Главная страница

Математика ктп 1 сынып. Математика пнін оытуа 1 сыныпта 132 саат блінген. Аптасына 4 саат Математика пні бастауыш білім дегейінде Математика


Скачать 67.26 Kb.
НазваниеМатематика пнін оытуа 1 сыныпта 132 саат блінген. Аптасына 4 саат Математика пні бастауыш білім дегейінде Математика
Дата09.06.2022
Размер67.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМатематика ктп 1 сынып.docx
ТипДокументы
#580018
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6


«Математика» пәнін оқытуға 1 сыныпта 132 сағат бөлінген.

Аптасына : 4 сағат

Математика пәні бастауыш білім деңгейінде «Математика» білім саласындағы кіріктірілген пән. Оны игеру 1 000 000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектеп деңгейінде білімді жалғастырудан тұрады.1-сыныпта 0 санынан 20 санына дейінгі сандармен; 10-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту арифметикалық амалдарымен; «ондық», «жүз» сандарымен таныстыру басталады; 2-сыныпта қарастырылатын 100-ге дейінгі сандарды игеруге дайындық жүргізіледі.

Бастауыш білім беру деңгейінде математикалық білім берудің негізгі мақсатына сәйкес оқу пәні келесі міндеттерді айқындайды:

логикалық ойлауды, кеңістіктік елестетуді және математикалық терминдерді пайдалану біліктілігін дамыту

тұлғалық қасиеттер: білуге құштарлық, мақсаттылық, жауапкершілік, сенімділік және тәуелсіздікті дамыту

оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін дамыту

түсінудің, түсіндірудің, талдаудың, синтездің, жүйелеудің, қолданудың және суреттеудің когнитивтік дағдыларын дамыту

сыни тұрғыдан ойлауды, шығармашылық қабілеттерді дамыту

ақпаратты іздестіру және таңдау, өз уақытын басқару, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға негізделген

өзінің математикалық білімі мен біліктерін басқа пәндерді меңгеруде, сонымен қатар күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін түсіну

коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларды, топпен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, басқа адамдардың пікірін құрметтеу, көшбасшылық қасиеттерді көрсету, өз жұмысын жазбаша және ауызша түрде таныстыру дағдыларын дамыту
  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта