1 зертханалық жұмыс (1). Материалдарды зерттеу кезіндегі климатты жадайды параметрлерін анытау Жмысты масаты
Скачать 1.22 Mb.
|
Материалдарды зерттеу кезіндегі климаттық жағдайдың параметрлерін анықтау Жұмыстың мақсаты: Материалдарды зерттеу кезіндегі климаттық көрсеткіштерді тіркеу және анықтау әдістерін оқып үйрену. Тапсырмалар: 1. Аспирационды психрометрдің, гигрограф және термографтың жұмыс істеу принципін оқып үйрену. Аспирационды психрометр және қарапайым психрометр арқылы ауаның температурасын және салыстырмалы ылғалдылығын анықтау. Кондиционерлеу, климаттық камера (гидростат) және эксикатордың құрылысымен, жұмыс істеу приципімен танысу. Негізгі мәліметтер Материалдарды зерттеу кезіндегі климаттық жағдайлар температура Т, оС мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығымен φ, % (МЕСТ 10681-75) сипатталынады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ, % Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы су буын сіңіріп алу дәрежесімен сипатталынады және ол келесі формуламен анықталады: φ=100 pd/ pt (1.1) мұндағы: pd – берілген температурадағы атмосферадағы су буының қысымы, [Па], pt – сіңірілген су буының қысымы, [Па]. tC – құрғақ температурадағы және tB- ылғалды температурадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анығырақ анықтау үшін 1.1- кестеден pt және pв қысымдардың паскальдағы мәндері алынады. Аспирационды психрометр үшін алдымен tC температурасындағы ылғал буының атмосфералық қысымы pd төмендегі формуламен анықталады: pd =pВ-0,5(tC - tB)В/7,55 (1.2) мұндағы: pВ– tB температурасындағы қаныққан су буының қысымы, [Па], (tC - tB) - психрометрлік айырым, оС, В - зерттеу жүргізген бөлменің өлшенген атмосфералық қысымы, [гПа]. Ауаның қысымы 1000 гПа (750 мм рт. ст.) Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын анықтау үшін аспирационды және қарапайым психрометрлерді пайдаланады. Ал бұл көрсеткіштерді тәулік бойы қадағалап тұру үшін термограф пен гигрограф қолданылады. Осы қадағалаушы аспаптардың көрсеткішінің дұрыстығын тексеру үшін аспирационды психрометр арқылы тәулігіне бір рет тексеру жүргізіліп отырылады. Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде МЕСТ 10681-75 стандартқа байланысты лабораториялық орындарда келесі климаттық жағдайлар сақталуы қажет: ауаның салыстырмалы ылғалдылығы φ=65±2%, температурасы Т=20±20C болуы тиіс. Материалдың қасиетін анығырақ білу үшін сынақ алдында дайындалған үлгіні кондиционерлеу қажет. Материалдың ылғалдылығы материалдың физикалық және механикалық қасиетіне қатты әсер етеді. Материалды стандарттық климаттық жағдайда МЕСТ 10681-75 стандарт бойынша белгілі бір уақытта арнайы камераларда ұстайды. Кондиционерлеу кезінде материалдың бастапқы ылғалдылығына байланысты сорбция процесі (ылғалды сіңіру) немесе десорбция (ылғалды беру немесе шығару) процесі өтуі мүмкін. Сорбция процесі болған жағдайда теңелген ылғалдылық көрсеткіші десорбция процесіне (1.1 сурет) қарағанда төмен. Мұнда сорбция процесі түзу сызықпен, ал десорбция процесі үзілісті сызықпен (1-мақта жібі, 2- капрон жібі) көрсетілген. Сондықтан теңестірілетін нәтиже алу үшін кондиционерлеу сынағын сорбция жағдайында материалдың ылғалдылығымен жүргізеді. Бұл жағдайда материалдың үлгісін алдын-ала 50оС аспайтын температурада 1 сағат бойы кептіреді. Кесте 1.1
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 10-25% болуы қажет, оны стандартты климаттық жағдайда тұрақты массаға жеткенше ұстайды. Әдетте тұрақты масса екі сағатта 0,25 %-ға дейін өскенін байқаймыз. Материалдың ылғалдылығы W, % 1.1 Сурет: Талшықтың сорбция, десорбция изотермалары Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, φ, % Материалдың ылғалдылығына кондиционерлеумен бірге мына факторлар әсерін тигізеді: ауаның қозғалыс жылдамдылығы, шыңдалу мөлшері, оның тығыздығы және түрі. Осыған байланысты әртүрлі материалды сынағанда, стандарт бойынша кондиционерлеу ұзақтығы әртүрлі болады. Жұмысты орындау тәртібі Аспирационды психрометр арқылы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын анықтау. М-34 және МВ-4М психрометрлердің жұмысы құрғақ және ылғалдандырылған термометрдің температурасының айырмасына байланысты негізделген. Аспирационды психрометр (1.2 сурет) бірдей сынапталған екі термометрден (4 және 7) тұрады. Олар арнайы оправаға бекітілген және аспирационды мойыншадан (8) тұрады, (7) термометр ауаның температурасын көрсетеді. Ал (4) термометрдегі шарик апреттелген жұқа мақта матасымен оралған, матаның тығыздығы 50-60 г/м2 (негізінен бәтес матасы қолданылады). Ауаның ылғалдылығын анықтаудың алдында матаны әрқашан ылғалдандырып тұру керек. Су буланып (4) термометрді суытады, ауа неғұрлым құрғақ болса, яғни салыстырмалы ылғалдылығы да аз болады. 8 2 1 3 9 4 6 5 1.2 Сурет: Аспирационды психорметр Желдеткіштің (3) айналу нәтижесінде (5 және 6) патрубкалар арқылы ауатасымалдаушы құбырға (9) ауа сорып алынады. Өлшеу жүргізердің алдында термометрлердің (4 және 7) пара-парлығын тексеріп алады. Осыдан кейін өлшеуші (4) термометрдің резервуарына матаны ылғалдандырады. Ол үшін алдымен пипеткалы резиналы баллонға дистилденген сумен (температурасы Т=20±20C болуы тиіс) 10 мм иегіне жеткізбей толтырады. (5) патрубкаға пипеткамен су құйып, матаны сулайды. Бір минут өткенен кейін пипетканы патрубкадан алады да ішіндегі қалған су төгіледі. Ылғалдандырылған термометр ең төменгі температураға жеткенде және 3-5 минут желдеткіштің жұмысынан кейін ылғалданған термометрдің температурасы анықталады, одан кейін құрғақ термометрдің температурасы жазылып алынады. Бір минут ішінде ылғалды термометрдің ең төменгі температурасын қабылдаған дұрыс. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, φ, % Ылғалды ауаның температурасы, tB, C 1.3 Сурет: Аспирациондық психрометр көмегімен ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаудағы номограмма Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 1.3-суреттегі номограммамен немесе 1.1 психрометрлік кестемен жоғарыда көрсетілген формулалар арқылы анықталады. Өндірістегі климаттық параметрлерді анықтауда сенімді нәтиже алу үшін психрометрді дұрыс орналастырған жөн. Ол үшін психрометрді металл өзегіне жерден 1,5 м және қабырғадан 0,3 м арақашықтықта орналастырады. Психрометр терезе қойылған қабырғаға қойылмайды, оған тікелей күн сәулесі түспеуі керек және қайнататын, қыздыратын аспаптар жанынан және желдеткіштен алыс орнатылады. Материалдарды сынау алдында кондиционерлеуЛабороторияда стандартты климаттық шарттарды тудыру үшін автономдық кондиционерлерді қолданады, ал олар жоқ болған жағдайда материал үлгісін сынау алдында климаттық камераларда, яғни гигростатта және эксикаторларда ұстайды. Автономдық кондиционердің екі түрі белгілі: КТА-1 конденсатордың сумен салқындатуы КТА- 2 ауамен салқындатуы. Олар ауа температурасын +18 ... +280C (±20C дәлдікпен) болған кезде және сыртқы ауа -40 ... +450C болған кезде салыстырмалы ылғалдылығын 30%- тен 75%- ке өзгеруін (±5% дәлдікпен) реттейді. Қызмет атқаруы бойынша кондиционерлер блокты, блокты секционды және секционды болып бөлінеді. КТА-1 типті кондиционерлер ауа бойынша номиналды өндірілуі 1600-ден 80000 м3/сағ, ал КТА-2 1600- ден 25000 м3/сағ пен шығарылады. Кондиционерлер өзінің булы компрессионды суытқыш машинасының көмегімен ауаны салқындатады. Ал ауаны жылыту сыртқы жылу жерімен жүзеге асырылады. Климаттық камера «Feutron-300» (ФРГ) сынау алдында материалдың пробасын кондициондау үшін қолданылады. Ол жұмыс камерасынан және керекті параметрлерді камерада өлшеу мен реттеу үшін керек жабдықтан тұрады. Камерадағы температураны -25...+900C аралығында ал ауаның салыстырмалы ылғылдылығын 10 нан 100%-ға дейін алуға болады. Камера көлемі 250 дм. куб. ал сынау объектілерінің массасы 75 кг. Эксикатор (1.4 Сурет) – бұл қалың қабырғалы ыдыс, ол корпустан, дөңгелек тесіктері бар вставкалар мен чашкадан тұрады (ГОСТ 25336 – 82). Эксикаторларды корпустың ішкі диаметрі 100, 140, 190, 250 мм, сыртқы диаметрі 136, 190, 230, 290 мм және корпус биіктігі 135, 136, 215, 253 мм етіп шығарады. Ауаның қажетті салыстырмалы ылғылдылығын болдыру үшін эксикаторды ылғал жұтқыш затпен немесе белгілі концентрациядағы күкірт қышқылымен толтырады. Эксикатордағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 ±5%, ал күкірт қышқылын қолданғанда тығыздығы 1,27 – 1,32 г/см3 болғанда және қышқылдың температурасы 150C – қа жеткенде болады. Эксикатордағы қышқылдың тығыздығын периодты түрде тексереді және қажет болған кезде ғана 1,84 г/см3 тығыздықпен күкірт қышқылын қосады. Қышқыл сінімділігін ерімеген зат бойынша анықтайды. 1.4 Сурет: Эксикатор Бақылау сұрақтары: Материалдардың стандарттық климаттық шарттары қандай болуы керек? Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын қандай қондырғыларда анықтайды? Қандай маталар ылғалды жақсы сіңіреді? |