Главная страница
Навигация по странице:

  • Логикалық математика таңдау курсы оқушы кеңістігін айрықша көңіл бөледі

  • Қосындыны табуға арналған есептер абуға арналған есептер а арналған есептер уға арналған

  • Ой ұшқырлығына құрылған есептер

  • Күн режимі 1.Күн аттарын жаттап ал.Дүйсен

  • Сәрсенб

  • Сенбі.

  • Жұмбақты есептер 1.

  • 22 сабақ Салт атты

  • Құрастырған: Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Галиева Гульжан Ержановна Пікір білдіруші

  • 1 кл логика дамыту КНИГА. Материалды таырыбы 1ші сыныпа арналан логикалы тапсырмалар


    Скачать 2.17 Mb.
    НазваниеМатериалды таырыбы 1ші сыныпа арналан логикалы тапсырмалар
    Анкорrybuf
    Дата17.11.2022
    Размер2.17 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 кл логика дамыту КНИГА.docx
    ТипДокументы
    #794142

    Материалдың тақырыбы:

    1-ші сыныпқа арналған логикалық тапсырмалар

    Құрастырушы:

    Галиева Гульжан Ержановна

    бастауыш сынып мұғалімі


    2015 жыл

    Аннотация.

    Логикалық математика оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып жоспарлы түрде оқу пәндерінің математикадан

    алған білімдерін жетілдіреді,тереңдетеді.

    Логикалық математика пәнінің өмірмен байланысын жақсарту арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығы артып,ізденімпаздыққа,

    өзіне сенімді болуға ұмтылдырады.Практикалық өзіндік жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне,сонымен қатар оның танымдық белсенділігін артуына бағытталады.Тапсырмалар баға қоюға емес,оқыту мен дамытуға арналған.Сол себепті логикалық тапсырмалар жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады.Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай,оны байқағыштыққа ,шапшаңдыққа ,ойын дәлелдеуге үйретіп,әрі оны жалықтырмайды.Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды,көлемі көбейіп,тапсырманы орындау жылдамдығы артады.

    Кіріспе.

    Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады.Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі. Пікір дегеніміз – ойлау формасы,мұнда бір нәрсе мақұлданады,не теріске шығарылады.Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау формасы – ой қорытындылары деп аталады.

    Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды оқып үйренгендей қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-әрекеттеріне және дағдыларына, сонымен бірге,математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады.Сынып оқушылары бірдей емес.Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын,оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл,бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады.Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдер

    табылмаған проблемалар аз емес.Соның бірі – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,кітапқа ,оқуға,білім алуға деген құмарлықтарын арттыру.Осындай проблемаларды шешу мақсатында бастауыш сыныптан бастап логикалық есептерді шығару керек.Мұғалім оқушыға бағыт-бағдар беріп отырады.

    Интеллектуалдық,шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен жұмыстарды орындауына ықпал жасалынады.

    Бағдарлама мақсаты:

    Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып,ізденімпаздыққа және сенімді болуға ұмтылдыру,ақыл-ой деңгейін қалыптастыру.Оқушыны байқағыштыққа шапшаңдыққа,ойын дәлелдеуге үйрету.

    Міндеттері:
    -Әр түрлі танымдық тапсырмалар арқылы логикалық ойлауын дамыту.

    -Дидактикалық ойындар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

    -Әр түрлі қызықты тапсырмаларды өз бетінше және шапшаң орындатуға үйрету.

    1

    -Өмірмен байланыстыра отырып,түрлі қызықты есептер құрастыруды үйрету.

    -Өзіндік ойын жеткізуге ,пікірін білдіруге баулу.

    -Ауызша,жазбаша есептей білуге жаттықтыру.

    -Ой шапшаңдығына,жеке және топта жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

    -Өздігінен ізденіс жасауға ,түсіндіруге ,дәлелдей білуге төселдіру.

    Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері,дүниетану,

    еңбекке баулу,ән-күй, ана тілі, қазақ тілі.

    Күтілетін нәтиже:

    Жеке тұлғаның шығармашылығы мол,жан-жақты дамыған,интеллектуалдық деңгейі жоғары ,мектебінің дәрежесін көтеретін дарынды тұлға қалыптастыру.

    Таңдау курсын меңгерту жолдары:

    Интерактивті тақтамен жұмыс,ақпарат құралдарымен, графикалық жұмыс,ауызша,жазба-

    ша жұмыстар,пәнаралық жұмыс,шығармашылық жұмыс,суреттермен жұмыс, арифметикалық ойындар,зерттеу,бақылау,дидактикалық ойындар,
    2
    үлестірмелі карточкалар,кестелер,сызбалар

    Логикалық математика таңдау курсы оқушы кеңістігін айрықша көңіл бөледі:

    1.1-сыныпқа тапсырма аз беріледі,себебі бұл жастағы баланың оқу жылдамдығы төмен,оқылған тапсырманың мәнін түсіну үшін оған уақыт қажет.

    2.Тапсырманы негізінен мұғалім береді.

    3.Ауызша тапсырмалар мен ойындардың көлемі белгіленуі керек.

    4.Әр тоқсанның 1 сабағы турнир,сайыс,олимпиада түрінде болуы керек.

    5.Тапсырмалар оңай шешілетін,қызық болуы керек.

    Логикалық математика бағдарламасының

    1-сынып бойынша жіктелуі 33 сағат,аптасына 1 сағат.Берілген тапсырмалар балалардың жас ерекшелігіне негізделіп құрылған.


    3
    1 сабақ.

    Жыл мезгілі

    Бұрын-кейін

    көктем

    жаз

    күз

    қыс

    Қай жыл мезгілі бұрын,қайсысы кейін болады?

    2.Тұйықталмаған қисық сызықты тауып,дәптеріңе сал.

    3.Логикалық есептер

    1.     Зообақтағы пони 3 ересек адамды немесе 6 баланы тарта алады. Пони әкесі мен анасы және ұлы мен қызы бар отбасыны тарта ала ма?

     

    2.     Бақа-ана мен бақа-қыз кезектесіп шыбын аулап отыр: анасы бір шыбын, қызы бір шыбын, ансы бір шыбын, қызы бір шыбын т.с.с. Анасы мен қызының қайсысы көп шыбын аулайды?

     
    4

    Логикалық есептердің жауаптары:

    1.Болады. Ұлы мен қызы бір ересекті алмастырады.

    2.Егер шыбындар3,5,7,9,..., болса, онда анасы көп аулайды (1шыбын артық), Егер шыбындар саны 2,4,6,8,..., болса, онда екеуі бірдей шыбын аулайды.

    4. Бос торкөздерге цифрларды ретімен жаз.

    5

    3

    8

    55.Өрнектің мәнін тап:

    5+1 9-1 9+1

    7+1 8-1 8-6

    8+1 8-2

    5

    2 сабақ

    Қо Қосындыны табуға арналған есептерабуға арналған есептер а арналған есептер уға арналған есептер

    2.«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы.

    3. Қосындыны табуға арналған есептер :1.Дымбілмес алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?

    6

    4. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?

    5. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?

    6.Қоршаудың ішіне цифрге сәйкес сурет сал:

    *****

    5 6 7 8

    7.Қосу және азайту таңбаларын жаз:

    2 * 3=5 7* 4=3 2* 4= 6

    5* 2=7 4* 3 =7 6* 2= 4

    7

    3 сабақ

    Ой ұшқырлығына құрылған есептер

    1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)

    2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)

    3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?

    4.Ұқсастығы мен айырмашылығын тап.

    8

    5.Нольден үлкен және бестен кіші сандарды жаз.

    0


    5


    6.Есепте:

    2+1= 1+0= 2+0= 3-1= 1+2= 0+1= 0+2= 2-1= 0+3= 1+1= 3-2= 3+0=

    7. Жұмбақты есепті шеш.

    Екі аяқпен екі қол,

    Бір ауыз бен бір тілің....

    Нешеу болды кәне, бол,

    Санап шығар кім бұрын?

    9

    4 сабақ

    Орманға саяхат.

    1.Салыстыр:Биік-аласа,жуан-жіңішке,көп-аз.

    2.Азайғышты табуға арналған есептер:

    1.Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін онда тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз болды?

    2.Ара бақбақтан тосап қайнатты.Ол досына 3 банка бергеннен кейін, 7 банка қалды.Арада қанша банка тосап болды?

    3.Жұмбақты есептерді шеш:

    1.Көлден ұшты жеті қаз,

    Қайтып қонды екі қаз,

    Қонбады оның нешеуі?

    Кәне, кім тез шешеді?

    10

    2. Тал басында,

    Тізіліп,

    Он жапырақ тұр еді.

    Жел соқты да,

    Үзіліп,

    Ұшып кетті біреуі.

    Ізінше оның

    Жұлынып,

    Түсті тағы бесеуі.

    Тұр әлі де ілініп,

    Жапырақтың нешеуі?

    11

    5 сабақ

    Сиқырлы мысық.

    • ?

    • ?

    2.Үйдің төрт бұрышында 4 мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Барлығы неше мысық отыр?

    3.Ой ұшқырлығына құрылған есептер

    1.Аулада 5 мысық жүр.. Оның біреуі қара, қалғаны сұр. Сұр мысық қанша?

    2. 7 мысық болды. 2 мысық кетті, ал 3 мысық келді. Неше мысық болды?

    3. Аулада 7 мысық пен 3 күшік бар. Қайсысы көп және қаншаға көп?

    12

    8000000

    777

    7777

    10

    ?

    100000


    ?

    9


    4. «Адасқан әріптер» ойыны.Әріптерден жануарлардың атын құрап айт.

    ысқым ышқнат ақырсқ кітлү

    рсантыа

    5.Мысығым-ау,мысығым,көзі сығыр,қысығым.

    Пырылдаған пұшығым,мысығым-ау,мысығым.

    13

    6 сабақ

    Спорт

    1.1. Дәу тоғыз қабатты үйдің екінші қабатында тұрды. Бір күні ол жоғарғы қабатта тұрғысы келді де, үйді аударып қойды. Енді дәудің пәтері қай қабатта?

    2. Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр?

    3. Үш спортшы бала өзеннің сол жағында тұр, олар оң жағалауға шығу керек. Қайыққа екі бала ғана сияды. Балалар оң жағаға қалай шығады?

    2.2 таяқшаны ауыстырсаң ,сиыр артына қарайды.Дәптеріңе сиырды артына қаратып сал:

    14

    3.Тізбекті жалғастырып жаз.

    4

    1


    7

    4.Салыстыр:

    7* 7-1 5+3* 4+3 а* а+4

    6* 6+1 8-2*8-4 в+1*в-3

    9*9-0 7-5*9-5 с+2*2+с

    5. Футбол ойнағанда бөтен қақпаға Пернебек 7 гол соқты.Ойын 10:6 есебімен аяқталса, онда Пернебек ойнаған команда жеңді ме, жеңілді ме?

    Футбол-бірлік,ұғынысу,ынтымақ!

    15

    7 сабақ

    Отбасы

    1. 4 санының құрамын жаз.



    2.Қанат Диастан кіші.Диас Ерболдан кіші.

    Үлкені-?

    Ортаншысы-?

    Кенжесі-?

    3.Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата.

    Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың

    қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші

    болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?
    4.Дәптеріңе өз жанұяңдағы адамдарды сал.Алдымен жасы кішісін,сосын үлкендерін сал.
    5. «Ұқсастық пен айырмашылық». Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру

    16

    ұсынылады: сүт пен су, сиыр мен жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады)
    6. Жанар мен Анар апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)

    7.Тақпақ жаттайық! Есеп құрастырайық!

    Әкем,шешем,бауырым,Бір туысқан ауылым.

    Асан,Үсен, Асқарым құрбы,құрдас ,достарым.

    8. Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа)

    9.Тізбекті жалғастырып жаз.

    100

    7

    4

    1
    17


    8 сабақ.

    Зообақ.



    1. Қоян, аю, қасқыр сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастыру. Мысалы, қорқақ қоян, сұр қоян, аппақ қоян, ақ аю, қорбаңдаған аю, сұр қасқыр, т.б.

    2. Піл маралдан ауыр.Марал Зебрадан ауыр.Піл ауыр ма?Зебра ауыр ма?

    3. Аңдарды үйлеріне оранластыруға көмектес.Дәптеріңе үйлерді салып,онда тұратын аңның атын жаз.

    18

    5.Қоян,қасқыр,кірпі,аю.

    5.

    Піл

    Аю

    зебра

    Марал

    Түлкі

    қоян

    Әр аң нешеу?

    6.Торкөзге көрші сандарды жаз.
    5 6 7 * 4 5 7 8 * 6 * 8 *

    *9* ** 9 8 * * * 3 * 5

    19

    9 сабақ

    Күн режимі
    1.Күн аттарын жаттап ал.

    Дүйсенбі-футбол
    Қызыл доп-қоңыр доптан ауыр.Жасыл доп-қоңырдан жеңіл .

    Ең ауыр-?

    Ең жеңіл-?
    Сейсенбі-балық аулау.
    Балықшы 10-ның жартысын,бассыз екі балық ұстады.Неше балық ұстады ?
    Сәрсенбі-бақта
    Қайыңда 7 алма өсіп тұр еді,оның біреуін жедім.Нешеу қалды?
    Бейсенбі.Дәптеріңе жаз.
    *+3=7 4+*=7

    *+2=7 5+*=7

    20

    Жұма-дүкенде

    Тақия-? теңге.10 теңге беріп едім.3 теңге қайтарды.
    Сенбі.Дәптеріңе сал.

    66


    0
    1
    2
    3
    4
    5

    Жексенбі. Ойланып көр:
    Асан,Санат,Тана үшеуі сурет салды.Асан қызыл ,көк бояумен бояған жоқ.Санат көк бояумен бояған жоқ.Кім қандай бояумен сурет салған жоқ.

    Бір аптада неше күн бар? Бір аптада 7 күн бар.

    21

    10 сабақ

    Сиқырлы шаршы.

    1.Ең үлкен бір таңбалы саннан 5-ті азайтып,1-ді қосса Ерболдың жасы шығады.Ербол нешеде?
    2.Шаршыны дәптерге салып,әр қатарда

    бірдей фигура болмайтындай толтырып салып

    шық.

    3. 1,2,3 сандарын барлық жолдың қосындысында 6 саны шығатындай етіп,шаршыға орналастыр.


    4.Әр жолақтың үстіне көліктің атын ойланып жаз

    22

    Ұшақ

    Жеңіл машина
    Тікұшақ

    Жүк машинасы

    Велосипед
    Төрт дөңгелек,төрт бұрыш,санай білем мен дұрыс.


    23
    11 cабақ

    Қоян

    ----- ?

    -?

    2.Қоян туған күніне қандай сыйлық алды?

    Под тағас

    анишам зібәс

    24

    3.Дәптеріңе сызып,сәбізді сал.

    1 дм


    1дм= ? см

    Арасын 2 см етіп неше сәбіз қоюға болады.?

    4.Артық сөзді тауып,дәптеріңе жаз,себебін айт.

    Сәбіз қайың алма қауын

    Қызылша емен сәбіз қарбыз

    Алма шырша алмұрт алмұрт

    Пияз итмұрын анар асқабақ

    25

    12 сабақ

    Балмұздақ

    Неше балмұздақ?

    1 л

    5 л

    10 л

    2. 1л және 5 литрлік ыдыстар

    арқылы 3 л сүт құйғызып ал.

    3. Жұмбақты есептер

    1. Мұз айдында жеті бала.

    Асыр сап жүр сырғанап.

    Сырғанамай екі бала.

    26

    Жағалауда тұр қарап.

    Енді осы бар баланың

    Санын айтсаң –жарадың!

    2.Көлден ұшты жеті қаз,

    Қайтып қонды екі қаз,

    Қонбады оның нешеуі?

    Кәне, кім тез шешеді?

    3.Жаңа ғана шалғында,

    Алты бұзау жүр еді.

    Әлде шаршап қалды ма,

    Жатып қапты біреуі.

    Нешеуі енді жайылып,

    Айт, жүргенін айырып.

    27

    13 сабақ

    Циркте

    1.Қайсы аң нешінші болып аренаға шығады?

    Аю Көгершін

    3- *=0 5+*=6

    Ат Жылан

    3+*=7 9-*=4

    2.Циркке үйрету үшін үйрек пен лақ әкелді.Олардың бастары-3,аяқтары -8.

    Лақ-?

    Үйрек -?

    3. Сиқыршы ойыны.

    Жәшік ішінде 3 қызыл және 3 көк шар жатты. Бірінші жәшіктен бір қызыл шарды алып, үстел үстіне қойды, сосын көк шарды алды, сосын тағы да қызыл шарды алып қойды. Сосын жәшіктен бірден екі шарды алғылары келді. Бұл шарлар қандай болулары мүмкін: а) екеуі де көк? б) екеуі де қызыл? в) қызыл мен көк?

    28

    Жауабы:

    Алдыңғы үш шарды алған кезде, қорап ішінде екі көк және бір қызыл шар қалды. Сондықтан қораптан 2 қызыл шарды алып шыға алмаймыз.Екі көк не бір қызыл және бір көк шар алып шыға аламыз.

    4.

    10

    10


    ?

    ?

    ?

    ?

    29

    14 сабақ

    Хоккей

    1. 1+0= 4+2=

    1+1= 6+1=

    2+1= 4+4=

    2+2= 5+4=

    3+2= 9+1=

    2.Хоккейшілер 4 қатарға тұрды.Біріншісінде 2 оқушы тұр..2-қатарда 2 оқушы артық, 3-қатарда одан 2 оқушы артық, 4-қатарда одан 2 оқушы артық.4- қатарда неше оқушы-хоккейші тұр.Барлығы қанша?

    3.Ой ұшқырлығына құрылған есептер

    1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)

    2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді)

    30

    3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады?

    4.Үй тышқанның неше құлағы бар?

    5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)

    6. Тиісті фигураны таңда



    31

    15 сабақ

    Жаңа жыл

    10


    1.Сандар құрамын тап.

    6

    5

    2. Он асықтың үшеуін  досың сұрап алады

    Айтшы сонда қолыңда

    32

    Неше асық қалады ? 

    3. Бір қоянда 2 құлақ бар

    Бес қоянның неше құлағы бар?

    4.Салыстыр:

    0 + 5 * 5 + 0          10 – 5 * 10 - 3          

    10 – 0 * 10 - 1         9 – 8 * 9 - 9 

    7 – 5 * 5 + 0 8-8* 5-1

    33

    16 сабақ

    Алдаркөсе

    1.Қожанасыр тақтайдың үстіне асық,асықтың үстіне су құйылған кесені қойды да,Алдарға былай деді:

    -Алдар,суды төкпей,кесені ұстамай,асықты алып берші.

    Қане, көмектесейік!

    1. Алдар дүкенге келеді. Оған Қожанасыр қағазға орап ақша берген.Қағаз сыртында 9 деген жазу бар.Ол 5 теңгеге қарындаш, 4 теңгеге өшіргіш алды.Сонда оның 3 теңгесі жетпей қалды.Бұл қалай?

    2. Алдар қалаға қарай кетіп бара жатыр еді.,алдынан Қожанасыр мен Тазша бала шықты.Қалаға неше адам бара жатыр?

    3. Алдар жаяу базарға 10 минутта жетеді.Ал егер қасына әкесін ертіп алса,қанша уақыт өтеді?

    Шешуі: 10минут.

    34

    Қосындыны табуға арналған есептер

    1.Алдар көсе алдында 4 құлпынай , содан кейін 3 құлпынай жеді.Дымбілмес барлыға неше құлпынай жеді?

    2. Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?

    3. Алпамыс аптасына 3 кітап, ал Берік сонша кітап оқыды.Балалар қанша кітап оқыды?

    4. Күлшеқызға 3 тиін және 7 қоян қонаққа келді. Күлшеқызға барлығы неше қонақ келді?

    5.Қызыл телпек әжесіне 6 тәтті тоқаш және 3 етті тоқаш әкелді.Қызыл телпек барлығы неше тоқаш әкелді?

    6.Теңдіктер жаз:



    35

    17 сабақ

    Құстар

    1.Қыста тырна ,сауысқан,тоқылдақ,

    қарлығаш,торғай,кептер,қарға жем жеуге келді.Неше құс жем жеуге келді?
    2.Ағашта торғай,сауысқан,отыр.Торғай мен қарға сауысқаннан жоғары.Торғай қарғадан жоғары.Оларды ретімен орналастыр.

    3. Үйрек бірінші күні 8 балапан, ал екінші күні 2 балапан кем шығарды.Үйрек қанша балапан шығарды?

    4. Қарлығаш балапандарын қоректендіру үшін таңертең 7 құрт, ал түсте одан 2 құрт артық ұстап әкелді. Қарлығаш түсте қанша құс ұстап әкелді?

    5.Аулада бес үйрек, 

    Қорада үш үйрек.

    Бір үйрек тығылды,

    36

    Бір үйрек жығылды,

    Қалғаны неше үйрек?

    *Түйеқұс 2 аяғымен тұрса 1 пұт тартса, 1 аяғымен тұрса неше пұт тартады?

    *Алдында 1, артында 2, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келеді. Барлығы неше қаз?

    *Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 10 тауық 10 күнде қанша жұмыртқа салады?

    *Гүлшоғында 10 гүл бар.

    Олардың 3-уі қызыл,алқалғандары –ақ.Гүлшоғында неше ақ гүл бар?



    37

    18 сабақ

    Ғажайып алаң

    1.Кім қандай ойыншық ала алады?

    Машина

    9

    Доп

    1

    Аю

    3

    Қуыршақ

    6

    Түйе

    2

    Ұшақ

    3

    1.Марат 10 ұпай

    2.Дана 8 ұпай

    3.Қайрат 9 ұпай

    4.Асан 7 ұпай

    5.Үсен 6 ұпай

    5

    2.Сұрақ белгісінің орнына қажетті цифр мен әріпті қой:

    38

    3. «Көршісін тап » ойыны

    Сандық қатарды толтыру

    1,2,3.....,5,6. 3,4,5,....,7.

    4.Логикалық есептер:

    1. Игілік пен Айнұр алдынан санағанда үшінші, ал артынан санағанда екінші партада отырады. Бір қатарда неше парта бар?

    2. Үш бала өзеннің сол жағында тұр, олар оң жағалауға шығу керек. Қайыққа екі бала ғана сияды. Балалар оң жағаға қалай шығады?

    Жауабы:

    2. Ойлау арқылы шығару керек: 1 бала отырып, келесі жағаға шықса, онда қайық сол жағада қалады. Үшеуі отыруға болмайды, сонда екеуден ғана отыра алады. Қалай? Екеуі оң жағаға шығады, біреуі қайтып келіп, үшіншісін алып кетеді.

    39

    19 сабақ

    Баспалдақ.

    1.Баспалдақта 15 саты бар.Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші сатысында тұру керек?

    2. Санау таяқшаларынан суреттегі сияқты үйді құрастыр. Бір таяқшаны қозғау арқылы үйді басқа жаққа қаратып қой.Үйдің суретін дәптеріңе салып,баспалдақтар қос.

    40

    3.3 таяқшаны ауыстырып үш бірдей шаршы құра.

    4.*Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышты басу керек?

    1,2,3,4- деп байқа да керісінше қайтала,

    3,2,1-ал не тұр,болды емес пе өлең жыр.

    41

    20 сабақ.

    Менің үйім.

    1.Дұрыс салынбаған суретті тап.Дәптеріңе дұрыс етіп сал.

    2. Қай ауылдың балалары?

    Әділет, Еркін, Ерлік үшеуі лагерьде кездесті. Бұлардың біреуі –Қосқұдықтан, екіншісі –

    Үштөбеден, үшіншісі – Көктөбеден.

    Әділет пен Қосқұдықтан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, Бұлардың екеуі де

    Үштөбеде болып көрмегенділігі белгілі болса, қай бала қай ауылдан келген?

    42

    (Еркін- Қосқұдықтан, Әділет- Көктөбеден, Ерлік -Үштөбеден.)



    43

    21 сабақ

    Ойыншық.

    Қосындыны табуға арналған есептер

    1.Асанда 4 машина, ал Үсенде сонша ұшақ ойыншықтары бар.Балаларда барлығы неше ойыншық бар?

    2.Айнұр 2 пирамида, ал Гүлнұр 3 пирамида құрастырды.Екі қыз неше пирамида құрастырды?

    Бірнеше бірлікке азаюға берілген есептер

    1. Қоянда 5 қызыл және 2-ге кем көк шар бар.Қоянда қанша көк шар?

    2. Арманда 6 машина, ал Ерланда 3 машина кем болды. Ерланда неше машина болды?

    3. Айнұрда 9 текше, Балнұрда 7 текше бар.Балнұрда неше текше кем?

    4.Қалаға 2 жеңіл машина және бір мотоцикл кетіп барады.Қалаға неше жеңіл машина кетіп барады?

    44

    Ребус шеш.



    К3 , К2ЛІК , 6Н, 5 ІК.

    1.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

    2.7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?

    45

    22 сабақ

    Салт атты

    -?

    -?

    2.Арбаға жегілген үш пар ат 1 сағатта 10км жүреді.Әр ат қанша км жүреді?

    3.Түнде екі салт атты келе жатса,пештегі от өшіп-сөніп тұр екен. Үй иес бұрын көре ме?Әлде аттылар көре ме?

    4.Артық сөзді тауып, дәптеріңе жаз.

    Ат сиыр қымыз

    46

    Сиыр тана сүт

    Құлын бие Тай бұзау май

    1. «Тай жарысы» ойыны.

    Тайдың артындағы сандарды салыстыр.

    5*7 6*2 4*7 3*4+2

    3*6 3*7 7*6 4+4*2

    1. . Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады.

    2. Бұл жануардың 2 оң аяғы, 2 сол аяғы, 2 алдыңғы аяғы,2 артқы аяғы бар.Бұл жануардың аяғы нешеу?

    3. Күбіде 9 литр шұбат бар. 5л, 4 л торсық арқылы 2 литр шұбатты қалай құйып алуға болады?

    4. Шанаға қосарлап жегілген 3 ат 10км жүріп өтті.Әр ат қанша км жүреді?

    47

    23 сабақ

    Ағайындылар.

    1.Үш ағайынды жолда жүріп барады.Біреуі алда,екеуі артта.Артындағы екеуі алдыңғыға жете алмайды.Ол не?

    2.Айгүл мен Нұргүл апалы-сіңлілі.айгүл менің 8 ағам бар дейді.Нұргүл менің 2 ағам бар деді.Олардың жанұясында неше бала бар?

    3. Портфелімде әуелі,

    Он үш жаңғақ бар еді,

    Науат пенен Сағатқа,

    Самат пенен Маратқа,

    Апасына Қанаттың,

    Екі-екіден тараттым.

    Қанша жаңғақ қалғанын

    Айта қойшы, ал жаны?

    10.Мына алты ақ алма-

    Нұрбибі мен Жанарға.

    Үш сарысы-Анарға,

    Қызыл алма-Манарға.

    48

    4.Жанар мен Анар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.)

    5.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа)

    6.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз)

    7. Үш ағайынды.

    Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әртүрлі класта оқиды.Абзал Арманнан, ал Аян

    Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені ортаншысы,кішісі кім?

    (Ең үлкені Аян,ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал.)

    49

    24 сабақ

    Ғажайып ағаш

    1. «Ғажайып ағаш» ойыны

    Шарты: Көкөністер,жемістер ілінген ағаш.Артындағы есептерді шығару.

    4+4 8-4 5+3 8-5

    6+2 8-2 7+1 8-1

    1. 2. Бұтада 4 қарға және сонша торғай отыр. Барлығы қанша?

    2. . Саябақта 7 ағаш өсіп тұр. Оның 3 – уі қайың. Қанша емен ағашы?

    3. 6. Саябақта 4 ағаш бар еді.. Алдымен 2 қайың отырғызды, кейін тағы сонша отырғызды. Қанша ағаш болды?

    4. 7. Саябақта 6 қайың мен 2 терек өсіп тұр. Теректің қайыңға қарағанда нешеуі кем

    5. Бұтада 7 құс отыр. Тағы 3 құс ұшып келді. Неше құс болды?

    6. Алма ағашында 10алма,ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр.

    Үйеңкі ағшында неше алма өсіп тұр.

    8.Бақта 4 қайың өсіп тұр. 4 қайыңда 4 үлкен бұтақ, әр кішкене бұтақта 4 алмадан. Барлығы неше алма?

    50

    9.



    . Ағаштан-ағашқа секірген,

    Кішкентай ғана шапшаң аң. (Тиін)

    Тиін 7 жаңғақ , ал алманы 5-ке кем жинады. Тиін қанша алма жинады?

    Тиін 4 жаңғақ жинады .Ол 4 жаңғақты балаларына берді. Тиінде неше жаңғақ қалды?

    Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?

    51

    25 сабақ

    Сағат

    1.Сағат қанша?



    *Сағат түнгі 10 – да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

    *Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай?

    *марат кешкі сағат 10 – да ұйқыға жатты. Ол сағаттың қоңырауын таңғы 9 – ға қойды. Ол неше сағат ұйықтады?

    *Сенбіден кейін 2 күннен кейін қай күн келеді?

    52

    *Немере атасынан: «Жасың нешеде? «деп сұрады. Атасы егер өзімнің қазіргі жасымның жартысындай уақыт және тағы бір жыл өмір сүрсем, онда маған 100 жас болар еді. Атасының жасы нешеде?

    *Дүйсенбіден кейін 3 күннен кейін қай күн келеді?

    3. 2 таяқшаны ауыстыру арқылы 5 шаршы құрастыр.

    53

    26 сабақ

    Көктем қарбаласы.

    1.Аю қашан күшіктейді?

    Сәуірден бұрын,қаңтардан кейін,қыс айында.

    2.Аюда 9 килограмм бал болды. Ол бірнеше килограмм бал жегеннен кейін онда 4 килограмм бал қалды.Аю неше килограмм бал жеді?

    3.Диқаншылар көктемгі егістік жұмыстарында 4 машина бидай және 3 машина артық арпа жеткізді.Диқаншылыр қанша машина арпа жеткізді?

    4.Айжанның 6 тәтті наны болды. Ол бірнешеуін Серікке бергеннен кейін ода 2 тәтті нан қалды.Айжан Серікке қанша тәтті нан берді?

    5.Аспазшы 10 литр кампот пісірді. Балалар оның бірнеше литрын ішкеннен кейін 4 литр қалды.Балалар неше литр кампот ішті?

    6.Бұтақта 3 тиін отыр.Әр тиінге қарсы 2 тиін отыр. Барлығы неше тиін?

    54

    7.Борсыққа көмектесейік.

    А+1=2 4-а=2 2+а=5 а-1=3

    8.Қосу және азайту

    Тік төртбұрыштың ішінде орналасқан бос төркөздерді тігінен де ,көлденеңінен де есептің қосындысы дұрыс шығатындай етіп бір таңбалы сандармен толтыру қажет.

    6

    +
    -

    5

    =

    5

    +
    +
    +
    -
    +

    3

    -

    2

    =
    -
    -
    -
    +

    2

    +
    -
    =
    =
    =
    =
    =
    +

    1

    +
    =

    7

    55

    27 сабақ

    Көктемгі жауын

    1.Егер 20 сәуірде түнгі 12.00-де жаңбыр жауса,48 сағаттан соң күн көрініп тұра ма?

    2.Жаңбыр тамшыларындағы сандардан бірнеше қосуға мысалдар құрап жаз.

    5, 4, 2

    3. *Сағат түнгі 10 – да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

    4. Жұмбақты есептер

    .Қанша қоян аулада

    Сонша тауық аулада.

    Аяқтары он екі,

    Санап көрші, кәнекей?

    56

    Көлден ұшты жеті қаз,

    Қайтып қонды екі қаз,

    Қонбады оның нешеуі?

    Кәне, кім тез шешеді?

    5.Соңғы сандарды ойланып тап:

    1,4,7........, ........

    90, 70, 50,.....

    2,4,.....,.......

    Алақай, алақай!Күн шықты, күн шықты,көктем келді!

    Бір жылда неше ай бар?

    Қазір қай ай?

    Сен қай айда тудың?

    Айлардың аттарын атап көрші.

    57

    28 сабақ

    Ұлы Жеңіс.

    1.Жеңіс қарсаңында футболдан жарыс өтті.1-ші топта Ербол,ағасы,інісі,жиені,нағашысы, досы оның бөлесі ойнады.Ал Әли қақапада тұрды.Ол Ерболдың көршісі. Неше адам ойнады?

    2.Шахматтан жарыста әрбір бала өз сыныптарының намысын қорғады.Олар 1 «а»,1 «ә», 1 «б» сыныптарынан.

    1-партия: Дархан және 1 «а» сынып оқушысы

    2-партия:Серік және 1 «б» сынып оқушысы

    Кім қай сыныпта оқиды?

    Қос қол!Қос қол! Жалғыз баспен дос бол!

    Қос құлағым!Ұғын жалғыз тілдің сырын!

    Көреген екі көз бәрін шол! Жіті тез.Екі аяқ,зырла.Бастың сөзін тыңда!

    58

    3. 10 шығатындай дұрыс сан қой.

    0.............................9 10 шығу керек.

    1

    2

    59

    29 сабақ

    Балықты қорғау

    1.Көктемде балықтар жағадағы көлшікте қалды.Оны көлге жеткізу үшін

    Асан 2 шелекпен ,Досан 2 шелекпен тасуда.Асан бір апарғанда 4 балық,Досан 2 балық апарады.Олар 10 рет барғанда неше балық апарады?

    2.Бағасы қанша?

    60теңге,30 теңге,20тиын.

    Табан –шортанна арзан.

    Сазан-шортаннан қымбат.

    4.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.)
    Фигуралар нешеуден?



    60

    5.Серік 10 балық, ал Берік 6 балық ұстап алды. Серік неше балық артық ұстап алды?

    6.Есепте ,шығар:

    1 онд +20 8 онд +10

    40+6 онд 7 онд+20

    30+ 4 онд 1 онд +10

    1. Бірінші шелекте 7 балық , ал екінші шелекте- 5 балық бар. Бірінші шелекте екіншіге қарағанда неше балық артық .

    2. Көлде 10 шортан балық және одан 2 - уі кем жайын балық жүр. Жайын балық нешеу?

    61

    30 сабақ

    Кірпі

    1.Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?

    2. Кірпі қысқы азығын жинап, бірінші күні – 9 алма, ал екінші күні 3- ке кем алма жинады. Кірпі екінші күні қанша алма жинады?

    3. Кірпі 3 саңырауқұлақ, ал тиін 5 саңырауқұлақ жинады. Олар барлығы неше саңырауқұлақ жинады?



    62



    63

    31 сабақ

    Сиқырлы таяқшалар

    1. 10тяқшадан желкенді қайық жаса.

    2. 11 тяқшадан үй жаса.

    3. 12 тяқшадан айна жаса.

    4. 16 тяқшадан адам бейнесін жаса.



    64

    Қане ,есептер шығарайық!

    1. Бұтақта 10 торғай отыр еді. 6торғай ұшып кетті. Нешеуі қалды?

    2. Асанда 9 теңге болды. Ол 1 теңге тауып алды. Неше теңге болды??

    3. Сыныпта 9 ер бала, ал қыздардың 4 - еуі кем. Қыздар нешеу?

    4. Үстелде 6 кітап және одан екеуі артық дәптер жатыр. Дәптер нешеу?

    5. Арай 5 баға алды. Оның 4 - еуі бестік бағасы. Неше 4 - тік баға алды?

    6. Анар математика сабағында 1 бестік, әдебиеттен 2 бестік, музыкадан 1 бестік бағасын алды. Барлығы неше баға алды?

    65

    32 сабақ

    Соңғы қоңырау.

    Теңдіктер мен теңсіздіктер құрастыр.



    1.Әр сыныпта неше оқушы бар?

    1 «а» ≤ 1 «ә»

    2 «б» ≤ 1 «а»

    22, 23,18

    2. Балаларды орындыққа отырғызғанда ,бір бала бір орындыққа отырса,3 балаға орындық жетпейді. 1 орындыққа 2 бала отырса,1 орындық артық қалады.Неше бала? Неше орындық?

    66

    3.Сандарды қойып ,шығар.

    . 

    67

    33 сабақ.

    Жазғы каникулда

    1.Кім кіммен күресу керек?

    Ұлын үйлендірген аю аң біткенді шақырып,ұлан-асыр той жасады.Ет желінді,қымыз ішілді,ән айтылып,би де биленді.Ендігі кезек палуандарға келді.Ортаға білек сыбанып барыс,қабылан,қасқыр,қабан,бұқа әне маймыл шықты.Олардың салмақ басымдылығы: барыс-200 кг,қабылан-150кг,бұқа-200 кг,маймыл-100 кг болды.Кәнеки балалар,кім кіммен күресуі тиіс? Ойланып көр...

    2.Амалдарды орында, не байқадың?

    3-1+5= 8-6+6= 5+2+2=

    4-2+6= 7+1-1 = 9-7+4=

    5-3+7= 6-3+3= 1+8-6=

    3.Есеп шығарайық!

    Кеседе 8 өрік бар. Айдос 2 өрікті жеді. Қанша қалды?

    Бақшада 6 раушангүл мен 3 түймедағы өсіп тұр. Барлығы неше гүл өсіп тұр?

    68

    Айдана 5 гүлге су құйғаннан кейін 2 гүлге су құйюқа үлгерген жоқ. Айдананың гүлзарында қанша гүл өсіп тұрды?

    Сымбат далада 8 қызыл көбелек және 6 сары көбелек санап алды.Қызыл көбелек нешеге артық көк көбелектен?

    Қанша қоян аулада

    Сонша тауық аулада.

    Аяқтары он екі,

    Санап көрші, кәнекей?

    4.Тақпақ жаттайық!

    Біреу дедік,екеу дедік,үшеу дедік,төртеу дедік,бесеу дедік,алтау дедік,жетеу дедік,

    -Сан ішінде кім ұтты?

    Біреуден бастап,жетеу ұтты.

    69

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1.Д. Рахымбек. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ,1998ж.

    2.Б. Байжұманов. Оқушылардың психикалық даму ерекшеліктері. Бастауыш мектеп,

    №12, 1998ж.

    3.Балаңыз мектепке дайын ба? Балалар әдебиеті, 2006 ж

    4.Бастауыш мектеп, №11-2008 жыл

    5.Қазақстан мектебі №11-12, 2008 жыл

    6.Логикалық ойлау қабілетін дамыту №11, 2008, 53-54 бет

    7.В.Давыдов «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық дамуы»

    8. Қызықты математика Алматы кітап 1998.

    70

    9. «Ойнайық та, ойлайық» Алматы кітап 1996.

    10. «Кім зерек?» Алматы 1993.

    11. «Сказочные задачи» 1 сынып О.В.Лысова, О.В.Кутянина

    12. Математика және информатика журналы 2002, № 6.

    13. «Бастауыш мектептің математикасы» Т.Л.Пахомова

    14. «Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары» авторлары: К.Ерешева, Г. Жамалбекова «Өлке» баспасы Алматы 2009

    15. «Қызықты математика» Ә.Б.Ақпаева,Л.А.Лебедева, В.В.Буровова «Алматыкітап» 2011ж.

    16. «Математикадан ойындар мен қызықты тапсырмалар» Т.К.Жикалкина,. Алматы «Рауан» 1992ж.

    71

    Мазмұны:

    Кіріспе_____________________________ 1бет

    1 сабақ «Жыл мезгілі»________________ 4бет

    2сабақ«Қосындыны табуға арналған есептер»- 6бет

    3сабақ «Ой ұшқырлығына құрылған есептер»-8бет

    4сабақ «Орманға саяхат»_________________10бет

    5сабақ «Сиқырлы мысық»________________12бет

    6сабақ «Спорт»_________________________14бет

    7сабақ «Отбасы»________________________16бет

    8сабақ «Зообақ»_________________________18бет

    9сабақ «Күн режимі»_____________________20бет

    10сабақ «Сиқырлы шаршы»_______________22бет

    11сабақ «Қоян»_________________________24бет

    12сабақ «Балмұздақ»____________________26бет

    13сабақ «Циркте»_______________________28бет

    14сабақ «Хоккей»_______________________30бет

    15сабақ «Жаңа жыл»____________________32бет

    16сабақ «Алдаркөсе»____________________34 бет

    17сабақ «Құстар»_______________________36 бет

    18сабақ «Ғажайып алаң»_________________38 бет

    19 сабақ «Баспалдақ»____________________40 бет

    20сабақ «Менің үйім»___________________42 бет

    21сабақ «Ойыншықтар»_________________44 бет

    22сабақ «Салт атты»____________________46 бет

    23сабақ «Ағайындылар»_________________48 бет

    24сабақ «Ғажайып ағаш»________________50 бет

    25сабақ «Сағат»_______________________52 бет

    26сабақ «Көктем қарбаласы»____________54 бет

    27 сабақ «Көктемгі жауын»_____________56 бет

    28сабақ «Ұлы Жеңіс»__________________58 бет

    29сабақ «Балықты қорғау»______________60бет

    30сабақ «Кірпі»_______________________62бет

    31сабақ «Сиқырлы таяқшалар»__________64бет

    32сабақ «Соңғы қоңырау»______________66бет

    33 сабақ «Жазғы каникулда»____________68бет

    Көкпекті ауданы____2015 (ж)

    Құрастырған:

    Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

    Галиева Гульжан Ержановна

    Пікір білдіруші:

    1. Апсадыкова Роза Умербековна – директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

    Пікір:

    Бағдарлама бойынша бірінші сыныптың «Логика» таңдау пәніне құрылған логикалық тапсырмалар бір оқу жылы көлеміне жасалып, әр сабақ белгілі бір тақырыпқа арналған .

    Тақырыптың атауына байланысты тапсырмалар, оқушылардың қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Тапсырмалар жан-жақты, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай. Оқушылар әр түрлі қызықты тапсырмаларды өз бетінше орындау арқылы ауызша,жазбаша есептеу дағдыларын дамытады,тапсырмаларды шапшаң орындауға үйренеді.

    72

    Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің әдістемелік кеңесімен ұсынылады

    Протокол №____ « »_____________ 2015 ж.

    Хатшы:

    Бастауыш сынып мұғалімі (Шкибаева С.Ж.)

    (қолы, айы, күні, жылы)


    написать администратору сайта