Главная страница

Математика ктп 1 сынып. Математика пнін оытуа 1 сыныпта 132 саат блінген. Аптасына 4 саат Математика пні бастауыш білім дегейінде Математика


Скачать 67.26 Kb.
НазваниеМатематика пнін оытуа 1 сыныпта 132 саат блінген. Аптасына 4 саат Математика пні бастауыш білім дегейінде Математика
Дата09.06.2022
Размер67.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаМатематика ктп 1 сынып.docx
ТипДокументы
#580018
страница2 из 6
1   2   3   4   5   6

"Математика" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:

1) "Сандар мен шамалар": натурал сандар және 0 саны, тура, кері және реттік санау, сандарды оқу, жазу және салыстыру, сандар құрамы, разрядтық құрамы, разрядтық қосылғыштар, ондықтар, сандарды топтап санау, сандармен амалдар орындау, сандарды қосу мен азайту, қосу мен азайту өзара кері амалдар, қосудың ауыстырымдылық қасиеті, 1 мен 0-дің қасиеті, сандардың қосу кестесі, шамалар және олардың өлшем бірліктері, ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық), уақыт шамалары, шамаларды өлшеу, салыстыру, түрлендіру, циферблат бойынша уақытты анықтау, тиындармен әрекеттер;

2) "Алгебра элементтері": сандық және әріптік өрнектер, сандық және әріптік өрнектерді құрастыру, жазу және оқу, әріптік өрнектің мәні, теңдік құру үшін әріптік өрнектер түрінде қолдану, өрнектерді салыстыру, теңдіктер мен теңсіздіктер, теңдеулер, тура және тура емес теңдіктер, теңдеулерді шешу;

3) "Геометрия элементтері": геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі, нүкте, түзу, қисық сызық, тұйықталған және тұйықталмаған сызық, кесінді, сәуле, бұрыш, жазық және кеңістік фигуралар, геометриялық фигуралардың қабырғаларын өлшеу және салыстыру, геометриялық фигураларды кескіндеу және салу, түзу, қисық сызық, сынық сызық, кесінді, геометриялық фигуралардан құралған композициялар, нысандардың орналасуы және бағыты, нүктелер координаталары және қозғалыс бағыты, нүктелердің сан сәулесінде орналасуы;

4) "Жиындар. Логика элементтері": жиындар және оларға амалдар қолдану, жиындар, жиындардың жіктелуі, жиындарды салыстыру, тең жиындар, бос жиын, пікірлер, ақиқат немесе жалған тұжырымдар, ребустар, логикалық есептер, тізбектер, сандар мен амалдар тізбегі, заттар комбинациялары, "екі-екіден" заттар комбинациялары;

5) "Математикалық моделдеу": есептер және математикалық модель, есептерді кесте, сызба, қысқа жазба түрінде моделдеу, ұғымдар, терминдар, есептерді талдау және шығару, кері есептер, есептерді шығару тәсілдері, математикалық тіл, сандарды бейнелеу, "+", "-", "≠", "=", ">", "<" белгілері, сан сәулесі, қосу және азайту амалдарының компоненттері, деректерді жинақтау, жүйелеу, кестелер, пиктограммалар, диаграммалар.
Түсінік хат

Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған «Математика» оқулығы мен ОӘК-і жалпыға міндетті білім беру стандартына және осы пәннің Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 10- мамырдағы №199 бұйрығына 6-қосымша). Оқулық және ОӘК мазмұны ЖМББС және бағдарламада баяндалған талаптарды ескере отырып құрылды. Бағдарлама мазмұнына сәйкес бірінші сыныпқа арналған «Математика» ОӘК-і баланың қоршаған әлемді түсіну және оқып-үйрену тәсілі ретінде математиканы қабылдауын дамытуға бағытталған. Мұндай тәсіл баланың әлемді математикалық білім, білік және іс-әрекет тәсілдерінің көмегімен тануға мүмкіндік береді. ОӘК-нің құрамы:  Оқулық (екі бөлім);  Жұмыс дәптері (№1, 2, 3, 4);  Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау (CD);  «Алматыкітап баспасы» www.topiq.kz платформасындағы оқулықтың электрондық нұсқасы. Оқулық (1, 2-бөлім) сабақтар бойынша құрылған, оның пішіні мен безендірілуі балалардың жас ерекшеліктеріне сай. Әрбір бөлімді бастар алдында оны оқып-үйрену картасы ұсынылған. Ол мұғалім, оқушы және ата-анаға тақырыпты меңгерудің негізгі мақсаттары мен нәтижелерін түсінуге мүмкіндік береді. Бірінші сыныпқа арналған «Математика» оқулығындағы әрбір сабақ бір айқарма бетке орналасқан. Оның бірінші беті сабақтың лексикалық тақырыбын ашатын көрнекі сюжеттік көріністермен берілген. №1 тапсырма сабаққа ынталандыруға, жаңаны өзектендіруге және оны ашуға бағытталған. Оқулықта берілген №1 тапсырма көп кешенді. Оқулықтағы тапсырмалардың бір бөлігі оқулық кейіпкерлері Сырым мен Әлияның қатысуымен құрылған. Оқулықтағы тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне сай ыңғайлы және түсінікті түрде берілген. Әрбір тақырыптың негізгі терминдері кітап-кейіпкерде жазылған. Оқулықта жұппен, топпен және жеке орындауға арналған тапсырмалар, зерттеушілік тапсырмалар, шағын топтарда жұмыс істеуге арналған және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және күнделікті өмірмен байланыстырып орындауға, өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар, сондай-ақ шығармашылық тапсырмалар шартты белгілермен берілген. Жұмыс дәптері. №1, 2, 3, 4 жұмыс дәптерлері әрбір оқу тоқсанына арналған. Жұмыс дәптерінде оқулықта берілген тақырыптарға әртүрлі жаттықтыру тапсырмалар жүйесі, сонымен қатар өтілген тақырыпты бекітуге және қайталауға күрделендірілген тапсырмалар берілген. Жұмыс дәптерлеріндегі тақырыптардың берілу реті оқулықтағы тақырыптардың берілу ретімен сәйкес келеді. Дәптер сабақтар бойынша құрылған, бір сабақ бір айқарма бетке орналасқан. Өтілген тақырыпты қайталауға және практикалық тұрғыда қолдануға арналған суреттер, сұлбалар, кестелер түріндегі күрделілігі әртүрлі деңгейдегі, сонымен қатар шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесінен тұрады. Ұсынылып отырған №1, 2, 3, 4 жұмыс дәптерлері оқушылардың нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған. Берілген жаттығулар мен тапсырмалар цифрлар мен математикалық таңбаларды жазудың каллиграфиялық дағдыларын дамытуға бағытталған. Ұсынылған графикалық тапсырмалар оқушының торкөзді санап үйренуіне, оған сызықтар жүргізіп, саусақтарының ұсақ моторикасын дамытуына көмектеседі.


«Математика» пәні бойынша 2021-2022 оқу жылында 1-сыныпта оқу үрдісінің күнтізбелік – тақырыптық жоспары




Ауыспалы тақырып

Сабақтардың тақырыбы

Оқыту мақсаттары

Сағат саны

Мерзімі

ескерту

І тоқсан 1 - Бөлім: «Өзім туралы», «Менің мектебім» тақырыптары аясында

1

Сандар және цифрлар

Заттарды санау

1.1.1.1**натурал сандардың құрылу жолын түсіну, 10 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1

1.09




2

Заттар тобын салыстыру

1.5.1.2 ** сандарды, заттарды, тауардың құнын салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану / заттар арасындағы арақашықтықты, бағытты, орналасуын анықтайтын терминдерді пайдалану; 1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын/сандарды салыстыру (артық/кем), көршілес сандарды, сандық аралықтарды, сандар қатарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану; 1.5.2.2** «+», «–», «=», «≠», «>», «

1

02.09




3

1 саны және цифры

1.1.1.1**натурал сандар құрылу жолын түсіну, 10 көлемінде тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде бір таңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету

1

06.09




4

2 саны және цифры. 2 санының құрамы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен – кіші, жоғары – төмен, кең – тар, жуан – жіңішке, қалың – жұқа); 1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау

1

07.09




5

3 саны және цифры. 3 санының құрамы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен – кіші, жоғары – төмен, кең – тар, жуан – жіңішке, қалың – жұқа); 1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау.

1

08.09




6

Қосу және азайту

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну; 1.1.2.5** ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау; 1.1.2.3** 1 санының қасиетін қолдану

1

09.09




7

Қосу және азайту

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну; 1.1.2.5** ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау; 1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

1

13.09




8

4 саны және цифры. 4 санының құрамы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау.

1

14.09




9

5 саны және цифры. 5 санының құрамы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау.

1

15.09




10

5-ке дейін санау

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.

1

15.09




11

Сандар және цифрлар

0 саны және цифры. 0-ді қосу және азайту

1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиындардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсіну; 1.1.2.3 0-дің қасиетін қолдану.

1

20.09




12

6 саны және цифры

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету

1

21.09




13

6 санының құрамы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

1

22.09




14

7 саны және цифры

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.

1

23.09




15

7 санының құрамы


1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 7 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

1

27.09




16

8 саны және цифры

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету

1

28.09




17

8 санының құрамы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету

1

30.09




18

9 саны және цифры

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.

1

04.10




19

9 санының құрамы

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.1.1.3** біртаңбалы сандардың құрамын анықтау; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

1

05.10




20

10 саны

1.1.1.2** біртаңбалы сандарды және 10 санын оқу, жазу және салыстыру; 1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

1

06.10




21

10 санының құрамы

1.3.3.1 сан сәулесінде белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау; 1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету.

1

07.10




22




10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту

1.1.2.5** ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау.

1

11.10




23

10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту

1.5.2.1 цифрды саннан ажырату, көрнекі түрде біртаңбалы сандарды түрлі тәсілдермен: нүктелер жиынтығымен, таяқшалармен және сан сәулесінде көрсету; 1.1.2.5** ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды ауызша қосу мен азайтуды орындау.

1

12.10










1В Геометриялық фигуралар










24

Фигуралар. Нүкте. Сызықтар

1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау; 8 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш)/кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру; 1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру; 1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен-кіші, жоғары-төмен, кең-тар, жуан-жіңішке, қалың-жұқа) 1.3.2.5 заттардың кеңістікте (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында) орналасуын анықтау;

1

13.10




25

Фигуралар. Сәуле. Кесінді

1.3.1.1 геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір-бірінен ажырату және атау; 1.3.1.2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш)/кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллелепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру; 1.3.2.4 геометриялық фигуралар арасындағы негізгі қатынастарды анықтау (үлкен – кіші, жоғары – төмен, кең – тар, жуан – жіңішке, қалың – жұқа).

1

14.10



1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта