетеді және де оның өткізу қабілетін төмендетеді.
    2. Экономикалық бөлім

    Кәсіпорынның инвестиция қызметі – оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмас маңызды бөлігі болып табылады. Кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істеу істеу үшін, өнімнің сапасын көрсету, шығынды азайту, өндіру қуаттылығын кеңейту, өзінің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату және нарықта өзінің бағдарын нығайту керек және оны тиімді жинақтау керек. Сондықтан, оған инвестициялық стратегияны нақтылап өңдеп және жоғарыдағы аталған мақсатқа жету үшін оны үнемі жаңғыртып отыру керек.

    1. МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕГІ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ

    Ұңғы өнімдерін жинау, дайындау және тасымалдау кезінде қолданылатын жабдықтар мен кұбырлар- бақылау аспаптарымен, қолмен және автоматты түрде баскарылатын реттеуші және сақтандырушы құрылғылармен қамтамасыз етілуі керек.

    Аппараттарда және құбырларда орнатылған сақтандырушы, реттеуші және тығындаушы (ысырмалар, крандар) арматуралар нормаға сәйкесті,техникалық сипаттамалармен бекітілген график бойынша жүйелі түрде тексеруден өтеді. Тексеру нәтижесін вахталық журналға түсіріп отырады. Жинау және дайындау қондырғыларында қысымы 0,7 атм. болатын және одан да жоғары артық қысымда жұмыс жасайтьн айырғыштар мен басқа да аппараттар (қондырғылар) пайдалануға емгізіліп және оларды қысымда жұмыс жасайтын құрылғылар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану Ережелеріне сәйкес пайдалану керек. Қысымда жұмыс істейтін аппараттар манометрлермен, деңгей көрсеткіштерімен және сұйықты жабық сыйымдылыққа ағызуға арналған құрьлғылармен қамтамасыз етіледі.

    Технологиялық процестерді бақылау жәпе баскару жүйесінің датчиктері арнайы материалдардан жасалып жәие дірілдеу жағдайына, сондай-ақ газ гидраттарының түзілуіне, парафиннің, тұз шөгінділерінің және басқа да заттардың жиналу жағдайында қолдануға есептеледі.

    Технологиялық құбырлар мен арматуралар танымды (белгілі) бояулармен боялады және арнайы ескерту белгілері мен жазулары жазылады. Құбырларға тасымалданатын ортаның қозғалыс бағытын көрсететін бағытты қ көрсеткіштер (стрелкалар) қойылады.




    4-Сурет. Екі рет буландыру сұлбасы бойынша мұнайды айдау:

    1- шикізат насосы; 2, 4 - жылуалмастырғыштар; 3 - электродегидратор; 5-бірінші ректификаицялық мұнара; 6-насос; 7-пеш;

    8 – негізгі ректификаицялық мұнара;

     


    4−сурет. Сәуле шығаратын панелі бар жалынсыз жанатын құбырлы пештің сызбасы
    А – пештің вертикаль қимасы: 1 – сәуле шығарғыш панельдер; 2 – змеевиктер құбырлары. Б – керамикалық призмадан жасалған сәуле шығарғыш панель: 1 – керамикалық призмалар; 2 – газдын жануына арналған тесіктер; 3 – газдың ауамен қоспасын жеткізетін құбырлар; 4 – жылуизоляция.


    написать администратору сайта