Невро. Марат оспанов атындаы батыс азастан мемлекеттік медицина университеті студентті зіндік жмысы факультет
Скачать 23.13 Kb.
|
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Факультет: жалпы медицина Кафедра: неврология, психиатрия және наркология Дисциплина: неврология Тақырыбы: Созылмалы ми ишемиясымен ауыратын науқастардың неврологиялық статусын сипаттауымен өткізілетін науқасты микрокурациялау Орындаған: Қонысбаев А Тобы: 507 А Тексерген: Сариманов С.А Ақтөбе 2019ж Паспорттық бөлім Науқастың аты-жөні: Батыров Марат Жасы: 12.12.1951 Жынысы: ер Ұлты: қазақ Мамандығы: зейнеткер Түскен күні: 16.10.2016 сағ: 1420-30 Жіберілген ұйым: жедел жәрдем Жолдаған ұйым диагнозы: Ми қан айналымы бұзылысы Алғашқы диагноз:Ми қан айналымының созылмалы жетіспеушілігі. Клиникалық диагноз:Созылмалы ми қан айналым жетіспеушілігі. Дисциркуляторлы энцефалопатия ІІ дәреже. Қосалқы ауруы: Артериалды гипертензия 3 дәреже. Қауіп 3. Шағымдары:Науқас басының ауырсынуына, бас айналуына, есте сақтауының бұзылуына, тез шаршауға, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Anamnesis morbi:Өзін 3жылдан бері аурумын деп санайды. Сол кезде бас ауруы, жақында болған оқиғаларды ұмыту, ұйқысының бұзылуы мазалап бастаған. Үнемі стационарда және амбулаторияда ем қабылдайды. Соңғы кездері жағдайы нашарлаған. Ауруханаға жоспарлы түрде ем алу үшін жатқызылды. Anamnesis vitae: Өсуі мен дамуы жасына сай. Гипертониялық ауруына байланысты учаскелік терапевте диспансерлік учетта тұрады. Ең жоғарғы АҚҚ 200/100 мм.сын.бағ. Зиянды әдеттері жоқ. Боткин, туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық анамнезі, аллергоанамнезі ерекшеліксіз. Обьективті қарау: Есі анық, жалпы жағдайы орта ауырлықта. Дене конституциясы нормостеникалық типті. Тері мен көзге корінетін кілегейлі қабықтары қалыпты түсті. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, тығыз консистенциялы, ауырсынусыз. Тыныс алуы мұрын арқылы еркін, кеуде клеткасы қалыпты формада, тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Мойнында каротидтер биі жоқ. Жүрек аймағында көзге көрінетін пульсация жоқ. Жүрек ұшы соққысы сол жақта бесінші қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1 см сыртқары. Жүрек тондары анық, ырғақты, патологиялық шулар жоқ. Қолқа үстінде екінші тон акценті. Іші пальпацияда жұмсақ, ауырсынусыз. Қағу симптомы екі жақта теріс. Табиғи бөліністері қалыпты. Неврологиялық статус: Жалпы милық симптомдар: Есі анық. Бас ауруы бар. Құсу, жүрек айну мазаламайды. Менингиалды симптомдар: шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі, Керниг симптомы, Брудзинский симптомы, Бехтерев симптомы теріс. Бас-ми нервтері: Иіс сезу нерві: патология жоқ. Көру нерві: Гемианопсия, скотом байқалмайды. Көру алаңында өзгеріс жоқ. Түстерді айыра алады. Көзқозғалтқыш, шығыршық, әкетуші нерв: экзофтальм, эндофтальм жоқ. Қарашықтырының көлемі бірдей. Диплопия, қитарлану байқалмайды. Көз алмасының қозғалысы сақталған, нистагм жоқ. Үшкіл нерв: беттегі тригеминалды нүктклкр ауырсынусыз. Екі жақ беттегі сезімталдық бірдей, сақталған. Төменгі жақ қозғалысы сақталған. Дәм сезу сақталған. Бет нерві: тыныштықта, қасын көтергенде, көзін қысқанда мимикалық бұлшық еттер ассиметриялығы жоқ. Амимия, тик байқалмайды. Есту және вестибулярлы нерв:екі жақта сыбырлап сөйлеуді есту 2м қашықтықтан. Дыбыстап сөйлеуді 5м қашықтықтан естиді. Орнынан бірден тұрғанда бас айналу бар. Тіл-жұтқыншақ, кезбе нерві: жұтыну сақталған. Дәм сезу сақталған. Жұрек соғысы ырғақты. Қосымша нерв: басын тіке ұстайды, қозғалтуы қалыпты, ауырсынусыз. Тіл асты нерві: тілінің ауыз қуысында орналасуы қалыпты. Тілін шығарғанда девиациясы байқалмайды. Атрофия, тілінің дірілдеуі жоқ. Артикуляция бұзылмаған. Қозғалысы: Аяқ-қолын еркін қозғалта алады. Бұлшық ет күші сол жақта және оң жақта бірдей 5 балл. Бұлшық ет тонусы екі жақта бірдей, сақталған. Фибриляция, гиперкинез жоқ. Ұстамалы талма жоқ. Сезімталдық: парестезия жоқ. Терең және беткей сезімталдық сақталған. Рефлекстер: Сіңір рефлекстері: D=S Құрсақ рефлексі: D=S Патологиялық рефлекстер: Бабинский, Оппенгейм, Гордон, Шеффер, саусақ-иек патологиялық рефлекстері теріс. Координация:Екі жақта саусақ-мұрын, тізе-өкше сынамаларын жақсы орындайды. Ромберг сынамасы оң. Сөзі:артикуляция сақталған. Сөздерді түсінуі, мәтінді көшіріп жазуы қалыпты. Есте сақтауы төмендеген. Психикасы: Есі анық. Кеңістікте, уақытта ориентациясы сақталған. Жақында болған оқиғаларды дұрыс есіне түсіре алмайды. Алғашқы диагноз: Ми қан айналымының созылмалы жетіспеушілігі. Артериалды гипертензия 3 дәреже. Қауіп 3. Зерттеу жоспары: МРТ ЭКГ Окулист кеңесі ЖҚА ЖЗА Зерттеу нәтижелері: МРТ: перивентрикулярлы аймақтарда ұсақ қан құйылулар бар. ЭКГ: Ритм синусты. ЖСЖ-79рет/мин. ЭОС горизонталды. Сол жақ қарынша гипертрофиясы. Окулист кеңесі: көз түбі тамырларына қан құйылулар бар. ЖҚА: гем-150г/л эр-5,0*1012/л лей-6*109/л э-2 м-9 с/я-65 т/я-1 ЖЗА: Түсі-ашық сары, реакциясы қышқыл. Салмағы-1021, белок-0,003; эр-жоқ, лейк-1-2 к/а. Клиникалық диагнозды негіздеу: Шағымдары бойынша: Науқас басының ауырсынуына, бас айналуына, есте сақтауының бұзылуына, тез шаршауға, ұйқысының бұзылуына шағымданады. Anamnesis morbi бойынша: Өзін 3 жылдан бері аурумын деп санайды. Сол кезде бас ауруы, жақында болған оқиғаларды ұмыту, ұйқысының бұзылуы мазалап бастаған. Үнемі стационарда және амбулаторияда ем қабылдайды. Соңғы кездері жағдайы нашарлаған. Ауруханаға жоспарлы түрде ем алу үшін жатқызылды. Anamnesis vitae бойынша: Өсуі мен дамуы жасына сай. Гипертониялық ауруына байланысты учаскелік терапевте диспансерлік учетта тұрады. Ең жоғарғы АҚҚ 200/100 мм.сын.бағ. Зиянды әдеттері жоқ. Боткин, туберкулез, тері-венерологиялық аурулармен ауырмаған. Тұқымқуалаушылық анамнезі, аллергоанамнезі ерекшеліксіз. Обьективті қарау бойынша: Есі анық, жалпы жағдайы орта ауырлықта. Дене конституциясы нормостеникалық типті. Тері мен көзге корінетін кілегейлі қабықтары қалыпты түсті. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған, тығыз консистенциялы, ауырсынусыз. Тыныс алуы мұрын арқылы еркін, кеуде клеткасы қалыпты формада, тыныс алуға екі жағы бірдей қатысады. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Мойнында каротидтер биі жоқ. Жүрек аймағында көзге көрінетін пульсация жоқ. Жүрек ұшы соққысы сол жақта бесінші қабырға аралықта бұғана орта сызығынан 1 см сыртқары. Жүрек тондары анық, ырғақты, патологиялық шулар жоқ. Қолқа үстінде екінші тон акценті. Іші пальпацияда жұмсақ, ауырсынусыз. Қағу симптомы екі жақта теріс. Табиғи бөліністері қалыпты. Неврологиялық статус бойынша: Жалпы милық симптомдар:Есі анық. Бас ауруы бар. Құсу, жүрек айну мазаламайды. Менингиалды симптомдар: шүйде бұлшық еттерінің регидтілігі, Кернинг симптомы, Брудзинский симптомы, Бехтерев симптомы теріс. Бас-ми нервтері: есту және веситбулярлы нерв бойынша: орнынан тұрғанда басы айналады. Басқа бас-ми нервтері бойынша патология жоқ. Қозғалысы, рефлекстері, сезімталдық, сөзі, психикасы сақталған, патология жоқ. Есте сақтауы төмендеген. Зерттеу нәтижелері бойынша: ЖҚА, ЖЗА өзгеріссіз. МРТ:перивентрикулярлы аймақтарда ұсақ қан құйылулар бар. ЭКГ:Ритм синусты. ЖСЖ-79рет/мин. ЭОС горизонталды. Сол жақ қарынша гипертрофиясы. Окулист кеңесі:көз түбі тамырларына қан құйылулар бар. Осы мәліметтерге сүйене отырып клиникалық диагнозды негіздеймін:Созылмалы ми қан айналым жетіспеушілігі. Дисциркуляторлы энцефалопатия ІІ дәреже. Емдеу жоспары. Төсектік режим Диета: ащы тағамдарды шектеу АҚҚ мониторинг Магний сульфаты 25% - 10,0 көктамырға Ацетилсалицил қышқылы 150 мг/тәулігіне per os Нимодипин 30 мг күніне 2 рет Винпоцетин 2 мг б/е Салауатты өмір салтын сақтау Уақытылы тамақтану Физикалық жаттығулар алкогол мен шылым шегуді тоқтату тұзды, майлы,маринеровкіленген және кансервідегі тағамды шектеу |