Мейргер. Манипуляциялар
Скачать 22.02 Kb.
|
Манипуляциялар: 1. Дене қызуын өлшеу, нәтижелерді жазу, Қалтыраған науқастарға күтім жасау. 2. Пульсті есептеу, оның сипаттамасы, графикалық жазу. 3. Тыныс алу жиілігін санау, нәтижелерін жазу. 1-жағдаяттық есеп Науқас Д., 50 жаста, білек пен саусақтардың кіші буындарында ауырсыну сезіміне шағымданып фельдшердің көмегіне жүгінген. Таңертең олардың қозғалыстарының бөгелуі, баяу қозғалысы, шаршауы, жалпы әлсіздік байқалады. Бірнеше жыл ауырып, ауруханада бірнеше рет емделді, соңғы ауыруы 5-6 айға созылды. Объективті: дене қызуы 37,20С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. 2,3,4 саусақтың проксимальді фалангааралық буындарының және жамбас-фалангальды ауыруы мен деформациясы байқалады, бұл буындардағы қозғалысы шектеулі. Везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ырғақты, таза, ЖСЖ 82 мин. АҚҚ 120/80 мм.сын.бағ. Іш қуысының патологиясы анықталмады. 1. Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? 2. Жауабыңызды негіздеңіз. 3. Қандай қосымша зерттеулер қажет және осы зерттеулерде бұл аурудың нәтижелері қандай болады? Жауаптары: Манипуляциялар: 1. Дене қызуын өлшеу, нәтижелерді жазу, Қалтыраған науқастарға күтім жасау. Мақсаты: диагностикалық: ересек науқастың дене қызуын анықтау. Қолдану көрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу. Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы. Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек. Дайындаңыз: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. 3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз. 4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз. 5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады). 6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді). 7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз). 8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз. 9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз. 10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен). 11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз. 12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттың иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз. 14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Қалтырау кезеңдері және күтім 1 кезең.Пациенттің дене қызуының көтерілуі басталған кезең. Осы кезеңде мейірбике немесе күтуші пациентке үлкен жауапкершілікпен қарап көмек көрсетеді. Қызуы көтерілген пациенттің аяғына жылытқыш қойып, ыстық шай беріп, жан жағын қымтап жауып, денесіне жел тигізбеген жөн. 2 кезең.Бұл пациенттің температурасының өте жоғары көтерілу кезеңі. Бұл кезеңде пациентке жеңіл тамақ беріп, күніне 5-6 рет тамақтандырған жөн. Сұйықты көбірек берген жөн. Жеміс сусындармен, минералды сулар ішкізген жөн, басы ауырып мазасы кетсе, онда пациенттің басын суық су құйылған жылытқыш немесе мұзды мұйық қою керек. Компресс қоюға да болады, ол үшін екі ас қасық сірке қышқылын жарты суға араластырып дәкені салып алады. Содан соң оны қабаттап ауырған адамның маңдайына қояды. Мейірбике бұл кезеңде пациенттің тамыр соғысын, қан қысымын міндетті түрде тексеріп отырады. 3 кезең.Пациенттің дене қызуының төмендеу кезеңі. дене қызуы күрт төмендегенде науқас адамның жағдайы нашарлайды. Мұндай жағдайда мейірбике пациентке жедел жәрдем көрсетуін керек, және дәрігер шақыртқан дұрыс. 2. Пульсті есептеу, оның сипаттамасы, графикалық жазу. Іс-әрекет алгоритмі: дәрігер науқастың білезік буындарын қапсырып алады : ІІ , ІІ , ІУ саусақтарының ұшын шыбық сүйегінің біз тәрізді өсіндісінен төмен орналастырады , ал маңайынан қолымен ұстайды , үлкен бармақ қолдың сырт жағында артерияны шыбық сүйекке тақап басып тексереді , екі қолда пульстің толыктығы бірдей болса әрі қарай қалған қасиеттерін бір қолда ( оң қолда ) анықтайды ; Сипаттамасы: пульс жиілігін - 1 минутта соғуын санау ( 15 сек . санап х4 ) ; ырғақтығы - пульс толқындарының арасы бірдей ; кернелуі- пульсті басып мүлдем тоқтату - жұмсалатын күшке сәйкес келеді ; толықтығы – дәрігердің көмекшісі шыбық артериясын жоғарғы бөлігінен пульс тоқтағанша басады сосын босатады – пульс толқындары бірден анықталса – толық пульс ; пульс көлемі- толықтығы мен кернеуіліне сәйкес ( үлкен , кіші пульс ) : пульс пішіні – қан тамырдағы артериялық қысымның систола мен диастоладағы өзгерісіне байланысты – тез өзгерсе -қан тамыр қабырғасы тез кернеліп , тез босаңсиды ; жиілігін қалыпты пульс -60-80 ; қалыптыда- ырғақты ; өзгерісі – ырғақтығы бұзылған , кернелуі - қатты , жұмсақ пульс ; толықтығы – толық , бос пульс көлемі үлкен , кіші пульс , пішіні - жылдам биік : баяу , төмен пульс 3. Тыныс алу жиілігін санау, нәтижелерін жазу. Мақсаты: жүрек-қантамыр жүйесінің күйін және науқастың жалпы жағдайын бағалау Көрсеткіштер: науқастың жағдайын бақылау Қарсы көрсеткіштер: жоқ Дайындаңыз: Секундомер немесе екінші қолмен сағат Пациенттерді бақылау парағы Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа ыңғайлы жағдайды беріңіз, отырыңыз немесе жатқызыңыз 2. Науқастың радиалды артериясына қолыңызды пульс санап тұрғандай қойыңыз (науқастың назарын аудару үшін) 3. 1 минут ішінде кеуде қуысының немесе эпигастрий аймағының қозғалысының санын санаңыз (ингаляция мен дем шығару 1 тыныс алу қозғалысына есептеледі) 4. Алынған сандық деректерді бақылау парағына енгізіңіз Ескерту: Ересек адамның тыныс алу жылдамдығы әдетте минутына 16-18 құрайды. Жиі тыныс алу – тахипноэ. Сирек тыныс – брадипноэ 1-жағдаяттық есеп Сіздің болжам диагнозыңыз қандай? Артрит ревматоидты Жауабыңызды негіздеңіз. Берілген белгілердің барлығы Артрит ревматоидтына сәйкес келеді Қандай қосымша зерттеулер қажет және осы зерттеулерде бұл аурудың нәтижелері қандай болады? Жалпы қан анализі Биохимиялық қан анализі Волер – Роуз реакциясы ЖҚА : аздаған нормохромды анемия, лейкоцитоз немесе лейкопения, ЭТЖ жоғарылауы. Биохимиялық көрсеткіштер: қабынудың жедел фазалық белоктарының көбейуі. Иммунологиялық көрсеткіштер: Волер – Роуз реакциясы арқылы РФ (1:32) анықтау және латекс –тест (1:20), Т-лимфоциттер, криоглобулин санының төмендеуі, 8-27% науқаста LE –жасушалары. Қабыну үрдісінің белсенділігін жедел фазалық көрсеткішпен анықтайды:ЭТЖ жоғарлаған,С реактивті белок оң. Ревматоидты артриттің ауыр ағымында гипохромды анемия,жоғары қызбада және глюкокортикоидтармен емдегенде лейкоцитоз,Фелти синдромына лейкопения тән. |